Зат есімнің жекеше және көпше түрі


Шаришева Ардақ Жомартовна

СҚО Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың мақсаты:Зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру,жекеше түрдегі зат есімдерді көпше түріне айналдыра білуге,қосымшаларды ажырата және дұрыс жалғай білуге үйрету.Ой-өрісін дамыту,түрлі тапсырмалар орындау барысында танымдық іскерлік есте сақтау қабілеттерін арттыру.Елорда туралы түсініктерін кеңейтіп,Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Көрнекіліктер:Интерактивті тақта,суреттер,түрлі тапрсырмалар,оқулық.

Сабақтың барысы:

1)Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз,

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Жаң білім алуға

Алға қадам жасаймыз..

Мұғалім:

-Жақсы балалар.Сабағымызды бастамас бұрын,алдымен дәптерімізді ашып бүгінгі күнді жазып алайық. Қолымызды жаттықтыру үшін және жазуымызды түзеу үшін көркем жазу жұмыс жасаймыз.

-Балалар бүгінгі біздің қазақ тілі сабағымыз күндегі сабақтан өзгеше болмақ.Несімен ерекше болатыныны сендер мына видеоға қарап түсінетін боласыңдар.Бұл видеода өздерің күнделікті көріп жүретін,жақсы көретін БАЛАПАН телеарнасында кездестіретін Али мен Айя кейіпкерлеріміз.Ендеше барлығымыз бейнетаспаға назар аударайық.

-Сонымен балалар Али мен Айя қайда бармақшы? (Астанаға)

-Ендеше бүгінгі сабақта бізде олармен Астанаға барсақ қалай қарайсыңдар?

-Ал енді Астана туралы не білеміз?

-Ендеше балалар жолға аттанайық.

-Астанаға жеткенше біз өткен сабақты еске түсіріп,үй тапсырмасын кім орындапты тексерейік.

Үй тапсырмасын тексеру.

-Балалар өткен сабақтар бойынша мынандай сұрақтарға жауап беріңдерші.

-Сөз таптары дегеніміз не?

-Қандай сөз таптарын білеміз?

-Соның ішінде біз қандай сөз табымен таныстық?

-Зат есім туралы не білеміз?

-Зат есім қандай түрлерге бөлінеді?

-Біз қазір қандай қалаға бара жатырмыз?

-Астана бұл зат есімнің қандай түріне жатада?Неге?

-Қазір балалар Семантикалық карта арқылы біз өткенді еске түсіріп,алған білімдеріңді қорытындылайық?

Семантикалық карта

Зат есім
Жалқы есім
Жалпы есім
бала

Астана

тау

Айжан

Есіл

әже

боран

(Семантикалық карта сиқырлы таяқшалар арқылы тексеріледі)

-Жақсы балалар міне біз Астанаға да жеттіп қалыппыз.Астана өте әсем,әдемі,жас қала.

-Балалар біз білеміз қалалы жерде бір жерден-келесі жерге жету үшін біз аялдамаға барамыз.Ендеше бүгін біз бірнеше аялдамаға тоқтаймыз.

-Бірінші аялдамамыз «БӘЙТЕРЕК» деп аталды.

(Бәйтерек туралы мәлімет сұрау)

-БӘЙТЕРЕК аялдамасы бізге тапсырма дайындап қойыпты.Біз осы тапсырманы орындап,бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашамыз.(слайд,суреттер)

-Суреттерге қарап сұрақ қой,әр суреттегі заттардың саныны анықта.(балалар жауабы)

-Ал балалар бұл заттар  нелер?Заттар

-Бұл заттарды салыстырайықшы?

(Жаңа тақырыпты ашып,ережемен таныстыру)

Дәптермен жұмыс:

-Осы жаңа тақырыпты тереңірек түсіну үшін оқулықтағы 141-бет 2-жаттығуды орындайық.Ауызша тексеру.(ережемен таныстыру)

-Ал енді саяхатымызды жалғастырайық.

Екінші аялдама «Хан шатыр» деп аталады. (Мәлімет беру)

-Бұл ойын-сауық орталығына кіру үшін біз тағы тапсырма орындау керекпіз.

-Ол үшін сендер ЖҰППЕН жұмыс жасайсыңдар.Мен әр жұпқа парақ таратамын,сол парақтағы тапсырманы орындаймыз.

Сәйкестендір

1.Суретші                        дар

2.Ақын                             лар

3.Жеңімпаз                      дар

4.Сыйлық                         лар

5.Бала                              лер

6.Құс                                тар

7.Ата                                дар

8.Қалам                            тар

9.Өзен                              дер

10.Торғай                        лар

(Сәйкестендіру.Берілген сөздердің жалғауын табу)

-Балалар сендер шаршаған шығарсыңдар,барлығымыз орнымыздан тұрып,денемізді сергітіп алайық.СЕРГІТУ СӘТІ

-Осы тапсырмаға байланысты  141-бет 3-жаттығуды орындау.Ауызша тексеру.

Үшінші аялдама «Думан» (мәлімет алу)

-Балалар Думан сауық орталығында сендер топпен жұмыс жасайсыңдар.КОЛЛАЖ

1-топ-Жалқы есімдер

2-топ Жалпы есімдер

3-топ Жекеше,көпше Зат есімдерді бөлу.

Әртоп өз жұмысын қорғайды. (Бағалау)

-Ал балалар кеш батып үйге қайтатын уақыт болды.

-Балалар біз қалалы жерге барғанда,өз көлігіміз болмаса,үйге қайтар кезде біз алдымен қайда барамыз.(Вокзалға)

-Ендеше бүгінгі біздің саяхатымыздың соңғы аялдамасы Астана Темір жол вокзалы.

-Адамдар вокзалға келіп жол жүру үшін не алады?(Билет)

-Ендеше бізге билет сатушы билеттерді жай бермеймін дейді.Оның тапсырмасын дұрыс орындасақ бізге билетін ұстатады.Амал жоқ соңғы тапсырманы орындап үйге қайтайық.

Венн диаграммасын толтыру..(Бағалау)

Тапсырманы орындап болған соң поездға отыру (Видео көрсету)

-Балалар осымен саяхатымыз аяқталды.

-Саяхат сендерге ұнады ма?

-Жазда кім Астанаға қаласына барғысы келеді?

Сабақты қорытындылау.

Берілген жекеше зат есімдерді,көпше зат есімдерге айналдырып жаз.

Кітап

Аспаз

Мектеп

Ағаш

Мысық

оқушы

Бағалау.

Рефлексия.