«Жеке тұлғаны патриоттық рухта тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтардың ролі»


 Утегенова  Набира Акылбековна
Орал гуманитарлық-техникалық колледжі жаратылыстану және қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушысы

    Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын  еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап,ұлттық сананы қалыптастыру-көкейтесті мәселелердің бірі болып отырғаны анық.Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу қажет. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан — 2030» халыққа жолдауында былай деп жазылған : «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен  өз мәдениетімізді, өз тарихымызды  бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге  ұмтылғанымыз жөн».
Басты  мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер  мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу.                                                                                                                   Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұрпағына азық болған ақыл-кеңес, өсиеттері, асыл мұрасы ұлттых рух, ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ана тілі мен ұлттық мәдениетін қалыптастыру сезімін ояту – баршамыздың парызымыз. Сонда ғана ұлттық сана-сезімі толыққанды жетілген, туған тілін еркін білетін, ұлттық сипаты мен ұлттық рухын жоғалтпаған ұрпақ тәрбиелей аламыз.
Ұлтжанды,адами құндылықтарды бойына жиған,экономикалық бәсекелестікке қабілетті,ары таза,елі мен жерін сүйетін,атқарған ісімен дәлелдеген жастарды көргіміз келеді.Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата-бабамыздың мол мұрасымен,яғни ұлттық құндылықтармен сусындату-біздің парызымыз.                                                                                  Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:
– студенттердің  ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;
– жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет,
сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;
– ана тілі мен дінін , оның тарихын, мәдениетін, өнерін,
салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;
– жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік,
намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты
міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз.
Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып отырған  көптеген мәселелерді: ана тілін, ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйлеріндегі әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы. Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау,білімді,ақылды,ұлтжанды,еңбекқор,сыпайы,кішіпейіл болып өседі.Сондықтан да ұлттық тәрбие-ел болашағы.
Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибелері бізге сол рухани мәдениет, этикалық, эстетикалық құндылықтарын құрайтын ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, әдеби, музыкалық, кәсіби, тұрмыстық фольклорлар мазмұны арқылы жетіп отыр. Сонымен қатар  ұрпақ тәрбиесіне, жалпы халықтың рухани дамуына байланысты ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді:                       Қорқыт ата, Әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Асанқайғы, т.б. қазақ ақын- жырауларының мұраларынан, билер мен шешендердің тәлімдік сөздерінен көреміз.
Әр адам өзінің ұлттық тамырын, әдет-ғұрпын, мәдениетін түсіне алады. Өз халқына деген сүйіспеншілігі, өзінің туған жеріне,өз халқы өмір сүретін ортаға деген сезіммен ұласып жату керек. Халықтық әдет-ғұрып, салт-санасының байлығы, патриоттық сезім,Отанға деген  сүйіспеншілігін қалыптастырады.
Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды. Отбасындағы дене  тәрбиесінің мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды. Сондай-ақ қазақ отбасында адам зиялылығының негізі – ақыл ой тәрбиесі деп есптелінеді. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс әрекетінің шарты болатын білім қорымен қаруландыру, негізгі ойлау операцияларын меңгерту, зиялылық біліктері мен дүниетанымын қалыптастыру міндеттері шешіледі. Қазақ халқында ерекше құрметтелетін адамшылдық қасиеттің бірі – ар болып есептеледі. Ары бар адамда намыс та, әділдікте, адамгершілік пен имандылықта болары сөзсіз.
Қазақ отбасында балаға тілі  шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ, ағайын туысты, нағашы жұртын, ата-тегін, руын, ел жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлген. «Жеті атасын білу» заң болған. Ата-бабаларымыз өз тегінің шығу тарихын білуді әр азаматқа парыз деп ұққан. «Жеті атасын білмеген ер жетім», «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген аталы сөз содан қалса керек. Баланың өзі шыққан тегін білуі  оның азаматтық, елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады деп есептеген. Отбасы мүшелері балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймаған. Олардың қандай адам болғанын, өнегелерін үлгі етіп отырған. Әрі сол арқылы отбасы шежіресін жалғастыруға баулуды мақсат еткен. Қазақ халқының салт-дәстүрінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі аса зор, мәні үлкен. «Баланы жастан» демекші, мектеп оқушыларының санасына халқымыздың тәрбие негізі, асыл қазынасы – салт-дәстүрлерін дұрыс жеткізе білсек, ертеңгі күні олардан зор ұлтжанды қазақ азаматы шығатынына кәміл сенуге болады.
Жеке тұлғаны патриоттық рухта тәрбиелеудегі ұлттық  құндылықтары деп төмендегілерді айтуға болады:
1.  «Сегіз  қырлы, бір сырлы адам » тәрбиелеу.
2. Отанды , халқын, жерін,елін  сүю. «Атаның ұлы емес, халықтың ұлын» тәрбиелеу.
3. Адал,арлы азамат тәрбиелеу,                                                                                       «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы».
4. Жеті атасын білуге тәрбиелеу.
5. Отбасы  және мұрагерлік (туыстық қарым-қатынас, үш жұрт).                              Ата-баба дәстүрін жалғастыру.
Жеке тұлғаны қалыптастыруда отбасы мен оқу орнының ролі ерекше.                  «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» демекші, ата дәстүріміздің қалыптаса беруіне отбасы тәрбиесінің ықпалы зор.
Қазақтың  қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай былай дейді: «Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан- халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды».
Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұрпағына азық болған ақыл-кеңес, өсиеттері, асыл мұрасы ұлттых рух, ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ана тілі мен ұлттық мәдениетін қалыптастыру сезімін ояту – баршамыздың парызымыз. Сонда ғана ұлттық сана-сезімі толыққанды жетілген, туған тілін еркін білетін, ұлттық сипаты мен ұлттық рухын жоғалтпаған ұрпақ тәрбиелей аламыз.

Бүгінгі жаһандану процесінде ұлттық мүдде,ұлттық тәрбие,ұлттық құндылықтарды сақтап қалу-үлкен міндет. Жас ұрпақты тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлық тәжірибесі бар екені даусыз. Сондықтан жаны таза, рухани биік, адамгершілігі мол тұлға тәрбиелеуде ұлттық құндылықтардың маңызы ерекше. Ғұлама Абай баланың бойына алты қасиет пен үш асыл мінез-құлық сіңіру-парыз деген. Егеменді еліміздің жарқын болашағы,ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар- бүгінгі жас ұрпақ өкілдері. Терең мазмұнды білім беру және патриоттық рухта тәрбиелеу-бүгінгі алға қойылған басты міндет.

Метки: , ,