Дербес компьютермен таныс


АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ КАДРЛАР БІЛІКТІЛІГІН

АРТТЫРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ИНСТИТУТЫ 

Қосымша білім беруші педагог Сексенбаева А.

жұмыс тәжірибесінен алынған әдістемелік ұсыныс

Кіріспе

Тарихи деректерден.

Адамзат баласы дамудың барлық тарихи кезеңдерінде  еспетеу жұмыстарын жүргізіп отыруға әрқашанда мұқтаж болды. Алғашқы кезеңдерде  оған, аяқ-қол саусақтары секілді  қарапайым құралдар жеткілікті болды.  Ғылым мен техника дамуына байланысты еспетеу жұмыстарының қажеттілігі артып, оны жеңілдету үшін арнайы құралдар- абак, есепшот, арифмометр, арнаулы математикалық кестелер шығарыла бастады. Бірақ, үстіміздегі ғасырдың 40 жылдарында, ядролық физикалық даму ерекшеліктеріне  байланысты, өолмен есептеу істері көптеген материалдық ресурстарды және адамның тікелей араласуын  талап ете бастады.  Мысалы, «Манхеттен жобасын» (АҚШ тағы атом бомбасын жасау) іске асыру кезінде есептеу жұмыстарына 600 адам қатысты, олардың бірсыпырасы тікелей еспетеумен айналысып, қалғандары сол жұмыстың дұрыстығын  тексеріп отырды.

20 ғасырдың ортасында информацияны өңдеуді автоматтандыру ісінің қажеттілігі (көбінесе әскери талаптарға сай) электрондық техника мен технологияның  қарқынды дамуына себепші болды.

Электроника табыстары нәтижесінде жасалынған техникалық аспаптар электрондық еспетеуіш машиналар (ЭЕМ) деп атала бастады.

1946 жылы алғаш пайда болған ЭЕМ-дер электрондық шамдар негізінде жұмыс істейтін, үлкен залдарда орналасқан, көлемді электрондық жабдықтар болатын. Бірақ 1948 жылдың өзінде-ақ электрондық шамдар шағын электрондық аспаптармен –транзисторлармен  алмастырылып, компьютерлердің бұрыңғы жұмыс  өнімділігі  сақталынғанымен, көлемі жүз есеге дейін төмендеді.

70 жылдар соңында  интегралдық схемалардан немесе чиптерден жасалған  мини ЭЕМ-дер шыға бастады ( транзисторлар мен олардың арасындағы қажетті байланыстар бір пластинада орналасқан). Осындай микропроцессорлардың  (біріктірілген интегралдық  схемадан-БИС элементтерінен тұратын) шығуы дербес компьютерлер заманының басталғанының алғашқы белгісі болды.

Алғашқы еспетеу  жұмыстарын автоматтандыруға арналған ЭЕМ-дер күннен күнге артып келе жатқан информация ағынымен жұмыс  істеуде өте ыңғайлы құрал болып шықты.  Бастапқы кезеңдерде  ЭЕМ-дерде тек арнайы үйретілген адамдар ғана жұмыс істеді, бірақ онша дайындығы жоқ адамдардың компьютерді пайдалану мұқтаждығы  маман еместерге  арналған машина жасау қажеттілігін тудырды.

70 жылдар басында «тұрмыстық» (үйдегі)  компьютерлер деп аталған микрокомпьютерлер шықты. Олардың мүмкіндіктері шектеулі болатын, тек ойнау үшін және шағын мәтіндер  теру үшін ғана пайдаланылды. 70 жылдар ортасында  тұрмыстық компьютерлердің етек алғанаы сондай, оларды сусын шығаратын фирмалар да  Coca Cola  жасай бастады.

Дегенмен, микрокомпьютерлер дамуындағы ең белгілі оқиға болып 1981 жылы IBM фирмасы жасаған, кейіннен  «дербес компьютер» деп аталған  шағын компьютердің шығуы болды. сол уақыттан  бастап осы  атау шағын компьютерлер  тобының жалпы  аты есебінде  тұрақталынып қалды.

Компьютерлік жүйелерді пайдалану

Жұмыс өнімділігі. Басқа құралдар мен машиналарды  қолданғандағы сияқты , компьютерді  пайдаланудың ең алғашқы себебі- жұмыс өнімділігін арттыру болып саналады.

Егер компьютерді  есеп-қисап жасау, мәліметтерді  өңдеу немесе құжаттарды қағазға басып алу істеріне пайдалансаңыз, сіз бір сағатта көптеген істерді тындырасыз. Мысалы,  машинкада мәтін  басатын шебер адам бір минутта 60- тан  80 сөзге дейін немесе 6-8 жолға  дейін мәтін басатын болса, орташа мүмкіндікті компьютер минутына 1200 жол баса алады. Демек,  бір компьютер  150-200 адамды алмастыра алады деген сөз.

Ақпараттық жабдықтар.

біз үлкен ЭЕМ-ді немесе дербес компьютерді алсақ та, олар бір-біріне  ұқсас  принципте жұмыс істейтін мынадай құрамнан тұрады:

  1. орталық процессор
  2. еңгізу құрылғысы
  3. есте сақтай құрылғысы
  4. шығару құрылғысы

Компью́тер (ағылшынша: computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару болып табылады.

Негізгі принциптері: Өзінің алдына қойылған тапсырманы орындау үшін компьютер механикалық бөліктердің орын ауыстырылуын, электрондардың, фотондардың, кванттық бөлшектердің ағынын немесе басқа да жақсы зерттелген физикалық құбылыс әсерлерін қолданады. Көбімізге компьютерлердің ең көп таралған түрі — дербес компьютер жақсы таныс.

Компьютер архитектурасы алға қойылған мәселені, зерттеліп отырған физикалық құбылысты максималды айқын көрсетіп, модельдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, электрондық ағындар бөгеттер салу кезіндегі су ағынының үлгісі ретінде қолданылуы мүмкін. Осылай құрастырылған аналогтық компьютерлер ХХ ғасырдың 60-жылдары көп болғанымен, қазір сирек кездеседі.

Қазіргі заманғы компьютерлердің басым бөлігінде алға қойылған мәселе әуелі математикалық терминдерде сипатталады, бұл кезде барлық қажетті ақпарат екілік жүйеде (бір және ноль ретінде) көрсетіледі, содан кейін оны өңдеу үшін қарапайым логика алгебрасы қолданылады. Іс жүзінде барлық математикалық есептерді бульдік операциялар жиынына айналдыруға болатындықтан, жылдам жұмыс жасайтын электронды компьютерді математикалық есептердің, сонымен қатар, ақпаратты басқару есептерінің көпшілігін шешу үшін қолдануға болады.

Бірақ, компьютерлер кез-келген математикалық есепті шеше алмайды. Компьютер шеше алмайтын есептерді ағылшын математигі Алан Тьюринг сипаттаған болатын.

Орындалған есеп нәтижесі пайдаланушыға әр түрлі енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен көрсетіледі, мысалы, лампалық индикаторлар, мониторлар, принтерлер және т.б.

Компьютер — жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді «түсінбейді» және өз бетінше «ойламайды». Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап, оған белгілі бір мән береді.

2. PAINT графикалық редакторы

 

Графикалық редактор – графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. Қазіргі кезде нүктелік және векторлық деп аталатын графикалық редакторлардың екі түрі белгілі. Нүктелік графикалық редакторларда кез келген суретпиксельдер деп аталатын нүктелерден тұратын кішкене бейнелер арқылы салынады, ал нүктелердің әркайсысы түрлі түске бояла алады.
Paint (Paintbrush) – Windows жүйесінің стандартты программалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Paint өзінің мүмкіндіктері жағынан професионалды графикалық редактордан біршаматөмендеу болғанымен ол едәуір күрделі әрі тартымды, түрлі-түсті және ақ-қара суреттерді, схемаларды, сызбаларды даярлауға мүмкіндік береді. Бұл редакторды игеоу онша қиын емес, оның құрамында сурет салу, сызу және оларды өңдеуге арналған стандартты қарапайым аспаптар жиыны бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графикалық форматында сақталды.
Компьютер графикалық құрудың және графикалық кескіндерді реакциялаудың ең қолайлы және қуатты құралы болып табылады.Ең қарапайым графикалық редакторлар сурет салуға,әртүрлі бояу жаққышты пайдаланып,суреттерді әр түрлі түске бояуға қалыңдығы мен түсі әртүрлі сызықтарды сызуға,суретке мәтін енгізуге мүмкіндік береді. Бұдан күрделірек графикалық редакторлар арнайы эффектілерді :көлем,көлеңке жасауды, суреттің бір бөлігін үлкейтуді түстерді өңдеуді және түзетуді бірінші кескіннен екіншісіне біртіндеп өтуді т.б.орындауға мүмкіндік береді.редакторлар әртүрлі пішімді кескіндермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.Стандартты кескіндердің,суреттердің және дайындамалардың өте үлкен кітапханалары бар,оларды пайдаланып тіпті сурет салудан хабары жоқ адам да қажетті суретті жылдам салып шыға алады.
Paint сурет салу бағдарламасы әртүрлі графикалық кескіндерді салуға,реакциялауға мүмкіндік береді.Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады.
Paint бағдарламасында өзіміз сурет салуымызға Windows-тың басқа қолданбаларын алмастыру буферге көшірілген дайын суреттерді қоюға, сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді қоюға болады.

Программа терезесі
Редакторды іске қосу үшін (Windows 3.х) «Реквизиттер» тобындағы Paintbrush белгісін таңдаңыздар.
Ал Windows 98 жүйесінде Іске қосу → Программалар → Стандартты → Paint командалар тізбегін орындасақ, экранда программаның терезесі пайда болады. Оның құрамында бізге осыған дейінгі таныс элементтермен (жұмыс аумағы, меню мен тақырып жолдары)бірге бірсыпыра жаңа элементтер де бар.
Терезенің сол жақ шеткі қабырғасында аспаптар тақтасы орналасқан. Одан сіздер Paint-та кездесетін барлық сурет салу аспаптарын көре аласыздар. Кез келген аспаптарды таңдау үшін соның белгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны шерту жеткілікті. Осыдан кейін таңдап алынған аспаптың бейнесі (белгісі) айқын түспен ерекшелінеді.
Терезенің төменгі жақтауы бойымен түстер политрасы орналасқан. Paint-та бір уақытта екі түспен сурет салуға болады: қалам түсімен және фон түсімен. Палитраның сол жақ шетінде бірі екіншісінің ішіне орналасқан кішкене екі тіктөртбұрыш тұр, осылардың үстіңгісі – негізгі түсті, ал астыңғысы – фондық түстерді көрсетеді.кез келген сәтте түстерді өзгерту мүмкіндігі бар. Ол үшін курсорды палитрадағы жаңа түске апарып, тышқанның сол жақ батырмасын шерте отырып негізгі түсті, ал оң жақ батырмасын шерте отырып – фондық түсті өзгертуге болады.

Аспаптар тақтасының төменгі жағында сызықтар қалыңдығын анықтайтын терезе орналасқан. Сызықтар қалыңдығын сондай-ақ мыналарға да әсер етеді:
– аэрозоль болонының сиясының ені;
– өшіргіш (ластик) ені;
– бояуыш немесе қылқалам (кисть) ені;
Жұмыс аумағы – салынатын графикалық бейне орналаса алатын экранның тіктөртбұрышты ауданы. Егерде мөлшері жұмыс аумағынан да үлкен сурет салынса, онда терещзе шеттерінде жылжу сызықтары пайда болады. Олар экран бетінде жилжи отырып, бейненің кез келген бөлігін көруге мүмкіндік береді. Ал егер жұмыс аумағынан кіші сурет салынса, онда ол терезенің жоғарғы сол жақ бұрышында қара жақтаулармен қоршалып көрсетілетін болады.

Қолданылатын аспаптар
Paint аспаптарын іс жүзінде игеоуге кіріспес бұрын ескертетін бір жайт – редакторда жұмыс істей барысында соңғы орындалған әрекетті өзгерту мүмкіндігі бар. Өзгерту операциясы алғашқы кезде жиі қолданылады. Оны іске асыру үшін менюдегі Түзету → Өзгерту {Ctrl+Z} (Редактирование → Отменить) командасын таңдау керек.
Аспаптар тақтасы қарапайым суретшінің аспаптарының жиынына ұқсас болып келеді. Ең алғашқы аспапқа Қылқалам (Кисть) жатады. Ол әдеттегі қарындаш тәрізді сурет салу жұмысын атқарады. Мұндай аспапты таңдаған соң, «тышқанның» стандартты курсоры Қылқаламға айналады. Тыщқанның сол жақ батырмасын басып тұрып (оны жібермей) курсорды экран бетімен жылжытсаңызкурсор артында із қалдырады, оның түсі сол мезеттегі тағайындалған түске сәйкес болады.
Мұнан төмен орналасқан аспап – Аэрозольді баллон немесе Шашыратқыш. Оны таңдап алғаннан кейін тышқан курсоры косу символына ұқсас таңбаға айналады. Енді сол жақ батырманы басып тұрып курсорды экран бетімен жүргізсе, оның артында шашыраған бояуға ұқсас із қалады.
Тақта құлрамында екі түрлі өшіргіш (ластик) бар, олардың қарапайым өшіргіштен басты айырмашылығы белгілі бір түспен өшіреді. Бірінші ластик барлық кескіндерді фондық, түспен өшіруге арналған. Ал екінші өшіргіш негізгі түспен боялып салынған барлық фрагменттерді ғана фондық түске айналдыра отырып өшіреді.
Бірінші өшіргіш арқылы кейінен керекті фондық түсті таңдап алып, экрандағы әртүрлі түстегі бейнелерді жаңа фондық түске бояуға болады. Осы тәсілді пайдалану кезінде тышқанды екі рет шертсек, онда курсор маңы бірден фондық түске боялады.
Екінші түрдегі өшіргіш арқылы өзімізге қажет негізгі және фондық түстерді тағайындаған соң, өшіру нәтижесінде негізгі түстегі фрагменттер фондық түске бояла бастайды. Осы тәсілмен тышқанды екі рет шерту суреттегі курсор маңындағы бір түсті бояуды түгелдей дерлік екіншісіне бірден өзгнртуге мүмкіндік береді (яғни, дәл осы уақытқа дейін негізгі түспен боялған бейне фондық түске боялып кетеді).

