Дәрумендер әлеміне саяхат


Найзабекова Баянсулу Сапаргалиевна
 ТОО «Балажан» логопедиялық аралас бөбекжай балабақшасы тәрбиешісі

Мақсаты:дәрумендер туралы білімдерін бекіту;балалардың еске сақтау қабілетін және тілін дамыту ,денсаулығын күтуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап,әңгімелесу,ойындар мен тақпақтар.

Көрнекілер:жеміс-жидектің суреттері;себеттер;азық-түлік суреттері.

Билинвал  компонент: Салауатты өмір сүру, дәрумендер

Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиеші әрекет
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Тілек шеңбері:

Аспанымыз ашық болсын!

Күніміз жарық болсын!

Суымыз мөлдір болсын!

Ауамыз таза болсын!

Денеміз сау болсын!

-Балалар,адамдар бір-бірімен кездесіп,амандасқанда ең алдымен не туралы сұрайды?

Дұрыс,ең алдымен амандықты біліп,денсаулықты сұрайды.

Біздің денсаулығымыз мықты болу үшін не керек?

Балалар, мына суретке  қараңдаршы,не көріп тұрсыңдар?

Біз бала-бақшада не жасаймыз?Жаттығуды қай кезде жасаймыз?

Біз жазда қалай шынықтық?

Ұйқыдан тұрғанда,біз не істейміз?

Жарайсыңдар,сендер барлық шынықтыру тәсілдерін біледі екенсіңдер.
Үлкен шеңбер құрып, өлең жолдарын айтады.

Сұрақтарға жауап береді.

Назарларын суретке аударады.

Таңертен

 

Сұрақтарға жауап береді.

Ұйымдастыру

іздестіру
(есікті біреу қағады)

-Балалар,бұл кім екен?(Тәттібектің келуі)

-Сәлеметсіздер ме?Мен қайда келіп қалдым?

-Сәлемесің бе,Тәттібек?

-Бұл бала-бақша,сен қайдан келе жатырсың?

-Менің тәттілерім таусылып қалды,соларды алуға қалаға келіп, адасып қалдым.

-Тәттібек,сен әлі сол әдетіңді қоймағансың ба?

-Балалар,сендер қалай ойлайсыңда,тәтті тағамдарды көп жеуге бола ма?

Дұрыс балалар,тек қана тәтті , дәмді ғана емес,әртүрлі тағамдарды пайдалану керек.Ал денеміз күшті,шымыр болу үшін тек қана тамақ ішіп қоймай,денемізді шынықтырып, жаттығулар жасаймыз.

-Кел,Тәттібек,бізбен  бірге тұрып,жаттығу жаса.

1-Бір дедім,орныңнан тұр дедім

Шапалақты ұр дедім

Естігенде 2-жаймен баяу секірші

3-дегенде тұр,мойныңды бұр

4-Жайлап сен,секір тағы аяқпен

5-деймін тұр,орныңда бос дедім

Енді сан 6-жаттығу аяқталды.

(Тәттібек ентігіп,шаршап қалады)

-Тәттібек сен жаттығуды күнде жасасаң, былай шаршамайсың.

-Балалар, мен сендерді дәрумендер әлеміне саяхатқа шақырамын.Тәттібек бізбен бірге барасың ба?

-Балалар,қалай ойлайсыңдар,ол жер неге дәрумендер әлемі деп аталды?

-Дәрумендер балалар,денсаулығымыз күшті болып өсуіне көмектесетін заттар.Біз дәруменді тамақ арқылы қабылдаймыз.Көкөністер мен жемістерден басқа да азық-түліктерде көптеген дәрумендер мол.(телефон қоңырауы соғады)

-Ия,Спортокус,сәлеметсіз бе?Сіз Тәттібекті іздеп жүрсіз бе?Ол бала-бақшада.Келіп алып кетіңіз,күтеміз.

-Балалар,сендер білесіңдер ма?Бізге Спортокус ұшып келе жатыр.(Спотокустың кіріп келуі)

-Сәлеметсіңдер ма, балалар?

-Сәлеметсің бе, Тәттібек?Маған дабыл келді,сен адасып кетіпсің ғой.

-Ия,Тәттібек адасып,бізге келді,балалар оны саяхатқа шақырды,Спотокус,бізге дәрумендер әлеміне жолды көрсет.

-Жарайды,менің сиқырлы кілеміме отырыңдар,жол алыс,тәртіпті болыңдар

(релаксация)

Дәрумендер әлемінің шеті көріне бастайды

-Көзімізді ашып,кілемнен бәріміз түсеміз(декорация)с

-Қандай таза ауа,жердің бәрі толған гүлдер,мөлдір су

Спортокус ,быз судан калай отемыз?

