«Ғажайып математика» технологиялық картасы


Ташмагембетова Тоты Адиловна

Қарағанды қаласы «КМҚК «Ертегі» санаторлық бөбекжайы»  тәрбиешіcі 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: ҚМҰҚ

Тақырыбы. «Ғажайып математика»
Мақсаты: Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру оқу қызметінде жыл бойы алған білімдерін көрсете отырып, басқа ұлт өкілдеріне  қазақ халқының ата- бабадан келе жатқан асыл мұрасы асық туралы алған білімдерін бөлісу арқылы, салт-дәстүрімізді дәріптеу.

Міндеттері:

Білімділік: Балаларға асық арқылы 5 көлемінде сандық есептеуді бекіту.

1-ден – 5-ке дейінгі сандарды тура және кері санауды жалғастыру. Геометриялық пішіндерді атау және тану, түстерін ажырата білу. Ұзындығы жағынан бір-біріне қарама-қарсы затты (ұзын-қысқа) салыстыру, қағаз бетінде асықтарды бағдарлауды жалғастыру (сол жақта-оң жақта). Санамақ, жұмбақ, көркем сөздер оқу арқылы сөздік қорларын молайту. Іс – әрекет дағдыларын меңгерту.

Дамытушылық:  Балалардың ойлау қабілеттері мен қиялдарын дамыта отырып, есте сақтауға және кеңістікті бағдарлай білуге баулу.  Геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түрлі- түсті асықтар  арқылы түстерді ажыратуға дағдыландыру. Қолдың ұсақ маторикасын дамыту. Түрлі-түсті асықтардан геометриялық пішіндерді және жолақша корточкалар арқылы ұзын-қысқа жолдар жасауға  қызығушылықтарын арттыру. Санамақтар мен жұмбақтар шешу және асық ойыны арқылы, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Балалар арасындағы сыйластықты қалыптастыру, ұжым болып жұмыс істеуге баулу.Өз Отанын, елін, басқа ұлт өкілдерін құрметтеуге, үлкендерді сыйлауға оларға қолқанат бола білуге, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, сергіту сәті, ойындық, жұмбақтар, асықпен интеллектуалдық ойын, интерактивтік тақтамен жұмыс.
Көрнекіліктер: Интерактивтік тақта, қоржын, бала санына байланысты қоржындар, үлкен-кіші асықтар, дөңгелек үстелдер, геометриялық пішіндерге арналған А4 ақ қағаздар бала санына, бағдаршам макеті, Цифрлар жазылған асықтар, ойыншықтар машина, үй жануарлары, жемістер, көкөністер муляжы, асықты баспалдақтар, жолақша карточкалар, укаска.
Үш тілділік компонент: Қайырлы тан! – Доброе утро! – Hello! Бір – один-one, екі – два – two, үш – три – three, төрт – четыре – four, бес – пять – five.

Іс – әрекет кезеңдері:
(Балалар, музыка әуенімен бірінің артынан бірі залға кіреді).                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            – Тәрбиеші: – Балалар, бүгін бізге бірнеше ұлт өкілдерінен қонақтар келіп отыр екен, қане амандасайық!
– Балалар: Қайырлы таң! – Доброе утро! – Hello!
Жылулық шеңбері:

-Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын кеңге ашқан.

Ашық болсын көк аспан,

Тыныш болсын іргеміз,

Бәріміз де біргеміз!! (балалар қолдарынан ұстап жоғары көтереді).

– Тәрбиеші: Балалар бүгін біз қонақтарға, қарапайым математикалық ұғымдар оқу қызметінен  алған білімдерімізді көрсетейік.
Балалар, ендеше дайынсыңдар ма?

-Балалар:  Дайынбыз!

-Тәрбиеші: Ендеше, тақтаға назар аударамыз!

Ойын: «Кім шапшаң?»

1.Төрт бұрышта неше бұрыш бар?

2. Үшбұрышта ше?

3. Дөңгелекте бұрыш бола ма?

4. Мынау қандай пішін, түсімен ата?

5. Үшбұрыштар нешеу?

6. Шаршылар нешеу?

7. Улкен асықтар нешеу, сана?

8. Кішкентай асықтар нешеу сана және түсін ата?

– Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын, орнымызға отырайық.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі.
– Балалар, бізге келген қонақтар құр қол келмепті өздерімен берге тапсырмалар алып келіпті.

-Бірінші қонағымыз – Орыс ұлтынан, анасы мен баласы, тапсырмаларыңызды беріңіздер. Оқиын .

1 – тапсырма: 1-ден – 5-ке дейін үш тілде санап беріңіздер?

-Бес бала, 1-ден – 5-ке дейін цифрлар жазылған асықтармен ортаға шығып, алдыға цифрлар жазылған жағын көрсетіп тұрады. Ал үш тілде санауға бар баладан шығады.

Бір – один- one, екі – два – two, үш – три – three, төрт – четыре – four, бес – пять – five.

-Екінші қонағымыз – Армиян ұлтынан, анасы мен қызы. Тапсырмаларыңызды беріңіздер.

2 – тапсырма: 1-ден -5-ке дейін тура және кері санап беріңіздер?

-Балалар, ендеше біз орнымызда отырып, 1-ден- 5-ке дейін асықты баспалдақтар  арқылы санап берейік. Үстел үстіндегі ыдыстағы асықтармен бірінші тура санап тіземіз, содан соң тізілген асықтарды кері санаймыз.

-Аяла , кане асықтарды тура санашы?

-Бірінші асығыңның түсі қандай болды?

-Екінші асығыңның түсі қандай?

-Үшінші асығыңның түсі қандай?

-Төртінші асығыңның түсі қандай?

-Соңғы бесінші асығыңның түсі қандай?

-Енді кері сана?

Жарайсың Аяла, өте жақсы т.б балалардан жеке жеке сұрау
-Үшінші қонағымыз – Татар ұлтынан, анасы мен баласы.

Тапсырмаларыңызды беріңіздер.

3 – тапсырма: Геометриялық пішіндер құрастырып беріңіздер?

-Балалар, ендеше біз геометриялық пішіндерді тобымызда пайдаланып келе жатқан, жана технология әдісі арқылы,  түрлі – түсті асықтармен құрастырайық.

-Балалар, әр қайсыңның алдыңда ыдыстарға салынған асықтар жатыр, сол асықтармен өз қалауларың  бойынша геометриялық пішіндерді құрастырасыңдар.

Әр баладан жеке жеке сұрау.

-Альмира сен қандай пішін құрастырдың?

– Үшбұрыш.

– Үшбұрыштың түсі қандай?

– Үшбұрыштың түсі көк.

– Үшбұрышта неше бұрыш бар?

– Үшбұрышта үш бұрыш бар, сол себепті үшбұрыш дейміз.

– Қанша қыры бар? Үшбұрышта үш қыры бар.

– Төртінші қонағымыз – Азербайжан ұлтынан, анас мен қызы.

Тапсырмаларыңызды беріңіздер.

4 – тапсырма: Жолақшаларға ұзын-қысқа жол салыңдар

-Балалар, ендеше асықтардан, алдарыңда тұрған жолақшаларға, жоғарғы жолақшаға қысқа жол, төменгі жолақшаға ұзын жол салындар.

– Асылай жоғарғы жолақшаға қандай жол салдың?

– Қысқа жолыңның түсі қандай?

– Қысқа жолың неше асықтан құралған?

– Ал төменгі жолақшаға қандай жол салдың?

– Ұзын жолыңның түсі қандай?

– Ол неше асықтан құралған?

– Сонда 3 асық көппе, алде 5 асық көппе?

– 5 асық көп, 3 асық аз.

– Жарайсың, Асылай!

– Бесінші қонағымыз – Өзбек ұлтынан, анасымен баласы.

– Тапсырмаларыңызды беріңіздер.

5 – тапсырма: 5 санына дейінгі цифрларды жұмбақты шешу арқылы табыңдар?

– Балалар мына үстелдің үстінде бірнеше ойыншықтар жатыр, сол ойыншықтардың арасында бірнеше цифрлар жасырылған, сол ойыншықтағы цифрларды  жұмбақ шешу арқылы табуларың керек. Ендеше жұмбақтарды тындаңдар.

– Әр бала тапқан цифрына байланысты өлең оқиды.

-Жарайсыңдар балалар, келген қонақтарымыздың барлық тапсырмаларын орындадыңдар!

-Енді менің сендерге бір тапсырмам бар, жолда жүру ережесін есімізге түсірейікші балалар.

Жол тәртібін реттейтін құралды қалай атаймыз?

– Бағдаршам

– Бағдаршам не үшін қажет?

– Бағдаршамда неше көз бар?

– Ендеше екі топқа бөлініп, ұжымдық жұмыс, асықтан бағдаршамды құрастырыңдар?

Балаларды екі топка бөлу: Балалар үстел үстіне құрастырып болған соң, интерактивті тақтадан бағдаршамды дұрыс құрастырғандарын тексеру.

«Бағдаршам» ойыны

-Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда – түзу тұрамыз.

-Бағдаршамның сары көзі жанғанда – қолымызды шапалақтаймыз.

-Бағдаршамның жасыл көзі жанғанды – аяғымызды топылдатамыз. (2рет)

«Ханталапай ойыны» асықпен.

Қорытынды:

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:

5-ке дейінгі сандар жиынтығын және геометриялық пішіндерді біледі, түстерін ажыратады, ұзын-қысқа ұғымдарды,кеңістікті бағдарлауды

Қандай түсініктерді игерді:

Асықты баспалдақпен, 1-ден – 5-ке дейінгі сандарды тура және кері санауды, қағаз бетіне пішіндерді асықпен құрастыруды, жолда жүру ережесін сақтау

Меңгерген дағдылары мен іскерлігі:

5-ке дейінгі сандарды тура және кері санауды, логикалық есептер, жұмбақтар шешуді, көркем сөздер оқуды, жаңа технология әдісі асықтармен ойын арқылы ұсақ қол маторикасын дамытуды меңгерді. Зейінді болуға, ұқыптылықты, мейірімділікті, есте сақтау, ойлау қабілеттері дамиды.

Метки: , , , ,