1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күні шеңберінде өтілетін «Қазақстан балалары- Нұрлы жолмен!» атты іс-шараның бағдарламасы.


Нұрсейітова Гүлжан Оңласынқызы
Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы № 1 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі

Көрме:    «Қазақстан балалары- Нұрлы жолмен!» тақырыбында  (жас суретшілер байқауы)

Қатысушылар: «Балдырған», «Балауса», «Жауһазын» балабақшалары мен № 1 лицей мектебі,  № 2 шағын орталықты мектеп, Ш. Уалиханов орта мектебі, Құлан орта мектебі, Ю. Гагарин негізгі мектебінің мектеп алды даярлық сынып оқушылары.

Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі ата-аналар, қонақтар, бүлдіршіндер!

Қымбатты балалар! Жадыраған жаздың алғашқы күніне тұспа-тұс келетін өздеріңнің төл мерекелерің – Балаларды қорғау күні де келіп жетті. Халықаралық балаларды қорғау күні тек біздің елде ғана емес, өзге елдерде де атап өтілетінін сендер білетін бе едіңдер?!  Бұл күн – балалардың ұдайы қамқорлықта болуын, ал үлкендердің олар үшін әрдайым жауапкершілікте болуын еске салатын күн. Ол 1949 жылғы қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясы сессиясының шешімімен «Балаларды қорғау күні» болып белгіленді. Ал ең алғашқы Балаларды қорғау мерекесі 1950 жылы өткізілді.

 

Ж:    Күміс күй мен әнге толы тұла бой,

Қуанышқа кенелтеді асыл-ой.

Шаттандырған балаларды

Балаларды қорғау күні-ұлы той!

 

Армысың жиылған мол қауым,

Көбейсін мерекең күн сайын.

Қошемет, құрметпен ашайық,

Бүгінгі мерекенің тұсауын!

 

 

Ж:Қонақ деген ырысың мен мерейің,

Енді аяңдап қонақтарға келейін.

Уақыт бөліп бізге тілек білдірер,

Қонақтарды таныстырып өтейін.

 

 

Жүргізуші: Бүгінгі біздің қуанышты мерекенің қонақтары:

____________________________________
____________________________________
____________________________________
____________________________________
____________________________________
Жүргізуші:  Ажырамай халқыңыздан бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік, Жарылқасын аға, өзіңізге,

Балаларға арналсын тілегіңіз – дей отырып, бүгінгі мерекелік кештің қонағы болып отырған ауданымыздың әкімі Айтақов Жарылқасын Әбдіғаппарұлына сөз беріледі.

 

– Ендеше сахнаға, сіздердің қошеметтеріңізбен  ……………………………………. шақырамыз. «           »әнін қабыл алыңыздар.

 

 

Жүргізуші: Абзал жандар биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып бұл мереке қарсы алды.

Бүлдіршінге жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды ………………. баршаңды – деп сөз кезегі                    беріледі.

 

– Сахнаға  —————————————————————— «» биін тамашалаңыздар.

 

Жүргізуші: Сен неткен Отан-Анам, ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,

Жайнай бер, Ұлы Отан-Қазақ елім! – дей отырып,жас бүлдіршіндерге арналған мерекелік кешті ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

 

 

– Сахнаға мерекелік кешке өз лебіздерін білдіру үшін —————– бүлдіршіндерін шақырамыз .

 

– Әсем би әрбір елдің рәсімі екен,

Өнерпаз ортамызда басым екен.

Өнерін қуаныштан кім аяған,

Әсем би өздеріңе шашу етем, – дей отырып, ———————— «» биін қабыл алыңыздар.

 

– Еліңді таң қалдыршы ұлы істермен,

Қатарына қаймықпай құрышты ерген.

Туды биік көтеріп қалықтатшы,

Қуанта бер, қашанда жеңістермен – деп келесі бүлдіршіндеріміздің өнеріне кезек берейік. Ән———————————————————————————-

Жүргізуші:

Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді міне, ортаға толқып тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

 

 

«______________ » биі.                Орындайтындар:__________________________________

 

Жүргізуші:

Балалар, сендер мультфильм көргенді ұнатасыңдар ма?

Балалар:  Иә!

Жүргізуші: Сендерге қандай мультфильм кейіпкерлері ұнайды?

Балалар: Шрек, Фиона, Панда…

Жүргізуші: Ендеше бүгін сендерді балғын мерекелеріңмен құттықтау үшін сендер сүйіп көретін мультфильмдердің кейіпкерлері  ортамызға келіпті.

 

Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Аңыз бен ертегіден бізге жеткен,

Құрметті қонақтарды қарсы алайық.

Қане, бәріміз қол шапалақтап, оларды ортамызға шақырайық!

 

***

«Миссия не выполнима» әуені ойналады да, ортаға пингвиндер шығады.

 

Пингвиндер: Сәлеметсіңдер ме, балалар, мерекелерің құтты болсын!

Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме?! Қош келдіңіздер! Балалар, сендер бұл кейіпкерлерді таныдыңдар ма? Бұл қай мультфильм кейіпкерлері?

Балалар: «Мадагаскар»

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар!

Пингвиндер: Мұнда күн тіптен ыстық екен. Біз шаршап шалдығып кеттік.

Жүргізуші: Балалар, қонақтарымыз ұзақ жол жүріп, шаршап қалыпты. Олардың көңілін сергітіп, ән салып берсек қайтеді? Ендеше ортамызға күміс көмей, бал таңдай әнші балапанымыз ……………………………………………………………………-ды ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар!

Ән:

Орындайтын:

Пингвиндер: Рахмет, балалар, біз біраз тынығып қалдық. Енді ары қарай жол жүруіміз керек. Сондықтан сендермен қоштасуға тура келіп тұр. Үлкен азамат болып өсе беріңдер! Сау болыңдар, балақайлар!

Балалар: Сау болыңыздар!

 

***

Жүргізуші: Ал келесі қонағымыз кім болды екен?

Осы кезде «Мадагаскар» ертегісінің әуені орындалып, ортаға Алекс пен Марти билеп кіреді.

Алекс: Сәлем, балақайлар!

Марти: Мерекелерің құтты болсын!

Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, Алекс пен Марти!

Марти: Қарашы, Алекс! Балалар қандай әдемі болып кеткен!

Алекс: Иә, Марти. Айтпақшы балаларға арнаған  тосын сыйымыз ретінде балалармен ойын ойнасақ қайтеді?

Марти: Ол қандай ойын?

Алекс: Бұл ойын «Саусақтар» деп аталады. Мен неше саусағымды көрсетсем, отырған қатысушылар орнынан тұру керек. Ойнаймыз ба, балалар?! («Эрудит» ойыны. Сөз жасыру, сұрақ арқылы сөзді табады. Ол қатты, тәтті, сусын т/б.)

Ойын ойналады.

Ойын аяқталғанда, Алекс:  Жарайсыңдар, балалар!

 

***

Осы кезде ортаға «Кунгфу Панда» ертегісінің әуені орындалып, Панда келеді.

Жүргізуші: Қош келдіңіз!

Панда: Сәлеметсіңдер ме?! Балалар, мені таныдыңдар ма?

Балалар: Иә, сіз Пандасыз ғой.

Панда: Жарайсыңдар, балалар! Айтпақшы, бүгін сендердің мерекелерің емес пе? Мейрамдарың құтты болсын! Сендердің мерекелеріңнің құрметіне мен өзімнің биімді үйретсем қайтеді? Қане, ортаға 3-4 бала шықсаңдар, мен биімді көрсетемін, ал сендер қайталайсыңдар. Келістік пе, ал бастайық.

Музыка ойналып, Панда би билейді, ал балалар қайталайды.

 

Панда: Жарайсыңдар, рахмет сендерге!

Жүргізуші: Рахмет, саған Панда!

Панда: Ал менің кетуім керек, әлі басқа қалалардағы балалар мерекесіне  үлгеруім керек. Қош сау болыңдар, бүлдіршіндер!

Бәрі бірге: Сау болыңыз!

 

***

 

Жүргізуші: Күндей жайнап, гүлдей бойлап,

Туған жерден нәр алып.

Күліп ойнап, күнде тойлап,

Өскен біздің балалық.

Қызық думан, арман қуған,

Ақ ниеттен жаралып.

Естен кетпес, қайта келмес,

Шіркін біздің балалық – дей келе, келесі кезекті тағы да балалар  өнеріне берейік.

Сахнаға  шақырамыз. «_____________________________» әнін қабыл алыңыздар.

 

Жүргізуші: Өлең – ақын шабыты толмайтұғын,

Өлең – ақын қанаты талмайтұғын.

Жақсы өлең жүректің дәруі ғой,

Жан-жүйеңді елітіп шарлайтұғын

 

-Сахнаға «» б.б. «» биін тамашалаңыздар.

Жүргізуші:Думан қызсын, көрсетсін ел өнерін,

Жатыр небір айтылып сөз де керім.

Ән бұлағы қайнарын қанып ішкен,

Көрсетсін балақандар өз өнерін.

-Сахнаға «»б. б. «»биін тамашалаңыздар.

 

Ж: Жамандықтан сақтандырған,

Жақсы істі мақтан қылған.

Білім берген ұстаздарды,

Билерімен шаттандырған.

-Сахнаға «» б.б. «» биін тамашалаңыздар.

Қорытынды бөлім.

 

Жүргізуші: Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен баршаңа тілек айтар қонақтар. – дей келе балаларға

арналған мерекені аяқтаймыз. Сахнаға өз лебіздерін білдіру үшін ортаға

қонақтарымыз бен демеушілерімізді шақырамыз (сурет көрмесінің

қорытындысы).

-Балалар, бұл – сендер үшін ең маңызды күн. Өйткені, ол өздеріңнің еншілеріңе тиген төл мейрамдарың болып есептеледі. Ендеше, мерекелерің құтты болсын, жас достар!