Открытый урок по казахскому языку : “Тіл – тақтан да биік”


Кайдарова Сара Ермековна,

учитель казахского языка и литературы.

Акмолинская область, г. Степногорск,

КГУ ОСШИОД № 4 “Болашак”

специализироанная школа-интернат

для одаренных детей.

Эпиграф: «Ана тілінен айырылған адам өз халқы  жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады».

                                                                                                                Ғ.Мүсірепов   

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларды өз ана тілінің қадір – қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету.
  2. Дамытушылық: Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал – мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, cатылай кешенді талдау технологиясын қолдана отырып оқушылардың ой – өрісін дамыту.
  3. Тәрбиелік: Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту, бірлесіп білім алу, жекелей, жұптық, топтық                                                                                            Әдіс- тәсілдері:  Сұрақ – жауап, дәлелдеу, кеңейту, мақал – мәтелдер.сөйлесу, әңгімелеу

Көрнекіліктер: Тіл туралы нақыл сөздер, презентация, үлестірмелі материалдар, интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақтың жүру барысы:

Новый рисунок

Новый рисунок (1) Новый рисунок (2) Новый рисунок (3) Новый рисунок (4) Новый рисунок (5) Новый рисунок (6) Новый рисунок (7) Новый рисунок (8) Новый рисунок (9) Новый рисунок (10)

Мәтін

Тіл туралы

 Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы.Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ тілі қасиетті, қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз.Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды.Еліміз Қазақстан Республикасы егемен ел атанды. Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды. Президентіміздің 2003 жылғы 15 қарашадағы жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күні ретінде атап өтілетін болды.Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді.Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз.Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.

 

Тапсырма: 

  1. Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу, аудару.
  2. 5-6 сұрақтар құрастыру.
  3. Сұхбат құрастыру (жұптық жұмыс).
  4. Жазбаша мәтіннен екі жай сөйлемдерден 1 салалас, 1 сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастыр. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.
  5. 1 зат есімге, бір сын есімге, бір етістікке морфологиялық талдау.

 

Сөздік жұмысы                                                                                    

үнімен – звуками

үндесіп жатады – сливаеться

біртіндеп – постепенно

сіңеді – впитывается

қадыр-қасиетін – достоинство, репутация, престиж

ұмтылады – стремяться

кез келген – любое

айрықша – особенно

қабылданды – был принят

жарлық– указ

пікір алмасады – обмениваються мнениями

игеру – осваивать, усваивать

даналы – мудрый

 

Мәтін

« Асыл қазына»

 

Өте ертеде бір дана қария өмір сүріпті. Ол дүниеден көз жұмар алдында қасына ұлын шақырып алып:

– Балам, менің мына дүниемен қоштасар күнім жақын. Өзіңе қалдырып бара жатқан бір асыл қазынам бар. Сен соны іздеп тап, ұқыпты пайдалан, ұқыпты қолдан,- депті….

Күндердің күнінде бала әкесі қалдырған қазынаны іздеймін деп әбден шаршайды. Бірақ әкеден қалған қазына таптырмайды. Амалы таусылған бала ел ішіндегі көпті көрген бір қариядан сұрайды.

– Әкеңнің сөзі рас, балам. Оның саған қалдырған мұрасы – тіл. Сенің әкең сөзге шешен кісі еді ғой. Бәріміз де сөз асылын сол кісіден үйрендік. Тілден қымбат қазына жоқ,- деп ақылгөй қария аталы сөздің шешуін айтып беріпті.

 

Тапсырма:

  1. Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу.
  2. Мәтін бойынша пікірлесім.
  3. Төмендегі сұрақтарға жауап бер.

 

А) Философиялық сұрақ.

1) Тілді неліктен мұра етіп қалдырған?

( Халықтың талай ғасырлар барысында жасаған материалдық байлығы мен рухани мәдениетін, әдебиетін, ұлттық дәстүрін ұрпақтан – ұрпаққа жеткізетін тіл. Қарияның баласына қалдырған асыл мұрасы – тіл арқылы жететін өнер – білім, мәдениет, ғылым, өткен – кеткен тарих, ата – баба дәстүрі.

 

Ә) Мәселелік сұрақтар.

1) Тілден қымбат қазына жоқ дегенге келісесіңдер ме?

2) Ана тілін неліктен қымбат қазынаға теңейді?

Б) Жеңіл сұрақтар.

1) Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?

2) Тілді үйрену не үшін керек?

3) Сенің досың қазақша сөйлей ме?

4) Үйде ата – анаңмен қай тілде сөйлесесің?

5) Полиглот деген кім?

Метки: ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *