ОТБАСЫ-АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТЫН НЕГІЗІ


Алдабаева Рысты Мубараковна
«Күншуақ» бөбекжай бақшасы тәрбиешісі

                                                                      «Халқымыздың ежелгі үрдісі бар,

Адастырмас ақ жолдан үлгісі бар.

Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрі,

Зерделі ұл, зейінді қызды сынар.

Көңілдің тілейтін тек тазалығын,

Аз емес арқалаған азабының.

Мөл өсиет қалдырған ұрпағына,

Қасиетінен айналдым қазағымның!»

Мұзафар Әлімбаев

Қазақ халқы басқа халықтар сияқты бала тәрбиесіне өте ерте заманнан-ақ өзінің жиыптерген бай, асыл қазынасы, мол тәжірибесімен ерекше көңіл аударған.

Адамгершіліктің , имандылықтың  алғашқы әліппелерін де үйретіп, үлкенді сыйлап, кішіге қамқорлық жасап, ағайын-туыс, көрші-қолан, ауылдаспен ауызбірлікте өмір сүруге үйреткен. Ақ сақалды аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміздің де бала тәрбиесіндегі орны ерекше. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыруға оның туған кезінен басталуы керек.  Ақылды енелер жаңа түскен келіндерінің жаңа туған нәрестенің жылы алақаны, шуақты күндері бола білген. Мұндай ұяда тәлім-тәрбие алған бала да өнегелі, сұлу жерге желкілдеп біткен құрақтай болып өскен. Сондықтан да халықтың осы жерде: «Әже-қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ», «Әке көрген-оқ жонар, шеше көрге-тоң пішер» тегін айтпаған. Жаңа ғасырдың алдында жаңаша ойлайтын тұлғаларды дайындау міндет тұр. Бұл міндетті шешудің  бастауы-балабақшада ұйымдастырылған іс-әрекеттің сауатты, кәсіби тұрғыда ұйымдастырылуы.

Еліміздің айқын мақсаттарының бірі – бәсекеге қабілетті жас ұрпақты жан-жақты жетілген, парсатты азамат етіп тәрбиелеу.  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз осымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да, жігерлі,білімді, өрісі биік денсаулығы мықты өкілдер болады….» деген сенімі бүгінгі тәрбие мен білім өзегін бала бойына қалыптастырар тәрбие ошағына артқан жүк екені сөзсіз. Сондықтан да елбасымыз Н.Ә.Назарбаев болашақ ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән бере қарап, олардың ертеңінен үлкен үміт артып отыр. Елбасының балабақша жайында тілге тиек етуі , мектепке дейінгі тәрбие саласындағы күні бүгінге дейін қордаланып қалған өзекті мәселенің оң шешімін табуға жол ашты. Балабақша саны күн санап арта түсуде.  «Ел боламын десең , бесігіңді түзе» – деп ұлы жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай тәрбие тал бесіктен басталуы тиіс тек отбасында ғана емес, балабақшада тіл үйреніп, халқымыздың салт-дәстүрін бойына сіңіріп, құнарлы бай әдебиетімізден нәр алып өскен баланың болашағы қашанда жарқын болары сөзсіз.   Жас ұрпақтың негізі бұрын мектепте қаланады десек, енді оның балабақша қабырғасында қаланатынына көзіміз әлдеқашан жетті.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады,ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсын» деп бекер айтылмаған.Сондықтан баланың бойында жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп,өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешулі рөл атқарады. Рухани-адамгершілік  тәрбие екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын,екінші жағынан тәрбиешілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыру, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетістіктерін зер салып талдау керек.  Адамгершіліктің негізгі мінез-құлық нормалары мен ережелерден тұрады.

Олар адамдардың іс-қылықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарын басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктін өзге де формалары, бұл сананың, сезімдердің, мінез құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементері,олардың негізінде қоғамыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.                                                                                                                                                                Баланың өмірге белсенді көзғқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу,білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардын мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікте өмірде,үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде,ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде асады.Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде,балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындылармен танысу негізінде іске асады.                                                                                                                             Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс сүйгіштікке,ізгілікке,ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүниені өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.                                                                                                                     Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу,бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану,ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады.Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды,оның өмірге белсенді ұстанымен бірте-бірте қалыптастырады.

«Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы» мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуын, олардың мектепке дайындығын қарастырады. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін тәрбиеші басты рөлді атқарады. Оның тәртібі,іс-қимылы,балалар және үлкендермен қарым-қатынасы балалар үшін үлгі бола отыра, педагогтың ықпалы әсерлі енеді.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың рухани-адамгершілік дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай іске асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады.  «Баланы жастан» дейді халық. Бұл-өміршең пікір. Зерделі халқымыз балаға жастайынан жақсы өсиет, кеңестер арқылы өнегелі тәрбие беріп, қимыл-әрекетіне байқау жүргізіп, оның ішінде әсіресе ойынға үлкен мән берген. Ойынды –бар өнердің бастауы деп біліп, әр ойынның уақыт өткізу үшін емес,  белгілі бір мақсатпен ойнауға, айналаға зер салуға, шапшаң, епті болуға, күшті-мықты болуға, әсемдіқ пен сыпайлыққа тәрбиелейтінін аңғарған. Ойындар арқылы олар шынығып, табиғи дарындарын шындай түседі. Мәселен:ойында ұнады әдеттер,өзара қарым-қатынастар,адамгершілік сезімдер қалыптасады,еңбек сүйгіштік,үлкендер еңбегін құрметтеу,сондай-ақ ұйымшылдық,жауапкершілік,парыздың міндеті сияқты қасиеттер,патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар қалыптасады. Ұлт ойындары атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра етіп беріліп отырған. «Асық ату», «Теңге алу», «Соқыртеке», «Садақ тарту», «Сақина», «Көкпар  тарту», «Қыз қуу» ойындары балаларды еріктілікке, ұстамдылыққа, батылдыққа қалыптастырады. Қарсыласын сыйлай білу, адалдық және басқа ізгі қасиеттерді жасауға негіз болады. Тәрбиешінің негізгі мақсаты-дені сау,ұлттық сана сезімі оянған,рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.  Адамгершілік, имандылық қасиеттерін жан-жақты қалыптастыруда да халық ауыз әдебиетінің орны зор. Балаларды бүгінгі күнге дейін адамдық қасиеттерге тәрбиелеуде Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтың шығармалары ерекше орын алады.

Қазақ «өнер алды-қызыл тіл» деп саналы да мәнді сөзді бала тәрбиесінде саф алтынмен бағалап, тендес жоқ байлық көріп, сөздің моральдық-этикалық қасиеттерін айқындап түсіп, ұрпағының «сегіз қырлы,бір сырлы» , өнегелі де өнерлі болуын мақсат еткен. Тілді халықтың сәбилік кезінен үлкен өмірінің айнасы, мәдениеті мен ақыл-ойының алтын қоймасы деп қараған. Шешендік сөзді бағалап, «Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Ойың оңды болсын десең, ойлап сөйле» немесе «Жақсы сөз жан семіртеді, жаман сөз жан кемітеді» деп, жастарды алғыр ойға, тапқыр тілді шешендікке баулу да халық педагогикасынан өзекті орын алған.. Халықтың  баланы жаман әдеттерден жирендетіп, жақсылыққа ғана баулып отыратын ереже-ырымдарды да өте молынан, әрі бүгінгі күнге дейін сақталып келеді: «Үйде ысқырма!», «Желі-көгенді аттама!», «Нанды бір қолмен үзбе!», «Таңғы ас-қастерлі ас», «Таңғы асты тастама, кешкі асты бақпа!» т.б. осы сияқты жалғасып кете береді. Ертегінің рухани мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиалға қанат бітіретің, жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық деп атап көрсеткен.

Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік-адамға тән асыл қасиет. Қай заман болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат міндеттерінің ең бастысы-өзінің ісі,өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Ұрпақ тәрбиесі-келешек қоғам тәрбиесі.Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген,ақыл-парасаты мол,мәдени ,ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу-біздің де қоғам алдындағы борышымыз.

Жас ұрпақ  тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұрпақ тәрбиесі  қоғамнан тыс құбылыс емес, ол қоғамның заманның бағыт –бағдарымен, тыныс –тіршілігімен жүріп отырады. Ұлттық тәрбиенің негізі балаға ана  тілімен ана сүтімен, бесік жырының әлдиімен   беріледі. Ал балабақшада балаға әр бүлдіршіннің тілге, ілім, білімге деген жеке дара бейімділігімен қызығушылығын дамыта отырып, ойлау қабілеттері мен танымдық қабілеттері қалыптасады. Балабақшамен ата-ана ынтымақтастығы бірін-бірі қос өзеннің сағасындай толықтырады десек те болады. Ата- ана сұранысымен талап – тілектерін қанағаттандыра отырып, біліммен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата- анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс жасау керек.

Ұлтымыздың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты екендігі шындық. Балабақшада берілген тәрбие- барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан- жақты тәрбиемен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын.

Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының тигізер әсерінің маңызы зор екені белгілі.

Адамгершілік- адам бойындағы асыл қасиет. Ал асыл қасиет- еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, елін, жерін сүю, кішіпейілдік. Осындай қасиеттерді кішкентай кезінен  балалардың бойына сіңіру қажет. Ал,  балаларды сөзі дөрекі, мінезі шайпау, мақтаншақ сияқты жаман қылықтардан аулақ болуына тәрбиелеу  керек. Адамгершілік тәрбиенің негізі отбасынан басталып, балабақшада  өзінің жалғасын тауып, күрделене береді.

Адамгершілік- адал қасиетті  дамытудың сара жолы! Адамгершілік – адамның баға жетпес байлықтарының бір.і Егер адамгершілігің болмаса, ешбір жерде қадірің болмайды деп ойлаймын. Адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріп, ұлағатты адамзат болып шығу. Өйткені, адам -өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен ардақты .  Халқымыз қайырымды-мейірімді жанды «адамгершілігі мол адам» деп атаған.  Қайырымды-мейірімді жан өзгелерді, басқа адамдарды ойлап,оларға қол ұшын беруші жан.  Адамгершілік – адамның рухани арқауы.                          «Адамгершілік болмай,әділдік болмас» деген даналық сөз дұрыс айтылған! Адамгершілік болмай қалай әділдік болады?! Әрине,адамгершіліксіз әділдік болмайды!

 

СҚО Уәлиханов ауданы

Кішкенекөл селосы

«Күншуақ» бөбекжай бақшасы

Тәрбиеші: Алдабаева Рысты  Мубараковна.

Метки: , ,