«Заманауи іс-әрекетті зерттеу – тіл табысу құзыры» семинар-тренинг


Саурбаева Салтанат Беркутовна

КМҚМ Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі оқытылуы қазақ тіліндегі бөлім меңгерушісі,  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Коучинг тақырыбы:
«Заманауи іс-әрекетті зерттеу – тіл табысу құзыры»
Мерзімі:
29.09.2018 ж.

Саурбаева С.Б.- қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы
Жалпы мақсаты:
Топтық жұмыс жүргізу арқылы жаңартылған білім мазмұны негізінде мемлекеттік

тілді оқытудың келешегін дамытудағы мәселелер, тәжірибе,  жаңа  тәсілдемелер-

ді  зерделеу
Оқу нәтижелері:
Коучинг соңында оқытушылар:

·                    Оқыту мен оқудағы тілдің басты рөлін түсінеді.

·                    Тақырып мазмұнын ашуда топ жұмысына белсене араласып, өзін-өзі реттеуді үйренеді

·                    Мемлекеттік тілді меңгеру,  білім беру  мазмұнының жаңаруындағы өзекті мәселелер төңірегінде ой аламасу негізінде шағын топтарда жұмыс жасауға дағдыланады.

·                    Өз ойын сыни түрде ойланып, еркін ойын жеткізе алады.

·                    Оқытушылар арасында жақсы қарым-қатынас орнайды
Түйінді идея:
Тіл табысу – өркениетті қатынастардың жемісі, мәдениеттіліктің көрсеткіші.
Семинар өткізушілер мен қатысушылардың іс-әрекеті:

Коучинг сессияны өткізу кезеңдері
Коучинг өткізуші іс-әрекеті
Қатысушылар                      іс-әрекеті
1-әрекет   Сәлемдесу.        Қатысушыларға психологиялық ахуал жасау.

 

Ынтымақтастық жағымды ортаны орнату.

Сәлемдесу, ортаға танысуға шақыру, өз есімдерін атап, бас әріпін  әдемі сөзбен немесе  қасиеттермен байланыстырып таныстыру

Түрлі түсті бөкебайлармен топқа бөліну.   Түс таңдаудағы себептерін білу.     (сыни ойлау)
Бір-бірімен амандасады. Өздерінің  бойындағы  қасиеттері туралы  ойланып  айтып таныстырады.  Өзіндік таныстырылым жасайды.Топта  ынтымақтастық  ахуал  қалыптастырады,  бір-біріне жақсы тілектер  тілейді.Топпен  бірге орындайды. Сыни ойлау негізінде ой бөліседі.
2-әрекет   Эмоционалды көңіл-күй рефлексиясы

Қатысушыларды әңгімеге тарту, ойландыру ( Банк туралы әңгіме)

Жағдаят шешу. Уақытты үнемдеу – жақсы қарым-қатынас жасай білу екенін зерделеу
Сабақ алдындағы сабаққа деген көңіл-күйін анықтайды. Ойларын ортаға салады. Бірлескен жұмысқа дайындалады. Ынтымақтастық атмосферасы туындайды.
3-әрекет.          Миға  шабуыл                      Бейне  көрсетілімі
Назарларын «Балалар әңгімесі» бейнекөрінісіне  аудару.Сұрақ қою:

–          Бейне көріністегі оқиға сіздерге қандай ой туғызды?

Коучинг тақырыбы мен мақсатын таныстыру
Бейнекөрініс  көреді, тыңдайды.  Коучингтін тақырыбын ашады.  Мақсатымен танысады.
4-әрекет. Теориялық мінбе
Бірлескен жұмыс. Постер құру, қорғау

 

Әр топқа тапсырма беру. Әр топ сұраққа жауаптарын   сызба,кесте түрінде келтіре алатындарын ескерту.

Әр топ мүшелерінің  өз жұмысын постер арқылы қорғауына жағдайлар жасау.

Кері байланыс жүргізеді.

Топпен жұмыс жасайды. Тапсырма орындайды. Тақырыптар төңірегінде ойларын  зерделейді, қорытындылайды,  қорғайды, шығармашылықпен жұмыс жасайды.

Тапсырма тақырыптары :                                                                                    1 ТОП –Білім беру жүйесін жаңартудағы  тіл мәселесіне қатысты  өзгерістер

2 ТОП-Мемлекеттік тілді меңгерту жолындағы күйзелтетін мәселелер

3 ТОП- Тіл табысу құзырының  моделін құру

4 ТОП- Іс-әрекетті зерттек – одан әрі өсу және оқуды жалғастыру
5 әрекет

«Психологиялық тест» сергіту сәті
«Ақ адамдар» психологиялық тест, өз-өздерін бағалау
Тыңдайды, орындайды. Бөліседі.
6-әрекет.

«Кеме апаты» ойыны

Айтылған ойларға қорытынды жасау. Тапсырма тарату, орындауларын қадағалау. Сыни тұрғыдан ойлауды пайдалану. Эксперт сараптамасын жүргізу
Шағын топтарда жұмыс жасайды. Жағдаятты талдайды, реттейді. Ойларын пайымдайды. Сәйкестіті тексереді.
7 -әрекет.

Бейнекөрініс
«Құмырсқалар еңбегі»  Бейне үзінді көрсету. Диолог жүргізу
Бейнекөріністі көріп, идеяся жайында ой бөліседі. Сыни көзқарастарын айтады.
8-әрекет.

РЕФЛЕКСИЯ

«Бес саусақ» әдісі

Сабақты қорытындылау, рефлексия. Тілек білдіру.

Ақ қағазға саусақтарының суретін сызады. «Бес саусақ» тәсілі  бойынша орындайды (әр саусаққа бір сөз)

Бас бармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

Балалы үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Кімді риза жасадым? Кім маған көмек берді?

Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай жаңа білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

Алақан – алға ұмтылу. Жұмысты жақсарту үшін не жасау керек? Білімімді қалайша толықтырам?