Тәуелсіздік нышаны – тәу етер киеміз


Омарова Токжан Муханбеткалиевна

Қостанай ауданы  “Половников орта мектебі”ММ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Уақытпен жылжып  теңдесі жоқ тарихи күн Тәуелсіздік мерекені барлығы тойлайды.  Қазіргі таңда  бұл күн  көкте көк туымыз қалықтап, Тәуелсіздік белгісі  Рәміздеріміздің ерекше   салтанат құратын  деген қасиетті ой әр адамның жүрегінде  мақтаныш толтыратыны сөзсіз.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев мемлекетімізде тілдердің даму барысын биылғы дәстүрлі  Жолдауында «бұл – Тәуелсіздіктің орасан зор жетістігі» деп бір-ақ ауыз сөзбен жеткізген жоқ па? Сондықтан да мен Тіл мен Тәуелсіздік – егіз ұғым. Уақыт көші оза келе сол қасиетті Ана тіліміз Тәуелсіздік туына айналды.Әрбір қазақстандықтың көкейінде  “Тәуелсіздік бізге не берді?” деп емес, “Біз тәуелсіздікке не бердік?” деген сауал  тұруы тиіс. Тәуелсіз – ел болу дегеніміз кеудеңді кере дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт-дәстүріңді, тіліңді, дініңді қастерлеу болатын болса, кітапханада жыл сайын өткізіліп жүрген «Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз кие», «Тәуелсіз Қазақстанның тарихи кезеңдері»,  «Желтоқсан – тәуелсіздіктің ұлы рухы», «Тәуелсіздік – ел тірегі», «Әр жүректе – ҚазақстанАлмағайып жылдардың легі бірінің соңынан бірі өтетінін білсек те, сол жылдармен өзіміздің де ілесіп бара жатқанымызды кейде сезбей де қаламыз. Тәуелсіздік жайлы ой келгенде тәуелсіздік мерекесі біз үшін тойлау емес, ой салуы тиіс. Әрбір Қазақстан азаматы “Тәуелсіздік маған не берді деп емес, мен не бере алдым” деп  ойлағаны абзал. Иә, тарих сағатының тілі сырт ете қалғандай қысқа кезеңде  Қазақстан  осындай жасампаздық жолдан өтті.Біздің ұлы жолдағы көшімізді бүгінде дүйім ел танитын Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев біліктілікпен, байыптылықпен бастай білді.

Елім деген Ерге кәміл сенген  соң екі тізгін бір шылбырды  қолына берген Ел де тарих сынына шыдап шықты. Елдігін, кеңдігін, далалығын көрсетті. Бұл күні барлық жер ерекше нұрға малынып, нағыз мерекелік шаттыққа енді. Ел Тәуелсіздігінің  айтулы белесін айшықтайтын ұрандардан – ақ ел тілегі мүдделес, мақсаттас екенін тағы да бір рет дәлелдеуде.  Егемендік төрге шықты. Елдің қазақтың еңсесі өсті. Қазіргі таңда еліміз мерейлі мереке құшағында. Өйткені құт, береке, бірлік, туысқандық түп тамыры сонда.

Еркін халық әрқашан батыл да өз мүддесінен ешқашан бас тарпайды. Бүгін халқымыз  өз еркіміз өзімізге ие болған заманда сол биік арман, қиялдарға жол ашып, өткенді ұлағаттаудан, экономикадан да басқа елдердерден озық шығудамыз. Біздің ісіміз жаңа эпостың үлгісі сияқты. Алдағы мақсат – Тәуелсіздігімізді тұғырлы, мемлекетімізді ғұмырлы ету. Осы жолда абыройлы белестен көріне білсек деймін. Тәуелсіздік! Бостандық! Бұл сөздер бізге несімен ерекше? Әрине Тәуелсіздік белгісі Рәміздерімізбен, ұлттық нышанымыз төл теңгемізбен.

Әсіресе,  бұл күні рәміздер ерекше салтанат құратын күн. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Гимні. Олар ерекше қадірленеді және биік мәртебеге ие. Сондықтан Конституция азаматтарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Бұлар әрбір тәуелсіз мемлекет үшін ең маңызды қажеттіліктер. Рәміздеріне қарап олардың тарихын, мәдениетін, дінін, тілін, дәстүрін, барлық құндылықтарын білуге болады. Сол сияқты Қазақстан мемлекетінің де тәуелсіздігін алғаннан кейінгі ең маңызды міндет тұрды. Ол Қазақстан рәміздерін тағайындау еді. Сол кезден бастап еліміздің өз туы, елтаңбасы, әнұраны бар. Бұлар ел үшін, мемлекет үшін ең баға жетпес қазына, таусылмас байлық. Бұл байлықты әрбір «мен қазақпын» деген азамат ардақ тұту қажет. Рәміздер біртұтас Қазақстан Республикасының ажырамас бөлігі, айқын бейнесі. Рәміздердің әрқайсысының шығу тарихы бар. Бұл Қазақстанның қаншама ғасырлар бойы аңсап күткен тәуелсіздігін алғандығын паш ететін киелі қазына. Басқа мемлекеттер рәміздері сияқты біз де өз рәміздерімізден көп нәрсені аңғаруға болады.

Тудан қазақ елінің көк аспанның астындағы бейбіт сүйгіш халық екендігін, дала бүркітіндей еркін, қиядан-қияға самғайтындығын, ал алтын күн байлықты, дархандықты ұқтырғандай. Елтаңбаның көркемдігіне сөз жетер емес. Ондағы әрбір бейне қазақ бейнесін ала түсетіндей. Шаңырақ, уықтар, аңыздағы қанатты пырақтар, бес бұрышты жұлдыз, «Қазақстан» деген жазу өте ақылмен ойластырылып, бесеуі де бір-бірімен өз үйлесімін тапқан. Әнұранға келсек бұл да қазақтың төл туындысы, салтанатты әні. Оның шырқалуы, шарықтауы, мағыналылығы қоғамдағы атқаратын рөлі өте зор. Бұл рәміздердің үшеуі де сарқылмас қазына, асыл мұра.

Міне, осы мұрамызды шәкірттеріміздің санасына құю менің мерейлі мақсатым болып саналмақ. Иә, Тәуелсіздік ұлттық  теңгеміз айналымға кірген күннен басталды.  Осы сәттің белгісіндей Республикалық  жұлдызды күн аясында – төл теңгеміз де  дәріптеледі. Қазақстан егемендік алған тұста бірден кеңестік купюраның орынын теңге басты. Тәуелсіздік теңге айналымға кірген күннен басталады. Алғашқы валютаның дизайнын жасаған 4 автор купюраға ел тарихы мен географиялық орналасу бедерін түсіруге күш салды. 23 жылдан бері ұлттық теңгенің дизайны өзгеріп келеді. Қорғаныш белгілері күшейген.

Қазақтың төл теңгесі дамыған елдер валютасымен бәсекеге түсе алады. Сондықтан Ұлттық валюта тарихы, айналымы, бағамы және оның авторлары жөнінде   мектеп оқушылары мол мағлұмат беру де отаншылдыққа тәрбиелеудің бір  түрі іспеттес деген ойдамын. Сондай – ақ, тамыры терең, рухы биікке өрлеген елімізге биылғы “Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру” мақаласы  дөп келіп отыр. Туған жер!  Рухани жаңғыр дегеніміз туған жеріңді көркейту үшін серпіл, тер төк деген ұғымға сай келіп тұр емес пе?

Әр әнұран шырқалғанда әр адам орнынан тұрып, қолын жүрегіне қояды. Бұл елге деген шексіз құрмет. Олай болса, менің  де жүрегім әнұранымен бірге соғып, өмірі тоқтамайды. Елдігіміздің нышаны Рәміздеріміз жасай берсін!

Метки: , ,