Ешкі мен түлкі ертегісі


Ахметова Алмагүл Алибековна

СҚО, Мағжан Жұмабаев ауданы «Надежденская орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Күні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны: 10

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы Ешкі мен түлкі ертегісі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Тыңдалым: Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби мәтіндердің мазмұнын түсіну

Айтылым: Берілген сұрақты дұрыс түсініп , лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.

Оқылым:Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды  түсіну,тақырыбын анықтау

Жазылым:Мәліметттер жинақтай отырып,тақырып бойынша постер жасау

Сабақтың мақсаттары Барлығы:Ертегіні түсініп оқиды,тақырыбын анықтайды.

Көбі: Лайықты жауап береді, шағын диалогқа қатысады.

Кейбірі:  СКТ бойынша  жұмыс жасайды.

Тілік мақсат Оқушылар орындай алады: Сұрақ қоя алады

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Абайсызда-внезапно

Терең апаңға-в глубокую яму

Түсіп кетті-упал

Неге тұрсың-почему стоишь

Жаным жай тауып тұр-душа ликует

Салқын-прохладно

Шөлдедім-сильно хотел пить

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Жүгіріп құлап қалды

Терең апаңға т.б.

Талқылауға  арналған  сұрақтар:

Не себепті …. деп ойлайсыз?

ишара:

Алдыңғы оқу Қазақстанда кездесетін жан-жануарлар атауын білу
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
   
Жоспар
Жоспарланған уақыт  Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Сыныпты топқа бөлу.

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

 

Шаттық шебері

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

8 минут

 

 

Мәтінмен жұмыс

Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетеді.Апаннан шыға алмайды. Бір кезде су іздеп жүрген ешкі түлкіні көріп:

-Ей, түлкі батыр неге тұрсың?-депті

-Ой не қыласың,жаным жай тауып тұр.Қырда әлі шөлдеп,ыстықтадым.Ал апанның іші салқын.Түбінде тұп-тұнық суы бар екен –депті.

  Ешкі: «мен де салқындаймын, әрі су ішейін» деп ойлап,апанға секіріп түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мінеді.Одан мүйізіне шығады. Одан ырғып далаға шығады,жөніне кетіпті.

«Өтірікке алдаңба, басың бәлеге душар болар» деген осыдан шығады.

 

1-тапсырма. Кестені  толтыру.Жабайы мен үй жануарларын айыра білу.

2-тапсырма.Ешкі мен түлкіге қатысты жұмбақтар шешеді.

Тыңдалым: 3- тапсырма. Аудио мәтінді тыңдайды

1 топ:Мәтінде кездесетін жануарларды тауып алады

Критерий Мәтіндегі   жануарлар атауларын табу

Дескриптор:

Мәтіндегі   жануарлар атауларын табады

Естіген атауларды сауатты  жазады

2 топ: Критерийлер: Мәтінде кездесетін мақал-мәтелді табу

Дескриптор:Естіген атауларды сауатты  жазу

Кері байланыс:Ым-ишара

 

4-тапсырма.Екі топ бір-біріне  сұрақтар қою.

Ертегі кейіпкерлері кімдер?

Бұл ертегі ертегінің қай түріне жатады?

 

 

Дескриптор:

1) Сөйлемдегі сөздердің  орын тәртібі дұрыс сақталған

2)3 сұрақты қойды

 

Аудиожазба

Сергіту сәті

1 минут

Үш қой

Мәтінді СКТ бойынша талдау.

1.Тақырыбы

2.Идеясы

3.Кейіпкерлері

4.Жанры

5.Ертегінің аяқталуы

 

Дескриптор :

1.Тақырыбын анықталған

2.Идеясы бар

3.Кейіпкерлері сиппаталған

4.Жанры анықталған

5.Ертегінің аяқталуы дұрыс анықтаған

Сергіту сәтіне арналған бейнетаспа

 

 

 

 

 

Аяқталуы

 

 

 

Постер құру

 

 

 

Маркер,ватман

Оқулық, дәптерлер.

Сабақтың соңы

2 минут

 

Рефлексия  

Смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?  

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз?

 

Пәнаралық байланыс
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

 

Оқушылар өздері жасаған  бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

 

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.