Бала бақшада сауықтыру шараларын ұйымдастыру


Оспанова Айслу Бергенбайқызы

№ 10 «Алтын бала» балабақшасының тәрбиешісі 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты жолдауындағы «Дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс.Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады», «Қазақстан 2050. Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» атты биылғы жолдауында «Спортпен шұғылдану,дұрыс тамақтана білу,жүйелі профилактикалық тексерілу-аурудың алдын алудың негізі» деген сөздерін басты ұстам ретінде алып келеміз.

«Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ, дені сау, жан-жақты дамыған салауатты ұрпақ». Сондықтан, ұрпағымыздың болашағы жарқын да кемел болуына ат салысып, дені сау, шыныққан бүлдіршіндер тәрбиелей берейік.

Жаңа стандарт негізінде мектеп жасына дейінгі баланы шынықтыру-сауықтыру шаралары «Денсаулық» білім беру саласында көрсетілген.

Жас ұрпақты жан – жақты дамыған, ой — өрісі биік, тұлғасы сымбатты азамат етіп өсіру үшін тәрбие жүйесінде дене тәрбиесінің алар орны орасан зор. Ал оны неғұрлым ерте кезінен бастап, дұрыс жолға қойып жүргізсе, соғұрлым нәтижесі жемісті болатыны анық. Өйткені болашақ азаматтың денсаулығы мықты, мүсін тұлғасы дұрыс қалыптасқан, жігерлі де қайратты болып өсуіне, көпшілдік дағдыларын бойына терең сіңіруіне нақ осы мектепке дейінгі кезеңде тереңірек көңіл бөлінсе, дұрыс негіз қаланады. Қазақтың кемеңгер ақыны, ұлтының бақыты үшін өз бойындағы бар дарыны мен білгенін аямай, дене тәрбиесіне зор көңіл бөлген Мағжан Жұмабаев: «Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Дене жанның қабы. Қап берік болса ішіндегі заты берік болмақ. Дене жанның құралы. Құралы мықты болса иесі де мықты.

Сау жан – сау денеде ғана болады» — деген. Сондықтан да бүлдіршіндер ағзасының қызметін жетілдіру, денсаулығын жақсарту, жүйкенің жұмысын дұрыс қалыптастырып, ширақ, жігерлі, икемді, сымбатты етіп өсіру, міне, осының барлығын ғылыми негізде тәрбиенің басқа түрлерімен ұштастыра жүргізу – балабақшалардың негізгі мақсаты мен алға қойған үлкен міндетінің бірі.
Бала денсаулығының мықты болып , қозғалыс,дене құрылысының дұрыс жетілуі мектеп жасына дейінгі кезеңде қалыптасады. Сондықтан , бала ағзасының қызметін жетілдіру қабілетін арттыру осы кездегі ең басты міндет болып табылады. Бұл міндеттердің маңыздылығы мынада; ағзаның қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды.Сондықтан сүйектің, буынның дұрыс әрі өз мерзімінде жетілуіне, бел омыртқаның физиологиялық иіндерінің қалыптасуына, табан дөңістерінің дұрыс жетілуіне, тыныс алудың тереңдігі мен ырғақтылығы тыныс алуды қозғалыспен үйлестіруге мүмкіндік жасап, үнемі ықпал ету қажет.

 

 

Балабақшадағы дене шынықтыру – сауықтыру, спорттық мерекелердің ұйымдастыру маңыздылығы

Балабақшада өткізілетін дене шынықтыру-сауықтыру және спорт шараларының негізгі түрлері: Денсаулык және спорт күндері.

Денсаулық және спорт күндерін өткізу балабақшаның оқу-тәрбие жұмыстарының жылдық жоспарына жазылып, оның өтетін уақыты көрсетіледі.

Денсаулық және спорт күндері тоқсанына 1 рет сабақтан босатылып, ал айына бір рет сабақтан тыс уақытта немесе каникул кезінде міндетті түрде өткізіледі. Денсаулық және спорт күндері мектепке дейінгі топтарда 2-3 сағат, 5-8- топтарда 3-4 сағат, жоғары топтарда 4-5 сағат шамасында откізіледі. Жарыстардың өтетін уақыты жергілікті ауа райына, балабақшаның мүліктік қорына, тұрғылықты халықтын әдет-ғұрпына т.б. байланысты белгіленеді. Денсаулық және спорт күндерін 1-4, 5-8, 9-11- топтарда бөлек немесе барлығын бір күнде өткізуге болады. Командаларды басқаруға, төрешілікке барлық педагогикалык ұжым, ата-аналар т.б. жұмылдырылады. Жарыс бағдарламасына әр түрлі спорттық қозғалмалы ойындарды, жаяу, шаңғы саяхаттарын, жарысқа шық жас ұлан, жүгіру, секіру, лақтыру күндерін, эстафеталарды шанамен, шаңғымен, конькимен сырғанауды кіргізуге болады.

Жарысты     ойдағыдай     өткізу     үшін     қажетті     құрал жабдықтарды, –     төрешілерді,      нұсқаушыларды,      үгіт-насихат жұмыстарын,       өтетін       орындарын,       алдыңғы       қатарлы спортшыларды марапаттау жұмыстары алдын-ала дайындалады. Денсаулық және спорт күні балабақшадағы ең бір үлкен мейрам болып саналады, сондықтан салтанатты түрде ашылады, оған атақты  спортшылар  шақырылып,   олардың   өнері   көрсетілед. Жарыстың         қорытындысы         шығарылып,         жүлдегерлер марапатталады.  Жарыстың басталуы және  қорытындысы  ата-аналарға, қоғамдық ұйымдарға, балаларға радио арқылы хабарланады. Ұйымдастыру жұмыстарын балабақша директоры, онын орынбасарлары және дене тәрбиесінің тәрбиешілері басқарады. Балалардың жарысқа қатысуын топ жетекшілері, бастауыш топтың тәрбиешілерімен басқа да балабақша қызметкерлері төрешілікке қатыстырылады.

Дене тәрбиесі тәрбиешіі сабағынан уақытша босатылған балалар мерекеге міндетті түрде қатысып, төрешілерге мүмкіндігінше көмектеседі, бірақ олар жарыстардан және жорықтардан босатылады.

Денсаулық күнінің негізі оның бұқаралығында, сондықтан мерекелерге барлық балалар қамтылады. Денсаулық және спорт күндерін театр, кино, көрме т.б. кездесулерге пайдалануға тыйым салынады.

Денсаулық және спорт күндерін өткізудің мазмұны.

І тоқсанда. Ауа райына байланысты бұл айларда денсаулық және спорт күндері таза ауада өткізіледі. Орта  топтарда жаяу жорықтар, қозғалмалы ойындар эстефеталар т.б,. орта және үлкен топтарда туристік жорықтар, жер белдеріне байланысты бағыт анықтау жарыстары , саяқаттар, спорттық және қозғалмалы ойындар, күн жылы аймақтарда жүзу, өзендер мен көлдерде шомылу, ат спорты т.б. ұлттық ойындар өткізіледі.

II         тоқсан – қараша-желтоқсан . Аймақтардағы ауа райы және
балабақшадардің    мүліктік    қорына    байланысты    гимнатикалық
эстафеталар жаяу жәве шаңғы жорықтары , бір орында тұрып
ұзындыққа, биіктікке секіру, арқанға өрмелеу, кермеде тартылу,
нығыздаған    доп    лақтыру    сияқты     залда    ұйымдастырып,
жеңімпаздарды марапаттау, ойын түрлерінің қортындысы шығару
балабақша қауымының міндеті.

III       тоқсан – қаңтар – ақпан . Бұл мерзімде жарыстар негізінен спорттың қысқы түрінен өткізіледі 1-2- топтарда    алдын-ала дайындалған қар төбешіктерінен   шанамен сырғанаудан топ аралық, жекешілік жарыстар өтізілсе, 3-4- топтарда шаңғы, коньки жарыстары және қозғалмалы ойындар өткізіледі. Жоғары топтарда шаңғы, коньки жарыстарымен, шанамен 1-2 күндік жорықтар өткізіледі. Денсаулық күнінде өткізілетін ойындардың түрлері жалпы білім беретін балабақша балаларының дене тәрбиесі бағдарламасында көрсетілген.

