«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізлген дарынды оқушылармен сыныптан тыс іс шара «Асыл сөз»


Каскатаева Роза Абсалямқызы

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы «№15 ЖОББМ» КММ бастауыш сынып мұғалімі

Мақсаты: Оқушыларға сөз қадірін, ой мен білім қадірін ұғындыру. Топта жарысу арқылы ойлау, іздену қабілеттерін дамыту. Елін, Отанын, туған жерін қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, кезеңдер, сюжетті суреттер.

Түрі: сайыс сабақ

Жүру барысы

Кіріспе…..мұғалім сөзі

1-кезең «Сәлемдесу»

2-кезең  «Білімділер сауалы»

3-кезең  «Мақал- мәтел»

4-кезең   «Өлең сөздің патшасы»

Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

Шұғылалы таңымыз,

Қазақ жері бағымыз.

Қайнарынан мөп-мөлдір,

Сусындайды жанымыз.

Қазақ жері сәніміз,

Мәуесі мол бағымыз,

Саясында жетілер,

Балдай бала шағымыз.

Балалар әр сыгныптың өз мақсаты, өз ұраны болады. Олай болса біздің бағытымыз, мақсатымыз, ұранымыз…..Жақсылық жаса!

Болғың келсе жақсы адам,

Жақсылық жаса әрқашан!

 

Ән «Анамның тілі» Айбекқызы Айғаным

 

Балалар бүгінгі тәрбие сағатымызды сайыс түрінде өткізу үшін екі топқа бөлініп алайық және 1-кезең сәлемдесу

1-топ    «Ақыл»

Өлеңі ақыл өзі аңыз

Абай біздің бабамыз

Өсиетін сондықтан

Санамызға жазамыз.

 

2-топ «Достық»

Дос болайық бәріміз

Жарасып тұр әніміз

2-кезең  «Білімділер сауалы»

 

Сұрақтар

1.     Ел билеудегі ең лауазымды тұлға

2.     Төрт маусым

3.     Рәміздерді ата

4.     Зат есімнің сұрақтарын ата

5.     Киіз үйдің құрылысы

 

 

1.Төрт  түлік

2.Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар

3.Сын есімнің сұрақтарын ата

4.Ұлыстың ұлы күні қашан тойлайды

5.Үш дана

Қойылым     «Ең қасиетті, асыл жеміс»  5 оқушы көрсетеді

3-кезең  «Мақал-мәтел»

1.     Кітап білім бұлағы

Білім өмір шырағы

2.      Білекті бірді жығар

Білімді мыңды жығар

3.Дені саудың,жаны сау

4.Ауырып елі іздегенше

Ауырмаудың жолын ізде

5.Көп сөз көмір,

Аз сөз алтын

6.Еңбек етсең ерінбей

Тояды қарны тіленбей

7.Басты байлық-денсаулық

8.Адам көркі шүбереп

Ағаш көркі жапырақ

9.Тіс тас жарады

Тас жармаса бас жарады

10.Інісі бардың тынысы бар

Ағасы бардың жағасы бар

11.Жаңбырменен жер көгереді

Батаменен ел көгереді

12. Оқу білім бұлағы

Білім өмір шырағы

13. Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

14. Ақыл -тозбайтын тон

Білім – таусылмайтын кен.

 

4-кезең  «Өлең сөздің патшасы»

Шарты:  Оқушылардың бірінші сыныптан жаттаған өлеңдерінен үзінді оқылады, оқушы жалғасын табу керек.

1.     Ғылым таппай мақтанба…..

2.     Тентек болсам ашынып

Жақсы іс қылсам асырып

Маған сақтап жүреді

Тәттіні де жасырып.

3.     Сәбилік көңілден

Арналды бұл әнім

Баулитын өмірге

Ақылшы мұғалім

4.     Саған білім жемісін…..

5.     Гүлдердің ертемен

Қауызын ашқанда

Көктемнің көкпеңбек

Мөп-мөлдір аспанын…..

6.     Мен оның күнін сүйем, түнін сүйем…..

7.     Туған тілім-бабам тілі- өз тілім…….

8.     Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн,

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн.

9.     Көгінде күн нұрын төккен….

 

 

Қорытынды

Ең көп балл жинап жеңіске жеткен топты марапаттау…..