Рухани жаңғыру – ел тірегі


Беришбаев Канат Беришбаевич

Маңғыстау облысы,Маңғыстау ауданы, Ұштаған ауылы, А.Өтепбергенов атындағы орта мектеп тарих пәнінің мұғалімі

         2017 жылғы 12 сәуірде Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласын жариялап, онда қоғамдық сананы жаңғыртудың нақты бағыттарын айқындап берген еді Өткен бір жыл ішінде бағдарлама бағыттары айқындала түсті, бұл жаңғыруға қазақстандық қоғам қолдау көрсетті. Интернет-портал да өзінің арнайы бөлімінде осы үрдісті белсенді баяндап отырды. Мемлекет Басшысының бастамасымен басталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, бұл – шын мәнінде, ұлттық деңгейдегі ауқымды жоба. Ол қоғам тіршілігінің барлық саласын қамтитындығымен бірегей. Оны қазіргі кезеңдегі және ұзақ мерзімді перспективадағы қазақстандық қоғам дамуының өзіндік идеалогиялық платформасы деп батыл айтуға болады. Қоғамдық сананың жаңаруы ортақ әлеуметтік кеңістікте өмір сүріп жатқан халықтың қажеттіліктерімен тікелей байланысты. Бұл ретте, Қазақстан азаматтарының қоғамдық санасының мазмұны олардың мүдделерімен, идеяларымен, құндылықтарымен тығыз байланысып, мәдениет, мінез-құлық тәжірибесі, салт-дәстүр, ғылым, адамгершілік императивін қоса алғандағы рухани негіздерге арқа сүйейді.   Бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, эволюциялық даму және сананың ашықтығы ХХІ ғасырдағы ұлттық сананы жаңғыртудағы басты бағыттар екендігі белгілі. Бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, эволюциялық даму және сананың ашықтығы ХХІ ғасырдағы ұлттық сананы жаңғыртудағы басты бағыттар екендігі белгілі. Сондықтан да, күллі жер жүзі көз алдымызда өзгеріп жатқандықтан, қоғамдық сананы жаңғыртудың ерекше маңызға және өзектілікке дәл қазір ие болуы заңдылық. Жаһандық процестер күтпеген ерекше сын-тегеуріндерді, жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды белсенді қолдануды қалыптастырады, өмір ырғағы мен салтын өзгертеді, ұлттық дәстүрлер заманауи элементтермен толықтырылады. Бұл орайда мықты әрі жауапты адамдардың Біртұтас Ұлтын қалыптастыру Қазақстан табысының маңызды шарты. Олай болса, сананы жаңғырту әр қазақстандыққа әсер етуі керек, өйткені заманауи сын-қатерлер жағдайында еліміздің әр тұрғыны елдің және тұтас қоғамның прогресі үшін өзінің өмірлік стратегиясын бейімдеуге дайын болуы керек. Ал, бұған тек білімнің салтанат құруы, сапалы білімге бағдарлану мен сананың ашықтығы ғана көмектесе алады.