Мұқағали Мақатаев өмірі мен шығармашылығы

Қалиасқарова Жаңанұр Морякқызы
ШҚО, Семей қаласы, «Құрылыс колледжі» қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі

Сабақ әдісі: Баяндау, мәліметтер беру, тақырып бойынша презентация, жазба жұмыстары

 

Білімділік мақсаты: Оқушыларға Мұқағали Мақатаев өмірі мен шығармалары, әдебиет саласындағы еңбектері туралы мағлұмат беру.

 

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойлау, мәнерлеп оқу, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: Қазақ поэзиясындағы бірегей тума талант Мұқағали бейнесіне, шығармашылығына құрмет, мақтаныш сезімін қалыптастырып бағалай білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс:

1.     Қазақ тілі

2.     Тарих

3.     Ән-күй (музыка)

4.     Құрылыс материалдары

Көрнекіліктер: Слайдтар (М.Мақатаев өмір дерегі, М. Мақатаев – сан қырлы талант иесі, ақын туралы жазылған нақыл сөздер, портреті, М. Мақатаев әндері, сөзжұмбақ) карточкалар (өлеңнен үзінді), буклет (М.Мақатаев өмірі мен шығармалары), газет материалдары (М.Мақатаев шығармалары, ақын туралы жазылған мақалалар), мультимедиа, кітаптар көрмесі.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Мұқағали Мақатаев «Үш томдық шығармалар жинағы».

Алматы «Жазушы», 1993 ж.

3. Қабдолов З. «Қазақ әдебиеті» 11 сынып, 326-332 б.

4. Қазақ хрестоматиясы, 11 сынып

5. «Қазақ тілі мен әдебиеті» № 6, 2000 ж. Алматы

 

Сабақтың барысы:

 

I. Ұйымдастырушылық кезең   (1-2 мин.)

1. Оқушылармен сәлемдесу

2. Оқушыларды түгендеу

3. Оқу-құралдарын тексеру

II.Үй тапсырмасын сұрау    (8 мин.)

1.     Қ.Аманжолов өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама оқиды

2.     Қ. Аманжолов өлеңдерін жатқа айту

3.     Кім жылдам? Оқушыларға сұрақ қою арқылы, өз ойларын жинақы, нақты жеткізу мақсатында (Үй тапсырмасын қорытындылау)

III. Жаңа сабақты түсіндіру   (40 мин.)

1.     Мұқағали Мақатаев өмірі мен шығармалары (20 мин).

2.     М.Мақатаев – сан қырлы талант иесі (10 мин).

3.     М.Мақатаев-өлеңдері:

·        ″Поэзия жүрек тілі ″-поэзия туралы өлеңдері

·        Отан туралы өлеңдері

·        Достық туралы өлеңдері

·        Махаббат туралы    (10 мин)

IV. Жаңа тақырыпты бекіту.    (23 мин.)

1.     М. Мақатаев «Менің анкетам» – өлеңі  бойынша шағын көрініс (3 мин).

2.     Карточкамен жұмыс (10 мин).

3.     Мұқағали әндері (5 мин)

4.     «Сөзжұмбақ» (5 мин)

V. Үйге тапсырма      (1-2 мин.)

Үйге «Мұқағалиға хат», «Ақынмен сырласу», «Поэзия пайғамбары» атты шығарма жазып келу. (таңдаған тақырыпқа жазу).

VI. Сабақты қорытындылау. (5 мин.)

Оқушыларды бағалау.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

 

1. Оқушылармен сәлемдесу

2. Оқушыларды түгендеу

3. Оқу-құралдарын тексеру

 

II.Үй тапсырмасын сұрау

1.     Қ.Аманжолов өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет оқиды.

2.     Қ. Аманжолов өлеңдерін жатқа айту.

3.     Кім жылдам? Оқушыларға сұрақ қою арқылы, өз ойларын жинақы, нақты жеткізу мақсатында (Үй тапсырмасын қорытындылау)

1. Қ.Аманжолов қай жылы, қай облыста дүниеге келген?

(1911 ж. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы)

2. Қай жылдары Семейдің малдәрігерлік техникумында окиды?

(1927-1930 ж.ж.)

3. Қ.Аманжоловтың ең алғашқы өлеңдері қай газетте жиі басылып

жүрді? («Екпінді құрылыс»)

4.Қ.Аманжоловтың ең тұңғыш өлеңдер жинағы қалай аталады?

(1938 ж. «Өмір сыры»)

5. Ақынның «Уа, дариға, алтын бесік туған жер,

Қадіріңді келсем білмей кеше гөр»,-

деген өлең жолдарын қалай түсінесіндер?

