РЕЦЕНЗИЯ №0005 от 02.04.2019


Өскемен қаласы әкімдігінің «№30 ЖББМ» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері А.С.Акказина, А.Е.Иксанова, Г.Д.Слямовалардың авторлығымен жазылған ОЖСБ (9-11) дайындауға арналған әдістемелік құралына

 

Пікір

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріне арналған әдістемелік құрал оқыту өзге тілде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің 9-11-сынып оқушыларын ОЖСБ дайындауға арналып отыр. Әдістемелік құралда «Қазақ тілі» пәні бойынша тіл білімі салаларының ережелері мен қосымша материалдар, «Қазақ әдебиеті» пәнінен кестелер, сұрақ-жауаптар және «Өлкетану» пәнінен ШҚО, жергілікті ақын-жазушылар туралы мәліметтер мен тапсырмалар  кеңінен берілген. Берілген материалдар оқу бағдарламасына сәйкес келеді.

Жинақ 3 бөлімге бөлініп қарастырылыпты. Бірінші бөлімге қазақ тілінің басты салалары фонетика, лексика, сөзжасам, синтаксис бойынша анықтамалар берілсе, екінші бөлімде қазақ әдебиетінің кезеңдері бойынша мәліметтер мен сұрақ-жауаптар, ал үшінші бөлімінде Шығыс Қазақстан облысына қысқаша шолу бере отырып, жергілікті ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығына байланысты тапсырмалармен де қамтылыпты.

Жалпы, әдістемелік құралда берілген мағлұматтар, тапсырмалар, оқу сауаттылығын тексеретін мәтіндік тапсырмалар мен жаттығулардың мазмұны Мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сай, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламасына негізделген.

Қазақ әдебиеті шығармаларын оқу барысында ұлттық мұра ретінде танылған тарихи сипаты мен маңызын танып білуге, шығармада бейнеленген оқиғалар мен кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне баға беруді үйретуге бағытталған.

Әдістемелік құрал бойынша материалдардың ғылымилығы жүйелігі, дәйектілігі және танымдылығы байқалып отыр. Этномәдениеттік компоненттері де ескеріліп жасалған. Отанына деген азаматтық, патриоттық сезімін оятуға, отбасылық, экологиялық тәрбиесіне, сондай-ақ оның белсенді өмірлік ұстанымының қалыптасуына бағытталған. Әдістемелік құралдың тілі мен стилі жоғары сынып оқушыларының деңгейіне сәйкес келеді. Әдістемелік құралдың авторлары тапсырмалар арқылы оқушының шығармашылық қабілеттерін, пәнге деген қызығушылығын арттыруды мақсат етіп алғаны байқалып тұр.

А.С.Акказина, А.Е.Иксанова, Г.Д.Слямовалардың авторлығымен жазылған ОЖСБ (9-11) дайындауға арналған әдістемелік құралы білім беру ұйымдарында пайдалануға ұсынылады.

 

Рецензент: Дауренбекова Лаура Ноғайбекқызы – доцентр, филология ғылымдарының кандидаты, Республикалық оқулық орталығында мектеп оқулықтарының сарапышсы (Астана), Еуразия гуманитарлық институты (Астана) қазақ және орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі