« Тұздың кереметі»

Давлетова Дина Амановна

№ 5 “Еркетай” балабақшасы тәрбиешісі

Мақсаты: Балаларға тұздың пайдалы қазбаларға жататыны туралы мағұлматтар беру. Қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, білуге құштарлықтарын дамыту. Тәжірибе өткізу, ойлау, талқылау, дәлеледеу дағдыларын дамыту. Табиғат байлықтарына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Балалардың   тағы да басқа пайдалы қазбалар туралы білімдерін бекіту.
Қолданылатын құралдар: тұз сауыты, су құйылған 2 стақан, қағаз майлықтар, ұлғайтқыш әйнек, тұз, әр балаға 2 жұмыртқадан, банкалар, «Тұздың пайда болуы» тақырыбында слайд.
Алдын-ала жұмыс: 1. «Менің қалам» 2. «Біздің жер асты байлықтарымыз» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметі.
Мотивациялық- қозғаушылық кезең.Шаттық шеңбері: «Сәлем саған күн шуақ»
Тәрбиеші:Дымбілмес тұз туралы айтып беріңдерші деп келіпті.Тәрбиеші: Балалар,  Дымбілміске көмек береміз бе?
Балалар: Ия, көмектесеміз.
Ұйымдастыру- іздестіруші кезең.
Тәрбиеші: Онда жұмысқа кірісейік. Мен жұмбақ жасырамын сендер жауабын тауып көріңдерші.
Ол  болмаса астың дәмі кірмейді,
Кім бар екен әлемде оны білмейтін.   (Тұз)
Тәрбиеші:Балалар, айтыңдаршы тұз адамдарға не үшін керек?
Балалар: Ас дайындау үшін керек.
Тәрбиеші: « Ғажайып дорба» ойынын ойнайықшы.
Шарты: Ішіне тастар, құм, тұз, синтепон салынған 4 дорба беріледі. Дорбаны сипап сезу арқылы тұз салынған дорбаны табуды ұсыну.
Тәрбиеші: Тұздың қалай пайда болғанын білесіңдер ме?
Балалар: Жоқ, білмейміз.
Тәрбиеші: Ол үшін тұздың пайда болуы туралы слайдты тамашалайық.  (Слайдты тамашалайды)
Тәрбиеші: Балалар, біздер түрлі сутоғайларда тұздардың қалай пайда болатынын көрдік. Енді, мен сендерге тұздың қандай болатынын білу үшін тәжірибе жүргізуге ұсыныс білдіремін. Келісесіңдер ме?
Балалар: Ия, біздер келісім береміз.
Тәрбиеші: Тәжірибеге кіріспес бұрын, тұзбен жұмыс істеуде сақтауға тиіс қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп өтелік.
Балалар: Көзді қолмен ұстамау керек. Егерде денеде жара болса, тұзды жараға тигізбеу керек.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Сендерде қауіпсіздік ережелерін біледі екенсіңдер. Тәжірибеге кірісейік!
№1 Тәжірибе: « Тұзды зерттейміз»
Тәрбиеші: Тұздың түсі қандай?
Балалар: Тұздың түсі-ақ.
Тәрбиеші: Қолдарыңа ұлғайтқыш әйнекті алып, тұзға жақыннан қараңдаршы. Тұз неге ұқсайды?
Балалар: Тұз қант, ұн, қарға ұқсайды.
Тәрбиеші: Тұздың дәмін анықтап көрейікші. Ол үшін қасықтың ұшымен тұзды алып, тілмен жалап көріңдер.
(Балалар тұздың дәмін татып көреді)
Тәрбиеші: Тұздың дәмі қандай?
Балалар: Тұз-ащы.
Тәрбиеші: Қане,тұздың қатты немесе жұмсақ екендігін анықтап көрелік.Қолдарыңа қасық алып, тұзды езіп көріңдер.
( Балалар тұзды қасықпен итеріп көреді)
Тәрбиеші: Тұзға не болды?
Балалар: Тұз шытырлайды және езілмейді, өйткені ол қатты.
Тәрбиеші: Балалар, қалай ойлайсыңдар, тұздың исі бар ма? Қане, тексеріп көрелік. Ыдыстағы тұзды иіскеп көріңдер.
Балалар: Иісі шықпайды. Тұздың иісі жоқ.
Тәрбиеші: Балалар, қорытынды шығарайық: 1.Тұз кристаллға ұқсайды. 2. Шытырлайды. 3.Иісі жоқ, дәмі ащы.
Тәрбиеші: Балалар, шаршаған боларсыңдар . Қане, музыкалық үзіліс жасайық.
( Балалар тәрбиешімен бірге әуен ырғағымен қимылдар жасайды)
Тәрбиеші: Біздер қазір тұздың неге судан қорқатынын білетін боламыз. Екінші тәжірибе жұмысын жасауды ұсынамын.
№2 « Керемет су»
Тәрбиеші: Тәжірибеге 2 стақан су қажет: салқын және жылы. Қай стақанда қандай су барын анықтау үшін екі саусақпен стақанды ұстап көріңдер. ( Қай стақанда қандай су барын анықтайды)
Тәрбиеші: Балалар, көк сызығы бар стақандағы су қандай? Ал, қызыл сызығы бар стақандағы су қандай?
Балалар: Көк сызығы бар стақандағы су- салқын, ал қызыл  сызығы бар стақандағы су-жылы су.
Тәрбиеші: Әр стақандағы суға бір қасық тұз салып араластырыңдар.
( Тұзды салып араластырады, қай стақандағы тұздың тез еріп кеткенін бақылайды)
Балалар: Жылы судағы тұз тез еріп кетті.
Тәрбиеші: Қорытынды шығарайық.Салқын суда тұз жай ериді, ал жылы суда тұз тез ериді. Сендер қалай ойлайсыңдар, тұзды суда жұмыртқа батып кетеді ме екен? Қане, біздер оны бақылап көрелік.
№3 Тәжірибе: « Батады-батпайды»
Тәрбиеші:  Үстел үстінде екі стақан бар. Көк сызығы бар стақандағы суға 3 қасық тұз салып араластырып, тұзды су дайындайық. ( Балалар 3 қасық тұз салып араластырады)
Ал, қызыл сызығы бар стақандағы су тұщы су. Қолымызға жұмыртқаны алып, тұзды суға салайық.
Тәрбиеші:  Қай стақанда тұзды су бар?
Балалар: Көк сызығы бар стақанда тұзды су бар.
Тәрбиеші: Балалар, жұмыртқаға не болды?
Балалар: Жұмыртқа судың бетінде жүзіп жүр.
Тәрбиеші: Қане, балалар жұмыртқаны тұщы суы бар стақанға салып көрелік. Нені байқадыңдар?
Балалар: Жұмыртқа суға батып кетті.
Тәрбиеші: Балалар, біздер тұщы суға тұзды суды құйып араластырып көрелік. Нені байқауға болады екен. Ол үшін суды аздап және жаймен құйыңдар. Жұмыртқаға не болды?
Балалар: Жұмыртқа суға батпады, ол стақанның ортасында жүзіп жүр және үлкен, дөңгелек болып көрінеді.
Тәрбиеші: Сонымен, қорытынды: тұщы суда жұмыртқа батып кетеді, ал тұзды суда батпайды.
Тәрбиеші: Балалар, шаршаған боларсыңдар. Қане, музыкалық сергіту сәтін орындайық. (Балалар тәрбиешімен бірге қимылдарды әуенмен орындайды)
Тәрбиеші: Балалар, сендер Дымбілместі  қуантқыларың келеді ме?
Күтілетін нәтиже:Біледі: тұздың адам өміріндегі рөлі туралы түсініктің болуы.

Игереді: құралдармен мұқият жұмыс істеуді, тұздан кәдесый дайындаудың жолдарын  игеру.

Меңгереді: сұрақтарға толық жауап беру, өз ойларын жеткізе білу, тәжірибеге белсенді қатысуы.