СЫНЫПТАН ТЫС ІС-ШАРАЛАРДЫ ӘЗІРЛЕУ Тақырыбы: «Үздік құюшы»


Кузенбаева Д.А.

«Қазақмыс» корпорациясының  политехникалық колледжі оқытушысы

Мақсаты:

1) Студенттерді теориялық және зертханалық негізінің үнемі жетілдіру барысында жоғары құюшы мамандарын даярлау болып табылады.

2) Студенттердің өз мамандығына деген қызығушылығын арттыру;

3) Өзіне деген сенімділікті, мақсаткерлікті, табандылықты, бәсекеге қабілеттілікті дамыту.

Студенттерге тапсырма беріледі: 5 адамнан тұратын топ құру. Топтың  атын ойлап табу керек.

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Сайыскерлер, жанкүйерлер! Бүгінгі күнде баршамыз колледжіміздің  мамандық  иелерінің  мықтыларының мықтысын анықтау үшін жиналдық! «Жас келсе, іске!» деген нақыл          сөз бекер айтылмаса керек, себебі біздің білім ордасының жастары мақсаттары         айқын, болашақта өз мамандықтарында білімімен, біліктілігімен танылатыны сөзсіз.

Жүргізуші: Мамандық иесі атану- еліне, туған жеріне пайдасын тигізу. Өзінің,          қоғамның да жағдайын жақсарту болып табылады.  бүгінгі сайыста өздерінің          өнерлерін ортаға салатын өнерпаздарымызбен танысайық!

Жер бетінде мамандықтар көп,

Және әрбіреуі маңызды,

Ойлан досым, кім боласын,

Өйткені өмір бізде жалғыз.

Біздің болашақ құюшылар танысыңыздар!

Жүргізуші:

Біздің байқаудың кезеңдерімен таныстыруға рұқсат етіңіз:

1 кезең-әр топтың сәлемдесуі (топтың атауы, ұраны)

2 кезең – «Кім білгір» ойыны (әрбір ұяшық сұрақтары берілген, соған жауап береді).

3 кезең – Үй тапсырмасы: ең үздік макет, (макетті қорғау)

4 кезең –  «Білім шайқасы» ойыны (қайықтарды табу керек,сол қайықтың ішінде сұрақтары берілген, соған жауап береді).

5 кезең – Алғашқы медициналық көмек көрсету (ситуациялық жағдайлар)

6 кезең – Металды қалыптау және құю

7 кезең-Менің мамандығым туралы әнұраны

Жарысты бастар алдында қай топ бірінші шығатын анықтайық. Бұл үшін топтың басшылары келіп, жеребе арқылы анықтаймыз.

Осылайша біз сәлемдесу кезеңін бастаймыз!!! 1  номерімен команданы шақырамыз

Жүргізуші: Келесі кезекте өз таныстыруларын «2» командасы ұсынады.Қарсы       алыңыздар!

Жүргізуші: Екі топ қандай керемет көрсетті. Жарайсыңдар! Басы жақсы басталды! Сіз келісесіздер ме, достар! Сіздерді естімейсіз! Біздің үміткерлеріміздің ду қол шапалақтарымен қолдаңыз! Өйткені олар сіздің қолдауыңызға қажет!

Жүргізуші: Білім екіге бөлінеді. Жүрекпен қабылданатын, және санаға жинайтын          білім. Өз мамандығында мықты әрі білікті болу үшін жүректегі білім қажет. Тек          сонда ғана өз кәсібінде бақытқа кенелесін. Біздің келесі сайысымыз « Кім білгір»ойыны деп аталады. Бұл жерде топтар өздерінің білімдерін ортаға салып,          білмегендерін шындайтын болады.

Жүргізуші: Рахмет, топтар! Сіздер өте жақсы нәтижелер көрсеттіңіз! Ал біз байқаудың келесі кезеңіне өтеміз!

3 кезеңҮй тапсырмасы: ең үздік макет, (макетті қорғау)

Жүргізуші: Келесі кезең бойынша командалар өздерінің мамандықтарына

сәйкес әзірлеген макеттерін ұсынып, таныстырып, қорғап шығуы тиіс. Бұл      сайыста ең креативті команданы анықтайтын боламыз. Дайын болсақ, бастайық, ендеше!

Рахмет! Тамаша жұмыс!

4 кезең –  «Білім шайқасы» ойыны (қайықтарды табу керек,сол қайықтың ішінде сұрақтары берілген, соған жауап береді).

5 кезең  –  Алғашқы медициналық көмек көрсету (ситуациялық есептер)

Жүргізуші: Біздің байқаудың келесі кезеңі “Алғашқы көмек көрсет” деп аталады. Бұл байқауда қатысушыларғатығырықтан шығу дұрыс жағдайларынкөрсетеді. Топтың басшысы конвертті таңдайды.

Жүргізуші: Біздің қатысушылар жағдайдан қалай епті шықты. Дегенмен, алдағы уақытта сіздің мамандығыңызда осындай ауыр жағдайлар аз болсын деп тілек білдіргіміз келеді.

  • кезең –  Металлды қалыптау және құю

Жүргізуші: Келесі байқау біздің үміткерлеріміздің кәсіби дағдыларын анықтауға көмектеседі. Сіздің міндетіңіз, осы кезеңде металды қалыптау және құю. Қазір біздің конкурсанттарымыз өздерінің кәсіби дағдыларын көрнекі түрде көрсете алады.

7 кезең-Менің мамандығым туралы әнұраны

Жүргізуші: «Менің мамандығым туралы әнұраны» атты жанкүйерлердің  өнерін          тамашалайық!

Жүргізуші: Осымен бүгінгі «Ең үздік маман иесі» атты кәсіби байқауымыз өз мәресіне жетті. Келесі сөз кезегі әділқазыларымызда.

Бұл өмірде әр мамандықта білгір маман атану үшін сабырлық пен төзімділік қажет. Ал, біздің таңдаған мамандық сонымен қатар жүректің   батылдығын қажет етеді. Баршаңызға сәттілік! Сайыстан жеңілсеңіздер де, өмірден жеңілмеңіздер! Бүгінгісайысымыз осымен аяқталды. Назар қойып, тамашалағандарыңыз үшін мың алғыс!