«Ойыншықтар» технологиялық карта

Мукина Альвира Секеновна

Мұғалім-дефектолог

№13 «Алтынай» арнайы бала бақшасы» КМҚК

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы

 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

 Білім беру саласы: «Арнайы түзеу оқу қызметі»

Кіші сала: «Психикалық таным үрдістерін қалыптастыру»

Мақсаты: баланың ойлау және зейін қабілеттерін, тілдерін дамыту.

Тақырыбы: «Ойыншықтар»

Түзету міндеттері: ойыншықтар туралы түсініктерін бекіту, танымдық белсенділікті арттыру, негізгі ойлау операцияларын түзету, сөздіктерін сын есім сөздермен толықтыру.

-Балалардың ұсақ моторикасындамыту, көзбен қабылдауды дамыту;

– Өз-ара мейірімді қарым-қатынас  орнатуды тәрбиелеу, ойыншықтарға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

Сөздік: қатты, жұмсақ, үлкен, кішкентай

Билингвалдық компонент: қатты-твердый, жұмсақ-мягкий, үлкен-большой, кішкентай-маленький.

Құрал: ойыншықтар (үлкен пойызд, доп, қуыршақ, аю, фломастер, қуыршақ пен кәмпиттер бейнеленген суреттер және т.б)

 

Әрекеттің кезеңдері Педагогтың

әрекеті

Балалардың

әрекеті

Талаптандыру дәлелдеу

 

 

 

 

 

 

Амандасу:
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің ісі ғой!
Ал, қанекей, бәріміз
«Сәлем» дейік үлкенге
– Саламатсіздер ме апайлар!
– Таңертең тұрғанда нені көреміз?
– Күнге қолымызды созамыз
– Күннен алған жылуымызды бір – бірімізге таратайық.

-Мен сіздерге жақсы көңіл-күй мен өзіне және бір-біріне ұқыпты қарауды тілеймін. Ал енді, өз орындарымызға жайғасамыз.

Балалар  шеңберге тұрып,.

күннен алған жылуын бір – біріне таратады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар орындарына отырады.

Ұйымдастыру ізденушілік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дидактикалық ойын: «Паравоз бізге не әкелді?»

Педагог балалардың назарын үстелдің үстінде тұрған пойызға аударады.

-Балалар паравоз бізге не әкелді, кәне көрейік.

Педагог ойыншықтарды балаларға көрсетеді.

Дидактикалық ойын: «Суретті тап»

Педагог үстелдің үстіне ойыншықтар мен ол ойыншықтардың суреттерін қояды.

 

 

Психогимнастикалық жаттығу.

Педагог балаларға көздерін жұмуға ұсынады:

Тік тұрамыз. Қолды жоғары көтереміз. Созыламыз. Сендердің қолдарың – бұл гүлдері бар сабақтар. Жапырақтар, гүлдер күн шуақтарына қарай созылады. Терең демалып.  Қолымызды аспанға созғыңыз келетінін елестетіңіз. Енді, қолдарымызды  түсіреміз.

Дидактикалық ойын: «Ойыншықтарды топтастырамыз» Эйлер шеңберлерін қолдану.

Шарты: балалардың алдына үш түрлі-түсті шеңбер қойылып, ойыншықтардың жасалу материалына қарай топтастыру ұсынылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дидактиалық ойын: «Қуыршақтарды тамақтандыр»

Педагог балаларға қуыршақтарды тамақтандыруға ұсынады (балаларға қуыршақтар мен кәмпиттер бейнеленген суреттер таратылады).

(үлкен қуыршаққа үлкен кәмпит бер, ал кішкентай қуыршаққа кішкентай кәмпит бер).

 

Дидактикалық ойын:

“Басқаларына ұқсамайтын допты тап»

Нұсқаулық.

Баланың алдында төрт доп бейнеленген сурет қойылады.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қызығушылық танытады.

 

Балалар көрсетілген ойыншықтарды атайды:

-Бұл аю.

-Бұл қуыршақ,

-Бұл көлік.

Бала  берілген ойыншықтардың арасынан бір ойыншықты таңдап алып, содан кейін ол ойыншығын суретпен сәйкестендіреді.

 

Балалар көздерін жұмып, педагогпен  бірге қимыл-қозғалыстарды   жасайды.

 

 

 

 

 

 

Балалар ойыншықтарды жасалған материалына қарай топтастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар көлемі бойынша кәмпиттен қуыршаққа дейін фломастермен сызықтар өткізеді. Не істегендерін түсіндіреді.

 

 

 

 

 

Балалар берілген тапсырманы орындайды.

карточкаға мұқият қарап, барлық салынған доптардың ішінен ерекшеленетін допты тауып, айырмашылығы неде екенін түсіндіреді.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Педагог балаларды мақтайды, сабақта не істегендерін сұрайды. Балалар сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын тыңдайды.