Менің көршілерім. Артық. Кем.Сонша.Тең.


Куанышбаева Райка Бермухаметовна 

Рудный қаласы әкімдігінің “№7 мектеп-гимназиясы” КММ мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі

     Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:   «Артық», «Кем», «Сонша»  түсініктерін қалыптастыру;

2.Дамытушылық:  заттардың саны  бойынша топтарды салыстыру дағдыларын  дамыту.  Саны  бір -бірінен  артық -кем  заттарды  теңестіруге үйрету.

3.Тәрбиелік:   Еңбексүйгішілікке,   зейіншілікке, тапқырлыққа  тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс:  еңбекке баулу, дүниетану

Сабақтың  көрнекіліктері:  плакатқа салынған сурет,  көбелектер  мен

гүлдердің  суреттері

Сабақтың  барысы:  І . Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық  дайындық

Бақыт менде, бақыт сенде,

Бақыт барлық жерде.

Тыныштық  менде, тыныштық сенде

Тыныштық  барлық жерде.

Бейбітшілік  менде, бейбітшілік сенде,

Бейбітшілік  барлық жерде болсын!

Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық

ІІ. Тірек  білімдерін жетілдіру.

Ауызша санауға  заттарды санау, тапсырма бойынша  заттар тобын арттыру және кеміту, дыбыстарды санау жұмыстарын жүргізуге  болады.  «Неше  рет?», «Пойыз  құрастырайық»,  «Эстафета», «Зейін  сал»,  т.б. ойындарын  ұйымдастыру.

Санау нәтижесі қай  ретімен санағанына қарамастан  өзгермейтіндігіне  оқушылардың назарын аудару керек. Мұғалім тақтадағы шеңбер бойынша заттық суреттерді іліп ,әртүрлі суреттен бастап санауды ұсынады. Оқушылар  мұғалімнің  көмегімен  қорытынды  жасайды.

IІІ. Жаңа  материалмен  жұмыс.

Жаңа  сабақпен  танысу практикалық  жұмыстан  басталады. Мұғалім  тақтаға  бірнеше ұл  мен қызды шақырып, олардың  ұл, қыз болып жұптасып  тұруын сұрайды. Балалар ұлдар мен  қыздардың  тең  (сонша) екендігін өзбеттерінше  өздерін жеткізеді .

Содан соң  екі ұлды орнына отырғызады да , оқушылардан  ұлдар мен қыздарды салыстыруды сұрайды. Оқушылар өзбеттерімен  егер ұлдар кем болса, қыздардың артық  болатындығына көздерін жеткізулері керек.

ІV. Оқулықпен жұмыс.  №1 суретпен  жұмыс істей отырып, мұғалім  оқушыларды  заттардың   екі тобын салыстыруға  және заттардың екі тобын арттыру, кеміту арқылы (бір топтан екінші топқа алып)  теңестіруге үйретеді.   Бұл  тапсырманың материалдары арқылы тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыруға болады. Сурет бойынша «Артық», «Кем»  ұғымдарын пайдаланып, бір-біріне сұрақтар қояды. «Егер ұлдар артық болса, қыздар кем  болады» деген қарапайым қорытындыны  өздері жасайды.

Бұл  бетте  алғаш рет «дәптер» шартты белгісімен кездеседі.  Оқушыларды оқулықпен дәптерді  тапсырма орындауға ыңғайлы болатындай етіп орналастыруға  үйрету керек.

V.Сергіту  сәті

Қоян шықты далаға

Жан -жағына қарады

Жүгірді, секірді