«Асыл әжем»


Бахытжан Инабат
Ә.Молдағұлова атындағы № 173 орта мектеп
4 «Д»
Қызылорда қаласы
Смагулова Ляззат Егизбаевна

Менің  әжем ең тамаша адам. Оның жасы қазір 56-да. Ол Қызылорда қаласында туып өсіп,сонда жұмыс жасаған. Қазір зейнеткер. Әжем әкемнің анасы,менің  ақылшым. Менің әжемнің қолынан көп нәрсе  келеді. Оның сүйікті ісі тоқыма тоқу. Ол жас кезінен жүн түтіп,ұршық иіріп,кеудеше, қолғап,тағы басқа бұйымдар тоқып үйренген. Сол өнерін маған да үйретті. Сонымен бірге іс тіккенді де жақсы көреді.

Әжемнің шашы ұзын,бұрымын өзі жақсы қылып өріп алады. Әжемнің сүйікті тамағы-қазақша ет. Оның иісін бұрқыратып өзі асқанды жақсы көреді. Сүйікті сусыны-қымыз,шұбат,шәй.

Кішкентай кезімде өзге әжелер сияқты маған да ьертегі айтып ұйықтататын. Бізге әрдайым ақыл-кеңес айтып отырады. Мен асыл әжеме ұзақ ғұмыр тілеймін.