Жарыстар наурыз айында өткізілсе, ауа райының қолайлығына байланысты ойындарды таза ауада өткізуге болады. Жарыс бағдарламасына шаңғы, коньки, хоккей, төбешіктен шанамен сырғанау, спорттық және қозғалмалы ойындарды енгізуге болады. Ойындар мен эстафеталардың әр түрлері үсынылады.

Спорттық жарыстар.

Спорттық жарыстардың негізі жеңіл атлетикалық көп сайыстардан, дала жарысынан, футбол, баскетбол, волейбол, гандбол, асық, ат, бес тас, күрес эстафеталарымен қоса ережесі бар қозғалмалы ойындардан, шаңғы, коньки жарыстарынан тұрады. Бұл ойындар мен спорт түрлері балабақшаның мүліктік қорына, үлт ерекшелігіне, т;үрғылықты халықтың әдет – ғүрпына байланысты жоспарланып, алдын-ала тәрбиешілер кеңесінде бекітіледі-Жарыстар І- топтарда 2-2,5с. ІІ топтарда 3-3,5с. жоғары топтарда 4 сағат шамасында еткізіледі. Жарыска қатысатын әр баланың дәрігерден алған рүқсат қағазы, жарыска дайындығы алдын-ала төрешілер комиссиясы анықтайды-Спорттық киімі жоқ балалар жарысқа қатыстырылмайды Туристік жорықтар. Төменгі сынын балалары үшін бір күндік жорықтар 3-4 щақырым қашыктыққа өткізілсе,10-11 жастағы балаларға 6 шақырым қашықтыққа бір күндік жаяу жорықтар ұйымдастырылады. 12-14 және 15-17 жастағы балаларға 12-15 ишқырымға 2-3 күндік жорықтарға шығуға рүқсат етіледі. Жорықтыц қай түрі болмасын оған мұқият дайындалу қажет, балалардың киімімен, иыққап, ыдыс-аяғын, дәрі-дәрмегін, тамағын жорық басқарушылары алдын ала тексереді. Жорықта дәрігер, жорық кескіндемесі және бағдар жоспары міндетті түрде болады. Бұл құжаттар балабақша директорының мөрімен бекітіледі.

Жорыққа шығар алдында онық бағдарламасын тәрбиешілер кеңесінде, ата-аналардың қатысуымен талқыланып, балабақша бойынша бұйрық шығарылады. Онда жауапты адамдардың аты, жөні, тұратын мекен – жайы, үйінің телефон нөмері көрсетіледі. Жорықтан қайтқан соң, оған жауапты адамдар тәрбиешілер кеңесімен ата-аналар алдында есепті баяндама жасап, жетістіктер мен кемшіліктерді талқылайды. 2-3 күндік жорықтарга ата-аналарлардың қатысуына болады. Жорық кезінде шынығу деңгейі төмен балаларға жетекшілер айрықша көңіл аударады. Жорықта ауыру сырқауға душар болған балаларға бірінші дәрігерлік көмек көрсетіп, оларды жақын жердегі ауруханаға немесе үйлеріне қайтарылады.

Спорт мейрамдары.

Мейрамдар топтар   арасында немесе бір мезгілде барлық балабақша балаларының қатысуымен ұйымдастырылып өткізіледі.

Мейрам “Қыз сыны “, “Жігіт сыны ” жарыстарына ұқсас, гимнастикалық орындаулар, құрал-жабдықтармен және еркін орындалатын гимнастикалық жаттығулардан басталады.

Пирамидалар орындалып, спорттық қозғалмалы, ұлттық ойындармен жеңіл атлетика түрлері, дала жарысы және әскери қолданбалы түрлерінен өткізіледі.

Мейрамдардың негізгі мақсаты : балалардың шынығу дайындығын анықтау, үгіт – насихат жұмысын жүргізу. Жарыс қорытындысын шығару, жеңімпаздарды марапаттау.

 

 

Сауықтыру шаралары бойынша отбасымен жұмыс бағыттары.

