Туған жер-тал бесігім


Туребаева Айжан Сериковна
Бастауыш класс мұғалімі
Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Қорғалжын мектеп-гимназиясы

Тақырыбы:   Туған жер- тал  бесігім.

Мақсаты:  Оқушыларға  туған  өлке, оның  байлығы, алуан  түрлі  табиғаты туралы  түсінік  беру. Туған  жерге  деген  сүйіспеншілігін   арттыру.  Табиғатты қорғай  білуге,  оны   аялауға   тәрбиелеу.
Көрнекілігі:  видео ролик , суреттер, гүл, плакат .

Барысы :

Мұғалім:  Қадірменді  ұстаздар,  қонақтар ! «Туған жер-тал бесігім!» атты  4 «Б»  класының  тәрбие сағатына қош  келдіңіздер!

Туған  жер.  Осы сөзді естіген әрбір қазақ баласы елең ете қалары анық. Себебі, кіндік қаны тамып, туып өскен топырағы әркез ыстық қазақ баласына. Оның ауасы, өзені мен көлдері, сайлары мен жылғалары, төбесі мен төмпешігі  бала кезінен оған жатталып, сол жер мәңгі –бақи ұмытылмай  есте қалады. Еліне құт береке қонған, көлдері мен өзен, суларына құс қонған  киелі де қасиетті өңір-Қорғалжын өңірі.

Табиғатының  тамашасына өзге жұрт  түгілі , сонау шетелдерден бел асып келіп, тамсана, қызыға қарайды. Бірақ туған жер деген кезде жердің әсемдігін айтумен ғана шектеліп, біз кей кездері қателесіп жатамыз. Өңірдің сұлулығын, келбетін, кереметін толықтырып тұратын ол-ондағы тұратын адамдары. Құт қонған –Қорғалжын өңірі әрқашан өнерлі адамдардан кемде болып көрген жоқ. Әйгілі Құлтума ақын, Үлебай ақын, Мәриям Жәгорқызы . Дәулескер күйші  Дәулет  Мықтабаев, әсем композицияларымен  ел жүрегін елжіреткен Кенжебек  Күмісбеков,  өңірімізде  ең алғаш халық театрын ашқан  Қалимұса Құсайынов, Сахна саңылақтары  Есімжан , Қосымжан Бабақовтар, жезтаңдай  әнші  Рабиға Есімжанова.  Осылардың барлығы- киелі өңір, Қорғалжынның  тумалары. Табиғат  сұлулығына  бай өңірде осындай адамдардың дүниеге келуінің өзі де заңдылық шығар, неге десеңіз, табиғат сұлулығына тамсана қарап өскен адам, ол әрқашан да өнерге жақын болып келеді.

Бейнебаян тамашалау. «Қорғалжынның  кештері –ай !»

1-  Айқын

Қорғалжын қорығын мекен еткен,

Қоқиқаз құс бәрінен сұлу екен.

Қоқиқазы сұлу  неткен тамаша,

Қауырсыны, мүсіні, ғажап түрі.

 

 

2- Нұржан

Қорғалжынның   мақтанышы – қоқиқаз. Қоқиқаздар – дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құстар. Олар Қорғалжын қорығындағы Теңіз көлінде ғана ұялап, жұмыртқалайды. Ол басын суға батырып, түбін қопарып, судағы жәндіктерді аузына толтырып сүзіп алып қоректенеді. Ұя жасауға да су түбіндегі тұнбаны пайдаланады. Ұшып бара жатқан қоқиқаздың қанаттары лапылдап жанған оттың жалынына ұқсас болғандықтан оларды кей халықтар «от» немесе жалын «құс» деп те атайды. Қоқиқаздар  топтанып тіршілік етеді. (сурет көрсету )

 

3- Рауан.   Қорғалжын –қазақтың тарихи өңірі. Қорғалжын  1928  жылы құрылған. Міне, Қорғалжынның құрылғанына биыл 90 жыл толғалы тұр. Қорғалжын барлық өңірге танымал. Қорғалжын дегенде  «қ» әрпінен басталатын  Құлтума, қорық, қоқиқаз  сөздермен тең келеді.  Себебі,  Қорғалжынның  танымал болуына біршама үлес қосқан  Қорғалжыннан  шыққан осынау атаулар мен Құлтума секілді ерлер есімі.

4-Ержан.    Қазақта даңалықтың терең мысалдарын екі-ақ ауыз сөзбен төге салатын ұшқыр ойлы , төкпе ақындар көп болған ғой. Соның бірі Құлтума ақын Қорғалжын  өңірінің  тумасы.   Құлтума-ақын, әнші, композитор болған.

 

5-Аян:  Қыздар биі. (Қазақ биі )

 

6- Айқын.  Қорғалжынның атағын аспанға шығарған дүние жетерлік. Соның ішіндегі Қорғалжын қорығы. Онда

сүтқоректілердің-43, құстың-350, балықтың-14, жәндіктің-700, өсімдіктің -443 түрлері бар.

7- Найра. Қорықтың ең үлкен көлі –Теңіз. Суы ащы, көлдің ұзындығы 80 км, ені 40 км . Осы қорықта үйрек, аққу, қаз, аққұтан, қызыл жемсаулы, қарашақаз т.б. бар. Ең  атақтысы – Қызғылт қоқиқаз. Осы  Теңіз көлінде ғана ұя салып, жұмыртқа басады. Қанатының асты қызғылт болып келетін олар топталып ұшқан кезде аспанда қызыл алау жалындап бара жатқандай болады екен. Жыл сайын 20000 басы келіп, балапанымен 30000 –ға жуықтап кетеді. Бұл құстың Теңіз көліне келетін себебі  өте сирек кездесетін жемі –шаян. Қоқиқаздың қанатының қызыл болуы шаян  жегеннен екен.

 

8-Нұрислам. Сонымен қатар, Парламентте  Қорғалжыннан  3 адам отыр.  Сенаттағы  ең белсенді  депутаттың бірі :  Светлана  Жалмағамбетова. Мәжілістегі  Жамбыл  Ахметбеков  және  Талғат  Ерғалиев.  (фото көрсету)

 

 

 

 

9-Аялы:  Амангельдинов  Рауанның  орындауында « Жаса, Қазақстан» әні.

 

10 – Арай:
Тасып жатқан өзендер жағасынан.
Сары белде сағымдар арасынан.
Тарайды дән жұпары бар әлемге.
Қазақтың қасиетті Қорғалжынына.

11 – Жанерке:  Қорғалжын  Қазақстанның дәл жүрегінде орналасқан. Орасан ашық кеңістік таң қалдырады, шөптердің гүлдеу уақытына тәуелді өз реңін өзгертетін, даланың өзіндік хош иісі  мәңгі есіңізде қалады.

 

12-Әмір:   Табиғат адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат, мейірімін, күн шуағын жүрегімізге  ұялатқан аяулы ана.

13- Жандос:   Су қоры: Теңіз, Қорғалжын көлдеріне Нұра және Құланөтпес өзендері құйылады. Өзендер өз кезегінде қардың еруімен арнасын толтырады. Көлдер тұщы сулы болып келеді. Нұра Орталық Қазақстан аймағындағы ең үлкен өзен болып саналады.

14-Найра. Қорғалжынның  белгілі   композиторы  Марат  Әлімжановтың     Қорғалжыным  әні.

15-Аслан :   Нұра өзеннің жалпы ұзындығы 910 км. Басқа өзендердің ішінде Нұра ғана толассыз ағады. Өзеннің суы маңайындағы суармалы алқаптарды суаруға, адамдардың дем алуына, балық аулауға пайдаланылады.

 

16-Айқын.  Ортада қыздар биі . (Танец Ромашка )

 

 

17-Әмір.  Көрініс .  «Нұра  өзенінің  тарихы »

Кейіпкерлері :

Жүргізуші :  Гүлсара

Сары Арқа  Ана:  Найра

Есіл :  Ержан

Нұра :  Арай

Теңіз ата :  Әмір

Жалмауыз  жын :   Жанерке

Ұялы :  Нұрислам

Біртабан :  Аян

Шалқар :  Жандос

Базарал :  Рауан

 

 

 

1.Жүргізуші. Гүлсара : Көп ғасырлар  бұрын Сары  Арқа  Ананың 2 баласы болыпты. Бірі  Есіл-тынық,  екіншісі  Нұра-шапшаң,  тынымсыз,  жайдарлы , әрі сұлу болған екен. Бір  күні  анасы  оларға :

2.Сары Арқа Ана. Найра : « Балаларым, ұшып өткен құстардан естіп едім, Теңіз аталарың мүлдем құрғай бастапты, жағаларын өлі тұз басып, құстар оған тоқтауды қойыпты, ұя салып, балапан да шығармайды, маңайында қиқулап-саңқылдаған құс дауысы естілмей, айналасын мұңды тыныштық басыпты… Жөнеліңдер, балаларым, оны жас, таза мөлдір сумен толтырыңдар… »
3.Жүргізуші. Гүлсара: Содан Есіл мен Нұра тәкаппар Теңізге қарай жол жүрді.
Алайда, жолдың ортасында Есіл Нұра қарындасына былай деп тіл қатты:
4.Есіл. Ержан : « Бұл кең  жазық далалардан, желдерден, ыстықтан қажыдым… Мен Солтүстік Мұзды Мұхит жатқан солтүстікке беттеймін… өзін бара бер. Сөйтіп, Есіл  суы мол Ертіске құйылды.
5.Жүргізуші. Гүлсара  :Ал Нұра болса, өз жолын жалғастыра берді… Ол дем алып тоқтаған жерде Ұялы, Біртабан –Шалқар сияқты көлдер пайда болды. Жылы сулары балыққа толып, қалың қамыстарында құстар мен аңдар азық тауып, мекен етті, осылайша бұл жерде тіршілік қызу қайнады.
Бірақ Теңізге  қолсозым жерде, жалмауыз жын Нұраның жолын бөгеп қатал дауыспен:
6.Жалмауыз жын . Жанерке : «Енді маған қызмет етесін, әрі қарай жібермеймін»
7.Жүргізуші. Гүлсара :
Тапқыр, әрі шапшаң Нұра ойланып, ақыры жынды алдап соғып, тұтқынынан қашып құтылды. Жын оны қуып жетуге тырысып, бір уыс топырақты жұлып алып , Нұраның жолының ортасына тастады. Бұл топырақ жерге арал болып түсіп, енді  Базарал деп аталып жүр. Бірақ бұл бөгетке де қарамай, Нұра алып Теңізбен кездесіп, қуаңшылықтан жарылған жағаларын тірілтіп, арнасын басқан өлі тұзды ерітті.  Осылайша оған қайта өмір оралды. Бұдан былай бұл жерде көшіп-қонатын сансыз көп құстар көбейіп, күш-қуат жинау үшін тоқтайтын болды. Тіпті қоқиқаз сияқты тропикалық құс бұл жерден азық тауып, мекен ете бастады.
Нұржан : Нұра мен оның түзеген көлдерінің жағаларында оның осы далаға жасаған бар жақсылығын үлкен алғыспен еске алып, адамдар өмір сүруде. «Нұра» таза  деген мағынаны білдіреді. Шынында да, оның өткендегі  және қазіргі істері мен ойлары таза.
Бір қиыны – осы  Нұраның суы мен өзен  табаны техногендік қалдықтармен ластанып бара жатыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім  :   қонақтармен  ойын

Мандаринмен эстафета деп аталады.

Қонақтар екі  топқа бөлінеді.  Кабинеттің  соңына ішінде мандариндері бар себет қойылады. Әр қатысушының міндеті – себетке  дейін жетіп, ас қасыққа  мандарин салып, оны тобына дейін алып келу. Алып келген соң, қасықты келесі қатысушыға береді. Мандариндердің барлығын қай топ бірінші болып алып келсе, сол топ жеңіске жетеді.

 

 

18-Найра . Ұлдар биі.  « Тает лед»

 

19-Арай .   Хор.  Қорғалжынның  тумасы  «Дударай»  әнінің  авторы,  сазгер  Әнетов  Үлебайдың   «Дударай »  әнін   қабыл  алыңыздар.

20-танец « Деспасито »

Қорытынды .

 

20-Рауан :

Осымен   «Туған жер, тал бесігім»    атты  тәрбие  сағатымыз   аяқталды.