Сызықтар мен доғалар
Paint редакторы аспаптарының көмегімен белгілі бір қалындықпен берілген түзу сызықтар мен доғаларды сызуға болады.
Негізгі түспен түзу сызық сызу үшін мынадай әрекеттер орындалады:
– сызықтың қалыңдығын тағайындау және Түзу сызық аспабын таңдау;
– курсорды бастапқы нүктеге апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басу;
– батырманы басулы күйінде ұстап тұрып, куярсорды сызықтың соңғы нүктесіне ауыстыру;
– батырманы босаты.
Осылардың нәтижесінде экран бетінде негізгі түспен сызылған түзу сызық пайда болады.
Егер тік немесе көлденең сызықтарды сызғыңыз келсе, онда сызу кездерінде сол жақ батырмамен бірге Shift пернесін басыңыз.
Доға сызу үшін аздап машықтану керек. Алдымен сызық қалыңдығын тағайындап, Доға сызатын аспапты таңдаңыз. Сонан кейін мына әрекеттерді орындау қажет:
– жоғарыда айтылғандай түзу сызық жүргізу (түзу сызықтың соңғы нүктелері салынатын доғаның шеттерімен дәл келуі тиіс);
– түзудің ортасындағы белгілі бір нүктеге курсорды жеткізіп, тышқанның сол жақ батырмасын басып оны басулы күйде ұстап жібермей, курсорды доғаның котуры ойыңыздағыдай болғанша көлденең бағытта орын ауыстыру керек;
– батырманы босату керек.
Экран бетінде берілген қалыңдықта, негізгі түспен сызылған доға пайда болады. Егер доға ойдағыдай болып шықпаса, онда бірнеше рет қайталап бірінші салынған доғаңызды өзгертуге тырысыңыз.

Геометриялық фигуралар
Paint редакторында тіктөртбұрыштар, эллипстер және көпбұрышты тұйық сызық сызатын арнайы аспаптар бар. Барлық фигуралардың контуры берілген қалыңдықтағы негізгі түстегі сызықтармен салынады. Фигуралардың іші бос болуы мүмкін немесе белгілі бір түспен бояуға да болады. Бояу түсті фондық, түске сай келуі тиіс. Аспаптар тақтасынүда түрлеріне сәйкес бейне сызуға мүмкіндік беретін мынадай белгілер орналасқан:
– іші бос тіктөртбұрыш;
– іші боялған тіктөртбұрыш;
– қырлары жұмырланған іші бос тіктөртбұрыш;
– қырлары жұмырланған іші боялған тіктөртбұрыш;
– іші бос эллипс;
– іші боялған эллипс;
– іші бос көбұрыш;
– іші боялған көрбұрыш.
Ең соңғы екі фигурадан басқасы жалпы үлгі бойынша салынады. Мысалы, іші бос тіктортбұрышты салу үшін:
– қажетті негізгі түсті, сызықтың қалыңдығын тағайындау керек;
– аспаптардан іші бос тіктортбұрышты таңдау керек;
– курсорды бастапқы нүктеге апару қажет пішіндегі тіктортбұрышты сол жақ жоғарғы бұрышыбұрышы;
– тышқанның сол жақ батырмасын басылуы күйінде ұстап тұрып, өзімізге қажет ішіндегі тік төртбұрыштың мөлшерәінің контурын тағайындау керек;
– батырманы басату керек.
Көпбұрыштар басқа жолмен салыгнады. Олардың түстерін, сызықтардың қалыңдығы мен аспаты тағайындаған соң, белгісін таңдағып алып төмендегілерді орындау керек:
– курсормен салынатын көпбұрыштың бір төбесін белгілеп алып оның алғашқы қабырғасын түзу зызық сызғандай етіп салу;
– курсорды көпбұрыштың барлық төбесінде орын ауыстырып және рның әрқайсысында тышқанды бір рет шерту керек (әр шертуден соң, соңғы төбе алдыңғы төбемен қосылатын болады);
– курсор соңғы төбеге жеткенде, тышқанды екі рет шерту керек, сонда соңғы төбе бірінші төбемен қосылады.

Аймақатрдың ішін бояу
Paint редакторы тұйық сызықтар ішін негізгі түсін бояуға мүмкіндік береді. Бұл үшін Білік (валик) аспабын таңдап белгілеп алып курсор кішкене білік түрін айналғанда, оны тұйықталған аймақтың кез келген ішкі нүктесіне алып барып, тышқанды шерсе болғаны.
Тұйық аймақты бояу барысында оны қабырғаларының үздік жері болмауын қадағалап отырыңыз.

 

2011 жылдың 9-11 желтоқсан аралығында Ақтөбе қалалық техникалық шығармашылық Орталығында « Әлемді көріп тұрмын» атты компьютер суреттінің қалалық байқау өткізілді. Осы байқауға 40 тан астам қала мектептерінен оқушылар қатысты. Бұл байқаудың ерекшелігі балалар жұмыстарын Paint графикалық редакторында, Қалалық техникалық шығармашылық Орталығының «Информатика» кабинетінде  отырып орындады. Балалардың осы программамен жұмыс істегенде білімдері өте жоғары деп айтуға болады, себебі жасалған суреттерінің қиындылығы балалардың жақсы білімдерін көрсетті. Күтпеген жақсы нәтижелер болды.

 

  1. Windows жүйесіндегі терезелерді пайдалану

Терезелермен орындалатын негізгі операциялар

Бұған дейін айтылғандай , Windows жүйесіндегі кез келген программа терезе ішінде орындалады, сол себепті тереземен  атқарылатын амалдарды (көлемін өхгерту, экран бетінде жылжыту, терезені үлкейту және кішірейту) орындай білу қажет.

Терезенің аумағын өзгерту

Терезенің көлемін кез келген бағытта өзгерту мүмкіндігі бар. Тышқан курсорын терезенің төрт жақтауының кез келгеніне орналастырғанда, ол тілсыздық күйіне келеді.

Тышқан курсоры өзінің сыртқы бейнесін өзгертісімен, яғни екі жақты көлденең тілсыздыққа айналысымен, терезенің енін өзгерте аламыз. Тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, терезенің тік жақтауын солға не оңға жылжыту («ал да, тасы» принцмпі бойынша) керек. Тышқанның батырмасын жіберсеңіздер, терезе енінің өзгергенін көресіздер.

Ал терезенің ұзындығы мен енін қатар өзгерту үшін, тышқан курсорын терезенің төрт бұрышының біріне, яғни қабырға сызықтары қиылысқан жеріне алып бару керек. Бұл сәтте курсор екі жақты көлбеу тілсызық түріне келеді де, ол өз бкезегінде терезе аумағын алдыңғы айтылған тәсілмен бірдей екі бағытта өзгерту мүмкіндігін береді.