Ата-анамен педагогтар арасындағы бірлескен жұмыстар үлкен жауапкершілікті талап етеді. Баланың денсаулығын қорғау, сақтау және нығайту жұмыстары ең басты мәселе. Балалардың қимыл қозғалысбелсенділігін дамытуға байланысты топтарда ашық ұйымдастырылған шаралар, ойын сауықтар, ата-аналармен жыл маусымдарына қарамастан іс-шаралар ұйымдастырылады. МДҰ- да спорт залы ,ойын алаңдары бар, бала дамуына қажетті барлық жабдықтармен, спорттық құралдармен және әр топ спорттық киімдермен толық қамтылды. Және кезеңімен толықтырылып отырады.Әр топтың өз эмблемалары бар. Оларда түрлі жарыстар, әр бағыттағы спорттық ойындар жиі жүргізіліп тұрады. Күнделікті ертеңгілік балалармен дене шынықтыру жаттығулары жасалады. Ұйымдастырылған оқу іс-ірекеті тұрақты жүргізіледі. Осы сабақ барысында балалардың дене бітімі дұрыс қалыптасып, іс қимылдары жетіліп, бұлшық еттері қатаюына көңіл бөлінеді. Топтарда денсаулық бұрыштары ұйымдастырылған.Сонымен қатар балабақшада ата – аналардың қатысуымен түрлі спорттық жарыстар өткізіліп тұрады. Спорттық жарыстар мен түрлі ойын – сауықтар балалардың ой санасының қалыптасуына, өзін еркін ұстап және жан – жақты жетілуіне әсер етеді. Дене тәрбиесіне байланысты балабақшада «Шынықсан шымыр боласың», «Көңілді достар», «Кім жылдам?» деген топ арасындағы эстафеталық жарыстар өткізіледі. Әр сабақ жан – жақты талқыланып, кем – кетігі болса толықтырылып, баланың толыққанды өсіп — өнуі мұқият қадағаланады.Балалардың арасында жиі кездесетін сырқаттар: отит (құлақ ауруы),жедел лоринготрахит (қалқанша безінің ісінуі), ЖРИ (жалпы тыныс жолы аурулары).Балабақшадағы тұрақты жүргізілетін іс-шаралардың нәтижесінде балалардың сырқаттануы азайды.Мысалы,өткен жылға қарағанда сырқат түрлері Мықты денсаулықтың, дененің дұрыс жетілуінің, жоғары жұмыс қабілетінің негізі нақ осы мектеп жасына дейінгі балалық шақта қаланады, қозғалыс қызметінің қалыптасуы, сондай-ақ дене қасиеттерінің бастапқы тәрбиесі де осы жылдарда өтеді. Дені сау бала тіпті қарап отыра алмайды. Бірақ, бала не істеуді, қалай істеуді білмейді. Сондықтан ол ересек адамдардан өнеге алады. Баланы өз күшіне сендіріп үйрету керек. “Қолыңнан түк келмейді” дей берсең, бала жасқаншақ, жасық болып қалады. Бала еш уақытта іссіз отыра алмайтын болғандықтан оған ылғи пайдалы іс беріп отыру керек. Пайдалы іспен айналысқан бала өз бетімен жат қылықтарға әдеттенбейді. Балаларымыздың дені сау болып өссін десек, біз бала тәрбиесінде серуенге аса мән беруіміз керек. Таза ауадағы серуен баланың денсаулығын жақсартып, денесін шынықтырады. Даладағы серуен баланың ширақ қимылдап, жан-жақты дамуына көмектеседі. Жаз айларында барлық сауықтыру шараларын далада таза ауада өткізген жөн. Баланы жылдың қандай ауа райы болсын серуенге шығарған абзал. Ауладағы құрал-жабдықтар, ойын әрекетіне арналған ойыншықтар баланың жасына сай болуы керек.Дені сау ішкі жан дүниесі сау адам − бақытты адам, ол өзін өте жақсы сезінеді, өзін-өзі одан әрі жетілддіруге, дамыта түсуге тырысады, жан дүниесінің сұлулығын аша біледі. Біздің балабақшада кез-келген іс-шаралар ата-аналардың қатысуымен жүзеге асады. Мектеп жасына дейінгі балалар өздерінің іс-әрекеттеріне ата-аналарының қатысқанын ұнатады. Ойын − баланың еңбегі, сондықтан өз еңбегінің жемісіне ата-аналарының қатысып, бірге бөліскені бала үшін үлкен қуаныш. Сонымен қатар жазғы сауықтыру кезеңдегі ұйымдастырылған серуен, саяхаттарға бірге барып, өз көмектерін береді.Әрбір ата-ана өз баласының денсаулығы мықты, қайратты азамат болып өсуін қалайды. Сондықтан мектеп жасына дейінгі бала денсаулықтарын нығайтып, психологиялық сақтандыруды жүзеге асыруда балабақша мен отбасы бірлесіп жұмыстану қажет.Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ең алдымен ата – ананың тәрбиесі негізгі роль атқарады десек, сол тәрбиені ұштастыра білу балабақшадағы тәрбиешіге де маңызды міндет жүктейді. Балабақшадағы әр баланың отбасылық жағдайын, ондағы тәрбие бағытым біліп, ата –анамен тығыз қарым – қатынас орнатып, ынтымақтаса жұмыс жасағанды ғана бала тәрбиесі өз нәтижесін береді.
Отбасында тәрбие міндеттеріне. Баланың дене, танымдық дамуына жағдай жасау, балаларды өзіне – өзі қызмет етуге, жақындарына көмектесуге үйрету, баланың бейімі, қызығушылығын дамытуға, тілдік – қатынастық дамуына жан – жақты дамуына жағдай жасауға міндетті. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, ата-аналардың балабақша мен байланыс дұрыс жолға қоюға жұмыстар жүргіземіз. Балабақшада денешынықтыру кезінде бала дұрыс қозғалыста болуы үшін жыл мезгілдеріне сай киіндіруге, демалыс күндерінде де үйде жаттығулар жасауды әдетке айналдыруды, ашық есік күні, мерекелік ертеңгіліктерге, түрлі спорттық ойындарға ата – аналардың белсене қатысып, қызығушылық танытуын ынтымақтаса жүргізген жұмыстарымыздың нәтижесі деп білеміз. Тобымызда «Әкем, шешем, мен» спорттық сайыс өткізіліп, ата – аналармен бірге ойындар ойнап, жаттығулар жасап, балаларымыз бір жасап қалысады. Балабақшаның ауласы, бөлме тазалығы безендірілуі, балаларға ыңғайлылығы, әдемілігі, эстетикалық талғамдылығы жоғары болуы шарт. Неғұрлым ерте жатып, уақытымен таңертеңгілік тамағын ішіп, серуенге шығып ойнаған, жылы сөз, мақтау естіген, спортпен шұғылданған, шыныққан бала әрқашан да ауруға төтеп беретін, жігерлі, ақылды болып өседі. Бала денсаулығы жақсы, шыныққан, көңіл – күйінің жоғары, ынталы болуы үлкендерге, яғни ата – ана, тәрбиешіге, қоршаған ортаға байланысты. Іс әрекеті, технологияны ертеңгілі бойжазу.

 

 Сауықтыру шынықтыру шаралары

Мақсаты: Жазғы кезеңде тәрбиеленушілердің танымдық қызығушылығын дамыту және сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға бала бақшада барынша тиімді жағдай жасау.

  • келесі қызмет түрлеріне табиғи-заттық ортаны қолдану: табиғатта еңбекті ұйымдастыру (гүлзар, бақша, телім), танымдық қызметті ұйымдастыру, әртүрлі ойын түрлерін ұйымдастыру, қозғалыс белсенділігін, бақылау, тәжірибелік-эксперименттік және  зерттеу қызметін, продуктивті қызмет түрлерін;
  • жазғы кезеңде балалармен іс шараларды бірігіп жасауға еліктіру, тәрбиелеу және сауықтыру сұрақтары бойынша ата аналармен педагогикалық ағарту жұмыстарын жүзеге асыру.