Отбасы- тәрбиенің ұясы.


Акмарал Хангереевна Измайлова
«Көкіл» мектебі тәрбиешісі

Мақсаты: Ата-аналармен байланысты нығайту.

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата – ана тәрбиесі, өнегесі және ата – ана баланың бас ұстазы екенін түсіндіру. Отбасы мүшелерінің арсындағы бауырмалдық, қайырымдылық,достық қарым- қатынасты қалыптастыру;

Түрі: Топқа бөлу.

Көрнекілігі: слайд, «Бала тәрбиесі» жөнінде бейнеролик, қанатты сөздер, карточка,дөңгелектер, нақыл сөздер сергіту сәті, үлестірмелі материалдар.

Күн тәртібі:

1.«Отбасы-тәрбиенің ұясы»

2.Әр түрлі мәселелер.

Ұйымдастыру кезеңі:

Жоспар:

1. Амандасу.Топқа бөлу: «Аталар айтқан асыл сөз»

2. Кіріспе сөз: Ата- ананың басты қуанышы бала.

3. Ата – аналармен «Балаңызға деген сүйіспеншілік» атты ойын өткізіледі.

4. тапсырма: Сіз қандай ата-анасыз?

5.«Отбасы – тәрбиенің ұясы»ойын.

6.«Өлең шумақ» ойыны.

7. Қорытынды.

 

Тәрбиешіге сөз: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата аналар, қонақтар!Бүгінгі жиналысты ерекше өткізгім келіп тұр. Жиналысымызды бастамас бұрын топ – топқа бөлінейік.

Топқа бөлу «Аталар айтқан асыл сөз» (сөздер жазылған қималарды біріктіріп, мақал мәтелдерді табу арқылы топқа бөлінеді).

Барысы:

І тапсырма:

Мақал – мәтел мәнін түсіндіру.

І – топ: Ата – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ,

бала – жағасындағы құрақ.

ІІ – топ: Біреу әкеге тартып туады,

Біреу әкеден артып туады.

Кіріспе сөз.

2. Ата- ананың басты қуанышы- бала.

Ата- ананың басты- қазығы, алтын тіреу діңгегі- бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта.Отбасының қоғамдағы мақсаты; баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан -жақты қалыптасуына ата- ана мен отбасы мүшелерінің қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян.Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан- жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін- ұстаз болса, оның сүйеніші ата- ана. Сондықтан ата -ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс. Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Туындаған тәлім-тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата-ана әлеуметтік орта, бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады.

Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілерсің» деп тегін айтпаған. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бейім болатыны баршамызға аян.

Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.

Ұлы ғалым, философ Әбунасыр әл Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі деген екен. Бұдан шығатын түйін: бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ой, сана- сезімі, адамгершілігі әсер еткен. Бала тәуліктің бір бөлігінде , мектепте болса,уақыттың көбіне  отбасында тәрбие алады.

Ата-ананың міндеті:

1. Балаңыздың сынып тәрбиешісімен тығыз байланыста болуы;

2. Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу;

3. Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымымен байланыста болу;

4. Балаңыздың мектептегі жағдайын жасау барысында өз еркіңізбен оқу-

тәрбие іс-шараларына  көмек көрсету;

Қателігін түсіне білетін,

Дұрыс жүріп күтіне білетін,

Үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін,

Білімді жинап, дүниені шолатындай

балаларыңыз үлкен азамат болып өссін!

3. «Балаңызға деген сүйіспеншілік деген» ойыны өткізіледі.

Баланың жан дүниесі – Бұл толып тұрған ыдыс сияқты.

Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз?Қандай қабілеттері болғанын және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек бар. Сол жүректің ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып, осы ыдыстың ішіне салып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек. Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер.

4. тапсырма: Сіз қандай ата-анасыз? Ата-аналардан сауалнама алынады.

Баланың аты жөні:

1.Кез-келген өзіңіздің бар ісіңізі тастай салып баламен айналыса аласыз ба?

2.Балаңыздың жасын ескермей онымен ақылдаса аласыз ба?

3.Балаңызбен қарым- қатынас барысында қателіктеріңізіді мойындайсыз ба?

4.Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?

5. Өзіңіз балаңыз жасаған ісі ашу шақыртқан кезде, өзіңізді ұстап, игере аласыз ба?

6.Баланың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?

7.Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?

8. Өзіңіздің басыңыздан өткен, балалық шағыңыздан ескерілетін жағдайды айта аласыз ба?

9.Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып уәдеңізді орындайсыз ба?

10. Баланың жүрегін жарақаттайын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?

11. Балаға өзіңіз қалаған ісін жасауға,өзін ұстауға кедергі жасамайтындай бір күн еркіндік бересіз бе?

12. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайсыз ба?

13. Баланың еркелеген дөрекі мінезінің уақытша екенін көре тұрып, соған қарсы тұра аласыз ба?

Ата-ананың аты-жөні:

Құрметті ата-ана сіздің шын жүректен жауап бергеніңізге көптен-көп рахмет!

Жауабы:

Келісемін-3ұпай

Кейде келісемін -2 ұпай

Келіспеймін-1 ұпай

0-16 ұпай: Бала тәрбиесі-сіз үшін үлкен мәселе.Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.
16-30 ұпай: Сіз үшін балаға қамқорлық жасау бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда тірбиешінің қабілеті бар,бірақ тәжірибеде бір қалыпты ретпен, бір қалыптағы мақсатпен қолдануды әрқашан жасайсыз. Кейде қатал, кейде мүлде жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.
30-39 ұпай: Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.                          «Пойыз» музыкалық сергіту

«Бала тәрбиесі» жөнінде ата – аналарға бейнеролик көрсете отырып, ой түйіндеу.

5.Тақырыбы: «Отбасы – тәрбиенің ұясы»

1.     Балаңыздың туған күні?

2.     Тәрбиешінің толық аты жөні?

3.     Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

4.     Балаңыздың сүйікті асы не?

5.     Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

6.     Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

7.     Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барады?

8.     Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

9.     Балаңыз қай пәнді ерекше қызығушылық танытып ұнатады?

Қаралатын сұрақтар:

 

6.Жалғасын тап:

Сәби бақыты, ол –
Ата – ана бақыты, ол –
Әйел бақыты, ол –
Ер – азамат бақыты, ол –
Ұстаз бақыты, ол –

7. «Өлең шумақ» ойыны.
Ойын барысында 4 сөз беріледі: «Ана», «Бала», «Асығу» және «Дана». Осы сөздері қолдана отырып өлең шумағын құрастырамыз.
Талдау: өлең шумағын бір – бірден оқып талдайды.

І-топ

Ана бақытты,

Болса баласы дана.

Ата-анаға баласы,

Дана болу үшін

Керек емес асығуға.

ІІ-топ

Аман,сау болса баласы,

Бақытты болар анасы!

Әрбір ана асығар,

Болса екендеп  дана-баласы. –деп өлең шумақтарын шығарып ата-аналар талдау жасады.
Қорытынды: Мәселен, мен былай құрастырдым:
Бас иеді барлық адам – АНАҒА,
Жақсылықты ол тілейді – БАЛАҒА.
Мақсатына жеткізуге АСЫҒЫП,
Өз баласын теңейді ол – ДАНАҒА. – деп бүгінгі тренинг – сабағымызды аяқтай келе, бүгінгі тренингтен  ой-пікірлерді және ұсыныстарымызды жазып екі қоржын тұр соған саламыз.

Метки: , ,