Ғылыми жоба «Алып сандар,көкнәр және қара масаның көбеюі»


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Бестөбе негізгі мектебі

математикалық

бағыт

 Ғылыми жоба тақырыбы:

«Алып сандар,көкнәр және қара масаның көбеюі»

Авторы: 3 «Ә» сынып оқушысы Жунусова Эльмира

Жоба жетекшісі: Бастауыш сынып мұғалімі

Қапарова Баян Жаманбаевна

Аннотация

          Бұл жоба жәндік пен өсімдіктің тез көбеюі арқылы алып сандардың пайда болуын, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік кие болатынын, мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген. Әр санның өзіндік қасиеті шариғатқа қатысты, тәрбиелік мәні, саналы орны болған.

         Ұлы ғұлама, әлемнің екінші ұстазы Әбу-Насыр Әл-Фараби бұдан мың жылдан аса уақыт бұрын «адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берген білім адамзаттың қас жауы»,-деген қағидасын ұстанамын.

Ал Пифогор болса: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Ғалымдардың  бұл тұжырымдарына  сену-сенбеу әркімнің өз еркінде. Басқа ғылымдар мен дін қағидаларының да болжамдарға сай келе бермеуі мүмкін. Дейтұрғанмен, әр санның  адам өмірінде белгілі бір маңыз иеленетін  жоққа шығара алмаспыз.

         Математика өмірді сан арқылы бейнелейді. Тіршілік ете бастаған алғашқы кезеңде адам баласы жазу-сызудан бұрын-ақ санауды үйренгені хақ. 

          Жобадағы мақсат: қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ереше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көріну. Қасиетті сандар арқылы  тәрбие берген салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалу. Сонымен қатар бұл киелі сандар жай сандар теориясына қатысы бар ең маңызды, қызықты және түсінікті нәтижелерді жинақтау. Көптеген шешілмеген проблемаларды атап көрсету.  Баланың әрбір сан арқылы ой толғанысын тудыру, білімге құштарлықты ояту.

Мазмұны:

  1. Аннотация
  1. Кіріспе
  1. Көкнәрдің сыры.
  1. Қара масаның көбеюі.
  1. Қорытынды

Кіріспе

Еккен гүлің сумен ғана өседі,

Табиғатсыз өмір де жоқ деседі.
Математик мынау жердің байлығын
Өлшеп, екшеп, саралаумен шешеді.

Республикамыздың президенті Н. Назарбаев өзінің жолдауында әлемдегі ең озық 50 елдің қатарына кіру стратегиясын айқындаған болатын. Сонымен бірге Елбасы Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі бағытындағы басты міндеттерінің бірі – ғылым мен білім, жаңа технологиялар бәсекелестіктің шешуші факторы екендігін атап көрсетті. Осы ғылым мен білімді меңгеру үшін ең бірінші адамның табандылығы, еңбекқорлығы, ынтасы болуы керек. Осы қасиеттер болғанда ғана адамда бәсекелестік туады.
Ғылыми зерттеу жұмысы да осы сияқты табандылықты, шыдамдылықты, көп ойлануды, сондай – ақ еңбекқорлықты талап етеді. Осындай қасиеттердің арқасында мектептегі математика сүйіп оқитын пәндерімнің біріне айналды.
Менің математика ғылымына қызығушылығымның туындауы ұстазымның жемісті еңбегі деп білемін. Осы өз қызығушылығымнан туындаған «Алып сандар, көкнәр және қара масаның көбеюі» тақырыбын зерделеу, оның қыр – сырларын ашып, математика әлемінде әліде талай қызықты кезеңдері барын жеткізу менің алдыма қойған мақсатым болатын. «Талаптыға нұр жауар» демекші, қажымас қайрат, таусылмас талап болса, зерттеулердің көптеген сырларын аша алатынымызды естен шығармауымыз керек.

Математика адамзат тарихында тұрмыстық мұқтаждықты қанағаттандыру мақсатында пайда болған ең алғашқы ғылым. Олай дейтініміз адамзат өзін айнала қоршаған ортадан күнкөрістік тағамдық заттардың қорын жинағанда олардың мөлшерін білу үшін санауға мәжбүр болған. Санаудың нәтижесінен сан ұғымы қалыптасқан. сонымен, сан адамзаттың ақыл – ойының жалаң туындысы емес, тұрмыстық қажеттіліктерінен бастау алған ұғым. Сандар математика ғылымының түп қазығы.

Орта ғасырларда ғұмыр кешкен ағылшын философы әрі табиғат зерттеушісі Роджер Бэкон (1214 – 1292) «Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы әрі оларға пайдалы да, қажет те» деп бекер айтпаған. Ғылымдар туралы әңгіме болған бір мәселеде Роджер Бэкон математиканың маңызын «… ғылымдарға апарар жол да, ашар кілт те – математика» деп жоғары бағалаған.
Математика құралдық ғылым ретінде басқа ғылымдардың негізі болып қалмастан, ғылыми зерттеуде маңызды рөл атқарады. Ол толып жатқан ғылымдардың мәселен, сурет салу, музыка, құрылыс салу, жазу стилін кескіндеу, логика ғылымы т. б ғылымдардың дамуына негіз бола алады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі:

Ғылыми ізденістерге, өмір бойы білім алуға құштарлығын арттыру, мектепте алған білімдерін одан әрі дамыту, әлеуметтік бейімделуде әр түрлі өмірлік жағдайларда қолдана білу;
Мақсаты:

Көкнәргүлі мен қарашыбынның пайдасы мен зияны арқылы жұмбақ болып жатқан қызықты алып сандарды білу, көре білу, қолдану аясын кеңейту, математикалық іс – әрекетке тән ойлау сапасын қалыптастыру;
Міндеті:
– Математика пәніне деген қызығушылығын ояту;
– Математиканы оқып – үйренуге құмарлығын арттыру;
– Математикадан алған білімін тәжірибеде қолдана білу;
– Логикалық ой қорытындысын жасау, идеялар, ұсыну қабілетін қалыптастыру;
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Фибоначчи сандары табиғатта
Математика – қоршаған ортаның әрі нақты дүниедегі барша заттардың сан түрінде бейнеленген қатынастарын және осы заттардың кеңістіктегі пішіндерін зерттеуге арналған жалпылама ғылым болып табылады.
Итальян физигі, механигі, әрі математигі Галилео Галилей (1564 – 1642) «Табиғат математика тілімен сөйлейді: бұл тілдің әріптері – дөңгелектер, үшбұрыштар және математикалық өзге де пішіндер,алып сандар… Табиғат өз заңдарын математика тілімен қалыптастырады»,- деп айтқандай біз күн сайын өзімізді қоршаған табиғаттан әр түрлі қызықтарын  кездестіреміз. Осыған зер салайық.

Көкнәр тұқымдасы.
Шөптекті, бұта немесе кішкене ағаш түрінде қосжарнақты өсімдіктер тобы. Бұлар – біржылдық немесе көпжылдық өсімдіктер. Ғаламшарда 700 – ге жуық түрлері бар. Қазақстанда көкнәр тұқымдастардың 44 түрі өседі. Көкнәрдің гүлі қосжынысты. Жемісі – қауашақ, тұқымдары – ұсақ, түсі қара болып келеді.
Көкнәр– көкнәрлер тұқымдасына жататын бір не көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда далалышөлейт және таулы аудандарда тараған 11 түрі бар.[1]Ең маңызды сортына дәрілік Апиын көкнәрі  жатады: ол Қазақстанның оңтүстік мен таулы аудандарда өседі. Оның піспеген қауашағының шырынынан дәрі алынады. Піскен Көкнәр тұқымында алкалоид болмайды, бірақ майы көп (55%). Көкнәрдің биіктігі 20 – 90 см. Сабағы жіңішке, түкті жапырағы жалпақ, гүлдері ақ, сары, қызыл қызғылт, гүл сағағы ұзын, олар шар тәрізді гүлшоғырына топталған. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Пісіп тұрған көкнәр гүлінің қауашығына келсек, оның әрбір қауашығынан қаншама гүл өседі. Егер қауашықтың барлығы гүл болып өссе қанша көкнәр гүлі өсер еді? Міне, қызық.Ал еге дұрыс құлық қойсаң ерінбей білгің келсе,бір көкнәр гүлінде 3000 қауашық бар екен.Сонда бір көкнәр гүлінде келесі жылы

          3000х3000=9000 000 қауашық пайда болады.

Келесі жылы

               9000 000х3000=27 000 000 000

Одан келесі жылы

              27 000 000 000х3000=81000 000 000 000

Бесінші жылда көкнәр гүлі әлемге сыймай кетер еді, өйткені

             81000 000 000 000х3000=243000 000 00 0 000 000

Егер көкнәр осылай өсе берсе,оның саны құрлық бетінен  2000 есе асареді. Мен оны былай дәлелдеймін. Өйткені құрлықтың өзі 135 миллион кв.км,ол квадрат метрге айналдырғанда   135 000 000 000 000    кв.м. Енді қарасақ   бір көкнәрдің өзі 5 жылда жер бетін алып кетер еді. Сонда 1 квадраттық метрге 2000 өсімдік өседі екен. Мені таңқалдырғаны , көкнәрдің бір түйінінің ішінде қандай алып сан  жасырынып жатыр.

Тағыда осындай алып сандар  тізімін  қара масаның көбеюінен байқауға болады.

Егер бір маса 120 жұмыртқа салса, одан 120 маса шығады,оның 60-сы аналық болса,онда 60х120=7200 маса пайда болады оның жартысы яғни 3600 аналық болса3600х120=432000

Осының жартысы 216000 аналық болса,онда 216000х120=25920 000       маса пайда болады екен. Сода бір жазда есептегенде

12960000х120=1 555 200 000 маса,

777600 000х120=93 312 000 000,

46 656 000 000х120=5 598 720 000 000,

2 799 360 000 000х120=355 923 200 000 000 бір жазда пайда болатын маса.

Егер бір масаның ұзындығы 5 мм болса,сонда оларды қатарынан тізіп қойғанда,барлық масаның ұзындығы 2500 млн.км-ге жетеді екен. Осы ұзындық Жер мен Күннің арақашықтығынан 18 есе артық екен.  Яғни ,осы аралық  Жер мен ең алыс алыс ғаламшар Уранның ара қашықтығына тең.
Сонда осы сандар:             81000 000 000 000х3000=243000 000 00 0 000 000

                                  2 799 360 000 000х120=355 923 200 000 000

Осы алып сандар тізбегінің заңдылығын өзімізді айнала қоршаған ортадан кездестіруге болады. Иә, шынында да біздің әлемде қызықты әрі жұмбақ жайттар өте көп кездеседі. Ал, ашылмаған құпиялар мен ашылымдар қаншама десеңізші!

Қорытынды

  Әлемнің сан қилы қызық құпияларын,   табиғи қабілеті арқылы биіктерден көре білуге. Алып сандар   теориясына қатысы бар ең маңызды, қызықты және түсінікті нәтижелер жинақтау арқылы салыстырып көрсету.

 Пайдаланған  әдебиеттер

  • Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар  Абдуллаева И.М. , Көкенова Ж. Алматы – 1974
  • Қызықты математика Я.И Перельман 1974
  • Интернет материалдарынан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Метки: , ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *