«Жаңа жылдық ертегі» сценарийі


Нугманова Ботагоз Тулеухановна

воспитатель КГКП «Ясли-сад «Балбөбек» ГУ «Аппарат акима п. Затобольск Костанайского района»

Мақсаты: Балаларға жаңа жыл кешінде көңілді көңіл-күй сыйлау. Мерекенің қызықта өтуіне белсенділік таныту. Балалардың эстетикалық талғамын дамыту.

Барысы: Зал мерекесе сай безендірілген. Көңілді музыкамен залға жүргізуші мен екі бала кіреді.

Нұрай:

Уа, халайық жараңдар,

Айналаға қараңдар!

Жаңа жылдық бұл тойын,

Салтанатқа санаңдар

Қызық көріп, шат болып,

Шаттық сыйлап тараңдар!

Алихан:

Амансың ба халайық?
Жаңа жылды тойлайық
Ән салайық, билейік
Мерекені көрейік
Жүргізуші:

Құрметті ата-аналар, әріптестер ортаңғы топтың балаларының Жаңа жылға арналған ертеңгілігін бірге тойлайық! Ол үшін «Еркетай» тобының балаларын ортаға шақырайық.

Балалар залға қол ұстасып кіреді де, шыршаны айналып билейді.

(бидің соңында жартылай шеңбер жасап тұрады)

Тақпақтар:

Ержан:

Жүзімізде күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.

Алдияр Д:

Жаңадан тақпақ

Аламыз жаттап,

Жаңа жыл келді

Жаңа жыл  аппақ

Алихан:

Бүгін біз көңілдіміз,
Жаңа жылды қарсы алып

Мерекеге келгендерді,

Құттықтаймыз ән салып.

Жүргізуші: Балалар, біз осы әсем безендірілген залға қандай мерекені тойлауға келдік?

Балалар: Жаңа жыл мерекесін.

Жүргізуші: Балалар, жаңа жыл мерекесінің көркі не?

Балалар: Шырша

Жүргізуші: Ендеше осы шыршамызға арнап ән айтып берейікші.

Ән: «Шырша біздің ортамызда»

Балалар орындарына отырады.

Жүргізуші: Балалар мен бүгінгі біздің мерекемізге Шрек пен Феонаны қонаққа шақырдым. Олардың келетін уақыты болды, олар қайда жүр екен? Ой, естіп тұрсыңдар ма, бір дыбыс естіледі. Шрек пен Феона келе жатқан шығар.

Осы кезде музыка ойналып, залға жалғыз Шрек келеді.

Шрек: Сәлеметсіздер ме, қонақтар, балалар! Сендер бәрін қандай әдемісіңдер.

Жүргізуші: Еркетай тобының жаңа жыл мерекесіне қош келдің Шрек мырза, Феона қайда?

Шрек: Ол мерекеге әдемі көйлегін киіп келуге кетті. Қазір келіп қалатын шығар.

Жүргізуші: Ендеше сіз отырып, біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыз.

Назар:

Возле елочки — подарки,
Вокруг елки — хоровод.
До чего же праздник сладкий
Этот славный Новый год.

Ясмина Б:

Шыршаға бардық

Әсем  ән салдық

Аяз  атадан

Сыйлықтар алдық

Дария:

Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдыз

Көз тоймайды қараса

Жасмин:

Жаңа жыл,жаңа жыл

Тамаша тойымыз

Алақай,алақай

Өседі бойымыз

Ән: «Маленькой ёлочке»

Осы кезде тарсылдап біреу келе жатады.

Жүргізуші: Бізге Феона да келіп қалған сияқты

Осы кезде залға Феона емес, Сиқыршы Фея кіреді.

Сиқыршы Фея: Мен келдім балалар, мені сағынып қалдыңдар ма?

Тәрбиеші: Балалар кім мынау бізге келген?

Сиқыршы Фея: Кім? Кім? мен Феонамын, мені өздерің шақырған жоқсыңдар ма?

Тәрбиеші: Балалар мынау шынымен Феона ма? Бірақ сіз Феонаға ұқсамайсыз ғой.

Сиқыршы Фея: Неге ұқсамаймын? Балалар айтыңдаршы мен нағыз Феона емеспін бе?

Балалар: Жоқ, сіз Сиқыршы Феясыз.

Шрек: Сонда менің Феонам қайда?

Сиқыршы Фея: Ха-ха-ха, мен оны сиқырлап тастадым. Себебі сендер мені мерекелеріне шақырмадыңдар! Енді Феонаны босату үшін сендер менің көңілімді табыңдар!

Тақпақтар:

Мадияр:

Дед Мороз уже в пути,
Приготовлю я стишки,
Буду всем добра желать,
И конфеты получать!
Әмір:

Жасыл шырша жайнаған,

Жарқыраған нұрменен

Қандай  ғажап айналам,

Құлпырғандай гүлменен.

Аружан:

Ән: «Аппақ-аппақ»

Би: «Шырша биі»

Тәрбиеші: Қалай Сиқыршы Фея саған біздің балаларымыздың  өнері ұнап жатыр ма?

Сиқыршы Фея: Ия, бәрі тамаша бірақ менің көңілім әлі көтерілген жоқ.

Тәрбиеші: Мүмкін біздің балармен ойын ойнарсың?

Сиқыршы Фея : Ойнасақ, ойнайық.

Ойын №1

Сиқыршы Фея: Уф, рахмет сендерге балалар! Көңілімді көтердіңдер! Енді мен уәдемде тұрып Феонаны босатайын. Енді ешкімді сиқырламаймын!

Сау болыңдар!

Осы кезде Феона кіреді.

Би «Вальс»

Жүргізуші: Балалар, ендеше жаңа-жыл мерекесіне келетін Аяз Ата мен Ақшақарды бәріміз шақырайық.

Балалар: Аяз Ата,Ақшақар ау-уууу! (3 рет қайталап айтады).

Аяз Ата мен Ақшақар келеді.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Аяз Ата Ақшақар. Біздің мерекемізге қош келдіңіздер!

Ақшақар: Шыршаларың керемет қой, өзі сондай әдемі екен, бірақ шамдары сөніп тұр ғой. Кәне, бәріміз шыршаға үрлейік. Қатттырақ.

Барлығы бірге Аяз Ата, Ақшақармен үрлеп шыршаны жандырады.

Аяз-Ата: Балалар, мен сендердің дауыстарыңды сағындым, кәне, маған бір жақсы ән айтып беріңдерші.

Жүргізуші: Аяз Ата біздің балаларымыздың сіздерге дайындаған әндері мен билерін тамашалаңыздар!

«Аяз Ата» әні.

Аяз-Ата: Ой, қандай керемет ән! Бір түрлі қобалжып кеттім.

Жүргізуші: Аяз-Ата, біздің бүлдіршіндеріміз әнмен қоса биді де жақсы билейді, кәне ортаға кішкентай Санта Клаустарды шақырып биін тамашалайық.

Би: «Санта Клаус»

Аяз Ата: Сендер өте жақсы ән айтып, би билейді екеңсіңдер! Жарайсыңдар, Балалар сендер ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ме? Ендеше Ақшақар немерем мына балалармен бір ойын ойнап жіберейік.

Ойын:

Аяз Ата: Уууффф, шаршап қалдым ғой.

Жүргізуші: Аяз Ата сіз шыршаның түбіне отырып біздің балалар Ақшақар екеуіңізге жаттап келген тақпақтарын отырып тыңдаңыз.

Тақпақтар:

Ерали:

Көрікті, бөрікті

Аяз ата келіпті

Беріп жатыр таратып

Алма,анар,өрікті.

София:

Сағынып көп күткен

Атамыз келеді

Алақай ,алақай

Көп сыйлық береді

Нұрай:

Аяз ата келеді

Тамашаны көреді

Риза болып қуанып

Бізге сыйлық береді

Айдана:

Біз ақшақар боламыз,

Әсем әнге саламыз.

Жаңа жылда би билеп,

Шаттанамыз бәріміз.

Аяз-Ата:Ой, қандай өнерлі балалар, келіңдер, сендерге кәмпит берейін.

Мен бүгін біраз жасарып қалдым. Сендермен кездескеніме өте қуаныштымын.

Ақшақар: Аяз-Ата, балаларға сыйлықтар әкелдің бе?

Аяз-Ата: Әрине, мен бір қап сыйлық әкелдім.

Аяз-ата мен Ақшақар сыйлықтар таратады.

Аяз-Ата, Ақшақар: Ал, балалар, біз қайтайық. Бізді басқа балалар да күтіп отыр.

Жаңа жыл құтты болсын,

Жаңа жыл мол табыс әкелсін.

Денсаулықтарын мықты болсын,

Сау болыңдар, балалар!

Жүргізуші: Ал, құрметті қонақтар! Осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Біздің осындай өнерлі, сүйкімді, ақылды, тәп-тәтті бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет. Сау-саламат болыңыздар!