Ата- аналарға сауалнама (астын сызу)


Сундетова Аружан Ергешқызы

№ 10 «Алтын бала» балабақшасының тәрбиешісі 

№ 10 «Алтын бала» балабақшасының тәрбиешісі  Сундетова Аружан Ергешқызы

№ 4 «Балапан» ІІ кіші топ

Ата- аналарға сауалнама

(астын сызу)

 

Ата-ананың  және баланың аты- жөні:______________________________________________________

  1. Балаңыз жиі ауыра ма?
  • Мүлдем ауырмайды,
  • Сирек ауырады,
  • Жиі ауырады.
  1. Аурудың себептері:
  • Балабақшадағы дене шынықтыру тәрбиесінің жеткіліксіздігі,
  • Отбасындағы дене шынықтыру тәрбиесінің жеткіліксіздігі,
  • Дәрігердің қаралуында тұратындықтан.
  1. Балаңыздың дұрыс тамақтануын қалай қадағалайсыз?
  • Үнемі
  • Уақытым болғанда
  • Мүлдем уақытым жоқ
  1. Балаңыз бос уақытын қалай  өткізеді?
  • Ұялы телефон, теледидар,
  • Толыққанды ұйқы,
  • Таза ауада серуен, сурет салу, теледидар,
  • Ойын сауық орталығы,ғаламтор
  • Шынықтыру шаралары.
  1. Балаңыз үйде өзін – өзі қалай ұстайды?
  • белсенді,
  • Тұйық,
  • орташа,
  1. Баланың қандай тағам түрін ұнатады білесіз бе?
  • Ия _______________________
  • Жоқ
  1. Балабақша көмегі қажет пе?
  • Ия
  • Жоқ
  • Жартылай
  1. Балаңыздың мінезі қандай бір сөзбен…

 

Қорытынды анализ

Жалпы  ата – аналар саны 18 оның ішінде 14 ата –ана қатысты, 4 ата – ана себепті .Бұл сауалнаманы балалар мен ата – аналар қарым – қатынасын анықтау мақсатында  өткіздім.Және  әр баланың мінез –құлықын сонымен қатар бос уақытта ата – аналар мен балалар немен айналысады осының бәрін анықтау  болды.Менің сауалнамам өте ыңғайлы, түсінікті болды. 80 пайыз ата – аналарым   балаларын сереуенге және бос уақыттарын балаларына арнайтынын, және олар үшін бала өмірі маңызды екендігі анықталды.20 пайыз ата – анам бірінші орында жұмыс және балаға деген уақытының аз екендігін көрсетті.Мұндай ата – аналармен алдағы уақытта жұмыс жасауды жоспарлап отырмын. Балалардың  басым көпшілігі үйдеде, балалбақшада да  белсенді екендігі анықталды.10 пайыз бала ғана үйде тұйық және  балабақшада да, тұйық мінезді.Көп сөйлегенді  ұнатпайды, достармен ойнауға қысылады. Осындай балалармен алдағы уақытта психолог көмегімен жұмыс жоспарланды. Мен сауалнама арқасында ата – аналарыма бір табан жақындадым.Осындай жұмыстарды әліде қолданып қарым – қатынасты нығайтуға тырысамын.