Өзін-өзі сүйемелдеп ән айту


 Аскаров Жандос Серикович
 Саран қаласы «Балалар өнер мектебі»КМҚК домбырамен ән салу сыныбының оқытушысы

Орындаушының естуді бақылау ән айту мен сүйемелдеу кезінде дыбыстық теңдікті сақтау мүмкіндігін қалыптастыру.

Орындаушылық дағдыға сәйкес болып келетін вокальды аспапты іс- әрекеттің нақты үйлесімділігін жасау.

Сүйемелдеу партиясын бірте-бірте күрделендіру.

Музыка туралы әңгіме тыңдай отырып, балалар композитордың өмірі, шығармашылығымен танысады. Осылайша муызкаға деген қызығушылығы, эмоциялық көзқарасы, қалыптасады. Және шығарманың мәнерлік құралдары болатынын ажырата алатын болады.

Халқымыздың музыка тілін терең түсінетіндігі ертеден –ақ аңыз болып тараған. Оған мысал ретінде «Ақсақ құлан» т.б. көптеген күй аңыздарын алуға болады. Бүгінгі таңда музыка мамандарының алдында тұрған мәселелердің бірі осы ата-бабаларымыздай музыканың құдіретін терең  түсініп, оны  өзінің   рухани  азығы   етіп,  адам  өмірін  нұрландыруға, ат салысатын музыканың білімді азамат тәрбиелеу. Оның түп-тамыры, негізі музыканы қабылдай білуде жатыр.

Баланы музыка тыңдауға, тыңдай отырып оны сапалы түрде қабылдауға, баулу музыкалық тәрбие беру жұмысындағы міндеттердің бірі. Өйткені ол оқушының музыкалық мәдениеттілігін қалыптастырудың алғы шарты болып есептеледі.

Музыканы тыңдаған кезде бала еркін отыруы керек, бұл тәсіл орындалып, жатқан шығарманы қозғалмай байсалды тыңдауына  мүмкіндік береді. Сондай-ақ музыка тыңдап отырған кезде, сөйлеуге, мұғалімге сұрақ қоюға болмайтынын білу керек. Бірте-бірте мұғалім балалардың музыканы тыңдай білу мәдениетін қалыптастырады. Музыка тыңдау барысындағы мұғалімнің жүріс-тұрысы, өзін ұстауы өте үлкен рол атқарады.

Мұғалім тыңдауға ұсынған шығарманы өзі орындаса, мүмкіндігінше нотасыз ойнауға тырысу керек.

Вокальдық педагогикалық талаптарына сай балаларды ән өнеріне баулуда тәжірибеде қолданылатын арнайы ән жаттығуларының алатын орны ерекше. Сабақтың мақсатына сай өз орнын тауып қолданылған. Жаттығулар тек дауыс аппаратын ән айтуға дайындап қана қоймай, белгілі бір орындаушылық шеберлікті дамытуға байланысты дағдылы қалыптастырады.

Музыкалық шығарманы игеру, оның мәніне терең бойлай ену дәйекті де ұзақ процесс. Музыкалық шығарманы ұжымдық үйренуге кірісе отырып, шығарманың музыкалық тексін дәлме-дәл орындау, шығарманың жалпы сипатын формасын, ладтық-гармониялық негізін, ритм мен әуенінің сипатын анықтау, музыка дыбысын шығарудың барлық тәсілдерін белгілеу, бүкіл пьесса бойына дыбыс күшін бөлу, вокальдық және аспаптық топтарының және топтығы әрбір партияның дыбысының тепе-теңдігіне қол жеткізу, ансамбльдің орындаушылық шеберлігінің дәлдігіне жету қажет.

Шығармашылық мазмұнын ашу бөліп-бөліп орындаудан біртіндеп негізгі мағынасын және оның көркемдік детальдарын тұтас біріктіруге дейін жүреді. Осыдан келіп шығарманы үйрену методикасы мынаған саяды. әдеби және музыкалық тексті, шығарманың әсерлілік құралдарын, музыкалық образдың сипатын талдау; шығарманы орындаудағы қиын тұстарды анықтау; ансамбльдің орындаушылық мүмкіндігімен оны «өлшеп-пішіп» көру; қиын тұстарды ойлап үйрену жөніндегі жұмыс әдістемесін анықтау; көркемдік – орындаушылық ой-тұжырымды әзірлеу.

Шығарманы үйрену үстінде оның ұлттық ерекшелігін оның ұлттық ерекшелігін анықтап алу қажет. Бұл көркем образдың мәніне терең бойлай ену үшін маңызды. Халық музыкалық творчествосының элементтерін; халық аспаптарының өзіндік ырғақтарын, ладтарын, тембрларын, халықтық орындаушылық өнер тәсілдерін пайдаланып үйрену керек.

Сондықтан біз халық-музыкалық творчествосын үйренуді шартты түрде бірнеше кезеңдерге бөлеміз. Вокальдық – аспаптық ансамбльдің оқу сабақтары ән айтудан, вокальдық – есту және аспаптық құлақ күйі келтіруден басталады. Шағын жаттығуларды, репертуардағы әндерден үзінділерді әндету, ансамбльдік орындау дағдыларын жетілдіруді көздейді.