«Тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтаудың маңызы неде?»


Сейтенова Гульгаслаим Тулеуовна

Жангелдин ауданы, Торғай селосы “Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі” ККМ бастауыш сынып мұғалімі

Тақырыбы: « Тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтаудың маңызы неде?»
Мақсаты: 1.Ескерткіштер туралы оқушыларға мағлұмат беру, түрімен таныстыру, көненің көзі, болашаққа аманат екенін түсіндіру.
2. Ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі мәдени-тарихи және сәулет ескерткіштері арқылы оқушыны ұлтжандыққа тәрбиелеу
3.Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Мәдени мұра»бағдарламасы туралы айту

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта,  «Мәңгі алау», «Тайқазан» макеті

Презентациясы: «Ескерткіштер»

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру:

ІІ. Жаңа сабақ:
Ескерткіш –елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Тарихи және мәдени ескерткіштер жиынтығы мұражайлық, көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді /құрылыс, ғимараттарды / қамтиды.
Ортақ типологиялық белгілері бойынша ескерткіштерді төрт түрге бөледі:
Археологиялық ескерткіштер
Тарихи ескерткіштер
Сәулет өнері ескерткіштері

1.Қожа Ахмет Ясауи
2.Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы туралы
3.Мәдени Мұра” бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштер
4.Түркістан

Суреттер – адамның рухани мәдениеті мен дүниетанымынан ақпарат беретін қайнар көз.
Мемлекеттік мағынасы бар ескерткіштер: 30 Қазір, Қазақстанда 25 мыңға жуық тарихи ескерткіштер бар. Олардың бәрі мемлекеттің қорғауына алынған. Ал Қожа Ахмет Яссауи кесенесі 2003 ж. 5 шілдесінде ЮНЕСКО-нің Бүкіләлемдік мұра тізіміне тіркелді. Осындай тарихи-мәдени ескерткіштерді Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Егер қазақтардың рухани тарихы жазыла қалса, Қожа Ахмет Яссауидің хикметтері сөзсіз оның бір бөлігі болып кіруге тиіс»

Қожа Ахмет Ясауи – шамамен 1040 жылы (кей деректе 1103 немесе 1093, 1095) Сайрам (кейбір деректер бойынша Ясы) қаласында дүниеге келіп, жүз жиырма бес жыл жасаған Түркі әлеміндегі мұсылмандық дәстүрді орнықтырған ғұлама ұстаз. Әкесі – Ибраһим, анасы – Қарашаш ана. Ясауидің ата-анасының зияраттары Сайрамда. Деректерде Қ. А.Ясауидің Ибраһим атты ұлы мен Гаухар атты қызы болғаны айтылады. Қ.А. Ясауи ұрпақтары осы қызынан тарайды. Кашифи «Рашахат-ул айн-ил хайат» атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабаның шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сырын үйренгендігі туралы мәлімет береді. Қ.А. Ясауи дүниетанымы, оның ілімінің мәні мен маңызы «Диуани хикмет», «Мират-ул Қулуб», «Пақырнама» сияқты бізге жеткен мұраларынан көрінеді. Ясауи қалыптастырған хикмет дәстүрінің Ислам ақиқатын халықтың жүрегіне жол тауып сіңірудегі маңызы зор болды. Олар хикмет дәстүрін таратуда зікір практикасының үш түрін: алқа зікірі, арра зікірі, құпия зікір формаларын қатар алып жүрді.

Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы туралы
Сәуірдің 18 күні Халықаралық тарихи ескерткіштерді және тарихи орындарды қорғау күні деп 1982 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы осы күнді бекіткен болатын. Басты мақсаты – жас ұрпақты тарихи құндылықтарымызбен таныстыру, тарихи ескерткіштеріміз – мәдени мұраларымызды қастерлеп сақтауға, құрметтеуге шақыру.
Қазақстанның рухани өмірінде Семей қаласының алатын орны ерекше. Тарихы әріден басталатын көне қалалардың бірі Абай дәуірінде мәдениеттің, өнердің орталығы болды. Бұл қаламен Абай, Шәкәрім, М.Әуезов есімдерімен бірге 1917 жылы Алаш мемлекетін құрған А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, Ж.Аймаутовтардың есімдері байланысты. Қаламызда өткенімізден сыр шертетін, дара тұлғалар өмірінен тың мағлұмат беретін, тарихымыздың өшпес бір бөлігіндей саналатын ғимараттар мен ескерткіштер жеткілікті. Бұл – кейінгі ұрпаққа танымдық-өнегелі тәрбие беретіндей мәдениеттің қайнар бұлағы.

Абай өмірі мен шығармашылығы, туыстық, ақындық – өнер айналасымен байланысты төрт жүзден астам тарихи-мемориалдық орындар абайтануға мәлім. Олардың бір саласы тікелей Абайдың өзіне байланысты болса, бірқатары Шәкәрімге, М.Әуезовке, Абай мектебінің шәкірттері, ұлы ұстаз дәстүрі мен тағылымын жалғастырушы әдеби-тарихи тұлғалар өмірі мен шығармашылықтарымен байланысты орындар мен елді-мекендер жатады.
Кеште қорық-мұражай есебіндегі Семей қаласындағы, Жидебай қорық алқабы және Әуез әулетінің қоныс-қыстауы – Бөрілі елді мекеніндегі тарихи ескерткіштер туралы баяндамалар оқылды.

Қорытынды