Терезенің орнын ауыстыру

Терезенің экран бетімен жылжытып, оның орнын ауыстыру үшін курсорды тақырып жолына алып барамыз. Мұндайда курсордың сыртқы пішіні өзгермеуі тиіс, бірақ бағыттауыш тілсыздық ұшы көк тіктөртбұрышқа түскенде ғана операцияны  орындауға болады. Ол үшін тышқан батырмасын басып, оны сол басулы күйінде жібермей ұстап тұрып, «ал да, тасы» принципі бойынша курсорды жаңа орынға жылжытамыз. Курсорды жіберген сәтте терезе жылжып барған жаңа орында бекітіліп сақталып қалады.

Терезелерді басқару

Windows қолданбалы программаларының барлық терезелерінде тақырып аймағының сол жағында орналасқан терезелерді басқаруға арналған жүйелік меню батырмасы шертсек, Жүйелік меню ашылады.

   Востановить

Переместить

Размер

_ свернуть

Развернуть

Х закрыть         alt+f4

Жүйелік меню

Программа терезесінің жүйелік менюінің үш командасы басқару батырмаларының орындайтын әрекетін қайталайды.

  1. кішірейту
  2. «үлкейту-қалпына келтіру» батырмалары
  3. жабу батырмасы

Қажетті команданы жүйелік менюден таңдау немесе соған сәйкес батырманы шерту бірдей жұмыс атқарады. Мөлшері және Жылжыту тәрізді екі команда терезенің көлемін перне арқылы басқаруға арналған.

 

Windows жүйесіндегі жұмыс істеу негіздері.

1981 жылы MS(PC)-DOS операциялық жүйесі IBM дербес компьютерлермен бір мезгілде пайда болып,әрбір компьютерге орналастырылған болатын.

MS-DOS операциялық жүйесі тек бір адамның жұмыс істеуіне арналған болатын және бір мезетте тек бір мақсатты ғана шешетін, оның үстіне MS-DOS операциялық жүйесі компьютердің тек 640 кб жедел жадын ғана (RAM) пайдалана алатын еді.

Адам мен компьютер арасындағы байланысты ұйымдастырушы қызметін, яғни пайдаланатын негізгі интерфэйс рөлін MS-DOS жүйесінде командалық жол атқарды. Бұл жол арқылы MS-DOS жүйесі мен адам арасындағы сұхбат ыңғайсыз жүргізіледі, ЭЕМ-ді басқаруға арналған қажет жүзден астам командалар пернелерден енгізіліп барып орындалады. Командаларды жазу тәртібі өте күрделі деуге болады, кейде бір команданы орындау үшін ондаған символдарды теруге тура келеді. Осы операциялық жүйемен негізінен тек маман программалаушылар ғана тікелей жұмыс істейді де, көптеген адамдар ондай дәрежеге көтеріле алмайды.

Жүйелік программалық қоршаулар негізінен компьютердің файлдық жүйесімен жұмыс істеуді жеңілдетті, яғни қажет информацияны жылдам әрі жеңіл тауып, оның мазмұнын қарауға және жұмыс істеуге өз септігін тигізді.

Windows жүйесінің негізгі функциялары

Кез келген операциялық жүйе сияқты Windows ортасының негізгі ядросы, жедел жадты басқаратын ішкі жүйесі, файлдық жүйесі, енгізу-шығару құрылғыларымен жұмыс істейтін драйверлері, т.б. жүйелері бар. Ол жұмыс кезінде мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

-компьютердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқару;

-файылдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;

-қолданбалы программаларды іске қосу.

Бұған қоса WINDOWS жүйесі:

-бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін;

-әр түрлі программалар арасында мәліметтер алмасуын;

-масштабталатын шрифтерді сүймелдеуді;

-мультимедия мүмкіндіктерін пайдалануды;

-біріңғай анықтамалық жүйе жұмысын қамтамасыз ете алады

WINDOWS жүесінің негізгі ұғымдары

Терезе экранның төртбұрышты қоршаулы аймағы. Онда әр түрлі программалар орындалады. Кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі. Терезе шекаралары- бұл терезенің периметр бойынша өтетін тік және көлденең сызықтар. Қолданбалы программа терезесі-бұл терезеде негізгі қолданбалы программалар жұмысы атқарылады. Ол экранның бөлігін немесе оны толық алып тұра алады. Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орналаса береді. Мұнда кез келген қолданбалы программаның өзіне тән жұмыс істеу терезесі болады, бірақ олардың негізгі элементтері бірдей болып жасалған. Егер терезені жбатын болсақ, дәл сол уақытқа дейін екпінді күйде болып жұмыс істеп тұрған программаың жұмысы да аяқталады.

Кез келген терезенің белгілі бір шектеулі мөлшері болады, сондықтан информация көп болса, ол терезеге симай қалады. Мұндай жағдайда терезенің оң жақ шетінде (төменгі шетінде) айналу сызықтары деп аталатын элемент пайда болады. Бұл элементтің пайда болуы осы мезетте терезе ішіне симай сыртта орналасқан информацияның бар екенін көрсетеді.

Экран бетіндегі программалар мен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі болады:

-толық экранды терезе, яғни терезе экранды толығымен алып тұрады;

-қалыпты күйдегі терезе, яғни терезе экранның белгілі бір бөлігін алып тұрады;

-белгіше (пиктограмма) түрінде, яғни терезе кішірейтіліп белгішеге айналып кеткен.

4. Операциялық жүйе

Операциялық жүйе- бұл компьютерді іске қосатын және оның жұмысын басқаратын программалар жиынтығы.
Операциялық жүйенің түрлері. Әр түрлі типті ЭЕМ-ға негізднлген бірнеше операциялық жүйелер түрі бар. Компьютер типі бірдей болғанымен де, олардың операциялық жүйелері әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, IBM фирмасының компьютерлерінде кеңінен таралған келесідей операциялық жүйелер қолданылады: MS DOS, Windows 1.0, Windows 2.1, Windows 3.0, Windows 3.1, Windows 3.11, Windows 95, Windows 986 Windows NT. Бір компьютерге әдетте екі операциялық жүйе орнатылады мысалы, MS DOS және Windows 95 немесе Windows 98. Компьютердің оперативтік жадының мүмкіндігіне қарай бір компьютерге кейде бұл операциялық жүйелердің үшеуі де орнатылады.
Операциялық жүйе- пайдаланушы программасын және барлық құрылғылардың жұмысын басқаратын компьютердің программалық қамсыздандырудың негізгі бөлігі.
Операциялық жүйе түрлерінің тез дамуы, оған сәйкес компьютер типтерінің де түрленіп, күннен – күнге тез дамуына мүмкіндік береді.
Операциялық жүйелер тарихы
Операциялық жүйелер тарихының, олардың пайда болған жылдары бойынша берілген сипаттамасы:

1981 IBM/ PC компьютерлері үшін MS DOS 1.0 операциялық жүйесі дискі құрылғыларының жұмысын басқарады негізінен, онда диаметрі 5, 25 дюйм болатын иілгіш магниттік дискілер пайдалынады.
1982 MS DOS 1.1 операциялық жүйесінде екі жақты иілгіш магниттік дискілер пайдалынады.
1983 IBM/ PC/XT компьютерлері үшін MS DOS 2.0 операциялық жүйесі пайда болып, олар өлшемі 10 Мбайтқа дейінгі қатты дискілер жұмысын басқарады.
1984 MS DOS 3.0 операциялық жүйесі шықты. Онда өлшемі 20 Мбайтқа дейінгі қатты дискілер мен диаметрі 5,25 дюйм-ге тең иілгіш дискілер жұмысы басқарады.
1985 MS DOS 3.2 операциялық жүйесі пайда болды. Онда диаметрі 3,5 дюймге тең иілгіш дискілер жұмысы басқарылады.
1986 MS DOS 3.3 операциялық жүйесі пайда болды. Онда диаметрі 3,5 дюймге тең иілгіш дискілер жұмысы басқарылды.
1987 MS DOS 4.0 операциялық жүйесі пайда болды

Онда өлшемі 32 Мбайттан жоғары қатты дискілер жұмысы басқарылды.
1988 MS DOS 4.01 операциялық жүйесі орыс тілінде жасалынып шығады.
1991 MS DOS 5.0 операциялық жүйесі пайда болды. Онда өлшемі 1 Мбайтқа тең оперативтік жад пайдалануға мүмкіндік туды.
1993 MS DOS 6.0 операциялық жүйесі пайда болып, ол CD- ROM дискі құрылғысының жұмысын басқаруға негізделді.
1995 Microsoft Windows 95 алғашқы графиктік операциялық жүйесі пайда болды.
1998 Бүкіләлемдік Интернет желісінің жұмысын басқаратын Microsoft Windows 98 операциялық жүйесі пайда болды.

 

  1. Вирустар.Ол туралы не білеміз?

Ашылмай қалған флэш. Жартысы жоғалған мәтін. Оқылмай қалған диск…

Ал, сіз екі ай бойы мәтінін терген дипломынан қорғауға бір күн қалғанда айырылған бойжеткенді көріп пе едіңіз? Көрмей-ақ қойыңыз: кез-келген адам шыдас бере бермейтін көрініс.

Не десек те, компьютер саласында «вирус» деген кеселмен бетпе-бет келіп қалыппыз. Онымен қалайша күресеміз, әңгімемізді сол төңіректе өрбітсек.

Биологиядан — темірге

«Вирус» — көбімізге әлі биологиялық термин. Солай болуы да тиіс. Індет қоздырушының осынау бір атауы, компьютер саласына өткен ғасырдың сексенінші жылдарының басында ене бастады. IT тарихшылары оларды әу баста қалжың үшін жазылған кодтар дейді. Ол рас болса, ойынымыз осылды деген осы: жыл сайын вирустар миллиардтаған доллар шығын әкеледі.

Алғашқы вирустар өте қарапайым болыпты. Әрі кетсе басқан қарпіңнің орнына басқа қаріп шығатын болса керек. Ол вирустарды қолданушы өзі қолымен жойып тастай алатындай қарапайым болыпты.

Уақыт өте келе вирус жазушылардың біліктілігі артып, енді вирустан құтылуға жекелеген адамның қабілеті жете бермеген көрінеді. Алдымен тек бір вирустың түрін жоятын программалар шығыпты. Сосын вирус тым көбейіп кеткесін олардың әрқайсысын жоюға бөлек программа жаза беру мүмкін болмағандықтан, вирустар қоры бар программалар шығыпты. Енді, міне, антивирус жазу софтвеер өндірісінің бір бағытына айналды.

Вирус неге қауіпті?

Алаяқтық меңдеген бір сала бар десек, ол осы IT саласы болар. Вирус қолданушының жүйкесін әншейін жұқартуға арналған қалжың болудан қалды. Бүгінгі вирустан файлыңнан айырылып, пернетақтаң терісбаққанымен қоймай, үлкен шығынға ұшырау өте оңай. Әсіресе, елімізде Интернеттің етек жаюы вирустың тарауын мыңдаған есе үдетіп отыр.

Мысалы, осы күні сән болудан өтіп, қажеттілікке айналған интернет-банкинг қызметін алайық. Кредиттік картаңның құпиясөзінің біреуге белгілі болғанын елестетудің өзі қорқынышты. Өкінішке қарай, ондай жағдайлар әлден кездесіп жатыр: таң ата өзінің татып алар түгі жоқ ешкі жүнінен тоқылған шәлі алғанын, әлде мұхиттың арғы жағындағы әлдекімнің қаламақысын төлегенін көргенде, санын бір-ақ соққандар біздің қоғамда жетіп артылады.

Интернет арқылы тарайтын вирустардың «сүйікті ісі» — құпиясөз ұрлау. Ең болмаса, поштаңның құпиясөзін білсе де саған — зардап, оған — мадақ.

Сонымен бірге, «темірден — темірге» принципімен жұғатын вирустардың да зардабы шаш-етектен. Шығынды ақшамен есептей беруге әсте болмайды. Мысалы, түнімен көз ілмей терген еңбегіңді таң ата бастығыңа тапсырған кезде файлдың ішінде жазбаның орнында қойыртпақ бірдеңелер тұрса, ең жеңілі — жаман көзімен бір атар, ал, қызметіңнен айырылсаң орны толмас шығын екеніне күмәнім жоқ.

Қалай жұғады?

Программалаудың «резиденттік программалар», «фондық процесстер» сияқты саласын қозғай өту — бұл мақаланың аясынан тыс болар. Ендеше, барлығымыз білетін, білмесек — көріп жүрген жұғу жолдарына тоқталсақ.

Интернет арқылы жұғу жолы өте қарапайым. Оған тіпті қолданушы өзі ат салысады десе де болғандай. Мысалы, жаңадан шыққан фильмді көргіңіз келіп, көшіріп алмақ болдыңыз. Атауын іздеу жүйесіне терсеңіз болғаны — алғашқы жүз қатарды әп-сәтте толтырып-ақ тастайды!

Бірақ, сондағы сілтемелердің барлығынан кино көшіріп ала аламын десеңіз, қателесесіз. Керісінше, соның бірнешеуі ғана киноға сілтеме болар, қалғандары — вирустық код жасырылған файлдар болуы мүмкін. Оған тек сіздің көшіріп алып, тышқанмен екі түрткеніңіз керек. Әрі қарай вирустың құзырындасыз: бүкіл сақталған құпиясөздеріңізді өз иесіне жібере бастай ма, әлде файлдарыңызды жоя бастай ма, вирустың «өз» еркі.

Ал, енді вирустың тасымалдағыштар арқылы жұғу жолдары да бар. Флэштен — компьютерге, компьютерден — флэшкеге сияқты тізбекпен кете береді. Зияны шаш-етектен. Мысалы, тойда түсірілген қайталанбас қымбат кадрлардан вирустың кесірінен айырылып қалсаңыз, тапсырыс берушіңіз мұрныңызды бет қылмауы неғайбыл. Ондай жағдайлар өте көп. Күн сайын қатардағы қолданушылардан, тарихи суреттерінен әлде бейнежазбаларынан айырылғаны туралы ондаған ақпар келіп түседі. Ал, ат арытып, Министрлікке есебін әкелген адамның, тасымалдағышында түк жоқ боп шыққандағы пұшайман түрін елестетсеңіз қалай?

