«Музыкалық іздер» ашық сабақ


Жумабаева Айнур Амантаевна

Ақмола облысы  Целиноград ауданы №5 Ақмол орта мектебінің

Музыка пәні мұғалімі

Музыка пәнінен ашық сабағы.

Мұғалім: Жумабаева Айнур Амантаевна

Сынып: 1 «з»

 

Сабақтың тақырыбы: Музыкалық іздер
Сабақтың мақсаты:  эстетикалық қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту, дүниетанымын кеңейту. Қария кісілерді  құрметтеуге тәрбиелеу. Отбасылық достықты қадірлеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: Әңгімелесу, сұрақ-жауап, талдау,ойын, өз пікірлерін айту.
Көрнекілігі: фотосуреттер, іздердің қиындысы, үлестірмелі ноталар, үнтаспа, слайд.

Жоспар:

І. Психологиялық дайындық. Шаттық шеңбер.

2 топ құру. Музыкалық іздермен жүру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Сабаққа қызығушылығын ояту. Слайд арқылы отбасы туралы әңгімелесу

ІV. Жаңа ән тыңдау. Орындау. Жаттау.

Сергіту сәті.

VІ. Ән тыңдау.

VІІ. Ансамбль құру.

VІІІ. Үйге тапсырма.

ІХ. Рефлексия.

 

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

-Сәлемдесу.

-Сыныпты сабаққа даярлау. (Шаттық шеңбер)

Сендерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын.

Кел, балалар, келіңдер. Қолдарыңды беріңдер. Шаттық толы шеңберге, қуанышпен еніңдер.

–         Армысың, Әлем!(Қолдарын жан-жаққа созады)

–         Армысың, Жарық күн! (Қолдарын жайып, көкке көтереді.)

–          Армысың, абзал Адам! (Қолдарын келген қонақтарға алға созады)

–         Армысың, менің досым!(Қасындағы досына қарайды)

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (Сұрақтар арқылы)

Музыкада неше дыбыс бар? (7-дыбыс)

Ноталарды әндету.

Дауыс шығару жаттығулары.

Үйге қандай әнді жаттауға бердім? «Көңілді музыкант»

«Көңілді музыкант» әнін орындату.

 

ІІІ.Қызығушылығын ояту.

(Сұрақтар, слайд арқылы жаңа тақырыпты ашу.)

-Жұмбақ арқылы туыстарымызды табу.

-Отбасы жайлы әңгіме құру.

-Слайдтағы суреттерді әнгімелеу.

-Отбасы мүшелерінің есімдерін айтқызу.

-Отбасының қандай ортақ мерекелері болады?

Сергіту сәті.

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

 

VІ. «Етікші ата» әні.

Балалар енді  «Етікші ата» әнін тыңдайық.

-Бұл әннің тақырыбы кім жайында?

-Әннің көңіл-күйі қандай?

-Әннің жылдамдылығы қандай( екпіні)?

-Әннің қайырмасында – «тук, тук» деген дыбыстарды дауыстаймыз, ол ненің дыбысы деп ойлайсыңдар?

Дәптермен жұмыс. Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

VІІ. Аспаптарда ойнау. Ансамбль құру.

VІІІ. Үйге тапсырма.

«Етікші ата» әнін жаттау.

ІХ. Рефлексия. Смайликтер арқылы бағалау.

Оқушыларды бағалау

 

 

 

 

 

Метки: , , , , ,