Жаңа технологияларды тиімді пайдалану арқылы мектепке дейінгі мекеменің біліктілік сапасын көтеру


«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деп елбасымыз
Н. Ә. Назарбаев айтқандай
қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы – мектепке дейінгі ұйымдардан басталған орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс – тәсілмен берілетін тәлім – тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, жан – жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы ізгілікті, мағынасына өшпейтін із қалдырады. Баланы мектеп алды даярлау үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген интерактивті бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі – мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс – әрекеттерін бастар алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланар еді.
Педагогикалық процестің негізгі бағыты әрбір жеке тұлғаның мәдениетін тәрбиелеу, әрбір баланың жеке дара ерекшелігін ескере отырып, педагогикалық процестің алдына қойылған міндеттерін іске асырудың ең тиімді әдіс, тәсілдерді, ұйымдастыруға қойылған міндеттерді іске асыруда жеке тұлғаны жан – жақты етіп қалыптастыру бірлікте шешімін табады.
Заманауи инновациялық әдістерді мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында қолдану арқылы, балаларды шаршатпай, жалықтырмай, жан – жақты дамуына тигізер үлесі өте зор.
Қазіргі таңдағы білім беру технологиясының қатарына мыналар кіреді:

1. Оқыту технологиялары

2.Денсаулық сақтау технологиясы

3. Жоба  іс-шығармашылық технологиясы

4.Қатынастық ақпарат технологиясы.

5.Ойын технологиясы

6. Тәй-тәй технологиясы

7. М.Монтессори әдіс-тәсілдері

Ал, технологиялық білім дегеніміз-білім, біліктілік, интелектуалдық кәсіптік әдіс -тәсілдерді қолдану. Жаңа технология бойынша білімді үнемі бүгінгі жас ұрпақ тәрбиеленушілерге меңгертіп отырсақ, балалардың жаңаша көзқарас үрдісі дамиды.
Білім берудің алғашқы деңгейі балабақшадан басталады. Біз күнделікті оқу қызметтерін  Тәй-тәй технологиясының элементтерін пайдалана отырып, орталықтарға бөліп ұйымдастырамыз, бұл технологияның тиімділігі балалардың қай салаға жақын екендігі айқындалып, ата-анамен байланыс нығаяды. Сонымен қатар түрлендіріп  қойылым ойындарын көптеп қолданамыз, бұл ойынның мақсаты бала белгілі–бір бейнені орындай отырып, өзіне деген сенімділік пайда болады. Баланың жан-жақты дамуында дамытушы ортаның  маңызы зор. Монтессори технологиясын қолдану арқылы балалардың қол маторикасын дамытып, өз беттерінше жұмыстар атқарып, қиыншылықтарды жеңе білуге, еркін ойлауға тәрбиелейміз. Бірақ, ол үшін тәрбиешілер арнайы курстардан өтіп, топтар құрал-жабдықтармен жабдықталу керек. Бізде қазір ондай мүмкіндіктер болмай тұр.

Кез-келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық психологиялық, педагогикалық шеберлікті, бала дүниетанымын терең танып, ұғына білуді мақсат етеді. Жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану және оны ұйымдастыруға ақпарат құралдары да, талапқа сай болу қажет.
Қазіргі таңда ешбір жас ұрпақ білімсіз болып қалмауы тиіс. Міне, жаңа технологияның тиімділігі баланың жан-жақты құзіреттілігін дамытып, білімді ұрпақ тәрбиелейді. Әрбір технологияның өзіндік ерекшелігі бар. Бала толыққанды жетіліп, ата-анамен байланыс күшейеді. Жаңа технологиялар бала бойына білімге әуестік, білімқұмарлыққа баулуы тиіс. Білім беру үрдісіндегі алға қойылған басты мақсат баланың білім беру мазмұнын толықтырып, жаңаша көзқараста, жаңа технология бағытында жұмыс жүргізіп, баланың өмірін жаңаша ортада, жаңа бағытпен ұйымдастыру.
Бала құзіреттілігінің белсенді дамуы балабақшадан бастау алады. Бұл бастаманың негізгі міндеті балаларды заман талабына сай, әлемді шынайы қабылдауға дайындау. Болашақта балалар өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, дұрыс шешім қабылдауы тиіс. Ендеше баланың ойлау қабілетін жан-жақты дамыту мен шығармашылық ізденіс дағдыларын үйренейік, үйретейік. Өйткені оқыту технологиясы педагогикалық үрдістің сапасын жетілдіруді талап етеді.

Денсаулық сақтау технологиясы.
Денсаулық сақтау технологиясының мақсаты баланың денсаулығын нығайтуға, білім дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары, баланың денсаулығы мен оның дене бітімінің қалыптасуына үлкен үлес қосады. Қазіргі таңда адамдардың даму жағдайында оның денсаулығын қалыптастыруда  реттік жүйесіз мүмкін емес.
Денсаулық сақтау педагогикалық технологиясын мына төмендегілермен тығыз байланыста болады:

– Мектепке дейінгі мекемелермен;
– Ондағы балалардың күнделікті қатынасуы;
– Тәрбиешілердің жұмыс бағдарламасы;
– Мектепке дейінгі ұйымдардағы іс-шаралар;
– Педагогтың кәсібі құзіреттілігі;
– Балалардың денсаулық көрсетілімі;

Денсаулық сақтау технологиясы мынадай топтарға жіктеледі:
Әдістемелік-профилактикалық:

– медбикенің жетекшілігі мен медициналық талаптардың нормасына байланысты. Медициналық құралдарды қолдану және балалардың тамақтануын қадағалау, алдын алу іс-шараларын жүргізу.
Сауықтыру-шынықтыру:

– бұл балалардың денсаулығын нығайтып, шынықтыруға бағыттау. Физикалық дамуының сапасын жақсартуда шынықтыру, тыныс алу жаттығулары жатады.
Денсаулық сақтау технологиясына сенсорлық дамыту ортасын ендіру.
Жобалау шығармашылық технологиясы мақсаты  әлеуметтік тұлғалық тәжірибені дамыту және байыту. Тәрбиешілер өз іс әрекеттерінде жобалау технологиясын қолданады. Жобалау классификациясы «Ойын түрінде» барлық топтың қатысуымен өткізілетін сабақтар (ойындар, ұлттық билер, драматизациялау, әр түрлі көңіл көтерулер)
«Саяхаттау» – қоғамдық өмірдегі айналамен танысудағы қиындық мәселесін шешуге бағытталады.
«Баяндау» – балалар өз сезімін көркемдеп, музыка арқылы, ауызша, жазбаша, жеке дауыста жеткізуді үйренеді.
«Құрастыру» – анық пайдалы заттарды жасауға бағытталған; (құс ұясы, гүлзарлар құрылымы.)

«Жоба түрлері»
Басымдылық әдістемесі бойынша.
– Іздену.
– Ақпаратты.
– Шығармашылық.
– Ойындар.
– Болған жағдайлар.
– Практикалық бағыттаушы.
Мазмұны бойынша төмендегідей:
– Баланы және оның отбасын қатыстыру
– Бала және табиғат.
– Бала және қоршаған әлем.
– Бала, қоғам және мәдени құндылықтар.
Триз технологиясы міндетті түрде қолданылады.
Экспериментті-ізденіс әдіс-тәсілдерін ұйымдастыру.
– Шығармашылық.
– Эверистикалық әңгімелер
– қиындық туғызатын сұрақтардың шешімі мен құрылымы.
– Бақылау.
– Модульдік (жансыз табиғаттың өзгерістерінің модульін құру)
– Тәжірибелер.
– Қорытындысына баға беру.
Бақылау, тәжірибе, эксперименттер, еңбек іс-шаралары.
«Жүктеу» – бояуға, дыбыстауға, табиғаттың бейнесі және иістер.
– табиғаттың дыбыстарына, дауыстарына еліктеу.
– көркем сөздерді қолдану.
– дидактиқалық ойындар, үйретуші ойындар және шығармашылық даму жағдайлары.
– еңбек ету
Ақпараттық –қатынастық технологиясы.
Ата аналарының өскен ортасынан заманауи бала түбегейлі бөлініп тұрады.
(қазіргі кездегі компьютерлерді қолдану технологиясы)
Қоғамдық ақпарат педагогтар мен балалар алдында мынандай міндеттер қояды:
Міндеттері:
– жаңа заманға қадам басу
– жаңа технология әлеміне балаға жол серік болу.
– компьютерлік бағдарламаға тәлімгерді таңдау.
– Ақпараттық мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру.
-педагогтардың профессионалдық деңгейін және ата –аналардың құзыреттілігін көтеру.
Бағдарламаны жіктеу:
– ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту
– шет тілінде сөйлейтін сөздік
– қарапайым графикалық редактор
– ойын-саяхаттар.
– оқуды, математиканы үйрету.
Өмір талабына сай жаңа технологияларды оқу процесі мен тәрбие аясында шебер қолдана білу тәрбиешінің міндеті болса, ертегілерді оқу қызметінде өз ретімен қолдана білсе тәрбиеленушілерді жан – жақты дамытуда ертегінің аса зор мәні бар екенін айқындайды. Оқу қызметі барысында ертегі кейіпкерлерінің жан – жақты мінез – құлықтарын айыра білу бойынша жақсы деген немене, жаман деген немене екендігіне көзін жеткізеді.
Барлық оқу іс – әрекетінде ертегілерді қолдану арқылы негізгі педагогикалық дәстүр пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады. Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Әсіресе адам өміріне байланысты іс – әрекет өткір сықақ – мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала жағымсыз кейіпкердің жексұрын әрекетінен бой тартып жақсылыққа құмартады. Ертегінің әр жақты сырын қызықты, тартымды, бала санасына лайықтай жеткізу айтушының шынайы шеберлігіне тікелей байланысты. Бақшада ертегі оқу, сабақта және сабақтан тыс уақыттарда өтіледі. Оқу жұмысы баланың жас ерекшелігіне орай жоспарланады. Сәбилер тобында ауызша әңгімелеп беру тәсілі қолданылады. Сәбилер тобында оқығанды тыңдату және әңгімелеп беру қатар жүргізіледі. Мұндай мақсат – ертегіні ауызекі әңгімелеуге төселдіре отырып оқылғанды шыдамдылықпен тыңдай білуге үйретеді.