Қорытынды біреу — аянбай қорғану керек немесе қорғаныстан ештеңе аямау керек!

  1. Қорғаныс түрлері

Компьютерді вирус сияқты кеселден қорғауды пассивті және активті деп екіге бөлер едік.

Пассивті қорғаныс деп қарапайым ережелерді сақтауды айтамыз. Міне, кейбіреулері:

— Компьютерге тасымалдағыш жалғамастан бұрын, антивирустық программа бар екенін, бар болса қазір жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз. Егер программа жоқ болса онда мүмкіндігінше тасымалдағышты жалдамай-ақ қойыңыз.

— Сандық бейнекамера, фотоаппарат сияқты жабдықтардың флэш-жадыларын ешқашан да антивирустық бағдарламасы жоқ компьютерге салмаймын деп өзіңізге серт беріңіз. Әлгіндей тарихи бейнелерден айырылсаңыз және олар біреудікі болса, қызықтың көкесі сонда болады.

— Көп еңбек талап еткен құжаттарды CD, DVD-дискіге жазып қойыңыз. Онда вирус болғанның өзінде антивирустық программалар құжатты автоматты түрде жойып жібере алмайды: компакт-дискілерді тек оқуға ғана болады.

Ал, активті қорғаныс деп кәдімгі антивирустық программаларды орнатуды айтамыз. Қорғаныстың екі түрін де ұстану — уайымсыз мамыражай өмірдің кепілі.

«Қандай антивирус жақсы?»

Бұл — компьютер қолданушылардың фундаменталды сұрағы. Және сұраулары дұрыс та.

Нені-нені, ал антивирустық бағдарламаны «қымбаты жақсы!» деген ұстаныммен алуға болмайды! Өкінішке қарай, еліміздің дүкендері антивирустарды қолданушының саласына қарай жіктемей, үсті-үстіне сата береді. Сондықтан болар, көптеген әлсіздеу компьютерлер тек антивирус үшін ғана жұмыс істейді. Мысалы, Интернеті жоқ адамға веб-экран, антихакер, анти-спамдық жүйелердің не қажеті бар? Бірақ, дүкендегі менеджердің «кеңесімен» қойып алған адам неге ойын ойнағанда компьютері күрт баяулап кететінін түсінбей әлек. Кейбір үйде пайдаланылатын компьютерлерге McCafee сияқты серверге арналған тажалдардың орнатылғанын көргенбіз. Ал керісінше, оншақты компьютерге қызмет етіп тұрған серверге PCCillin сияқты жартылай тегін, әрі түсініксіз антивирустың орнатылып жүргеніне өзіміз куә.

Антивирустық программа таңдау және оны баптау — әркімнің жеке ісі. Таңдау кезінде тек келесі өлшемдерге мән берсеңіздер дейміз:

— Вирустық қордың көлемі. Ешқандай рөл ойнамайды. «Анада қырық мың, ал мынада елу мың екен мынаны аламын!» деп таңдау әбестік. Антивирус өндірушілер көп жағдайда спекуляцияға баратынын есіңізге мықтап ұстаңыз.

— Біреудің кеңесін таңдамаңыз. Ол біреуіңіздің компьютерінің жадысы сіздікінен төрт есе үлкен немесе Интернеті жоқ адам болуы мүмкін. Ендеше, компьютеріңіздің баяулап қалу немесе Интернеттен вирус жұқтыру қаупі бар.

— Баға. Баға да еш рөл атқармайды. Құны мың долларлық антивирустар да болады дүниеде. Алайда, оны әдетте құны ондаған мың доллар тұратын серверлік стансаларға орнатады. Ал, сіз үшін су тегін антивирустық бағдарламалар жарай беруі де мүмкін.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ықпалдастырылған шешім вирустарды және тыңшылық бағдарламаларды іздестірумен, үрдістер жүйесінде болып жатқан мониторингпен, құрылғыларды түгендеумен және оларды алғашқы күйге келтірумен, олардың осалдығын анықтаумен, оларға қол жеткізілімді ұйымдастырумен және жаңартуларды басқарумен айналысуы тиіс. Алайда тізбеленген міндеттер белгілі бір қорғау саясатын іске асыратын қорғау құралдарымен емес, Security Management корпоративтік қосымшаларының өмірлік циклын басқару жүйесінің көмегімен шешілуі тиіс.

  1. Қауіпсіздік негізін басқару
    Қорғаудың дәстүрлі жүйелері әкімшімен белгіленген және автоматтандырылған жүйелерге бөлуге және қауіпті жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік беретін белгілі ережелер бойынша жұмыс жасайды. Қорғаудың корпоративтік ережелерінің барлық жиынтығы кәсіпорынның қауіпсіздік саясатын қалыптастырады, оны анықтау айтарлықтай күрделі, алайда оны қатаң бөлшектеусіз замануи қорғау тетіктері өмір сүруге қабілетсіз болады. Осы қағидалар бойынша желілік экрандар, ақаулар мен шабуылдау детекторлары, антивирустар, ақпараттық сүзгілер және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін көптеген басқа да өнімдер жұмыс жасайды. Алайда басқа жолмен – кәсіпорында орнатылған қосымшалардың кәдімгідей жұмыс істеуін қамтамасыз етумен жүруге де болады.

    Қосымшаны басқару оның өмірлік циклы: орнатумен, күйге келтірумен, штаттық жұмыспен, жаңартумен және пайдаланудан шығарумен, мүмкін жаңасына ауыстырумен тығыз байланысты. Осы кезеңдердің әрбірі жүйенің әдепті жұмысына араласу үшін зиянкеспен пайдаланылуы мүмкін екені түсінікті, сондықтан компанияларға қорғау мен бақылаудың барабар тетіктерін қарастыру керек. Бұл қауіпсіздікті басқару жүйесінің мынадай құрауыштарға ие болуға тиістілігін білдіреді:

    – орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуді түгендеу құралы және қосымшаларды орнату мен күйге келтіру утилиттері;

    – қосымшаларға қол жеткізуді бақылау тетіктері;

    – мүмкін болатын осалдықтар мен шабуылдарды айқындау үшін утилиттер;

    –  қосымшалардың жұмыс мониторингі жүйесі;

    –  вирустар және тыңшылық бағдарламалар сияқты жүйелік ресурстарды тиімсіз жұмсайтын бағдарламаларды іздеу үшін қосымша;

    – жаңарту жүйесі.

    Штаттық жұмыстың фазасы анағұрлым ұзақ болғандықтан, оны қорғау үшін қосымшалар да бірнешеу болуы мүмкін. Олар есептеп шығару үрдісінің ең алуан түрлі аспектілері: пайдаланушылардың қол жеткізуін, шабуылдау белгілерін іздестіруді, қосымшалар жұмыстарын бақылауды және артық қосымшаларды айқындауды бақылайды. Бақылаудың осы утилиттері үнемі жұмыс жасауы тиіс және қорғалатын қосымшаның ажырамас бөлігі болып жиі табылады. Бірақ бастапқы орнату мен күйге келтіру, сондай-ақ қосымшаларды дамыту мен шығару сирек іске қосылатын утилитпен айналып өтуге әбден болады. Дегенмен бұл соңғы кезең көңіл аударуға тұрарлық дегенді білдірмейді, керісінше дұрыс алғашқы күйге келтіру мен уақтылы жасалған жаңарту оны пайдалану кезінде бағдарламаның ережесін елеулі жақсартуы мүмкін.

    Заманауи корпоративтік қосымшалардың ендігі бір компьютерде жұмыс жасамайтынын, ал бірнеше сырттай тәуелсіз және физикалық бөлінген бағдарламалық элементтер тізбегін өзімен бірге көрсететінін ескеру қажет. Алайда олардың бірінің өзгеруі бүкіл жүйені бұзуы мүмкін, сондықтан компаниялардың корпоративтік жүйені құрайтын барлық құрылғылар: серверлерді, жұмыс станцияларын, дербес құрылғылар мен желілік құрал-жабдықтарды қоса алғанда есептеп шығару жүйесінің әртүрлі құрауыштарына көңіл бөлуі тиіс. Алайда осы құрылғылардың жұмыс қабілеттілігін қолдау қауіпсіздікті басқару міндетіне тығыз ықпалдастырылуы тиіс жүйелерді басқару міндетіне кіреді. Қауіпсіздікті басқарудың заманауи қосымшасы дәл жүйелерді басқару әлемінен келді. Бүгінде осы топтағы шешімді ұсынатындардың арасында Microsoft, LANDesk, BMC Software және бірқатар басқа компанияларды атауға болады. Microsoft қазіргі уақытта қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдары рыногына, сонымен бірге өте белсенді еніп жатқаны көрініп тұр; негізгі бағыттардың арасында – есептеп шығару ресурстарын тиімді жұмсау. Осы топтың басқа өндірушілері сонымен қатар корпоративтік жүйелердің кешенді ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған өз өнімдерін  шығара бастайды. Атап айтқанда LANDesk компаниясы қауіпсіздікті басқару утилитінің барлық тізбеленген топтарын қосатын LANDesk Security Suite бағдарламалық құралдарын шығарды.

  2. Информатика пәні бойынша электрондық ресурстарды қолдануға оқытушыларды кәсіби дайындау

Жаңа білім беру электрондық ресурстар арқылы берілетін көп ғылыми және оқу ақпараттары негізінде жоғарғы кәсіби оқу орындарының негізгі және біріккен оқу пәндері сапасында оқытушылардың кәсіби дайындау талаптары өседі. Оқытушылардың өздеріне деген жалпы талаптарының сапасы арта түседі. Бұл талап информатика пәнін оқытатын оқытушылардың бәріне қатысты.

Білім беру сапасында мамандардың кәсіби шеберліктері жаңа ақпараттарды жаппай орнықтыру және телекоммуналдық технологиясын енгізу ойларын белгілі бір дәрежеде іс жүзінде көрсете алмай келеді. Бұл көрсетілген мәселелер республикамыздағы жоғарғы оқу орындарының кейбіреулерінің компьютерлік және телекоммуникациялық техникалары бүкіл дүниежүзілік электрондық ресурстардың талап етілетін білімдер жиынтығының бағалы ақпараттар желісіне ене алмай отыр. Бұндай мәселелер шешілген оқу орындарында оқытушылардың дайындықсыздығы жаңа технологияларды оқытуда арнайы электрондық ресурстары дидактикалық және әдістемелік талаптарына сәйкес келмейді. Себебі мамандандырылған бағдарламалар аймағында психологиялық, дидактикалық әдістемелік информатиканы оқытуда бастаушы мамандардың қатыспауынан болып отыр. Көп жылдық стажы бар оқытушылар жаңа ақпараттық технологияларды оқытуда көбіне маңыздылығын ескерілмейді. Республикамыздың қазіргі жоғарғы оқу орындарында оқытушылардың басым көпшілігі компьютерлік техниканы меңгеру кезінде және электрондық ресурстарды оқытуды қолданғанда психологиялық тосқауылдарға ұшырасады. Басқа пәндердің оқытушылары сияқты информатика пәнінің оқытушылары маңызды мәселелер кезінде сынға алынып отырады. Жоғарғы кәсіби білімділік кезіндегі бағаламаушылық информатиканың жүйелік процесі кезіндегі қатынастар мен түсіндіріледі. Оқытушы жоғарғы оқу орындарында студенттердің компьютерлік әдістеменің көмегімен оқу процесіне электрондық ресурстарды енгізу ыңғайлы деп тауып отыр.

Студенттерге ақпарат және ақпараттық процестерді оқытуда күрделі активтендіруші көрнекі бейне және теориялық бейнеледі қолданбаған тәсілдері қалдырылып отыр. Студенттерді оқытуда қазіргі оқытушылардың информатикада электрондық ресурстарды оқытудағы сапасынағана  емес, оны іс жүзінде қолдану тәсілдерінің сапасына көңіл аудару керек. Барлық жоғары оқу орындарындағы информатика пәнінің оқытушыларын дайын электрондық ресурстарды пайдалану- оқытушысы және осындай ресурстарды зерттеу-оқытушысы деп екі негізгі категорияға бөледі: бірінші дәрежелі оқытушы информатика пәнінде электрондық ресурстарды қолдану және оқытуда соңғы қолданушының деңгейін қалыптастырып бағыт-бағдар көрсетіп отыруы керек.

Жоғары оқу орындарында информатика пәні бойынша мамандар дайындағанда пайдалану – оқытушыларға электрондық ресурстарды оқытуды ақпараттық білім технологиясы негізінде психологияны оқыту курс лекцияларын қолдануға кеңес береді. Мұндай курстар іс жүзінде біршама дайындықтарға әкеліп соқтыруы мүмкін. Психологияны оқыту циклы пәндік байланысқан бағдарламалар мен ақпараттардың қамтуы компьютерлік және телекоммуникациялық технологияның мазмұнында  болып отыр. Бір жағынан мұндай курстарды жоғарғы оқу орындарындағы әр түрлі мамандар кәсіби оқу бөлімінде қолдап құптайды.

Екінші категориялы оқытушыларды дайындауда информатика оқытушылары электронды ресурстарды өз бетінше өңдеп дайындау кезінде мамандандырылған қолданушыға және бағдарламалар деңгейіне дейін жеткізуі керек. Информатика пәнінде электрондық ресурстарды оқытуда жобалау құрылысын орынды түрде түсінуге болады. Оқытушыларға жоғары кәсіби білім педагогика және психология негіздерінің электрондық тәсілдерін қолдануды және құрастыруды өңдеу кезінде өара танысу және мамандандыруды жоғары көтеруді талап етеді.

Жоғары оқу орындарында оқытушылар болашақ мамандарды дайындауда электрондық ресурстарды өңдегенде және қолданғанда жеткілікті деңгейде біліми ақпарат құралдарын қамти білу керек. Информатика пәнінің аумағында қолдану және пайдалану бағдарламаларын оқытушы жоғарғы оқу орындарында оқу құралы ретінде пайдалануы тиіс. Оқу тәрбие процесіне электрондық ресурстарды енгізгенде оқытушы мен студенттер бірігіп жұмыс жасау керек. Информатикада электрондық ресурстарды оқытуды енгізуде оқытушыларға көп іздену керек.

Мамандарды көтеру, ақпараттық технологияны құру, электрондық ресурстарды жеке орнату, оқытушылардың жұмыстарына жиі талдаулар жасау, осының бәрі біршама уақыттар алады.

Электрондық ресурстарды енгізген кезде қанағаттанарлық нәтижесі ертеңгі күнге информатиканы оқытуда сеніммен қарауға жаңа көзқарастар қалыптастырады. Республикамыздағы жоғарғы оқу орындарының оқытушыларының басым көпшілігі мұны қолдап құптап отыр. Қазақстаннның көптеген оқу орындарында іс жүзінде қолданған жобалардың және студенттердің айналысқан бағдарламалары ақпаратттар орталығында жүзеге асырылуы оң нәтижесін беріп келеді. Оқытушы информатика пәніне ғылыми жобалау процесін енгізген кезде, оның әлеуметтік маңыздылығын жүргізген жобалау  жұмысының нәтижесін талап ету керек. Жоғарғы оқу орындарында информатиканы оқытуда енгізген жобаларды оқу тәрбие жұмысында қалай қолдануды және ары қарай талдап, өңдеп өрбітуге кадрлармен қамтамасыз етіп отыруы керек.

Информатикада электрондық ресурстарды оқытумен байланысты сапалы оқытушыларды қалыптастыруды қолдану жоғарғы оқу орындарында өңдеу және енгізу тьютор – кеңесші құрылымы деп аталады.

Тьютор шара қолдана алатын және шығармашылықты, тиянақты және жауапты адам болуы тиіс. Олар мәселені өз бетінше көре алатын және шеше білетін, сонымен бірге топ ішінде әрдайым тұрақты және жаңадан оқуға дайын, бірақ жинақталған білімімен және тәжірибесін қызметкерлерімен бөлісіп отыруы тиіс. Олар өзіне және қызметкерлерге керекті ақпаратты тауып қолдануды және үйретуі тиіс.

Тьютор – бұл алдымен болашақ бакалавр және магистрлерді оқытуда ақпараттық және коммуникациялық технологияны белсенді қолданатын және сұрақтарды жүйеге ендірудің кеңесшісі. Одан басқа, тьютор өз қызметкерлерінің оқытуда электрондық ресурстарымен жұмыс дағдысын қалыптастыруда кеңес беруші, репетитор рөлін атқарады. Информатика мұғалімінің өзі жоғары оқу орнында басқа пәннен білім беретін қызметкерлердің электрондық ресурстарды жалпы қолдануда тьютор ролін атқарады.

Тьютор–кеңесші келесі негізгі міндеттерді орындайды:

– Жоғары оқу орнында электрондық ресурстарды бағдарламалық жиын түрінде қолдана отырып біркелкі ақпараттық әдістемелік құрылымды құруға атсалысу;

– Жоғары оқу орны оқытушыларына электрондық ресурстарды құру және қолдану аумағынан кәсіби кеңес беріп, үнемі қолдап отыруды іске асыру;

– Оқытушыға электрондық ресурстар жиынының мазмұнын өзгертуге көмекті ұйымдастыру;

– Жоғары оқу орындарының оқытушылар және әдіскерлеріне қажетті кәсіби ақпаратты алу мүмкіндігін кеңейту, соның ішінде Интернет желісінің электрондық ресурстарына қолдана отырып;

– Жоғары оқу орындары оқытушыларының кәсіби біліктілігін арттыруда Интернет-қолдау ұйымдастыру, электрондық ресурстардың педагогикалық мүмкіндіктерін игеру негізінде құруға септігін тигізу:

– Қазіргі ақпаратты-коммуникациялық технологияларды ұсыну, оларды адамның ақпараттық қызметтеріне және жоғары білім беру саласында қолдану мүмкіндіктері;

– Оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыруда электрондық ресурстардың тиімді әдістерін қолдану;

– Өз жоғары оқу орнының ақпараттық ортасының құрылу және ұйымдастыру мүмкіндіктерін өзінің күнделікті жұмысында тиімді қолдану әсіресе студенттермен, ата-аналармен және қоғаммен өзара байланыс орнату;

– Электрондық ресурстарды қолданудағы жобалық қызметтер дағдысын қалыптастыру;

– Интернет желісін ақпараттық қолдау арқылы әдістемелік қызметті жоғары оқу орнынын мәртебесін қалыптастыру аумағында қамтамасыз етеді.

Тьютор – кеңесшілердің қызмет бағыттарын топтық шығармашылық қызмет негізінде жүзеге асыру керек екенін ескеру керек. Ол үшін жоғары оқу орындарында оқытушыларға ақпараттық технологиялармен, жаңа ақпараттық ресурстармен, оларды оқу процесіне тиімді пайдаланумен, сонымен қатар осындай ресурстардың үлгілерін құру мүмкіндіктерін жеткізетін ерікті топтар құру керек.

Оқытушылардың дайындық және қайта даярлау сапасын анықтайтын осындай бағдарламалы курстардан жоғары оқу орындарының информатика оқытушыларының барлығы өту керек. Шындығында, білім беру электрондық ресурстарын қолдану арқылы студенттерге информатиканы оқытудың кәсіби дайындығын оқытушылардың бойында қалыптастыратын негізгі жол болып табылады.

 

Қолданылған әдебиет:

  1. Информатика: Макарова Н.В. 2000 жыл
  2. Информатика. Базалық курс. С.В. Симонович. 2000 ж
  3. Практикалық инфороматика. Г.А.Евсеев, С.В.Симонович, 1999 жыл.
  4. Қазіргі заманғы компьютерлік технологиялардың негіздері. А.Д. Хомченко
  5. Windows 95 үйренейік. Д. Бойс. 1997 жыл.
  6. Экономикалық информатика. СПб: Питер, 1997 жыл
  7. Дербес компьютерде жұмыс. Н.И.Гурин. Мәскеу. 1994 жыл
  8. Информатиканың бастапқы негіздері. С.А.Абрамов. Мәскеу. 1989 жыл
  9. Арнайы информатика. С.В.Симонович, Г.А.Евсеев. Мәскеу. 1999 жыл.
  10. Барлығына арнлаған дербес компьютер. А.Я. Савельев, Б.А.Сазонов, Б.А. Лукьянов. Жоғарғы мектеп. 1991 жыл.
  11. Windows 95/97 арналған Excell. Мартин, Метьюз. 1996 жыл.
  12. Компьютерлік технологиялардың негіздері. Корона, 1998 жыл

 

 

Мазмұны:

  1. Кіріспе. Тарихи деректер.- 4 бет
  2. Paint графикалық редакторы- 8 бет
  3. Windows жүйесіндегі терезелерді пайдалану- 14 бет
  4. Операциялық жүйе- 18 бет
  5. Вирустар. Ол туралы не білеміз?- 20 бет
  6. Қорғаныс түрлері- 23 бет
  7. Қауіпсіздік негізін басқару.- 25 бет
  8. Информатика пәні бойынша электрондық ресуртарды қолдануда оқытушыларды кәсіби дайындау.- 27 бет
  9. Қолданылған әдебиеттер.- 34 бет
Метки: ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *