«Күзгі думан» (Алтын күз)


 Толқын Шарбақынқызы Шарбақын
 «Көкіл» мектебі тәрбиешісі

Алматы қаласы

«Көкіл мектебі»

Тәрбиеші:Толқын Шарбақынқызы Шарбақын

Жүргізуші:

Қарсы алайық бәріміз,

Жасымыз бен кәріміз.

Қырдан кепті қыдырып,

Алтын күз бізге нұр төгіп.

Тілегім аман болсын ел іргесі,

Алтын күз қайта келді берекесі.

Молшылықтың жаршысы бола білді,

Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздер ме,қадірлі қонақтар!Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша «Күзгі думан» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!Ал енді осы думанға себепкер болып отырған оқушыларымызды қарсы алайық!

Ал ,балалар ,балалар,

Енді бері қараңдар

Бізге қонақ келмекші

Сендерді бір көрмекші

Әуелі жұмбақ жасырам

Қулығымды асырам.

Таба алсаңдар шешімін

Қонағымды ортаға шақырамын.

«Көк майсалы көрікті,алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті,сары жібек көйлегін»-Бұл не балақайлар? (Күз)

 

Күз Ханшайымы:

Сәлем менің достарым,

Өмірге көп қосқаным,

Күз сыйлығын  алыңдар,

Сыйлығына қаныңдар.

Молшылыққа кенеліп,

Шаттық әнге салыңдар.

Жүргізуші: – Ал,балалар өнерімізді көрсетіп,мерекені тойлайық.

Алихан:

Қуандырып біздерді,кел жемісті алтын күз,

Өлкемізге күз келді,кемелденсін халқымыз.

Жеміс мол теретін,күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін,жомарт екен күз деген.

Бекасыл:

Қыстың жақын қалғанын,жапырақтар білгендей,

Желмен ұшып барады,жерге қонып үлгермей.

Жапырақтар жамырап,сайға барып бекінді,

Анасынан ажырап,қалған бала секілді.

Жатыр дала жалтылдап,жаз шуағы мол құйды.

Күн астында алтын дән,тербеледі толқиды.

Көктемде егін егетін,күзде жиып беретін,

Біздің дала бай дала,астық толы айнала.

Данияр:

Ой ,балалар,балалар,

Қоңырқай күз болыпты.

Қурап жапырақ салыпты.

Ел егінін орыпты.

Дияс:

Ән салыңдар,күліңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Келіңдер күз тойын тойлайық,

Би билейік,ойнайық.

Амир:

Қуандырып біздерді,

Берекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

Аржан.

Жүргізуші:

Ақтарады мырза күз,уылжыған жемісті,

Күзге бізде ризамыз,аянбаған ел үшін.

Көбейеді құт береке,астық толы қамбамыз,

Құтты болсын мереке,алтын күзді тойлаймыз.

Хор :«Астық жинаймыз»-қабыл алыңыздар!

 

Күз ханшайымы:

-Рахмет,балалар.Бүгін Күз ханшайымы:

гі мерекеге өзімнің Қыркүйек,Қазан,Қараша атты ұлдарымды алып келдім.Ендігі кезекті ұлдарыма берейік.

 

Қыркүйек:       Бекасыл.

Бір-біріне жер аспан, мейіріммен қарасқан

Ұстаз-шәкірт жүздескен,қош келіпсіз күз дескен

Бірінші қыркүйек,білімге бастады

Мал мен аң жүр билеп,құс шарлап аспанды.

Қазан:     Раис:

Қазан айы болыпты,қамбаға астық толыпты

Сары даланы сәндетіп,думандатып әндетіп.

Жаңбырлы ғажап айы,бұл мен қазан айы.

Қараша: Бекасыл.

Мол байлық тергені,шаттығы қаншалық

Қараша өрледі,қараша ән салып

Күн суытып барады,малдар қолға қарады

Қараша ауыл даламыз,қысқа дайын боламыз.

 

Күз ханшайымы:

1.Балалармен ойын:

2.Жұмбақтар.

Бұтақ та ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым.

 

(Жеміс)

Әкеміз ала баспақ асырады,

Күз келгенде соямын деп асығады.

Баспағым бойын шөпке жасырады,

Еті қызыл,терісі жасыл.

(Қарбыз)

Ашулы қонақ бұл анық

Тонын шешсе жылатады.

(Пияз)

Сусыз піскен ас көрдім.

Домалаған бас көрдім.

(Қауын)

Жүргізуші:

Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілді.

Ай жапырақ-сары алтын

Айналаның бәрі алтын.

Домбырашы қызымыз Аянаттың орындауында «Зеңгір көктем» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Әсем әуен салдырған

Сәбилерде алғыр жан.

Бал дәуреннің қызығы

Есте қалар балдырған.

Қыздардың орындауында «Жау,жау,жаңбыр» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:Болашақ ақынымыз Бекасылды ортаға шақырайық!

М.Шоқан.  «Қызығамын ұясы бар құстарға»

«Ана мен бала» әнін орындайтын: Бекасыл мен анасы. Қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Әуезінен жеті тарау мұң шығар.

Ойнап кетсең түрлі-түрлі жыр шығар.

Қарсы алайық скрипкашы Диасты,

Өнерімен біздерді таң қалдырар.

Жүргізуші:

Сахналық қойылым. «Шалқан» ертегісін ұлдарымыздан қабыл алыңыздар.

 

Жүргізуші:

Күзде өздері пісетін,

Тамаққа кеп түсетін.

Мақтанбақшы сіздерге

Жемістер,көкөністер сан түрлі.

Аянат:

Бал татитын құлпынай,

Саған құмар құлпынай.

Жазда жылдам таусылмай,

Қыста өссең шіркін –ай!

Інжу:

Жазда өседі таңқурай,

Жемісін тер қалдырмай.

Апаң қақ та қайнатар,

Қыста керек нәр мұндай.

Аружан:

Бақша ішін аралап,

Қара,күлгін,сары алма.

Қауын жатыр сүйкімді,

Үлкенге де балаға.

Зере:

Апорт деген алма бар,

Жер жаратын атағы.

Ондай алма қайда бар?

Айару.

Іші толған шәрбат.

Дәмі қандай әйбат.

Үзем бірден жүзін.

Оның аты жүзім.

Ерке:

Жапырақты тасалап

Өскен жері бақша-бау.

Күрең қызыл шіркін-ай

Менің атым құлпынай.

Іңкәр:

Тіл үйірген алмұртпын

Таңсығымын бар жұрттың.

Жақсы өсіре алмайды,

Қараса егер салғырт кім.

Рукайя:

Мен моншақты шиемін

Құмарсыңдар білемін.

Кетіп қалып жүрмесін,

Тамағыңа сүйегім.

Жасмин:

Дөп-дөгелек сап-сары,

Ішінде бар дәні,

Қызығасын көріп,

Менің атым өрік.

Бекарыс:

Асханадан шықпаймын,

Атым пияз,бұқпаймын.

Көзден жасты шығарам.

Тұмаудан бірақ сақтаймын.

Әлихан:

Өсіретін бойыңды

Дамытатын ойыңды.

Қоянға да азықпыз,

Сәбіздерміз жазықсыз.

Жүргізуші: Күз Ханшайымы!Біздің қыздарымыз аналары дайындаған күзгі киім үлгілерін көрсетпекші.Ендеше «Күз-2018ж » топтамасын  ортаға шақырамыз.Қарсы аламыз аруларымызды!

 

Күз ханшайымы: Керемет!Қандай әдемі!Балалар мен риза болдым. Рахмет бәріңізге. Мен енді жолға шығамын,тағыда баратын жерлерім бар,келесі кездескенше аманшылық  болсын! Сау болыңыздар!

Жүргізуші: Күз ханшайымының сыйы-жемістерден дәм тататын кез келген сияқты,сыныбымызға баруға жиналайық.

Құрметті қонақтар,ата-аналар бүгінгі «Күзгі Думан» -атта ертеңгілігімізді аяқтай отырып,күз берекелі,астықты болсын демекпіз.

«Берекелі бақ даулет,арта түссін тойланып

Сау болыңыздар қонақтар,келгенше жыл айналып.»

Метки: , ,