«Жабайы аңдар»


Агистанова Инжугуль Гарифоллиевна
ЖББ.Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп-балабақша кешенінің тәрбиешісі 

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Жабайы аңдар»

Мақсаты: Балаларға аңдардың түрлерін таныстырып, сыртқы келбетін атап, түстері өзгеретіні, көптеген жабайы аңдардың ұйқыға жататыны, орманды мекендейтіндер суықтан қарда қорғанатыны туралы түсінік беру.

Міндеттері: Қыс мезгілінің құбылыстары мен қысқы табиғаттың ерекшеліктері туралы білімдерін нығайту, балаларды жабайы аңдардың қысқы өмірімен таныстыру, өмір сүру жолдары туралы мағлұмат беру. (Олардың сыртқы бейнесін, қайда мекендейтінін, немен қоректенетінін айту)

Сурет бойынша толық сөйлем құрастыру, сұраққа жауап бергізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

Жануарларға қамқорлық жасау керектігін ұғындыру.

Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта арқылы жабайы аңдардың  слайтын көрсету, .Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі бейнеленген суреттер, «Қысқы орман картинасы, дидактикалық материалдар

Билингвальды компонент: Жабайы жануарлар-дикие животные-wild animal; Орман-лес-forest; Аю-медьведь-bear, Қасқыр- волк-wolf;

Түлкі-лиса-fox; Қоян-заяц-hare; Тиін-белка-squirrel; Кірпі-ежик-hedgehog

Оқу қызметінің кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі
Балалардың қызметі
Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбер:

Шеңбер болып тұрайық.

Алақанды ашайық

Күннің нұрын салайық

Таза ауаны жұтайық.

Жүрекке жылу сыйлайық

Жиналған жылы шуақты

Апайларға сыйлайық.
Барлығы бірге айтады.

Қимылмен көрсетеді.
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
Өздерің байқағандай бүгінгі оқу қызметіміз ерекше өтпек. –    Ендеше біз бүгін сендермен жабайы жануарлардың қысқы тіршілігімен танысу үшін орманға саяхатқа шығайық.
Қыс мезгілі:
Бір жылда неше мезгіл бар?
Атап беріңдерші балалар?
Қазір жылдың қай мезгілі ?
Қыс мезгілінде неше ай бар?
(Желтоқсан,қаңтар, ақпан)
Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктер бар.?
Сендерге қыс мезгілі ұнай ма?. .

Орманда алдарынан қызықты тапсырмалар шығады.

1 тапсырма

жұмбақтарды шешейік.
•    Қорбаң, қорбаң етеді,
Орман оның мекені
Тәтті балға тойып ап,
Қыста ұйқыға кетеді.
Бұл не?(Аю)
Олар  қайда өмір сүреді?
Немен қоректенеді?
Жемтігін қалай аулайды?
Жауларынан қалай қорғанады?
Суықтан  қалай сақтанады.?
Олардың сыртқы бейнесі қандай?

-1)Бұл –апан(үңгір).Аю болса, өздерің көріп тұрғандай қыс бойы қардың астындағы апанда жатып ұйықтайды.
Аю ұйықтап жатқанда кішкентай қонжықтарын дүниеге әкеледі.  Оның іші жылы, әрі жайлы. Аю жаз бойы жинаған майынан қорек алып,табанын жалап  ұйықтайды.
АЮ-үлкен, маймақ, қорбаң-қорбаң етіп  жүреді. Оның екі кішкентай құлағы, төрт аяғы бар.

Заңғар:Менің атым –АЮ,
Оңай маған баю.
Орман ішінде жүремін,
Балды иісінен білемін.

•    Өзі бір қу, жүрген жері айқай шу .(Түлкі)

2).Түлкі –інінде.
-Түлкі мұрны иісті жақсы сезеді, ол қар астындағы тышқандарды аулап жейді. Құстарды жейді. -Түлкі,қасқыр,қоян қысқа азық қорын дайындамайды.
Олардың көздері қырағы, құлақтары сақ,иіс сезуі жақсы жетілген.
Қу,жүні қалың,әдемі…

Арайлым: Мен,түлкімін,түлкімін
Біреулерге күлкімін.
Кейбіреуді алдаймын,
Екіншіңді арбаймын.

•    Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады. (Қоян)

3).-Қоян түні бойы жүгіріп қорек іздейді. Ал, күндіз бұта астына жасырынып демалады. Құрғақ шөптер мен ағаш қабығын жеп қоректенеді.
Қай аң қысқа қарсы тонының түсін өзгертеді?Неліктен?
Қоян сұр тонын ақ тонға ауыстырады.Ол қары қалың орманда қасқыр мен түлкіден осылайша жасырынады.
Қорқақ,кішкентай,құлақтары ұзын.
Еркемарал:
-МЕН, қоянмын,қоянмын
Жорыққа түнде жортамын
Қалдырмаймын ізімді,
Өйткені күндіз қорқам.

•    Сұр түсті
Ақсиған көп тісті.(Қасқыр)

4)Қасқыр –апанда.
-Қасқыр Әлі жететін аңдармен қоректенеді:  Үй жануарларымен,
құстармен қоректенеді.
Тістері үлкен,қорқынышты, сұр түсті.
Мухаммад:
Мен,қасқырмын,қасқырмын
Аң ішінде  асқармын.
Талай қойды бауыздап,
Үйге әкеліп асқанмын.

•    Секең, секең етеді,
Орман оның мекені.
Отырғанда шоқиып,
Құманға ұқсап кетеді. (Тиін)

5). Тиін ағаштың қуысында мекендейді.Ашып көрелік .
-Балалар,өздерің айтып тұрғандай,тиін жаздай жидектерді, жаңғақтарды ,саңырауқұлақтарды жинап және шырша бүрінімен қоректенеді .Қыс бойы сол азығын қорек етеді.
Балалар, тиін туралы қандай
Тақпақ  білеміз?

Томирис:
Мен тиінмін,тиінмін
Қыста жылы киіндім.
Қоймам толы жаңғаққа,
Талдан-талға секірем.

•    Көп, көп ине,
Бір сабағы жоқ ине,
Іс тікпейді әрине,
Бұл не? (Кірпі)

6)Кірпі қыс бойы ұйықтайды-інінде.
.Кірпіге үстіндегі инелері не үшін керек? Сыртқы жауларынан қорғану үшін.
Кішкентай тікенектері көп,сақтанғанда жиырылып қалады.
Айсұлтан:
Мен,кірпімін,кірпімін
Көрінгенге түрпімін.
Үстім толы ине,
Есің болса,тиме!

-Ал, балалар, кім айтады? Бір сөзбен
бұл  жануарларды қалай деп атаймыз?

–    Жабай жануарлар.
–    Неге жабайы дейміз?
–    Орманда өмір сүреді.
–    Ормандағы аңдарға біреулер тамақ апарып бере ме?
–    Өз беттерімен тамақтарын тауып жейді.

Сергіту сәті:

Ормандағы бала қонжық,
Ұялардан бал іздеді
Мойындарын оңға бұрды.
Мойындарын солға бұрды.
Орман ішін аралады,
Ағаштарды шайқап көрді
Аяқтарын көтеріп ап,көтеріп ап.
Қуанғаннан билеп кетті, билеп кетті.
«Біз көңілді жануармыз»ойын жаттығуы.
Аюдың қалай жүретінін сүрау.
Орманға бардық,
аюды көрдік   -жүрісін көрсетеді..

. «Табыстыр» ойыны.
-Жабайы жануарлардың төлдері болады білесіңдер ғой? Яғни балалары, оларға қамқорлық танытып азығын тасып жүрген анасы адасып қалыпты. Екеуін табыстыру үшін сендер мына тапсырманы орындайсыңдар.
-Табыстырып болдық па?
-Ендеше  жануарлардың төлдерін атай кетейік.

«Жануарлардың балалары (төлдері)
Қалай аталады?
-Аю баласы-қонжық,
-Қасқыр баласы-бөлтірік,
Қоян баласы-көжек
Түлкі баласы-мыршай,
Тиін баласы- тиін.
Кірпі баласы-кірпі.
Балалар , өздерің табыстырған жануарларды үш тілде айтып көрейік.

Жарайсыңдар, балалар!

Топтық жұмыс.

1-ші топқа «Адасқан төлдер»

Аңдардың төлдерін тауып, қасына жапсыру.

2-ші топқа «Жануарлар әлемі»

Қиылған суреттерден кoллаж дайындау және әңгімелеу.

3-топқа «Кім тапқыш»

Жануарлардың құйрығын сызба арқылы табу.

Қимылды ойын: №19« Аңшылар мен қояндар »

Ойын мазмұны: Алаңның бір жағына аңшы, келесі жақта қояндарға орын белгіленеді. Әрбір үйде 2-3 қоян болады. Белгі бойынша қояндар үйінен шығып, жайылымда қос аяқтап, секіріп жүреді. Тәрбиеші: « Аңшы» дегенде қояндар үйлеріне жүгіреді. Аңшы бала оларға доп лақтырады. Доп тиген қояндар атылған болып саналады. Аңшы оны өзіне алып кетеді. Ойын бірнеше рет қайталанады.

-Балалар, қуанада саяхатқа шығуға дайындалады

Төрт мезгіл

Қыс,көктем,жаз, күз

Үш ай

Күн суық,аяз,

қырау, боран.

Қар жауады жиі-жиі,мұз болады.

Жұмбақтарды шешеді

Қыста

Аю

Тақтадағы суреттен апанның ішінен аңдарды табады

Слайд көрсетіп тұра

Аюдың дыбысы

шығады.

Түлкі

Балалар айтады.

Қоян

Тәжірибе жасайды қоянның терісінің түсін ауыстырады себебін анықтайды

Қасқыр

Сұрақтарға жауап береді

Тиін

Кірпі

Орманда, тауда, далада

Бәрі бірге жасайды.

Таратпа материалдан төлдерін табу

Өз беттерімен тапсырманы орындайды.

Жабайы аңдардың төлдерін айтады

Үш тілде айтады

Сәлемдеседі

Балалар  жауап береді

Тез жауап береді
Рефлексиялық-түзетушілік
Енді біз бүгінгі алған білімдерімізді қортындылап

кетейік. Оған бізге мына текше көмектеседі.

-«КУБИК» ОЙЫНЫ.

Әрбір аң түскенде:

–        Немен қоректенеді?

–        Қысқы баспанасы не?

Аю –апанда, тиін –ағаш қуысындағы індерде, қоян-бұталар арасында, түлкі-інінде, қасқыр-апанда, кірпі інінде.

-Қандай сипаттама бересің?

-Ол туралы не білесің?Тауға шықсаң қалың қар,

Сайға түссек қалың қар.

Байқаңдар қар астында,

Ұйықтап жатқан аю бар.

-Балалар, табиғаттың  бізге берері көп. Табиғаттың тыныштығын сақтап,жан-жағымызға мейірім сыйлап жүрейік.

Аюдың –батырлығын,

Қоянның –жүйріктігін,

Түлкінің –әдемілігін,

Тиіннің-ақкөңілдігін,

Қасқырдың-қайсарлығын тілеймін.

-Сау болыңдар-Досвидания-Гуд бай.

Білімдерін сұрақ-жауаптармен бекіту.
Күтілетін нәтиже: Жануарлардың тіршілігімен танысады.

Біледі: Жаңа сөздердің мағанасын дұрыс меңгеріп,сөйлеу барысында дұрыс пайдалануды.

Игереді: Жабайы аңдардың қоршаған ортада ерекше орны бар екенін.

Меңгереді: Жабайы аңдарға қамқоршы болуды,табиғатқа қорғаушы болуды

Метки: , ,