«Кітапханатану мен библиография арасындағы пәнаралық байланыс» тақырыбындағы мақаласы

Хамида Камалиденқызы Казиева

Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК кітапханалық пәндер оқытушысы

Қазіргі заманда ғылымдар бір-бірімен тығыз байланысты, сондықтан бір-бірінен бөлектенбейді.  Пәнаралық байланыстар ғылым негіздерін терең және жан-жақты игерудің дидактикалық жағдайы мен құралы болып табылады. Пәнаралық байланысты іске асыру материалды зерделеуде   уақытты үнемдейді және білім алушылардың  арнайы және кәсіби білімі мен дағдысын қалыптастыруға жағдай жасайды.

Кәсіби бағытталған пәнаралық байланыстарды іске асыру үшін келесі талаптарды орындау керек:

Әр цикл пәндерінің мазмұнды және логикалық тұтастығын сақтау;
Оқыту үрдісінде бірыңғай ғылыми ұғымдарды қалыптастыру, жалпы терминоло- гияларды қолдану;
Пәндер бойынша білімді жеке ұғымдардың дамуы мен оқу жоспары бойынша өтілу уақытын ескере отырып қолдану.
Орта білікті кітапханашыларды даярлауға ықпал ететін факторлардың арасында

пәнаралық байланыс үлкен роль атқарады. Олар кітапханалық пәндер оқытушыларына материалды қайталамай-ақ, алдында оқылған, білім алушылардың  алған мәліметтеріне сүйенуге, олардың кәсіби білімдері мен тәжірибелік дағдыларын тереңдетуге және кеңейтуге, олардың өзіндік қызметін, ойлау қабілетін белсендіруге, жас мамандарды сапалы даярлауға мүмкіндік береді. Олар оқыту мен тәрбиелеудің бір үрдіске қосылуына, барлығы жалпы бір міндетке – білікті кадрлар кітапханашыларды даярлауға бағындырылған тұтас арнайы пәндерді қарастыруға мүмкіндік береді. «Кітапханатану» пәні тек жеке оқытылмай «Библиография» пәнімен тығыз байланыста болған жағдайда ғана ойлау тәрбиесіне қызмет етеді.

Кәсіби бағытты іске асыру үшін арнайы пәндер бойынша оқу құжаттарын зерделеу кітапханатану,  библиография,  кітапхана қорлары мен каталогтарын ұйымдастыру, әдебиет  курстарының мазмұны бойынша жақын пәндерді айқындауға қажет.

Оқу материалдарының талдауы кестелер, карточкалар түрінде безендірілуі мүмкін.

Пәнаралық байланысты іске асыру оқу құжаттарындада – оқу жоспары мен оқу бағдарламаларында берілген.

Оқу жоспары сағаттардың семестр бойынша, оқу сабақтарын әр пән бойынша бөлуді регламенттейді. Әр пәннің спецификасы жалпы міндетті шешу кезінде  маңызды аспект – кітапхана ісі мамандарын даярлауды  көрсету.

Оқу бағдарламасы кітапханатану және библиография пәндері бойынша бөлімдер мен тақырыптарды зерделеу, зерделенетін материал көлемін, теориялық және тәжірибелік сабақтарға бөлінген оқу уақытының бірізділігін қарастырады.

Үйлестіру жоспарындағы табысты жұмыс бірлесіп күнтізбелік жоспар құрастыратын; сабақта зерделенетін теориялық материалды; тәжірибелік тапсырманың мазмұнын, түрлері мен нысандарын; қайталау жүйесін; оқу және тәжірибелік тапсырмаларды, сыныптан тыс жұмыстарды (саяхаттар, лекциялар, әңгімелер және басқа көпшілік шаралар) үйлестіруді құрастыратын білім алушылар арасындағы тұрақты жеке байланыс болған жағдайда ғана мүмкін. Бұл жоспарда мен қазақ тілінде оқитын топтарда екі пәннен де сабақ беретіндіктен және жағдайды жақсы игергендіктен білім алушылардың кітапханатану және библиография пәндерінен материалды қабылдаудың психологиялық  ерекшеліктерін жақсы білемін. Сондықтан сабақ жоспарын құру кезінде білім алушылардың  назарын сабақты қайталауға және жаңа материалды түсіндіру немесе аралас пән сабағы бойынша тәжірибелік жұмысты орындау кезінде қажетті пәннің белгіленген сұрақтарын алдын-ала ойластыруға аударуды немесе білім алушыларға алдын-ала қандай  тапсырма беруді ойластырамын. Мен (барлық кітапханалық пәндер оқытушылары сияқты) пәнаралық байланысты іске асыру үшін оңтайлы нұсқа межелеп, қай сабақта,  сабақтың қай кезеңінде, мысалы, жаңа материалды сұрау немесе түсіндіру, өзіндік жұмысты немесе тәжірибелік жұмысты орындау кезінде орынды және тиімді болатынын шешемін.

Пәнаралық байланыстың түрлерін: алдын-ала, қосарлас, дәйекті ескеру қажет. Мысалы, кітапханатану пәні бойынша «Кітапхананың көпшілік жұмыс» тақырыбы библиография пәні бойынша «Ауызша библиографиялық шолуды дайындау және өткізу технологиясы» тақырыбынан ерте зерделенеді. Бұл жерде алдын-ала талқылау – үйлестіру нысаны болып табылады.

Егер, сабақта екі пәннен де бір уақытта әр аспектіде бір сұрақтар қаралатын болса қосарлас пәнаралық байланыс орын алады.  Бұл  жерде пәнаралық байланыс екі пәннен де бірлесіп тапсырма, тексеру және бағалау кезінде іске асырылады.

Егер кітапханатану сабағындағы сұрақтар библиография сабағында мазмұндалғаннан  кейін қарастырылса, онда пәнаралық байланыс дәйекті болып анықталады.  Мысалы, библиография пәнінен «Ғылыми-техникалық кешен әдебиеті – библиография объектісі» тақырыбы  кітапханатану пәнінен «Кітапхананың техникалық әдебиеттермен жұмысы»  тақырыбынан кейін зерделенеді. Бұл жерде үйлестіру нысаны болып мысалы, ұсыныс әңгімелер, кітап көрмелері т.б. табылады.

Пәнаралық байланыс түрін ескеріп үйлестірудің келесі нысандарын қолдануға болады: бағдарламамен танысу, сабақтарға өзара қатысу, интеграцияланған сабақтар, сұрақтарды бірлесіп талқылау, кеңестер, білім алушылардың  өзіндік жұмыстары, қажетті тақырыптың алдында зерделенген материалын қайталау, кешенді сипаттағы тәжірибелік тапсырмаларды орындау, оқу және өндірістік тәжірибе тапсырмалары, бірлесіп іс-шара дайындау.

Қазіргі заманғы білім жүйесінің маңызды принциптерінің бірі – кіріктіру. Кіріктіру  сабағын өткізу келесі міндеттерді шешуге көмектеседі: жеке пәндер шашыраңқы фрагменттерге бөлшектеніп тұтастық туралы түсінік бермейтіндіктен қоршаған орта білім алушылар үшін  әр алуандық және бірлікте танылады; пәнаралық байланысты күшейту арқылы қосымша сабақтар үшін оқу сабақтары босатылады. Осындай сабақтардың соңында білім алушы кітапханатану мен библиография бір-бірімен тығыз байланысты, жеке қолданылмайтындығына көздері жетіп, бір ортақ қорытындыға келеді.

Пәнаралық байланыс – бұл оларды зерделеу кезінде өзара әрекет нүктесін айқындау. Уақыт, бағдарламалар өзгергенмен, екі пән арасындағы шектесу нүктесі қалады және әр оқытушы пәнаралық байланыс түрі мен үйлестіру нысанын өзі анықтауы керек.