«Салауатты өмір»


Макишев Конысбай Жалелович

Теңіз негізгі мектебі дене шынықтыру мұғалімі

Салауатты өмір

 

Сабақтың мақсаты:  Ғасыр дертінде  айналған  есірткінің  зиянын ұғындыру  арқылы салауатты   өмір салтына  сай дені сау  азаматты  қалыптастыру.

 

Сабақтың көрнекілігі: «Нашақорлық – ғасыр дерті», «Біз – темекісіз болашақты  бастаймыз, салауатты өмірді  біз қолдаймыз!»  атты қабырға  газеті, бүктемелер, балалар суреттері т.б.

 

1 – ші бастаушы: Құрметті  ұстаздар,  қонақтар оқушылар! «Салауатты  өмірді біз қалаймыз!» атты пікір  алысу кешіне  қош келдіңіздер.

2 – ші бастаушы: Расында да  нашақорлық  қауіпті дерт. Сондықтан да  бүгінгі тәрбие  сағатымызды  ғасыр дертіне қарсы тұрар  күрес деп қабылдаңыздар.

1 – ші бастаушы: Пікір алысу шарамыздың арнайы  қонақтарымен  таныс болыңыздар. Химия, биология, валеология мұғалімдерін ортаға шақырып, олардың пікірлері тыңдалды.

2 – ші оқушы: Иә, құрдас, қалың қалай?

Шылымқор: Қалдің несін сұрайсын? Түрім осы ғой. (Ауру  адамдай қиналып отырады) . «Аппақ гүлдер»  әнінің әуенімен  әндете:

Тыныш еді өмірім

Көріп сені өзгерді,

Қызық көріп шегіп ем,

Ауру келіп дендеді.

–         Міне, досыңның түрі осы. Шылым шегем деп ойнақтаған  ботадай от басып,  осындай күйге ұшыраған  жайым бар.

1 – ші оқушы: Мен де сендей болып шылым шегем деп ауруға шалдықтым. Ата – анам, достарым қаумалап мені емдеу орталығына апарды.

– Міне, көрмейсің бе? Жақсы сөз – жанға дауа. Аурудың алдын алып өмір үшін күреске шық. Сонда ғана  сенің өмірге деген  құштарлығың артады. Өмірді сүйе білесің.

Екеуі хормен:

Салауатты өмірдің

Шырағын біз жағайық. Жаңа ғасырға жас ұрпақ

Темекісіз, темекісіз барайық!

1 – ші бастаушы: Соңғы кезде телидидардан нашақорлық туралы хабарлар көптеп  көрсетілуде. Өзінің өмірден алған  ащы сабағын айтып, жас ұрпақты  осы дерттен құтқарам деп келген жұмбақ  кейіпкерімізді  ортаға шақырайық  ой бөлісейік.

2 – ші бастаушы: Сіз өз мақсатыңызды, анашаның тартқан азабын ортаға салып, өзіңізді  көпшілікке  таныстыра өтсеңіз.

Қара киімді адам:

–         Мен қалың көпшілікке өзімнің басымнан өткен, өмірден алған ащы  сабағымды  кейінгілерге  сабақ болсын деген мақсатпен сыр  шертіп айтқым келеді.  Мен темекіні алғаш рет 13 жасымда бастадым. Оқиға былай болған еді.

2 – ші оқушы: Темекі тартқан қандай жақсы. Мен бар ғой осыны тартқаннан  бастап  салмағымнан біраз айырылып арықтадым.

3- ші оқушы: Қыста, қалада,

Тауып алдық далада.

Темекіні шегейік

Жаңа өмірге енейік.

4- ші оқушы: Мен бар ғой, темекіні шай сияқты пайдаланамын.

5- ші оқушы: Әне, кішкентай бала кетіп бара жатыр. Балақай, бері келші. Қызық көргің келе ме?

Кішкентай бала: Қандай қызық?

4- ші оқушы:  Сен былай темекіні  будақтатып  тарта аласың ба?

Кішкентай бала: Жоқ, оны  тартқанда не болады?

3 – ші оқушы: Мә,  мынау балапан екен ғой. Нешінші сыныпта оқисың?

Кішкентай бала: Бесіншіде.

5 – ші оқушы: Мынаның жасында біз бар ғой темекіні  ширатын едік. Мына бала әлі шип – шикі балапан.

4 – ші оқушы: Мына балапанға темекенің кермек дәмін үйретейік. Мә,  тартып қарашы, Жарайсың, ішіне қарай сор.

Қара киімді адам: Сөйтіп мен осылай  темекіге  әуестене бастадым. Ата – анам  білмесін деп қуыс – қуыста  тартып ауыздықтандым.  Оны әжем де байқады.

Дастарханда әжесі тағам  дайындауда.

Әжесі: Құлыным, жей ғой тамағыңды.

Кішкентай бала: Әже, тәбетім жоқ. Тойдым.

Әжесі: Осы баланың  асқа қарамауы қатты ойландырады.

Тамақ ішпеген соң жүдеп, көздері шүңірейіп кетіпті. Қасқа балам – ау,  ауруға  тап болсаң ғой мына  күйіңмен. Не дейін?

Кішкентай бала: Әжетай – ау, мені уайымдама. Тамақ ішсем болды құсқым келеді. Неге зорланып ішемін?

Әжесі: Балам – ау  дәрігерге көрінсеңші. Өстіп жүріп бір күні  өліп қаларсың.

Кішкентай бала: Иә, әже,  демалысқа шыққан  бойда қаралам.

Қара киімді адам: Арада біраз жыл өтті.

Дискотека: Көңілді әуен. Билеген жастар.

Қара киімді  адам: Қарындас билеуге бола ме екен?

Бойжеткен: Шылым шегесіз бе?

Қара киімді адам:Бар ма? Әкел, шексек шегейік.

Бойжеткен Нағыз ләззат өмірді көргің келе ме?

Қара киімді адам: Иә, не ол?

Бойжеткен: Тартқан да, тартпаған да арманда. Кел бірге ұжмаққа  барайықшы.

Қара киімді адам: Сөйтіп танысқан қызым шылымқор болмай, наркоман да қылды.

Мына, осыдан не шығады. Осындай іс – әрекетке  бармас үшін тәрбие керек. Ол  Салауатты  өмір салтын қалыптастыру.