Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек жолдарының ауруларын алдын-алу.


Исина Гульнара Баянбаевна

Солтүстік  Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы «Қарақоға орта мектебі» КММ технология пәнінің мұғалімі

Кіріктірілген сабақ (биология+технология)

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Қоректену.
Мектеп: «Қарақоға орта мектебі»  КММ
Күні: 04.02. 2019 ж
Мұғалімнің аты-жөні: Исина Г.Б, Джаманбаева А.А

Қатысқандар саны:17
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы
Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек жолдарының ауруларын алдын-алу.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
оқушылар:

Сабақ мақсаттары

-салат жасау технологиясын біледі;

Бағалау критерийлері
оқушылар:

азық-түлік өнімдерінің құрамында  органикалық заттардың бар-жоғын тексереді
Сабақтың түрі
зертханалық жұмыс
Тілдікмақсаттар

Оқушылар майлармен көмірсулардың тағамдарда кездесуін атай алады

Пәнге қатысты  лексика мен терминология

липидтер, көмірсулар, нәруыздар, крахмал, глюкоза, Бенедикт ерітіндісі, йод, этанол, Биурет ерітіндісі

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Нәруыздер …….. құрамында кездеседі.

Майлар …… құрамында кездеседі.

Майлар мен көмірсулардлы ………………. арқылы анықтауға болады.
Құндылықтардыдарыту
Ұжымда жұмыс істей алу, сыныптастардың ойын тыңдау, бір-бірін сыйластыққа үйрету
Пәнаралықбайланыстар
химия – органикалық заттардың құрамындағы элементтерді анықтайды.
АКТ қолдану дағдылары
Интербелсендітақта, ғаламтордағы ресурстар
Бастапқы білім

Оқушылар білу керек:

азық-түліктің құрамында крахмал, қант, майлар, нәруыздардың бар болуы (6 сынып)

Органикалық заттарды құрайтын элементтер (7 сынып)
Сабақбарысы
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері
Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар
Сабақтың басы

0-10 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі                                                                                               Ынтымақтастықахуалын  орнату. Сәлемдесу.  Бір-бірімізге жақсы көңіл күй тілейміз.                                                                                                                       ІІ.Мотивация.Сабақтың мақсатын айқындау.

Технология мұғалімі: Адамның еңбекке қабілеті және ағзаның маңызды қызметтерінің дұрыс  атқарылуына – біздің не жейтініміз, қанша мөлшерде, қай уақытта және қалай тамақтанатынымыз байланысты. Бүгінгі сабақта біз, қолданатын астың ағзамен толық меңгеріліп,  максималды пайдалы болуы үшін, қандай ережелерді ұстану қажет екендігін анықтаймыз.

Биология мұғалімі:Сабағымыздың ұраны: «Біз тамақтану үшін өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз» ал астың қорытылуына жауап беретін жүйе -«Ас қорыту» жүйесі.

Ас қорыту жүйесі жайлы білімдерін жаңғырту.

Тапсырма №1. “Мүшені тап”.(Слайд)

Суреттен адамның ас қорыту жүйесінің мүшелерін белгілеңдер.

1 – жұтқыншақ, 2 – бауыр, 3 – ауыз қуысы, 4 – асқазан, 5 – өт, 6 – тоқ ішек,

7 – ұйқы безі, 8 – аш ішек, 9 – өңеш, 10 – тік ішек, 11 – ұлтабар, 12 – аппендикс

 

Критерий:                           Дискриптор

Кері байланыс: «Блоб»  ағашы.
Слайд,

таратпа материалдар

Сабақтың

ортасы

 

Жаңа сабақ

Биология мұғалімі: «Араб алфавиті» қажетті орынға дауысты әріптерді (И, Е, И, А)қойып, жасырынған сөзді тап.

ГГН

Оқушылар: ГИГИЕНА

Б.М: Соңғы онжылдықтарда адам денсаулығын  сақтау және  күшейту жайлы гигиена  ғылымы орасан маңызды сипатта. Бүгінгі сабақта біз, тамақтану гигиенасы  мен асқазан -ішек  ауруларын алдын-алу жолдары жайлы мәлімет аламыз.

Технология мұғалімі: «Ребусты шеш» (Слайд)

 

 

ТА                  МА          Қ                     ТА                      НУ

Мәселелік сұрақ:

1. Тамақтану деген не?

Т.М: Ағзаның энергетикалық  қызметін қалпына келтіретін, ағзаға түскен қоректік заттарды қорытып, сіңіруден тұратын күрделі үдеріс.

2. Қоректік заттар дегеніміз не?Қандай түрлерін білесіңдер?

Т. М:  Ағзаның қалыпты тіршілік әрекеттеріне қажетті заттар-қоректік заттар деп аталады. Оларға: ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, минералды тұздар, су жатады.

 

Практикалық бөлім: Нұсқау картасы бойынша «Нәзік» салатын әзірлеу.

( Өткір құралдармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін есте сақтау.)

Т.М. Осы жасалған тағамның  құрамына кіретін азық-түліктерде қандай органикалық заттар кездеседі?

( нәруыздар- жұмыртқа, ірімшік,  көмірсулар- жүзім, қызылша, майлар-жаңғақ, майонез)

Б.М:Тапсырма№2  « Сәйкестікті тап» (Слайд)

Тағамның құрамынан аталып өткен қоректік заттарды және оларды анықтаудың жолдарынсәйкестендір.

Қоректік зат
Анықтау жолы
Байқалатын құбылыс
глюкоза
А) йодтың 1-2 тамшысын тамызамыз
1) Сары тұнбаның түзілуін қадағалаймыз
крахмал
В) 1 мл Биурет ерітіндісін құямыз
2) ерітіндінің сия- көк түске айналуы байқалады.
липид (майлы заттар )
С) 2мл этил спиртіне анықталатын тағамды салып, қисайтып тұрып, шайқау. Алынған қоспаны ішінде 2 мл суы бар сынауыққа құйып, араластырыңыздар
3) лайлы сұйықтық көрінсе
нәруыз
Д) 2 см3тағамға  1 см3 Бенедикт ерітіндісін құйыңыздар. Қайнағанша дейін қыздыру керек
4) қара-көк түс пайда болады.

Жауабы: глюкоза-Д, 1;

крахмал-А, 4;

липид(майлы заттар)-С, 3

нәруыз-В, 2

Критерий:         Дискриптор:

Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек»

Т.М. Тағам жайлы сөйлесіп, түрлі тамақтың суретінкөрген кезде адамның тәбеті ашылады. Тәбеті нашар және керісінше, тәбеті жоғары адамдар болады. Бұл олардың зат алмасу процессінің бұзылуынан және кейде паразиттік құрттардың болуымен түсіндіріледі. (слайд)

 

Б.М. Тапсырма №3«Фишбоун» (Мәтінмен жұмыс)

Балық сүйегіне асқазан-ішек ауруларын, олардың түрлері мен жұқтыру жолдарын және оларды алдын-алу шараларын толтыру.

Критерий:         Дискриптор:

Кері байланыс:

Таратпа материалдар

Нұсқау картасы

Слайд

Слайд

Сабақтыңсоңы

42-45 мин.
Рефлексия

Үйге:

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар: азық-түлік өнімдеріндегі органикалық заттарды бар-жоғын анықтауды  біледі.

Көпшілік оқушылар: органикалық заттардың түрлерін сипаттау.

Кейбір  оқушылар:  азық-түлік құрамында заттарды анықтайтын ерітінді туралы ақпарат жазылғанын білу
Лездік сұрақтар беру арқылы оқушылардың органикалық заттардың түрлерін атау және олардың ағза үшін маңыздылығы туралы сұрау.

Жұпта орындаған тәжірибе  нәтижелерін қорытындылап, бағалау  жүргізеді.

Практикалық жұмыс барысында бағалау жүреді.
Алынған  деректерді өңдеу және жұмыс істеу процесінде оқушылар креативтік және сындық келісті көрсетеді. Жұппен және топпен жұмыс істеу және олардың жұмысын басқа оқушылармен және оқытушымен талдау басқалардың пікірін сыйлауды, құрдастарымен және үлкендермен дұрыс қарым-қатынас құру қабілетін дамытады.

Белгілі дәрежеде басқалармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету қабілетін  көрсетеді, Оқушылардың денсаулығын қалай сақтауы және маңындағылардың қауіпсіздігін қалай қамқорлыққа алуы керектігін үйретеді
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал етеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?