“Металдарға жатпайтын конструкциялық материалдар”


Каржасбекова Алия Базаралиновна

преподаватель ЧУ Политехнический колледж Корпорации «Казахмыс»

Білім алушылармен амандасу,  сабаққа қатысуын тексеру

Студенттерден алдыңғы тақырыптан алған білімдерін еске түсіру
Сұрақтарға жауап беру.

Критериалды бағалау түсіндіру

Жұмыс дәптері

Карточкалар

Тест сұрақтары

Тақтада жұмыс
Журнал

Критериалды бағалау
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

45    мин
1.     Конструкциялық материалдар туралы түсінік

2.     Пластикалық материалдар: жасалу жолдары, түрлері, пайдалану саласы

3.     Бейне материал

4.     Резина. Керамика, шыны материалдары тақырыбы бойынша студенттердің постер қорғауы

5.     Пайдалану салалары
Басты анықтамаларды білім алушылар дәптерлеріне жазып алады.

Бейне материал көреді

Постер қорғайды
Тапсырмаларға жауап жазады, оқытушы сұрақтарына жауап береді, постер қорғайды
III. Рефлексия

Алған білімдерін мамандығында пайдасы туралы студенттерге түсіндіру
10мин.
Оқытушы өткен тақырыпта басты терминдерді өзіндік бөліп алуға ұсынады.
Білім алушы өзінің ойын айтады

Білім алушы сабақ жайлы пікірін білдіреді
ІV. Қорытынды

10мин.
Оқытушы сабақты қорытады. Бағалар қойылады
Студенттерге ауызша сұрақ қою арқылы алған білімдерін қорыту.

Әр студент тақтаға шығып бір сөзден жазады.
V. Үй тапсырмасы

5 мин.

Ағаш материалдары туралы ақпарат жинау

Мамандықтағы ролі

Вишневецкий Ю.Т.

224бет
Сабақ барысы

1.                Ұйымдастыру бөлімі – 5 мин

Сәлеметсіздер ме студенттер. Бүгін бізде әдеттегідей емес, ашық сабақ.

Сабақта кім жоқ? (журналмен тексеру)

2.                Үй тапсырмасын тексеру – 10 мин

 

Жұмыс дәптерін беру – 5 бала

1.  Ең кен қолданылатын түсті металдарды ата. ______________________

 

2.  Қандай өнеркәсіп салаларында түсті металдар пайдаланады?

__________________________________________________________________

3.  Түсті металдар кені неге полиметалды деп аталады?

__________________________________________________________________

4.  Мәтінді толтыр.

Таза мыс- қызғылт түстіметалл. Оның тығыздығы_________________,  балқыту температурасы – _________________. Күйдірілген кезде оның беріктік шегі____________, салыстырмалы ұзаруы ___________, қаттылығы _______.

 

5.  Қандай кендерден мыс алады?__________________________________

6.  Бос  шеңберлерге мыстың қандай металлдармен қорытпалар жасайтынын жаз
Сu
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет. «Ғаламшар» Мыс

7.  Қандай  материал жез деп аталады?____________________________

8. Мыстың ара қатынастағы мазмұны мен мырыш жез ең жоғарыберіктігі болатының көрсет:

А) 50%мырыш, 50%мыс;

Б) 45% мырыш, 55% мыс;

В) 20% мырыш, 10% мыс;

Г) 90% мырыш, 10% мыс;

Дұрыс жауаптың астын сыз.

 

9.Олардың таңбалары менбойымен кәдімгі жездер химиялық құрамды аңықта.Мынау жездердің тағайындауының көрсет.

Л63-__________________, қызмет етеді___________________________

Л85-__________________, қызмет етеді ___________________________

Л96-__________________, қызмет етеді ___________________________

Л90-__________________, қызмет етеді ___________________________

 

10. Л85 и Л90 таңбалары неге томпақ деп аталады?_______________
11. Олардың таңбалары бойымен арнаулы жездер химиялық құрамды аңықта:

ДАЖ60-1-1Л – ______________________________

ЛА77 -2 – __________________________________

ЛМцж52-4-1- _______________________________

ЛА67 -2,5-__________________________________

 

12.            Мыст пен қалайымен, алюминимен, никельпен және басқа элементтермен құйындысы ___________________________ деп аталады.

