Бағдарлама «Фонетика – тіл дыбыстарының ғылымы» (5-сыныпқа арналған факультатив курс)

Қостанай облысы, Қарасу ауданы, «Ключевой орта мектебі» ММ

қазақ тілі  мен әдебиет мұғалімдері Карбузова М.Т., Серкебаева С.Т

Пікір жазған: Қостанай облысы, Қарасу ауданы, «Ключевой орта мектебі» ММ директоры Габдулин Х.В.

Қостанай облысы, Қарасу ауданы, «Ключевой орта мектебі» ММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері  Карбузова Мейрамкуль Туяковна және Серкебаева Санимкуль Туяковна құрастырған «Фонетика – тіл дыбыстарының ғылымы» атты 5-сыныпқа арналған арнайы курс бағдарламасына, оқу-әдістемелік жинағына

ПІКІР

Бұл әдістемелік құрал, оқу бағдарламасы қазақ тілінен 5-сыныпқа арналған. Оқушылардың фонетика тарауы бойынша тереңінен білім беру, тілдерін байыту, ойлау қабілеттерін арттыру, жалпы оқу сауаттылығын жетілдіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру және мемлекеттік стандартты бекіту,  мұғалімге  көмек құралы  мақсатында қосымша пән ретінде бағдарлама құрылған. Осы бағдарламаға сай  құрылған тапсырмаларда, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай әртүрлі жанрдағы мәтіндер, көркем туындылар, өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ойындар,  мақал-мәтелдер түрінде берілген. Құрастырылған тапсырмалар арқылы оқушыларға қазақ тілінен алған білім-білік дағдыларын әрі қарай толықтырып, жетілдіріп, пысықтауға пайдалануды көздейді.

Ұсынылып отырған бағдарлама жаңа білім жүйесінің басты негіздерін жүзеге асыру жөнінде бағыт береді, ал сол тақырыпты пысықтауға арналған қосымша тапсырмалар бір-бірін толықтыра түседі.

 

 

Авторлар:

Карбузова Мейрамкуль Туяковна, Серкебаева Санимкуль Туяковна Қостанай облысы, Қарасу ауданы «Ключевой орта мектебі» ММ қазақ тілі мен әдібиет пәнінің мұғалімдері.

 

 

Аннотация

Аталған  оқу-әдістемелік  құрал  5-сыныпқа арналған.  Оқу бағдарламасын әрі қарай жетілдіру, бекіту үшін мұғалімге  көмек құралы  мақсатында қосымша білім беру бағдарлама ретінде құрастырылды. Бағдарлама және тапсырмалар жинағы  курс барысында әртүрлі деңгейдегі оқушылардың мүмкіндігін ескеріп, ойлау қабілетін, тілін, сөздік қорын дамытып, фонетикалық ерекшеліктерді түсіне алуына жағдай жасайды. Сонымен қатар оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен пәнге деген қызығушылығын арттырады. Оқушылар өз ана тілінің қыр-сырын меңгеріп, қадір-қасиетін біліп, сауатты жазып, сауатты сөйлеу дағдыларын дамытады. Оқу-әдістемелік құрал оқушылардың өздігінен білім игеру дағдыларын арттыратын, әртүрлі жанрдағы мәтіндер мен көркем шығармалардан үзінділер берілу арқылы және логикалық ойға құрастырылған ойын-жаттығулар жиынтығынан тұрады.

 

Қостанай облысы, Қарасу ауданы әкімдігінің білім бөлімі                                                               «Ключевой орта мектебі» ММ

 

Бағдарлама «Фонетика – тіл дыбыстарының ғылымы»  (5-сыныпқа арналған факультатив курс)

 

2019 ж

 

Түсінік хат

Мектепте білім беруде ең негізгі болып саналатын пән – қазақ тілі. Қазақ тілі маңызды, әрі күрделі пән болып келеді. Адамзаттың тілі – дыбыстық тіл. Әрбір тілдің өмір сүруінің әдісі – тіл дыбыстары. Сөздер дыбыстардың өзара тіркесуі түрінде айтылмаған кезде, тілдің қатынас құрамы да, пікір алысу құрамы да болуы мүмкін емес. Тілдің дыбыстық жүйесі оның ғасырлар бойы өмір сүруіне, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыруына мүмкіндік туғызады. Біз ұсынып отырған фонетика саласына  курс жаңа білім жүйесінің басты негіздерін жүзеге асыру жөнінде бағыт береді. Мектепте дұрыс оқытудың да, дұрыс жазудың да әдістемесінің көптеген мәселелері фонетикаға негізделді. Тілдің орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты алуан түрлі мәселелерді оқып меңгеру, ең алдымен, тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғат пен фонетикалық саланы білуді қажет етеді.

Әрбір ұлттың өзіне тән ана тілі бар. Тіл халыққа үздіксіз қызмет етеді. Қазақ тілі – дамыған, жетілген, бай, икемді тілдің бірі. Нақты әдеби тіліміз бар. Қазақ тілінің байлығы – қазақ халқының ұлттық құндылығы. Осы байлықтың қадір-қасиетін бағалай білу – келешек жас ұрпақтардың зор міндеті. Ана тіліміздің қыр-сырын, қадір-қасиетін кеңінен тану үшін қазақ тілін терең білудің маңызы зор. Осы тұрғыда жұмыс жүргізу қолданбалы курстың негізгі мақсаты болып табылады.

Құрастырылған бағдарлама арқылы 5-сыныпта алған білімдерін қайта толықтыру мақсатында, оқушыға терең, тиянақты білім беру мәселесін дамыта түсуді талап етеді. Фонетика саласы орфоэпиямен тығыз байланысты болғандықтан, оны  жақсы меңгерген оқушы өз ана тілінде дұрыс, анық, түсінікті, әрі мәнерлі сөйлеуге үйренеді.

 

 

 

Бағдарламаның мақсаты:

  • Фонетика тарауы бойынша тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтары туралы, дыбыстық тілдің басқа да мәселелерін тереңірек білу.

 

Бағдарламаның міндеті:

  • Тіл дыбыстарының фонетикалық қасиеттерін білу, дыбыстардың өзара байланысын түсіну;
  • Фонетикалық терминдерді дұрыс пайдаланып, тілдік категориялардың мәнін ұғыну;
  • Қазақ тілінің халықтық сипатын танытатын тілдегі дыбыстық үйлесім мен үндестіктің байланысын орынды пайдалану;
  • Орфоэпиялық, орфографиялық заңдылықтарды түсініп, оның коммуникативтік біліктілікпен байланысын тану.
  • Тілдік-эстетикалық сезімге баулу, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын арттыру.
  • Оқушылардың логикалық ойлауын, қабылдау әрекеттерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

 

Күтілетін нәтиже:

Оқушылардың фонетика саласы бойынша білімдері кеңейіп, дыбыстық ерекшеліктерді, заңдылықтарды білген соң  қазақ тілінде дұрыс жазып, дұрыс сөйлеуге машықтанады. Фонетика, орфография, орфоэпия ғылымы ана тілінің тазалығын сақтауға маңызды. Оқушылардың өз ана тіліне деген қызығушылығы артады. Өз бетінше тереңірек іздену қабілеттері оянады. Қазақ тілінің бір бағытын алып, зерттеп ізденудің арты ғылыми жұмыспен айналысуға көздейді. Осындай қосымша курстың оқушыға маңызы зор, сондай-ақ олар әр пәннің тереңірек оқытылуына жағдай жасайды.

 

 

 

 

 

 

Бағдарламаның мазмұны (34 сағат)

1-бөлім.  Фонетика – тіл дыбыстары туралы ғылым. (4сағат)

Фонетика саласына байланысты термин сөздердің шығу тегі

Тіл дыбыстары. Фонетика салалары, заңдары.

2-бөлім.  Дауысты дыбыстар. (7 сағат)

Жуан және жіңішке дауыстылар.  Ашық және қысаң дауыстылар.

Еріндік және езулік дауыстылар.  Дауыстылардың жазылу емлесі (а,е,ё,о,ө,ұ,ү,ы,і)

Жаттығу жұмыстары.

3-бөлім.  Дауыссыз дыбыстар, оның түрлері. (5 сағат)                                          Дауыссыздардың жазылу ережелері (я,ю,л,р,у,ф,х,в,ч,ц,б,р,д,һ,ғ). Жаттығу жұмыстары.

4 -бөлім. Буын. (3 сағат)                                                                                                                                 Буынның түрлері. Тасымал.

5 – бөлім. Тіл үндестігі .  (9 сағат)

Үндестік заңы .   Буын үндестігі .  Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар .

Дыбыс үндестігі. Дыбыстардың алмасуы .

Ықпалдың түрлері, ілгерінді, кейінді, тоғыспалы .

Сингармонизм.

6-бөлім. Орфография, орфоэпия.  (3 сағат)

Қазақ орфографиясының ұстанымдары (морфологиялық, фонетикалық, дәстүрлік).

Орфографияның негізгі ережелері.

7-бөлім. Жаттығу жұмыстары. (2 сағат)

Қорытынды 1 сағат.

 

 

 

 

Курстық бағдарламанығ тақырыптық жоспары    34 – сағат

Тақырыптың мазмұны Сағат саны Мерзімі
1. Фонетика – тіл дыбыстары туралы ғылым

Фонетика салалары, заңдары                                  Фонетика саласына байланысты термин сөздердің шығу тегі

Тіл дыбыстары

1

1

1

1

 
2. Дауысты дыбыстар

Жуан және жіңішке дауыстылар

Ашық және қысаң дауыстылар

Еріндік және езулік дауыстылар

Дауыстылардың жазылу емлесі (а,е,ё,о,ө,ұ,ү,ы,і)

Жаттығу жұмыстары

1

1

1

1

1

2

 

 
3. Дауыссыз дыбыстар, оның түрлері Дауыссыздардың жазылу ережелері (я,ю,л,р,у,ф,х,в,ч,ц,б,р,д,һ,ғ)                                      Жаттығу жұмыстары 2

1

2

 
4. Буын. Буынның түрлері                                            Тасымал 2

1

 
5. Тіл үндестігі

Үндестік заңы

Буын үндестігі

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар

Дыбыс үндестігі. Дыбыстардың алмасуы

Ықпалдың түрлері, ілгерінді, кейінді, тоғыспалы

Сингармонизм

1

1

1

1

1

3

1

 
       
6. Орфография, орфоэпия

Қазақ орфографиясының ұстанымдары (морфологиялық, фонетикалық, дәстүрлік)

Орфографияның негізгі ережелері

1

1

 

1

 

 
7. Жаттығу жұмыстары 2  
8. Қорытынды сабақ 1  

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Сауранбаев Н. Қазақ тілінің дыбыстары жөнінде, 1958ж.
  2. Жүнісбеков Ә. Қазақ тілінің дауыстыларын артикуляция-спектралдық жағынан талдау. А., 1969 ж.
  3. Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері, 1995 ж. 6-31- беттер
  4. Жұбанов Қ. Қазақ тілінің фонетикасынан лекциясы, 1932-1933 ж.
  5. Құрманғалиева С. Қазақ тілін тереңдетіп оқыту, 1995ж. 34-40-беттер
  6. Ш. К. Бектұров. Қазақ тілі, 2006 ж. 23-52-беттер
  7. М. Жүнісова. Қазіргі қазақ тілі, 2008 ж.