Сабақ жоспары. Әлемнің әйгілі ғимараттары. Көпірлер


Қауметова Аида Есетқызы

№ 60 Ж.Түменбаев атындағы орта мектебі бастауыш пәні мұғалімі

Тақырып:  Әлемнің әйгілі ғимараттары.

Көпірлер.
Мектеп: №60
Күні:11.12.2018
Мұғалімнің аты-жөні:Қауметова А
Сынып: 3
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаттары
3.1.2.9 100 бен 1000 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындаудақосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу,  қосындыны санға көбейту ережесін қолдану

3.1.2.12 нөлдермен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу тәсілін қолдану

3.1.2.5 үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау

3.1.2.8 үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану
Күтілетін нәтижелер
Барлық оқушылар үшін:
Толық ондықтар мен жүздіктерді көбейту мен бөлу тәсілдерін орындау.
Бірқатар оқушылар үшін:
Толық ондықтар мен жүздіктерді көбейту мен бөлу тәсілдерін түсіндіру.
Кейбір оқушылар үшін:

100 бен 1000 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу,  қосындыны санға көбейту ережесін қолдануды түсіндіру
Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Көбейту мен бөлудің тәсілдерін түсіндіре алады.

Пәндік лексика және терминология:

Көбейту мен бөлу тәсілдері.
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:
Санды толық ондықтар мен жүздіктерге қалай көбейтуге (бөлуге) болады?
Жазу:
Өрнектер
Тірек білім, білік, дағдылар
Көбейту мен бөлу кестелері. 10 мен 100-ге көбейту және бөлу
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
0–5

Қызығушылығын ояту:
Психологиялық дайындық
Математика қызық пән,
Бәріміз оны білеміз
Қызықты есеп шығарып,
Тез жауабын береміз.
Біздер тату боламыз.
Өсіп алға барамыз
Есептерді шығарып,
Білімді шәкірт боламыз.
Топқа бөлу:
«Билеттер кассасы» арқылы
I топ: Тауэрс көпірі
II топ: Арқар көпірі
II топ: Бруклин көпірі
Ынталандыру.

Архитектуралық ескерткіштердің ішінде көптеген ерекше көпірлер бар.

№1-ші тапсырманы орында. Өрнектердің мәнін тап, сол кезде мына атақты көпірлер қай жерде орналасқанын білетін боласың.
Билеттер кассасынан билеттерді алады.
6-8

Балалар біз көпірлердің қай мемілекетте орналасқанын білдік пе?
Біз саяхаттағанды ұнатамыз ба?
Олай болса біз көптеген елдерге саяхатқа шығамыз.Бірінші саяхатымызды Лондыннан бастаймыз.Лондынды аралағымыз келсе №2 есепті түсініп алайық.
Есептеу тәсілдерін түсіндір:

20.4=20+20+20+20+=80 немесе 2 онд. . 4 = 8 онд.=80
4.20=80

80:4=20 немесе 8 онд. : 4=2 онд.
80:20=4 немесе 8онд. : 2 онд .=4

200.4=200+200+200+200=800 немесе  2 жүзд. . 4=8 жүзд. =  800
4 . 200=800
800:4=200 немесе 8 жүзд.: 4 =2 жүзд.
800:200=4 немесе 8 жүзд.: 2 жүзд. =4
9–15

Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Балалар біз 2есепті түсініп алдық па?
Олай болса саяхатқа шығуға дайынбыз ба?
Келесі саяхатымыз Ұлыбритания.
№3 есеп.(жұптық жұмыс)
16–29

Жаңаны ашу.
Ұлыбритания әдемі қалардың біріне жатқызамыз ба?

Ұнады ма?
Олай болса келесі саяхатымыз Нью-Иорк

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту

Тапсырманы түсінік бере отырып нұсқалармен жұппен орындауды ұсынады.
№4

Ендігі саяхатымыз АҚШ болмақ.
АҚШ қа саяхатқа шығуға дайынбыз ба?
Ендеше №5 есепке қарайық
Топтық жұмыс жұмыс.

№ 5тапсырманы үлгі бойынша тексере отырып орындауды ұсынады.
а)5 тәтті нан 200 тг
320тг?нан сатып алуға болады
Ш:200:5=40     320:40=8
Ж:320 тг 8 бәліш

ә)Жай карандаш 200тг
Түрлі түсті карандаш 300
Сатылды 1 бөлігі
5
Қалды-?
Ш:200+300=500  500:5.1=100 500-100=400
Ж:Қалды 400
2
б)Сырлады 30 м
Барлығының  1 бөлігі
6
Сырланады ? м
Ш: 30:6.1=5            2
Ж:Сырланады 5 м
Сергіту сәті:
«Кім, нені жақсы көреді?» жаттығуы.
Барлығы орындықтарға отырады. Кім, нені жақсы көреді солар орындарынан тұрады. Мысалы: Кім балмұздақты жақсы көреді, сол орнынан тұрсын…Кім өзін батырмын деп есептейді?… Кім сары түсті жақсы көреді?… Кім көп тамақ жегенді жақсы көреді?… Кім айнаға қарағанды жақсы көреді? т.б. сұрақтар қоюға болады.
Оқулық

30–38

Жаңаны қолдану.
Балалар біз енді өзіміздің Қазақстанға саяхаттаймыз.
Ол үшін алтыншы тапсырмаға қарайық.
№6. Түсіндіре отырып есепте.Дұрыстығын тексер.
Балалар енді біз Астанаға саяхаттаймыз.
Астананың көрікті жерлерін көру үшін тоғызыншы есепке қараймыз.
№9. Есепте.
№10 Қандай сандар түсіп қалған.(жұптық жұмыс)
Балалар біз көптеген елдерге саяхаттадық.
Саяхатымыз ұнады ма?
Енді жұмыс дәптерімізді ашып өзіндік жұмыстарымызды орындайық.

Бағалау критерийлері бар дәптердегі тапсырманы өзін-өзі тексеру жүргізе отырып орындауды ұсынады.

Мен:

– 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу,  қосындыны санға көбейту ережесін қолдануды түсіндіру;

– Нөлдермен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу тәсілін қолдану;

– Толық ондықтар мен жүздіктерді көбейту мен бөлу амалдарын қолдануды білемін.
Оқулық
39-40

Рефлексия.
Сабақты түсіндім десе стикирлерін күнге жабыстырады.Жартылай түсінсе жартылай күнге жабыстырады.Түсінбеген болса бұлтқа жабыстырады.