 

13.            Химиялық құрамына қарай қоланың екі турін ата______________

 

14.           Маркасына қарап қоланың химиялық құрамын аңықта:

БрОЦСН3-7-5-1 – ____________________________________________

БрАЖ9-4 – __________________________________________________

БрАЖН10-4-4Л – ____________________________________________

БрАЖМц10-3-1 – ____________________________________________

БрОС8-12 –          _____________________________________________

БрБН1-7-            ______________________________________________

БрКМц3-1 –       ______________________________________________

 

15.           Нелікте алюминий бірінші «қанатты» металл деп аталады?_________
Бағалау

1-5 дұрыс жауап – 3

1-10 дұрыс жауап – 4

1-15 дұрыс жауап – 5

 

 

Таратпа материалмен жұмыс – 5 бала

1 карточка

1. Түсті металдарды кен байыту әдістерінің бірі

2. Қиын балқитын металлдарды ата

3. Толық циклді түсті металлургия комбинаты орналасқан қалаларды ата

4. Ауыр металдарды ата

5. Жеңіл металлдарды ата

 

2 карточка

1.     Мыс қорытпаларын ата. Мысал келтір

2.     Түсті металдардың кемшіліктері мен артықшылықтарын ата

3.     Түсті металдардың қара металлургиядағы ролі

4.     Бағалы металдарды ата

5.     Түсті металдардан қандай бұйымдар дайындайды

 

3 карточка

1.     Сирек кездесетін металл

2.     Мыс өндірудің ең ірі орталығы.

3.     Жез дегеніміз не?

4.     Жездің пайдалану саласын ата, бірнеше маркалануға мысал келтір

5.     Ең кеңінен қолданылатын түсті металдарды ата

 

4 карточка

 

1.     Мыс кендерін ата

2.     Силумин, дюралюминий қорытпаларына түсінік бер

3.     Томпак дегенім не?

4.     БрАЖМц10-3-1 маркасын шеш

5.     Титан қорытпаларын ата

5 карточка

1.     Түсті металдардың кемшіліктері мен артықшылықтарын ата

2.     Түсті металдардың қара металлургиядағы ролі

3.     ЛАЖ 60-1-1 маркасын шеш

4.     Ең кеңінен қолданылатын түсті металдарды ата

5.     Сирек кездесетін металдарды ата

Тақтада жұмыс – 3 бала

Түсті металдардың қорытпаларының маркасын шешу – 3 бала

1)                БрОС 8-12

Бр КМц -1

2)                ЛМц58-2

ЛМцА 57-3-1

3)                ЛАН КМц 75-2-2,5-0,5-0,5

Бр ОЦСН 3-7-5-2

Тест жасау – 3 бала

1. Мыс, магний, марганецтің қорытпасы?

А. Манганин

В.Томпак

С. Мельхиорлар

Д. Нейзильберлер

Е. Дюралюминий

2.Алюминий тотығын шығаруға қажетті шикізат

А флюорит

В боксит

С гипс

D барит

Е карналит

3. Қоланың балқу температурасы?

А. 930—1140 °C

В.1100-2000

С. 900-950

Д. 800-1140

Е. 600-900

4.Қандай кен пайдалы компоненттерге бай

А мыс

В полиметал

С алюминий

D мырыш қорғасын

Е құрамында алтын бар.

5. Жез мыспен қай элементтің қорытпасы?

А.  Цинк

В. Күкірт

С. Фосфор

Д. Алтын

Е. Алюминий

 

6.Алюминий металы мен тотығының өндіру орталығы орналасқан қала?

А Балқаш

В Павлодар

С Петропавлск

D Арқылық

Е Қостанай

7. Жеңіл металдар өндірісінің ерекшелігі

А көп мөлшерде еңбекті қажет етуі

В көп мөлшерде ғылымды қажет етуі

С көп мөлшерде металды қажет етуі

D көп мөлшерде электр энергиясын қажет етуі

Е көп мөлшерде суды қажет етуі

8. Ең ауыр балқитын металл.

А. W

B. Fe

C. V

D. Au

E. Ag

9. Мыстың балку температурасы.

A.  1068°C

B. 1087°C

C.  1096°C

D. 1084°C

E. 1500°C

10. Дюралюминийдің құрамындағы мыстың мөлшерін көрсет.

A. 4.5%

B. 15%

C. 16%

D. 19%

E. 20%

11. Силумин қай металдардың корытпасы?

А. Кремний+көміртегі

В. Хром+кремний

С. Алюминий+кремний

Д. Алюминий+ хлор

Е. Берилий+кремний

12. Титаннын балқу температурасы?

А. 16680С

В.15390С

С.10020С

Д.9340С

Е. 9600С

13. W жұмыс істеу температурасы?

А. 20000С

В. 32000С

С. 5000С

Д. 8000С

Е. 36000С

14. Алюминийдің балқу температурасы ?

А. 6600С

В. 15360С

С. 25550С

Д. 5000С

Е. 8560С

15. Қай металдар женіл металдарға жатады ?

А. Мg,Аl,Тi,Вe

В. Аg,Тi,Сl,Нg,Рb

С. Zn,Si,О,N,Вe

Д. Рt,Аl,Na,Zn

Е. Аg, Мn, Аl, Аu, В

Өткен тақырыпты қорытындылау – 5 мин

Студенттерге Қазақстанның бос картасы беріледі. Олар сол картаға Қазақстандағы түсті металдар орталықтарын, қандай металл өндірілетін көрсету қажет.

 

 

Балалар түсті металдар өндірістің барлық салаларында кездеседі. Олар қара металлургия өндірісінде де легірлеуші элементтер ролін атқарады. Бірақ өндірісте металдардан басқа да металдарға жатпайтын конструкциялық материалдар қолданылады. Сіздер білсеңіздер атап көріңіздер

Оларға пластмасса, керамика, шыны, резина, ағаш материалдары жатады

Бүгінгі тақырыбымыз «Металдарға жатпайтын конструкциялық материалдар»

Жаңа тақырыпты түсіндіру – 40мин

Дайын өнім шығару мен құрылыста қолданылатын материалдарды конструкциялық материалдар деп атайды қазіргі заманғы техника берік өрі өр алуан конструкциялық материалдарды қажет етеді. Сондықтан олардың түрлері үнемі көбейіп отырады.Металл пластиктердің, металл керамиканың,темір бетонның, яғни аралас материалдардың маңызы артуда.

Олар казіргі технологиялык процестерге төн жоғарғы қысымға, үлкен жылдамдықтар мен температуралық ауытқуларға төзімді келеді

Конструкциялық материалдар үшке бөлінеді:

1.      Металдар

2.      Металдарға жатпайтын материалдар

3.      Композитті материалдар

 

Металлургиямен қатар конструкциялық материалдар:
1) химиялык өнеркәсіп;
2) құрылыс материалдары өнеркәсібі;
3) орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі дамуда.

Химиялық өнеркәсіп – бұл жекелеген салааралық кешен болып табылады. құрылыс материалдарының өнеркәсібі – ірі кешендік құрылысқа жатады. Орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі – орман өндірісі кешенінің бір бөлігі. Оның басқа тармағына – орман шаруашылығы (қорғау, орманды өсіру және оны баптау)жатады. Бұл кешен әр түрлі химиялық заттармен қатар конструкциялық материалдар шығарады. Ол өнеркәсіп пен құрылыстың шикізат базасын кеңейтіп, ауыл шаруашылығының интенсивті дамуына ықпалын тигізеді және халықты тауармен қамтамасыз етеді. Химиялық кешен дәрі-дәрмек, өсімдікті қорғайтын, суды тазалайтын және ағын суды залалсыздандыратын заттар шығарады.Химияның салааралық байланыстары ауқымды.Оның өнімдері машина жасауда (пластмасса, шина), металлургияда (флотация үшін реагенттер), жеңіл өнеркәсіпте (өңдегіш заттар, талшық), құрылыста (бояулар), ауыл шаруашылығында (тыңайтқыштар, улы химикаттар), көлікте (пластик құбырлар) қолданылады. Химия кәсіпорындарын орналастырудың негізгі факторларына – шикізат, су, энергетика, тұтыну және экологиялық факторлар жатады. Зауыттарда өндіріс процестерін автоматтандыру кеңінен қолданылады. Мысалы, металлургияға қарағанда жүмысшы саны аз.

Жоғары молекулалы қосылыстарды қысқаша ЖМҚ деп стандартты атауға немесе “полимерлер” деуге болады. Полимерлер (грек. “поли”—көп, “мерос”—бөлшек) ондаған және жүздеген мың, кейде миллиондаған атомдардан тұратын үлкен молекулалар.