Мен сендерді көпірмен өткіземін(орындықтан көпір  жасайды )

Колымызды екі жаққа   созып тепе -тендікті сактап бір -бірден көпірден өтейік (Музыка әуенімен дәрумен ханшайымы шығады,қасында А,В,С,Д дәрумендер)

-Сәлеметсіңдер ма, балалар?Келгендеріңе өте қуаныштымын.

-Білем-білем сендер не үшін келгендеріңді,дәрумендермен танысуға ма?Қонақ болыңдар, жайлап отырыңдар.Мынау менің патшалығымның тұрғындары,танысып қойыңдар

А-Мен А деген дәруменмін,мен дұрыс өсуге, көздің жақсы көруіне көмектесемін.Мен сәбізде,сары майда,ірімшікте,қызыл алмада,қызанақ,шиеде табасыңдар

Ал мен болсам,В дәруменімін.Мен сендердің ми мен үкіл ағзаларыңды жақсы жұмыс істеуге өте пайдалымын,балықтың етінде,тәтті бұрышта,қара нанда,айранда,алмұртта боламын.

Мен С дәрумені-немесе аскорбин қышқылымын,мен сендерді әртүрлі аурудан қорғап,қан айналатын тамырларыңды берік болуына көмектесемін.Мен лимонда,апельсинде,пиязда,қарақатта кездесемін.

Мен Д дәруменімін-сендердің сүйетерің мықты болу үшін өте қажетпін.Ет,бауыр,жұмыртқа,қаймақта боламын,жазда күннің астында кездесеміз

-Балалар енді сендер білесіңдер,қай азық-түліктерде қандай дәрумендері бар екенін.

Д.ойын – «Себетке  дәрумендерді жина».

Спортокустың тобын осы ойында жеңгені үшін мақтау,мадақтау.

-Менің бақшамдағы жемістер мен көкөністер өздері адамдарға немен пайдалы екенін айтып берсін

1Шие-Шиемін,мен шиемін,

Күннің көзін сүйемін

Қышқыл шырын менде бар

А дәруменге басты иемін.

2Алма-Нарттай қызыл алмамын

Мәз болады алғандар

Жазда әдемі киінем

Дәруменге баймын

3Қызанақ-

Піскен кезде қызанақ

Көз тартар қызыл түсімен

Бар ма адам сүйсінбей

Тамат шырынын  ішпеген

4Сәбіз-Кім бар сәбіз шырынын жастайынан ішпеген

Мені жеген адамдар

Кем болмайды күшке де

5-Пияз-Асханадан шықпаймыз

Атым-пияз,бұқпаймын

Көзден жасты шығарып

Тұмаудан да сақтаймын

6Қызылша-Ақ түсім бар қант алар

Қызыл түсім қанға бай

Зияным  біліп қой

Қызылшамын пайдам көп

-Рахмет ,сендерге балалар, көрдің бе, Тәттібек?Көкөністер мен жемістер бәрі денсаулыққа пайдалы,сен енді тәттінің орнына алма, сәбіз же.

-Менің уақытым  тығыз,маған саяхат өте ұнады.Рахмет сізге, дәрумендер ханшайымы.Біз дәрумендер туралы көп білдік.Балалар енді біз қайтайық,сау болыңыз

Қызғушылықпен Тәттібекке қарайды.

Тәтті заттарды атап,оларды көп жеуге өте зиянды екенін айтады.

Сөздерге сәйкес қимыл-қозғалыс  көрсетеді.

Балалар қуана келіседі.

Сұраққа жауап береді

Тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды

Балалар кілемнің үстіне отырады.

Көздерін жұмып,терең демалып,өздерін еркін сезініп отырады

Көздерін ашып,кілемнен түседі

Бір-бірінің артынан көпірдің үстімен жүреді,судан өтеді

Ханшайыммен амандасады,сұрақтарына жауап береді

Балалар отырады

Суреттерін атап көрсетеді

Дәрумендер жазылған себетке тек қана сол дәрумендер кездесеін азық-түліктерді салады

Балалар төрт командаға бөлінеді, жарысады.

Тақпақтар айтып береді

сиқырлы кілемге отырып, қайтады

Қорытынды
Дәрумендер әлемінде біз қандай қызықтар көрдік?Қандай дәрумендермен таныстық?Балалар,сендерге саяхат ұнады ма?Ал,Тәттібек,енді сен қандай тағамдарды көп жейсің?Спортокус,саған да рахмет,сенің кілеміңмен біз жылдам барып, келдік
Балалар сұрақтарға жауап береді.Спортокус пен Тәттібек екеуіне сыйлықтрын беріп,қоштасады.