6.     «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы қай ақынға арналған?

(Абдолла Жұмағалиев)

7.     Қасым Аманжолов қай өлеңінің мәтіні бойынша ән шығарған?

(Дариға, сол қыз)

8.     1932 жылы  қандай газетте жұмыс істеді? (Лениншіл жас)

9.     Қ.Аманжолов ақын ретінде жұртшылыққа қай жылдары таныла бастады? (1936-1938)

10.             Қ.Аманжолов неше жасында дүниеден өтті? (44 жасында)

 

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Тақырып: Мұқағали Мақатаев өмірі мен шығармалары

 

Мұқағали Мақатаев (1931-1976 ж.ж.)

 

Қазақ  поэзиясында өзіндік жарқын із қалдырған дарынды ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев 1931 жылы ақпанның тоғызы күні Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Қарасаз деген жерде дүниеге келген.

Мұқағали бастауыш кластарды Қарасаз өңіріндегі  шағын ауылдарда оқып, орта мектепті аудан орталығы – Нарынқолдағы интернатта бітіріп шықты.

Бала кезінен әдебиетке, білімге құмар Мұқағали кең өріс іздеп, қарапайым қалың қазақтың ішінде жүріп, өздігінен білімін жетілдіруге, орыс тіліне аударылған бай әдебиетті оқуға  көп көңіл бөлген. 17 жасында орта мектепті бітірген соң, ауылдағы комсомол, кеңес қызметтерінде істеген. Одан аудандық газетке ауысады, өлеңдері жиі жариялана бастайды. 1962 жылы Алматыға көшеді. Қазақ радиосында диктор, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі болады.

Ақынның алғашқы өлеңдері туған ауданының «Советтік шекара» газетінде жарияланса, 1954 жылы бір шоғыр жыры «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз») журналында, одан кейін сол кездегі өлең тарландарының бірі Әбділда Тәжібаевтың ақ тілеу айтып, сәт сапар жазған алғы сөзімен бір топ өлеңі жарық көрген болатын.

Үнемі ізденіс үстінде ілгерілеумен болған ол У. Уитменнің жырларын аударып, «Шөп жапырақтары» деген атпен шығарды. Ағылшынның ұлы ақын-драматургі В. Шекспирдіңсонеттерін қазақша сөйлетті, Италияның әлемге мәшһур ақыны Дантенің әлем әдебиетінің алтын қорына енген «Кудіретті комедиясын» ана тілімізге тәржімелеп, қазақ поэзиясының көркемдік тәжірибиесін байытуға, қазақ оқырмандарының эстетикалық талғам деңгейінің биіктеуіне өз үлесін қосты. Ақын аудармалы түпнұсқа рухын, көркемдік әлемін терең ұғынуымен құнды.

 

Мұқағали Мақатаев өмір дерегі

 

Аты-жөні, туған жылы
Әжесі, жары
Туған жері
Өлең жаза бастауы. Алғашқы ұстазы
Мұқаметқали (Мұқағали) Сүлейменұлы Мақатаев 1931-1976 9 ақпан
Тиын. Бесік жырынан үлкен өнерге бастау көзі. Жары – Лашын Әбілжанқызы 1948 жылы үйленді
Алматы облысы Нарынқол ауданы Қарасаз туылы
10-11 жасында

Нұрмолда
Жинақтары
Ерекше қасиеттері
Поэмалары
Алғашқы шығарманың тақырып
«Жырлайды жүрек», «Өмір-өзен», «Шолпан», «Аманат»
Шындықты сүйген, ақындықты құрметтеген
«Аққулар ұйықтағанда»

«Райымбек»

«Қашқын»
Соғысқа кеткен азаматтар, отбасының  зары, әке, 1941 жыл ақпан
Балалары
Жанр түрлері
Айбар, Жұлдыз, Шолпан, Майгүл (қайтыс болған)
Поэзия

Драма

Аударма

Проза

(күнделік)
М. Мақатаевтың соңында көптеген өлеңдері мен поэмалары, баллада, новелла, ішінара прозалық шығармалары қалды. Күнделіктері мен хаттары да автордың өмір жолындағы алуан сырларын жеткізеді.

Ақын үшін ерекше мәнді, айрықша қадірлі екі бейне:  бірі – сәби болса, екіншісі – жүрек. Жүрек – М. Мақатаевтың қолдануында тіршіліктің, өмірдің бейнесі, адалжық пен адамдықтың таразысы, адам имандылығының қайталанбас қасиетті символы. Осындай эстетикалық ыңғайда символ – бейне, символ – тұспал, символ-толғаныс көптеген жырларда ұшырасады. «Жүрегім, жүйкем, бар тұлғам!», «Жапырақ – жүрек жас қайың», «Жүрек арызы», «Жүрек неге зат болып жаралмаған», «Жүрек демін алғанда», «Жүрегім менің – жаңартау», «Соқ, жүрек!», «Жүрексің» секілді жырлар – соның айғағы. Сол сияқты қыруар жырларында жүрек тура мағынасында да, әлгіндей бейнелік мәнде де жиі кездесіп, ақынның болмысты тануы мен сол орайдағы толғанысының, таңбалауының өзіндік ерекшелігінін аңғартады.

 

«Жапырақ жүрек жас  қайың»  – өлеңі.

 

Жапырақ-жүрек, жас қайың!

Жанымды айырбастайын.

Сен адам бола бастасаң.

Мен қайың бола бастайын.

Келесің бе, жас қайың?

 

Көрінер, мүмкін, кімге ерсі,

Өміріңді маған бір берші!

Дүрбелең мына дүниені,

Адам көзімен бір көрші.

 

Қайың боп мен де бағайын,

Орманнан орын табайын.

Беймәлім маған өмірге

Қайың көзімен қарайын

 

 

Сен-дағы жерден нәр алдың,

Мен-дағы жерден нәр алдым.

Біреуден сен де жаралдың,

Біреуден мен де жаралдым.

Тілің жоқ, жанды қайың сен,

Айырмашылығым – Адаммын.

 

Мендегі бары бір жүрек,

Беріпті жүрек саған мың.

Сондықтан ұзақ жасайың –

Құрдасы келер заманның.

Бар жоғы менде бір жүрек,

Ол олсе мәңгі кеткенім.

Сендегі семсе мың жүрек,

Келгенде жасыл көктемің,

Тірілер қайта дүркіреп.

 

Жапырақ-жүрек, жас қайың!

Жанымызды айырбастайық!

Адам боп жүрсең қасқайып,

Қайың боп тұрам қасқайып,

Тәуекел, айырбастайық!

 

Өмірге өмір жалғасып,

Анамыз жерге жармасып,

Бірде адам, бірде қайың боп,

Сүрейік өмір алмасып.

 

2. М.Мақатаев – сан қырлы талант иесі.

Журналист                 Жазушы

 

Драматург                            Мұқағали                           Ұстаз

 

Сатирик                      Ақын                      Аудармашы

 

Мұқағали  аудармалары.

 

Аудармашылық – М. Мақатаевтың ақындық өнерінін бір қыры.  Орыс тілінен қазақшаға көптеген шығармалар аударған. Аударылған шығарманың нәрін сақтап ана тілінде кісі жүрегіне жеткізе білу ақынның басты мақсаты еді. Ақын бұл мақсатқа жетті.

М. Мақатаев, Е. Евтушенко, Ф. Моргун, Р. Бернс.

М. Мақатаев – сатирик.

М. Мақатаев сатира жанрында көптеген шығармалар жазады. 1960 жылы «Қазақстан мұғалімі» газетінде «Қоныс құтты болсын!» атты ащы шындықты сатира тілімен түйрегені үшін ауыл мектебінде мұғалімдік жұмысынан босатылып қалған.

«Авария», «Ұсталмайтын ұры жоқ» сатиралық шығармаларын жазған. Қоғам  мүлкіне қол соққан басшыларды сынай отырып, адамгершіліктін аттамау керектігін еске салады. М. Мақатаев сатира адамның адам қасиеттерін жоғары қойды.

 

4.     М.Мақатаев-өлеңдері:

 

М. Мақатаев – өлеңдерін төрт кезеңге бөліп қарастыру.

·        ″Поэзия жүрек тілі ″-поэзия туралы өлеңдері

·        Отан туралы өлеңдері

·        Достық туралы өлеңдері

·        Махаббат туралы өлеңдері

 

IV. Жаңа тақырыпты бекіту.

 

1.Карточкамен жұмыс.

 

Өлеңнен үзінді
Үзінді жайлы пікір
Ой тұжырым, мазмұнға сәйкес мақал
Анашым!

Асыл анам, есіл анам,

Елжіреп есіркеймін, есіме алам.

Мен үшін сен суалтқан ақ сүтінді

Ақтамасам боп жүрмін несіне адам.

Салмаймын сары уайымға,

Адамдығымнан айырма?

Сен үшін Отан, сертім сол –

Неден де болса тайынбан!
Ойлаңдар, достар!

Өнерде «жарыс» болмайды!

Өресі жетпей,

Күндестік қылған оңбайды.

Өнерің жетіп,

Өсе алмай қалсаң, сол қайғы.

Күндес таласқан

өнерің өнер болмайды!

 

2.Мұқағали әндері

 

Мұқағали Мақатаев – ғажайып, ақиық, сыршыл ақын. Ақын өлеңдерін

оқыған сайын ақиқат: бейнелі рух, сезім мен сананын бірлігі көңілге ұялайды. Оның артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендеп айқындала түседі.

Ақын өлеңдеріне 100-ден астам әндер жазылған. «Саржайлау», «Сәби болғым келеді», «Есіңе мені, алғайсың», «Күрең күз», «Қариялар азайып бара жатыр», «Арулар», «Сенің көзің», «Фариза қыз», «Наурыз айы туғанда» т.б.

 

Қазақстан Республикасының танымал әншілерінің орындауынан үзінділер тамашалайы. (слайдта көрсетіледі)

Қалибекұлы Даниярдың орындауында «Бақытынды жырлайды»- әні.

 

 

3. «Сөзжұмбақ»

н

е

м

й

е

л

ү

с

1

а

д

л

о

м

р

ұ

н

2

з

а

с

а

р

а

қ

3

а

з

и

р

а

ф

4

в

е

и

л

а

ғ

м

о

л

д

а

5

к

е

б

м

ы

й

а

р

6

н

ы

ш

а

л

7

ш

е

к

с

п

р

и

8

 

 

Сұрақтары:

1.     М.Мақатаевтың әкесінің есімі кім?

2.     Мұқағалиды алғаш оқытқан мұғалім.

3.     М.Мақатаевтың туған жері.

4.     М.Мақатаевтың досы қазақтың аяулы ақын қызының есімі?

5.     «Қазақ жырының аспандағы жұлдыздардың арасынан сенің жұлдызыңды біз оңай танушы едік. Сенің жұлдызың ең шұғылалы, ең мейірімді жұлдыз», – деп жылы лебіз білдірген ақын.

6.     М.Мақатаев поэмасының бірі?

7.     М.Мақатаевтың жары.

8.     М.Мақатаев шығармаларын аударған ағылшынның ұлы ақыны.

 

 

4. М. Мақатаев «Менің анкетам» – өлеңі  бойынша шағын көрініс.

( Оқушылардың орындауында көрініс).

 

V. Сабақты қорытындылау.

 

 

Өртеніп кеткен өр тұлға

 

Айшықты ой

 

Мұқағали Мақатаев – қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық басты жанашыры болған суреткер. Ол ең алдымен ақын қазақ жырының құдыреті.

 

 

Ақын үні

 

Поэзия !

Менімен егіз бе едің?

Мен сені сезесің бе

Неге іздедім?

«Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,

Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін»

1.Карточкамен жұмыс

Өлеңнен үзінді
Үзінді жайлы пікір
Ой тұжырым, мазмұнға сәйкес мақал
Анашым!

Асыл анам, есіл анам,

Елжіреп есіркеймін, есіме

алам.

Мен үшін сен суалтқан ақ

сүтінді

Ақтамасам боп жүрмін

несіне адам.

Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуы мүмкін емес!

М.Мақатаевта өз өлеңінде ақ сүтінді ақтамасам несіне адам болып жүрмін деп өзінің анаға деген махаббатын жеткізеді.
Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл  жетпес бір теңіз емес пе!
Салмаймын сары уайымға,

Адамдығымнан айырма?

Сен үшін Отан, сертім сол –

неден де болса тайынбан!

Отанды қорғау – біздің азаматтық міндетіміз.

М. Мақатаевтың Отан үшін неден болсада тайынбаймын дейді.
Отан оттан да ыстық
Ойлаңдар, достар!

Өнерде «жарыс» болмайды!

Өресі жетпей,

Күндестік қылған оңбайды.

Өнерің жетіп,

Өсе алмай қалсаң, сол қайғы.

Күндес таласқан

өнерің өнер болмайды!
Адам өзінің достарын қадірлей білуі керек. Достар арасында күндестік болмауы керек, егер күндестік болған жерде достықтың өмірі қысқа болады.
Досы көпті жау алмас,

Ақылы көпті дау алмас.
VI. Үйге тапсырма

Үйге «Мұқағалиға хат», «Ақынмен сырласу», «Поэзия пайғамбары» атты шығарма жазып келу. (таңдаған тақырыпқа жазу)

·        Оқушыларды бағалау.