АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, БІЛІМГЕР ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ.

Байгабылова Айгул Болатовна

Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжі, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы

       Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі.Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл.Оған біз алдағы өтіп кеткен ЕҚҰБ(ОБСЕ) Саммитіне төрағалық еткен кезіміз осының бір дәлелі бола алады. Еліміздің шет елдермен қарым-қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі кезде оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті.Демек, балаларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы.Шетел тілі қазіргі кезде заман талабына сай көптеген мектептерде 1 сыныптан бастап жүргізілуде.Бұл оқушы бойында ерте кезеңнен бастап ұлтаралық,мәдениетаралық бірлестікке   дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді.Шетел тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір балаға  психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтуын,білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігінде.

Білім сапасын арттыру, бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Осы мәселені шешу- білім беру мазмұнын жаңашаландырумен, оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясы мен әдістерін жетілдіру. Сондай-ақ, білім беру мақсаты мен нәтижесіне ерекше мән берумен тығыз байланысты.

Шәкірттерінің сабақтағы белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыру, ойлау,шығармашылық, ізденіс қабілеттерін дамыту арқылы білім сапасын көтеруде ойын технологиясын пайдаланудың мәні зор. Ойын технологиясын сабақта дұрыс қолдана білу керек.Санына емес сапасына назар аударған жөн.

Күнделікті бір сарынды,дәстүрлі сабақпен оқушыларды қызықтыра алмайсың, керісінше жалықтырып аласың. Мен ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыру мақсатында ойын технолдогиясын қолданамын.Ойын ойнау арқылы балалар өздерін көрсете алады, өзара қарым – қатынасқа түседі, жеңіске деген ұмтылыс пайда болады. Мектепке дейінгі кезеңде ойын – балалардың ең негізгі әрекеті болды.Күнде дәстүрлі сабақ өткізу арқылы, қалаған нәтижеге жете алмайтынымды түсіндім.Сабақта ойын әрекеті болу керек екендігін аңғардым.Бірақ қандай деңгейде?Сабақтың қай кезеңінде?Қай кезде жақсы нәтиже береді?Бұл сұрақтар мені үнемі толғандыратын.Себебі мен бұл сұрақтарға бірден жауап бере алмадым. Әріптестеріммен кеңестім, көптеген әдебиеттерді оқыдым, интернеттен іздедім,баспа – құралдарын оқыдым,сабақ жоспарларымды зерттедім.Ойын арқылы қызықсыз тақырыптарды жеңіл, оңай меңгертуге болатынын түсіндім.Сонымен мынандай қорытындыға келдім.Сабақта қолданатын дидактикалық ойындарды 4 топқа бөлуге болады (сурет 1). Сабақта жиі қолданып жүрген ойындардан үлгілерді ұсынамын.

 

 

 

Сурет 1. «Дидактикалық ойындар»

1.Фонетикалық ойындар.

Мақсаты:Оқушыларды ағылшын дыбыстарын еш қиындықсыз дыбыстауға, алфавитті меңгертуге үйрету.

Аралар ойыны                                                                          

 

Құрал-жабдықтар: ковбой қалпағын киген ағылшын арасы мен тақия киген қазақ арасының суреті.

Ойын барысы:Мұғалім екі  араны таныстырады.Ағылшын арасы [р] деп  (тілімізді тістеп «з» деп айту)ызылдайды, ал қазақтың арасы  [ʒ]деп ызылдайды.Екі ара бір гүлдің үстінде кездесіп қалып бір-біріне екі елдің жаңалықтарын айтып жатыр.(кезек-кезек [р], [ʒ]деп айту)

 

“Story”

 

Белгілі бір дыбысқа арналған кез-келген сөздерді пайдалануға болады. Содан соң әңгіме құрастырылады.Әңгімеде сол дыбысқа арналған сөздер кездессе- балаларға оны карточкадан көрсетіп, олар оны хормен айтады.
Мысалы: Бір күні (Rabbit) болыпты. Оның тамаша (rope) бар екен. Біздің(Rabbit) өзінің (rope)мен (road) арқылы жүргенді жақсы көрді.( (road) бойында өте әдемі (roses) өседі екен. Егер күнде таңертең  (rain) жаумаса, біздің (Rabbit) әдемі (roses)дерді теріп алып өз достарына апарып берер еді! Etc.

 

“Is it true or not?”

Ойынды доппен өткізуге болады. Допты кез келген ойыншыға лақтыруға болады және бір сөз тіркесін айтып:“Is it true or not?” деген сұрақ қояды,.Ойыншы допты қағып алып “Yes, it’s true”, немесе “No, it’s not true” деп жауап береді. Сосын сол адам допты басқа ойыншыға лақтырады.(кесте 1.)
Мысалға:

Yellow lemon   Pink pig
     
Orange bear   Brown monkey  
     
White snow   Red crocodile
     
Purple mouse   Green grapes
     
Gray elephant   Purple cucumber
Blue  apple   Black  sun

 

 

Кесте 1.

 

2.Лексикалық ойындар

Мақсаты: өткен тақырып бойынша сөздік қорларын кеңейту және бекіту.

 

Алтыншысын ата

Ойын барысы: Ойыншылар дөңгелектеніп отырады.Ойынды бастаушы өткен лексика бойынша сөздерді атай бастайды.Мысалы,5 спорттың түрі,5 мамандық,5 мектеп құралдары,5жануар т.с.с.Жалғастыруға ұсынған адам 6-шысын атайды.Егер тез айтса, сол адам жүргізуші болады.Біраз ойланып айтса,бұрынғы адам бола береді.

Мысалы:a rubber, a desk, a ruler, a chair, a board…(a pen)[2]

 

3.Грамматикалық ойындар

Мақсаты: Грамматикалық тақырыптар бойынша білім,білік,дағдыларын бекіту.

 

Күн мен түн ойыны

Ойын барысы:Мұғалімнің командасымен «night» деп айтқанда оқушылар көздерін жұмады, ал «day»  дегенде тапсырманы орындайды.

  • Мұғалім қазақша айтады,оқушылар ағылшын тіліне аударады.
  • Мұғалім ағылшын тілінде сөйлем айтады,оқушылар болымсыз түрі мен сұраулы сөйлем жасайды.

Мысалы: T: «мысық» ,P: «a cat»;

T: «мысық жақсы көреді», P: «a cat like»;

T: «мысық доппен ойнағанды жақсы көреді», P: «a cat likes to play with a ball»;

 

        4.Орфографиялық ойындар

        Мақсаты: сауатты жаза білуге дағдыландыру

 

Гусеница(қуыршақ) ойыны

Құрал-жабдықтар:магнит,әріптер жазылған дөңгелектер.

Ойынның барысы: Тақтада домалақтардан құралған гусеницанын суреті бар.Бірінші гусеницада қысқа сөз жазылған.Әр гусеница бір домалаққа артығырақ (домалақтар бос),қатысушылар кезекпен тақтаға шығып ереже бойынша сөз жазады.

Ереже:барлық сөздер бірдей әріптен басталу керек.Алдындағы сөзден келесі сөз бір әріпке артығырақ болу керек.(сурет 4.)

 

Мысалы:

Сурет 4.

 

 

Тиімді қолдана білген ойын арқылы:

  • Білім беру сапасы артады
  • Оқушылардың сабаққа қызығушылығы артады
  • Қиын грамматиканы оңай,әрі қызықты етіп түсіндіруге болады.
  • Оқушы белсенділігі артады
  • Материалды меңгеруге түрткі болады

Ойын технологиясын қолдану арқылы барлық мәселе шешіле қалды деп айту дұрыс емес.Дегенмен,қиындықтар азайады.Себебі,ойын- бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті. Мұғалім үнемі ізденіс үстінде болу керек.Сонымен қатар,кроссвордтар, ребус, жұмбақтар, жаңылтпаштарды тез әрі дұрыс айттыру арқылы оқушылардың тілдері жаттығады, логикалық ойлау қабілеттері дамиды, шапшаң ойланатын болады.Сергіту сәтін ұйымдастырған кезде интернеттен онлайн жүйесінде «happy song », «Bingo» т.с.с.сияқты әндерді бейнеге қарап тұрып орындатса, оқушылар сергіп ,қызығушылықтары оянар еді деп ойлаймын.Бір жағынан, тілдері жаттығады,екінші жағынан, ағылшынша әндер жаттайды.

Ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыру мақсатында ойын технологиясын пайдалана отырып, оқушы құзыреттілігі дамиды.Қазақстан Республикасының «Білім туралы » заңында және Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында : «Бастауыш мектептің негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту» – деп көрсетілген.[3]Бұл қағида оқушыны тұлға ретінде қалыптастыруды көздеуден туындап отыр. Себебі, бүкіл орта білімнің іргетасы осы сатыдан бастау алатыны белгілі.Қазіргі таңда бастауыш сыныптарда білім берудің басты тапаптарының бірі – баланың жеке бастық дамуына, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуына дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған.Осы тұрғыдан алғанда қоршаған дүниені түсінген, ондағы үздіксіз болып тұратын өзгерістерді байқап,бақылай алатын оқушы ғана даму мүмкіндігіне ие болады.Қазіргі таңда оқушыларға білім беру жеке тұлға дамытуға бағыттала жүргізілетін болғандықтан, бағдарламалық материалдарды оқытуда олардың ғылыми ұғымдарын қалыптстыру мәселесіне баса көңіл бөлудің керектігі туындап отыр.

Құзыреттілік – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім , дағдыны тәжірибеде қолдана алу, проблеманы шеше білу, оқушылар дайындығының сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа. Жаңа білім жүйесіндегі басты назар аударылатын мәселелердің бірі әр оқушының құзыреттіліктер жиынтығы білім нәтижелері ретінде игеруіне бағдарланған.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтатын болсақ, дидактикалық ойындарды дұрыс таңдау керек. Ал, дұрыс таңдау үшін оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін білу керек.Тек қана осы жағдайда ғана ,біз күткен нәтижелерімізге қол жеткізе аламыз. Тиімді қолдана білген кез келген технология білім сапасын арттыратыны анық.Дамыған елу мемлекеттің қатарына кіру үшін білімді ұрпақ тәрбиелейік.Себебі, Қазақстанның болашағы білімді ұрпақтың қолында.Қазіргі жастар – ертеңгі Қазақстанның болашағы. Сөзімді ұлы Абайдың мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді.

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға!

 

ӘДЕБИЕТ

  1. Верещагина И.Н.,Рогова Г.В. «Методика обучения английскому языку на начальном этапе в общеобразовательных учрежденях.»
  2. Englis Play and Learn.№7\2006
  3. «Білім туралы» Заңы.2007ж.