«Жолың болсын, балдырған!»


Абдильманова Дина Салимовна

№ 10 «Алтын бала» балабақшасының тәрбиешісі 

Зал мерекеге сай әсем  безендірілген. Әдемі қанатты сөздер,  шарлар,  гүлдер  ілінеді.

 

1- жүргізуші:     Өтті қызық  көп күндер,

Жеті жасқа жеттіңдер.

Барасыңдар мектепке,

Бір белестен өттіңдер.

Өсті ақыл ойларың,

Өсті міне, бойларың,

Қуанышқа  ортақпын,

Құтты болсын тойларың!

2-жүргізуші:  – Ортаға бүгінгі мектепке  шығарып салатын  бүлдіршіндерімізді  шақырайық. ( барлық бала екі-екіден қол ұстасып билеп кіреді)

 

1-жүргізуші:  –  Қымбатты ата-аналар,  балабақша қызметтері, қонақтар  бүгін  бірнеше жыл мәпелеп күтіп тәрбиелеген  бүлдіршіндерімізді  ұямыздан  ұшырып, мектепке шығарып  салғалы  отырмыз,  қуаныштарыңыз құтты болсын.

2-жүргізуші: Өсті  ақыл  ойларың,

Қуанышқа ортақпын.

Құтты болсын  тойларың

Айналайын балалар

Алда мектеп, ана бар.

Өздеріңнен  өседі,

Өнерпаздар даналар.

 

1-жүргізуші:  « Ән  көңілдің  ажары » –   дегендей  тойымызды әнмен бастайық.

 

Ән  « Астана ».  Орындайтын  Алуа,  Жанель, Айғаным,  Даяна, Айнұр.                         

 

2-жүргізуші:  –  Қонаққа жаттап,

Сыйлаймыз  тақпақ  –  деп балалар өз өлең жолдарын  сыйға тартады.

Сережа:  Міне менде, үлкен болдым,

Жасым толды 6-ға.

Кітаптағы ертектерді.

Енді оқимын шетінен.

Бектур:  Ойыншықты жинаймыз,

Бөбектерге сыйлаймыз.

Өнер білім үйреткен,

Бақшамызды қимаймыз.

Бахтияр:  Биыл күзде мектепке

Біріншіге барамын,

Мақтанбаймын мен текке

Дайын дәптер, қаламым.

 

Адиль:  Біз мектепке барамыз,

Оқып білім аламыз,

Еңбек десе қуанып.

Білімді адам боламыз.

Батыр:   Мен де кітап аламын,

Мен де оқуға барамын,

Жаман бала дегізбей

Жақсы оқитын боламын.

 

Ән   « Маленькая страна ».  Орындайтын Таисия, Саша, Юля, Алина, Настя.               

 

Би   « Кадриль »  Орындайтын  Таисия және Мансур.

 

Залға   Жалқаубек  кіреді.

 

2-жүргізуші:-    Ой, ей

Анау бала, қолын қара.

Кір қожалақ қап қара.

Тырнақ өскен шашы көптен

Алынбапты –ау масқара.

Жалқаубек:    Оқымап ем бір алдым,

Келіп қаалды мұғалім,

Әкеп едім  «екілік».

Мамам шықты зекіріп

«Үш» алғанда байқадым.

Папам басын шайқа

«Бес» – деп едім, бүгін кеп.

Қарайды бәрі күлімдеп.

1-жүргізуші: –  Кәне  Жалқаубек,

Бесіңді көрсетші.

Жалқаубек.: –  Міне бесім.

2-жүргізуші:  – Мынау тұрған  «үш» делік.

Ал мынауың «екілік».

«Бес» алдым деп бүгін сен,

Неге айтасың өтірік?

Жалқаубек: –  Ой, апай есепті-

Білмеуіңді қарашы.

Үшті қосса екіге

«Бес» болмай ма санашы.  (күнделіктің бетін ашып көрсетіп айтады. Күнделіктің бір бетінде 3, ал сол бетінің төменгі тұсында  2 тұр).

1-жүргізуші: –  Қосуды  біледі  екенсің. Ал басқа білімің 2 мен 3 екенін ұмытпа.  Жалқаудың аты жалқау. Балалар сендер жалқау болмаңдар, жақсы оқыңдар. Мектепте талай қызық,  пайдалы  нәрсе үйренесіңдер, Жалқаубектен  үлгі  алмаңдар. Жалқаубекке керісінше өзіміздің білімімізді көрсетейік.

1-жүргізуші:   Талай-талай баспалдақты аттармыз,

Ата-ананың үмітінде ақтармыз, – демекші  аналарымызғы мың алғыс айтамыз.  ӘН   « Анашым ». Орындайтын  хор.

Би  «Қара жорға».

Ойын   « Мектепке кім тез жиналады».

1-жүргізуші:  Әндетейік , жырлайық,

Биден шашу шашайық.  – келесі кезекте биші қыздар  «Спорт» биін билейді. Тамашалаңыздар

2-жүргізуші: –   Ал балалар енді білім еліне аттанамыз.

Салақ: –    Әй тоқтаңдар, тоқта. (деген дауыс естіледі).

Жалқаубек: –  Ой сайтан!  Кет жолдан.

Салақ: –  Қорықпаңдар мен қарақшы да сайтан да емеспін.

Жалқаубек:  –  Енді кімсің.

Салақ:  –  Мен бе, Салақ.

Фамилиям  – Кір қожалақ.

Жалқаубек: –  Өзің өте әдемі екенсің, қайдан жүрсің?

Салақ: –   Жақын жерде тұрамын. Білім еліне барайын деп шықтым.

Жалқаубек: –  Сені онда жібермейді.

Салақ: –  Неге? (өкпелеп) Ол не дегендерің мен бе кір?  Қай жерде кір көріп тұрсыңдар? Бұл кір емес.

Жалқаубек: –  Ол не?

Салақ:  – Кәне қай жерде?

Жалқаубек: –  Мына жеріңде, мына жеріңде лай ғой.

Салақ: –  (көзін қылитып бетін көрмекші)  Жоқ қой ештеңе (оған айна береді. Түріне айнадан дұрыстап қарап алады) Бұл лай емес.

Жалқаубек: –  Не ол сонда?

Салақ:  –  Ол күнге күйген ғой.

Жалқаубек:  – Күнге қорқынышты болып күйіпсің ғой, дақ боп (қалтасынан орамал алып  бірнеше үлкен дақты сүртеді).

1-жүргізуші: –  Балалар сендер қалай ойлайсыңдар  салақты, білім еліне алуға болама?

Балалар: –  Жоқ

Салақ: –  Енді не істесем екен?

Жалқаубек:  –  Барып жуынып, киініп тазаланып келейік. Кеттік Салақ.

Салақ: –  Жарайды  сонда ғана білім еліне алатын шығар. Кетейік.  (Жалқаубек  пен Салақ кетеді)

ӘН   « Әже ертегісі»  Орындайтын  Сауле,  Жарқын,  Ақарыс, Аружан,                    

Қайрат:  Жер де ақ қар жатсада,

Асыр салып ақпанда,

Күнде ертемен бақшаға.

Келетінбіз ақ таңда.

Алеша:  Мектеп қамқор намыз,

Оқып білім аламыз.

Өнерпаз боп өсетін.

Біз мектепке барамыз.

 

 

 

Али:    Әліппенден әріп танып,

Алғаш рет оқимыз.

Тәрбиеден тәлім алып,

Санамызға тоқимыз.

Нұрхан:  Балабақша базарлы үй,

Көшедегі ажарлы үй.

Шаттығы бар шуағы.

Өз үйіміз сияқты.

Рома:   Өлеңді де айтамыз,

Жұмбақты да шешеміз.

Надан болмай өмірден.

Адам болып өтеміз.

Абай:  Тақта біздің панамыз,

Мектеп біздің анамыз.

Ертең өсіп толамыз.

Білімді адам боламыз.

2-жүргізуші.:  Сендер осы балабақшаға алғыш рет келгенде қандай болдыңдар, есімізге түсірейікші.  Олай болса бізге кішкентай №3 топ балалары  «Қамажай»  биін көрсетеді.

1-жүргізуші:  Ертегі  «Жыл басына таласқан хайуанаттар». Автор рөлінде Мойсеева Таисия.  Осы ертегіні көрсете отырып  қалалық  «Балғын шақ» конкурсына қатысып,          3-жүлделі орынға ие болдық. Қошеметтеп қарсы алыңыздар.

Ән   «Бала тілегі». Орындайтын  Руслан, Алуа, Бауыржан, Тайсия.

1-жүргізуші:  – Келесі кезек балабақша қызметкерлеріне арналады.

К. Дима:  Бізде мұнда әрдайым,

Бәрі, бәрі дап дайын,

Қамымызды ойлаған

Меңгеруші  Гүлжан  Шахманқызына

Мың  алғыс.          (меңгеруші)

Сауле:     Қай кезде де, әдіскер,

Қайғырмайды өзі үшін,

Біздер үшін қуанып,

Қызарады біз үшін.    (әдіскер)

М. Саша:  Талай-талай  баспалдақты аттармыз,

Ата-ананың  үмітінде ақтармыз.

Ляззат  пен  Гаухар апай сізден алған ақылды,

Есімізде өмір бақи сақтармыз.     (тәрбиеші №4топ)

Айнұр:    Сәнді балабақшамыз, жасыл желек көшеміз,

Аясында Отанның,  асыр салып өсеміз,

Шуағына бөлеген, аялаған демеген

Жамал апаймен Бақыт апай

Мейірімді не деген.    (тәрбиеші №2 топ)

 

 

 

 

 

Ақарыс:     Күннен күнге біздер  өсіп,

Үлкен болып қиындықты жеңеміз.

Сіздердің  біздер үшін сіңірген еңбегіңіз

Еш  болмасын деп  сенеміз.

Күтуші  Надя апай, сізге   мың алғыс рахмет айтамыз.(күтуші№4топ)

А. Руслан:   Ақ төсекке жатқызған,

Тәтті тамақ ұсынған,

Бала болып ойнаған,

Салтанат апайға мың алғыс.  (күтуші №2топ)

Нұралі:   Сергек ол үнемі,

Салып етіп бар күшін

Түгендеп  жүреді,

Балабақша ақысын.  (есепші)

Нұржас:   Балабақшаның қызметін,

Иығына көтерген.

Қоймашы  Татьяна апайға

Тілектеспіз әрдайым.    (қоймашы)

Б. Данил:   Денсаулығы болаттай,

Ауруды ол жолатпай

Күнде әбігер  болады

Қамқоршымыз  Люба апай.  (дәрігер)

Никита:   Біздің  гүл бақшада,

Бар әсем асхана.

Бар онда аспазшы

Ақ көңіл  жақсы апа.  (аспазшы)

Жарқын:  Қай кезде де, Жанар апай

Қайғырмайды өзі үшін,

Біздер үшін қуанып,

Қызарады біз үшін.    (қазақ тілі)

Алихан:   Ән салғызын үйреткен,

Нотаны да меңгерткен.

Зор алғыс Дина апайға,

Ән салуды үйреткен.    (музыка)

М. Руслан:   Дені саудың, жаны сау деп,

Спорт  түрін  үйреткен.

Шынықтырып  денені,

Жаттығулар өткізген,

Әрқашан  сізге мың алғыс.    (дене шын)

Б. Руслан:   Биді үйреткен  Альбина  апайға

Әрқашанда  мың алғысты айта жүрем.   (хореограф)

 

1-жүргізуші: Келесі кезекті қоштасу вальсіне береміз.  (Вальс)

1-жүргізуші:  Айналайын балалар,

Сендерде ой, сана бар.

Өздеріңнен  өседі.

Өнершілер даналар.

 

 

2-жүргізуші:   Өсті  міне бойларың,

Өсті міне ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың.

ӘН   « Қош бол бала бақшам ».                     

1- жүргізуші:  Сөз кезегін  бала-бақша меңгерушісі  Ержанова  Гүлжан Шахманқызына беріледі.  (сыйлықтар таратады).

2-жүргізуші:  Келесі  сөз кезегін  ата-аналар  комитетіне беріледі.

1- жүргізіші:  -Бүлдіршіндерімізге сәт сапар тілей отырып, осымен біздің  «

Жолың болсын балдырған » атты ертеңгілігіміз аяқталды. Қош сау болыңыздар!!!

Балалар бірінің соңынан бірі  залдан шығады.