Полимер синтезделетін кіші молекулалы зат мономер деп аталады. ЖМҚ кұрамының күрделілігі оның молекулалық массасының да өте үлкен болуын қамтамасыз етеді. “Үлкен”, “кіші” деген сөздер салыстырмалы шартты түрде қолданылады.

Полимерлердің осындай ірі макромолекулаларының пішіні әр түрлі болады. Оларды: сызықтық, тармақты немесе торлы және кеңістіктік, т.б. деп бөледі. Табиғи полимерлерден целлюлоза мен табиғи каучуктың құрылымдары сызықты екенін білесіңдер, ал синтетикалық полимерлерден капрон, төменгі қысымда өндірілетін полиэтилен сызықты болады. Тармақты құрылымды полимерлерге: крахмал, полипропилен жатады. Жүн, резеңке мен фенолформаль-дегид полимерлерінің құрылымдары кеңістік болады. Полимерлердің физикалық қасиеттері полимерлену дәрежесі мен полимердің құрылымына тәуелді болады.

Қазіргі кезде полимерлер өндіру қарқынды дамуда. Машина жасау, радио және электротехника, құрылыс, сонымен катар кеме, авто, ұшақ, ракета жасау өндірісін, жеңіл өнеркәсіпті, тұрмысты полимерсіз көзге елестету мүмкін емес. Полимерлердің осындай көп түрлі болуы олардың химиялық құрамына, макромолекулаларында жеке бөліктерінің бір-бірімен қалай байланысқанына және олардың кеңістіктегі геометриялық орналасуына байланысты.

Полимер бұйымдарының бұрын байқалмаған қасиеттері анықталып, өндіріске енгізілуде. Сондықтан полимер бұйымдары адамзат игілігіне айналып, техникалық өнердің, ғылымның жаңа қырынан дамуына өзіндік үлесін қосуда.

Қазіргі кезде адамзат ғарыштық биіктер мен өте терең бүрғылау ұңғымаларын бағындыра отырып, күрделі электронды есептегіш машиналардың микроскопиялық тетіктерінен бастап, үлкен каналдар мен су қоймаларының гидрооқшаулағыштарын жасауға дейінгі барлық жағдайда полимер бұйымдарымен жұмыс істейді. Сондықтан қолданылатын орнына, мақсатына, жұмыстың түріне қарай полимер материалдарын қасиеттеріне сай пайдалану қажет. Қазіргі кезде қолданылып жүрген полимер бұйымдарын жалпы қасиеттері мен олардан жасалатын заттардың түріне, сондай-ақ өндіру әдісіне қарай төрт типке бөледі:

Конструкциялық пластиктер. Оларды көбіне пластмассалар деп атайды.

Оқытушы «Пластмасса» тақырыбында постер қорғайды – 10 мин

Енді балалар мен сендерді топқа бөліп резина, шыны, керамика  тақырыбптарында ақпарат дайындап келу керек деп тапсырма берген болатынмын. Басқа топтын балаларына түсінікті болу үшін сендер қызықты қылып түсіндіру керексіндер. Ол үшін мен сендерге текст беремін және он минут уақыт . сол уақытта сендер посте р дайындап қорғауға шығасыңдар (Студенттерге плакат, суреттер және маркерлер беріледі)   – 10 мин

1 топқа

Резеңке-(латынша. resіna — шайыр), вулканизаттар — каучукты вулкандау нәтижесінде алынатын өнімдер. Резина алынатын қоспаның құрамында каучуктан өзге вулкандауды реттейтін заттар — толықтырғыш, жұмсартқыш, бояғыш, тұрақтандырғыш, т.б. болады. Оның сапасы каучуктың құрамы мен құрылысына байланысты.

Каучуктың Резинаға айналу процесін вулкандаушы зат (күкірт, органик. пероксидтер, диаминдер, т.б.), үдеткіш, белсендіргіш реттеп отырады.

Вулкандау кезінде үзілген қанықпаған хим. байланыстардың орнына күкірт атомдары орналасып, каучуктың сызықты макромолекулалары кеңістік құрылымды полимерге айналады. Бұдан каучуктың серпімділігі артады. Күкірттің мөлш. 32%-дан асқанда қатты Резина — эбонит түзіледі.

Каучуктың беріктілігін, мықтылығын, созылғыштығын, т.б. қасиеттерін арттыру мақсатында күшейткіш толықтырғыштар (күйе, мырыш оксиді, кремний қышқылы) және бейтарап толықтырғыштар (бор, саз) қосылады. Соңғысы каучуктың мех. қасиеттерін өзгертпей Резина қоспасын өңдеуді жеңілдетеді. Қоспаны өңдеу кезінде молекулалардың өзара әсерін бәсеңдету үшін жұмсартқыштар (көмірсутектер, органик. қышқылдар, шайыр), каучуктың пластикалығын сақтау мақсатында тұрақтандырғыш (фенил b-нафтиламин) қосылады. Қоспа құрамын реттеу және өңдеу технологияларын жетілдіру арқылы сыртқы орта әсеріне тұрақты, қасиеті әр түрлі Резина алынады. Оларға жұмсақ, жартылай жұмсақ, қатты, ыстыққа (120 — 200ӘС-тан жоғары), суыққа (–50ӘС-тан төмен), буға, отқа, жарыққа, радиоактивті сәулелерге төзімді.

Каучуктың физика-механикалық қасиеттері нашар болғындықтан одан тікелей бұйымдар жасауға болмайды. Каучукке әр түрлі қасиеттер беретін заттар (ингредиенттер) қосып вулканизациялау арқылы оны резеңкеге айналдырады. Резеңке – ингредиенттер қосылып, вулканизациялаған каучук. Резеңкенің құрамында оның түріне байланысты 5%-тен 92%-ке дейін каучук болады. Резеңке жасау үшін каучукке мынындай заттар қосылады:

Вулканизацияланатын заттар ретінде күкірт, натрий, дилазаменобинзол, күкіртті сутегі, күкірттің қос тотығы сияқты заттар қосылады.

 

 

2 топқа

Шыны –көнеден келе жатқан құрамының әр түрлілігіне байланысты қолданыс тапқан материал. Неорганикалық қатты зат, құрылысы – аморфты, изотропты. Шынының барлық түрлері тұтқыр сұйықтықтан шыны түзуші заттың жоғары жылдамдықтағы суыту кезінде түзілетін кристалды балқыма түрінде болады. Шыныны қайнату температурасы 300-2500ºС, шыны түзуші балқыманың құрамындағы оксид, фторид, фосфат және тағы басқа қоспаның болуына байланысты анықталынады.

Құрылыс және тұрмыстық бұйымдарды дайындау үшін қолданатын кәдімгі шыны, сондай – ақ шының көпшілігі кремнеземнен балқытылған натрий және кальций силикаттарынан тұрады-N2О* CaO*6SiO2.

Калий шынысы-оптикалық бұйымда, химиялық және хрусталь және тағы басқа дайындау үшін қолданылады.

Шыныға қорғасын тотығын енгізу арқылы, оның балқу температурасын төмендетуге, жылтырлығын жоғарылатуға, жарықтың сыну көрсеткіші мен тығыздығын арттыруға болады.

Қорғасынды шынылар қырлауға, шлифтеуге және полировкаға жеңіл беріледі. Калий-қорғасынды шыныдан хрусталь вазалар, графиндер, стакандар және ыдыстың басқа да қымбат түрлерін дайындайды.

Шыныдан берік жіптер жасайды, олардан маталар дайындайды, ал соңғысына полимер қосып шыны пластинкаларын алады. Таңдамалы жарық өткізетін шынылар синтезделген, берік, ұзақ ғұмырға шыдайтын шыны кристаллдық материалдар — ситаллдар шығарылады.

Түсті шыны.

Шихта құрамына түрлі компоненттер енгізу арқылы шынығы түрлі түс береді, мысалы, осы немесе басқа металл оксидінің енгізілуі шыныны пісіру уақытында оның құрылысын өзгертеді де, суыған соң өз кезегінде спектрге енетін жарық арқылы түс шығаруын қамтамассыз етеді. Темір оксиді – көгілдір – жасыл мен сарыдан, қызыл-қоңырға дейін, марганец оксиді – сары мен қоңырдан күлгінге дейін, хром оксиді – жасыл, кобальт оксиді –  көк (кобальт шынысы), никель тотығы – күлгіннен сұр-қоңырға дейін, мыс тотығы – қызыл түс береді.

 

3 топқа

Керамика(грек. keramіke – қыш өнері, keramos – саз) – қыш-саз бен олардың минералды қоспаларымен араласқан, сондай-ақ тотықтармен, т.б.органикалық емес қосындылардан (карбидтер, боридтер, нитридтер, силицидтер, т.б.) күйдіріліп жасалған бұйымдар мен материалдар. Керамика тұрмыстың барлық салаларында: үй тұрмысында (әр түрлі ыдыстар), құрылыста (кірпіш, қыш, құбыр, тақта, т.б.), техникада, т. ж., су және әуе көлігінде, мүсін өнерінде т. б. кеңінен қолданылады. К-ның негізгі технол. түріне құрылыстық кірпіш, терракота, майолика, фаянс, фарфор жатады.

Керамикалық материалдарды  және бұйымдарды әшекейлеу үшін және оларды сыртқы әсерлерден қорғап мәңгілігін қамтамасыз ету мақсатымен бетін  ангобамен немесе глазурмен сырлайды. Бұйымдарды әшекейлеу керамикалық  бояуларды жағу арқылы орындайды. Отқа төзімді керамикалық жамылтқы металдарды тотығудан және жоғары температура  әсерінен қорғайды.

Керамика бұйымдарының пайдаланулық және көркемдік-әшекейлік тамаша сапалары оларды тек қана құрылыста ғана емес, техника мен тұрмыста да кең қолданылуына арқа болды. Сонымен керамиканы құрылыстық, техникалық және тұрмыстық деп те ажыратуға болады.

Ғимараттар мен имараттарды  тұрғызуға қолданылатын материалдардың ең бір көп тараған түрі керамикалық  кірпіш болып табылады. Кірпішті қолданудың мыңжылдық тәжірибесі бұл материалды уақытқа төзімді материалдардың қатарына жатқызуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кірпішті қалау технологиясы дизайнерлер мен сәулетшілерге  творчестволық ойларын іске асыруда  шексіз мүмкіндіктер береді. Керамикалық  кірпіш жоғары отқатөзімділігі мен  салыстырмалы төмен жылуөткізгіштігі арқылы сыртқы факторлардың әсерінен сенімді қоршау беріп, тұрғын үй және өнеркәсіп ғимараттарының жоғары қауіпсіздік  пен жайлылық деңгейін қамтамасыз етеді.

Керамикалық кірпіш құрылыста  дефицит металл, цемент және басқа  да материалдарды үнемдеуді мүмкін етеді.

 

Балалар өте жақсы дайындық көрсеттіңдер.

Бұл материалдардың барлығы техникада қажетті екенін түсіндіре білдіңдер.

Енді сабақты қорытындылайық

САБАҚТЫ БЕКІТУ – 5 мин

1.     Сұрақ-жауап – 5 мин

1.     Пластмассаның пайдалану салаларын атаңыздаршы

2.     Пластмассаның металдармен ұқсастығы неде, кемшілігі неде?

3.     Кермиканың машина құрылысы технологиясындағы ролін атап өтіңіздерші

4.     Резинаны қалай аламыз?

5.     Металдарға жатпайтын конструкциялық материалдардың өнеркәсіптегі, техникадағы ролінің маңыздылығы неде?

Білім алушыларға тақтаға пластмасса, керамика, резина, шыны деп жазылып тұрады. Олар сол сөздер астына сол материалға тән  бір-бір сөзден жазады.

ҚР президенті биылғы өзінің жолдауында Қазақстан халқы алдына бес міндет қойды, солардың ішінде мен айта кетейін дегенім, ол:

Екінші кешенді міндет. Жаңа индустриялар құрумен қатар дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беруіміз керек.

Бұл – өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, құрылыс секторы және басқа салалар.

Бірінші. Еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыру керек.

Бұл жердегі негізгі фактор Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін жаппай енгізу болуға тиіс.

Бұл – автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер» алмасу, тағы басқа міндеттер.

Қазіргі таңда ғылыми-техникалық прогрес өзінің орнында тұрған жоқ. Көптеген жаңа метриалдар жасалуда, олардың өнімділігі бұрынғы материалдарға қарағанда біршама жоғары, сондықтан де сіздер де осы алған білімдеріңе қанағаттанбай көп ізденіп жүріңдер.

Бағалау – 2 мин

Білім алушыларды критериалды бағалау парақшасына қарап бағалау

Рефлексия – 5 мин

Мен допты алып балаларға лактырам. Допты ұстаған білім алушы сабақ бойынша өз ойын айтып, келесі балаға лақтырады.

Үй тапсырмасы – 2мин

Ағаш материалдары туралы конспект, реферат, ақпарат дайындау.