Ашық тәрбие сағаты “Ата-ананы қадірлеу-парыз!”

Ташқара Ұлджан Азимбекқызы

Түркістан облысы  Қазығұрт аудандық білім бөлімінің

«Жаңаталап»  жалпы орта білім беретін мектеп» КММ мұғалімі

 

 

 

 

 

 

Ашық тәрбие сағаты

Тақрыбы:  Ата-ананы қадірлеу-парыз!

Сыныбы:  6 «А»

Сынып жетекшісі:  Ташқара Ұлджан Азимбекқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңаталап  2018-2019ж

Ашық тәрбие сағаты

Сынып: 6 «А»

Тақырыбы: Ата –ананы қадірлеу – парыз!

Мақсаты: оқушылардың бойында ата-анаға деген ерекше жылы сезім қалыптастыру, ата-ананың бала өміріндегі рөлін түсіндіру, ата-ананы құрметтей, сыйлай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: оқушылардың ата-анасымен түскен суреттерінен слайдтар, әке, ана туралы мақал-мәтелдер, цитаталар: «Адам жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды», «Ата-ананың қадірін білмеген –халық қадірін білмес».
Ата-ана туралы  видео роликтер, тақпақтар.

Тәрбие сағатының        барысы:

І . Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалімнің сөзі:

Қайырлы күн ! Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Келіңіздер шарттық шеңберін құрайық. Жылы жүректен-жақсы  тілектерді бір-бірімізге білдірейік. Жақсы тілекті мен қалай бастасам сездер солай аяқтайсыздар.Ата –анаңды әрқашан қадірле!

Балалар, бұл өмірде ең қымбат  және сіздер үшін өз өмірін құрбан ететін кімдер деп ойлайсыздар?

Ата-ананы қадірлеу біздің міндетіміз бе алде парызба қалай ойлайсыздар?

Бүгінгі біздің тәрбие сағаттымыздың тақырыбы ашылған сиақты. Ата-ананы қадірлеу – парыз деп аталады.

Мұғалімнің кіріспе сөзі. Ата-ана – әрбір адамның қайтып соғар қазығы. Оған деген сүйіспеншілік тек жүректен шығу қажет. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде ештеңе жоқ. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың ата-ана алдындағы парызын   өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады.«Әкеге бағыну – тәңірге бағыну» деп әкені одан бетер дәріптеген. Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымызда адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік парызын бір сәтке де есінен шығармауына арналады.

 

Қазақта әдемі сөз бар емес пе? Ата-анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңды өтей алмайсың.Осы сөздің астарында үлкен мән жатыр. Ата-анамызды шексіз сүйетін бала есебінде,келешекте ата-анамызды Меккеге апарамыз деген арманды жүзеге асырудың сәті түсіп тұр балалар!

 

Бүгін бір сәтке ата-анамызды алып жолға аттанайық . Ал ол үшін ұшақ билеттерін алып орындарыңызға жайғасуды сұранамын (слайд 2 ұшақ)топқа бөлу.

ІІ. Жаңа сабақ

1топ  -әкешім,  2топ -анашым.

Балалар сендер Мекке қаласының қай жерде орналасқанын білесіздер ме?

( 3 слайд карта )

Ұшаққа жайғастық. Енді сапарымыз сәтті болу үшін мына видеороликті көріп , сұраққа жауап берейік. ( слайд 4-5 , ата-ана тұралы роликтер.)

1-   тапсырма  Ой толғау

Әке ролигіне байланысты сұрық «Әкешім» тобына сұрақ 1. Бұл видеороликтен не түйдіңіздер ? 2. «Ата-анаңа не істесең, алдыңа сол келеді…..»деген сөзді қалай түсінесіздер? Оқушылардың жауаптары; әкеңді тағдыр тәлкегіне тастамау керек . Ата-анаң тентек болса байлап бақ қазағымыздың сөзі бар.

Ал енді ана тұралы роликке назар аударыңыздар! «Анашым» тобына сұрақ 1. Бұл видеороликтен не түйдіңіздер ? 2.  Өмірінің бәрін бізге  арнайтын анаға сіздер қандай іс-әрекет  немесе сөздеріңізбен  жауап қайтарып жатырсыздар?( оқушылардың жауаптары)

Дұрыс балалар , әр топтың жауабы құнды , сендердің белсенділіктеріңнің арқасында біз аспанға сәтті көтерілдік.

Міне Меккеге де келіп жеттік  (6 -слайд) мына адамдардың арасынын өтіп қасиетті Қағба тасына жақындау үшін  екі топ ата-анамыз жайында мақал -мәтел айтыңыздар

 

 

2– тапсырмы Эссе  Ата-ананы қадірлеу – парыз!

Әр топтан оқушылар жазған әсселерін оқиды

Жарайсыңдар балалар! Жолымызды әрі қалай жалғастырайық

3-    тапсырма  Ата-ана жайлы мақал- мәтелдер

.Әр  топ 10 мақал- мәтелден айтыңыздар. Міне балалар сіздердің мақалдар ға да жүйрік екендеріңізді байқадым. Бұл тапсырманы да сәтті орындап шықтыңыздар сапарымызды әрі қалай жалғастырамыз.

 

 

(7 слайд) Қасиетті Қағба тасыда көрінді оған жету үшін дағы бір тапсырма орындаймыз . Бұл жерде тағыда сездердің ұшқыр ойларыңыз қажет .

4-   тапсырма   Ата-ана жайлы өлең топтамасы

Барлықтарыңыз әке тобы әке жайлы ал анашым тобы аналар жайлы өлең шумақтарын айтыңыздар.

Рахмет балалар бұл тапсырманы да ойдағыдай орындадыңдар.

Міне қасиетті Қағба тасына да келіп жеттік (8 слайд. )

ІІІ . Қорытынды:

Бұл жол сапарымызбен ата-анамызды разы еттік деп ойлаңыздар.  Ата-анамызға деген жүрек түбіндегі ыстық ықласымызды ән жолдарымен жеткізейік.Әке –ана өлеңі 6 «А»сынып  оқушыларының орындаунда

Балалар бүгінгі жол сапарымызда бізбен бірге ,ұшақ ішінде басқа да қонақтар болды ал енді сол қонақтарға  сұрақ ұсынайық , себебі бүгінгі сабағымыздың мақсаты айқындала түссін. Конверт-сұрақ

Әрқашан  жақсылық тілейтін пендеміз ғой, сондықтан  ізгі тілекпен жақсы ниетпен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтайық.

Ізгі  ілтипатпен жүздескенше күн жақсы болсын!

 

 

 

 

Конверт- сұрақтар

 

Ата – анаңыз  қай  кезде өзін бақытты санайды?

 

 

 

 

Ата-анаңыздың қалай танысқанын білесіз бе?

 

 

 

 

 

Ата-анаңызға сонғы рет қашан сыйлық жасадыңыз?

 

 

Ата –анаңызға «Сізді жақсы көрем!»  деп айтасыз ба, әлде  ұяласыз ба?

 

Ата- анаңызға деген сағыныш сезімін өз бойыңыздан байқайсыз ба?

 

 

 

Ата- анаңызбен көп сырласасыз ба?