Елбасы күні


 Акимбекова Раушан Жумагельдықызы
 ТОО «Балажан» логопедиялық аралас бөбекжай балабақшасы тәрбиешісі

Оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың технологиялық картасы

 

ІІ сәбилер тобы : 30.11.2018ж

 

Тәрбиеші: Акимбекова Р.Ж.

 

Білім беру саласы; Коммуникация, шығармашылық.

Бөлімдері: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Елбасы күні

Мақсаты: -балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту

Көрнекі-құралдар: Елбасының суреттері, карта, ту және елтаңба.

 

Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбері:

Қол ұстасып тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Мен Отанды сүйемін,

Сен де Отанды сүйесің.

Мен анамды сүйемін,

Сен де анаңды сүйесің.

Мен әкемді сүйемін,

Сен де әкеіңді сүйесің.

Көтеріп бір көңілді,

Шаттықпенен күлейік.

Дос- бауыр боп бәріміз,

Тату-тәтті жүрейік.

 

Балалар қараңдаршы, бүгін бізде ерекше күн.
Балалар шеңбер бойымен тұрады.

 

Орындарына отырып, қызығушылықпен тыңдайды.
Ұйымдастыру-ізденістік
Балаларға сұрақ қоя отырып жауабын тыңдау.

–         Мынау кімнің суреті?

–         Елбасымыздың аты кім?

–         Ол қайда тұрады?

–         Ол не істейді?

Балалар біз бүгінгі оқу іс-әрекетімізді елбасымызға және отанымызға арнайтын боламыз. Өздерің айтып өткендей елбасымыздың аты-жөні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Президентіміз  кішкентай кезінен ауылда туып өскен. Ол металлург болған. Содан кейін мына суретте көргендей Президент болды.  Ол Астана қаласында Ақордада тұрады. Сол жерде  отырып бәрімізге қамқорлық жасайды. Президент біздің бәріміздің атамыз

Ал мына суретінде не істеп жүр? Дұрыс айтасындар балалар, спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстанып жүр.

Мына суретке карандар, не істеп жатыр?

Ия, домбыра шертіп отыр. Ол әнді де шырқап, кітап та жазады. Демек, көрдіңдер ме, балалар, біздің елбасымыз қандай өнерлі. Сондықтан біз одан үлгі алып, құрметтеуіміз керек.

Ал мына суретке қараңдар. Бұл  Астана қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс орны.

Сергітү сәті:

Бала бала балақан

Қане қасы алақан

Саусақтарың әйбат

Былай былай ойнап.

 

Балалар қараңдар мынау не? Ту, дұрыс ал тудың түсі қандай? Туда не бейнеленген?  Ал  мынау ненің  суреті? Мұнда не бейнеленген? Не көріп тұрсыңдар? Ортасында шаңырақ және қанатты екі тұлпар ат бейнеленген ия?!

Балалар,айтыңдаршы біздің президентіміз бар, туымыз бар, елтаңбамыз бар. Солай ғой? Енді не жетпей тұр? Бәріміз оң қолымызды жүрегімізге қойып гимн шырқайық.

Балаларбір –бірімен  жарыса сұрақтарға жауап береді.

Максим Шахмили Жания Диана тақпақ айтады
Қорытынды
Біздің президентіміздің аты кім? Ол қайда тұрады ? Қандай жұмыс жасайды? Туымыздың түсі қандай? Не бейнеленген? Күннің түсі қандай? Елтаңбамыздың түсі қандай? Не бейнеленген? Олай болса, балалар ертен қыстың бірінші күні біздің бірінші президент күні мерекесі. Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын! Бірінші президент күні құтты болсын!
Сабақ бойы алған әсерлерімен бөліседі.
Күтілетін нәтиже: балалар өз Президентін білу,

Біледі:  балалар қай жерде тұратынын, елбасы деген кім екенін біледі

Өзіне үйренгені:  президентін, елін, жерін құрметтеу керек екенін түсінді

Үйрену: есте сақтау қабілетін дамыту, сөздік қорын дамыту