Алуан түрлі жануарлар


Сибекова Гулшат Мабденовна
БҚО Бөрлі ауданы “Ақсай қаласының №2 ЖББОМ” КММ
бастауыш сынып мұғалімі

Сабақ тақырыбы: Алуан түрлі жануарлар

Пән: Жаратылыстану

Бөлім: 2бөлім  Жанды табиғат

Бөлімше: 2.2Жануарлар

Сабаққа негізделген оқу мақсаты:

2.2.2.1 – Жануарлар класының өкілдерін ажырату: бунақденелілер, балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер;

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:Сурет бойынша жануарлар класының өкілдерін атайды.

Көпшілігі: Өздеріне таныс жануарлар класының өкілдерін ажыратады.

Кейбірі: Жануарлар класы өкілдерінің ерекшеліктерін түсіндіреді.

Бағалау критерийлері:

Жануарлар класы өкілдерін атайды.

Жануарлар класы өкілдерін ажыратады.

Жануарлардың класына қарай ерекшеліктерін сипаттайды

Тілдік мақсаттар

Терминология: Бунақденелілер, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар,сүтқоректілер.

Сөз тіркестері: Бунақденелілерге қандай жәндіктер жатады?

Бауырмен жорғалаушыларға нелер жатады?

Қосмекенділер деп неге аталады?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтаса жұмыстанып,  өзін және өзгенің пікірін құрметтеу.

Қазақстан патриотизм және  азаматтық жауапкершілік борышын арттыру.

Жануарларға деген қамқорлық, табиғатты қорғау.

Денсаулық және техника қауіпсіздігінің сақталуы: Сергіту сәті.

Оқу әрекеті кезінде қауіпсіздік шараларына сақ болу.

Оқу құралдарымен жұмыстану кезінде қауіпсіздік ережелерін

сақтау.

Пәнаралық байланыстар: Дүниетану, көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары: Таныстырылым, аудиожазба

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім: Жануарлар  атауларын біледі.

Жоспар

Басталуы

Жоспарланған  жаттығулар

(Ұ) Ширату. «Еліктеу» ойыны

Оқушылар бір- бірінің белдерін ұстап, тізбектей айналады. Мұғалім жануарлардың атын айтқан кезде сол жануардың  дауысын немесе қимылын салуы керек. Айтылатын жануарлар: қаз, бақа, жылан, аю,  түлкі,  қарға.

Оқушыларға  тек бақа мен жыланның  суреті үлестіріледі. Осы сурет бойынша топқа бөлінеді.    «Бауырымен жорғалаушылар» және «Қосмекенділер» болып 2 топқа бөлінеді.

Сабақтың мақсатын хабарлау.

Ресурстар

Ортасы

(МК) Дауысынан танып біл! Дыбысы арқылы тапқан оқушыға суреттері көрсетіледі.

Видеоролик «Бауырымен жорғалаушылар», «Қосмекенділер»

(Т)Қолдауды қажет ететін оқушылар

«Бауырымен жорғалаушылар» тобына «Дұрыс тап» ойыны

Критерийі: Берілген суреттен жануарларды қиып,  атаулар тізбесінен  дұрыс тауып қиып жапсырмалау.

Дескриптор:

  • Жануарлардың суреттерін қияды;
  • Атауларын кеспе қағаздан дұрыс табу;
  • Қағазға сәйкестендіріп жапсыру.

Кері байланыс: Ауызша Ойлан!  Жақсы!  Жарайсың!

(Т)  Қолдауды орташа қажет ететін оқушылар

«Қосмекенділер» тобына  «Мен қайдамын?» ойыны

Критерийі: Қима қағаздардағы жануарларды табиғаттан мекеніне  орналастыру

Дескриптор:

  • Жануарлардың мекенін анықтау;
  • Табиғат суретінен тиісті мекеніне жапсыру.

Кері байланыс: Смайликтер

Түсінбедім.  Сұрағым бар.   Бәрін түсіндім

Сергіту сәті: Бала- бала- балақан

(ҰӨ) «Кім қырағы» ойыны

Сөзжұмбақ шешу

Дескриптор:

  • Әріптерді сызықпен қосу арқылы жануарлар атын табу
Б А С А Ш О С А ю
Т Қ А Л А Р о З х
А Қ О Л М Т Ь А Е
С Б А Т А А Н Н К
Б А Қ Ы Н Д Р А Т
К Л А Р Д И Н Р
И Ы Қ А  Е Л ф  К І
Т Щ Ғ У Ы  Н Ь  Е С

 

 

 

                                 


Кері байланыс:
Жетондар үлестіру арқылы  берілді.                              

Аудиожазба, суреттер htt://imektep.kz    YouTube

Аяқталуы

(Ұ) Рефлексия:Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді мына жануарлар арқылы бағалай қойыңыздар.

Түсінбедім           Аздап түсіндім     Бәрін түсіндім

Үй тапсырмасын беру: Әр топ өз тобына жататын  бір жануардың  суретін салып келу.

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Сабақ барысында саралаудың тапсырма  әдісі арқылы  қолдауды қажет ететін оқушыларға  төмендегідей тапсырмалар бердім. Берілген суреттен жануарларды қиып,  атаулар  тізбесінен  дұрыс тауып қиып  жапсырмалау. Колдауды  аз қажет ететін оқушыларға  төмендегідей  тапсырмалар ұсындым. Қима қағаздардағы жануарларды  табиғаттан  мекеніне  орналастыру. Қолдауды қажет етпейтін  оқушыларға  сөзжұмбақ  шешу  берілді.

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Сабақта  оқушылардың үйренгенін,  меңгергенін тексеруде,  бағалау критериясына

сай дескрипторлармен өзара бірін – бірі бағалады.

Бағалауда тапсырмаларды төмендегідей дескрипторлармен  жоспарладым.

Дескриптор:

–           Жануарлардың суреттерін қияды;

–           Атауларын кеспе қағаздан дұрыс табу;

–           Қағазға сәйкестендіріп жапсыру.

Дескриптор:

–           Жануарлардың мекенін анықтау;

–           Табиғат суретінен тиісті мекеніне жапсыру.

Сөзжұмбақ шешу

Дескриптор:

–           Әріптерді сызықпен қосу арқылы жануарлар атын  табу

Мұғалім тарапынан ауызша және  жетондар  үлестіру арқылы бағаланды.

Метки: , , ,