«Топырақ өңдейтін машиналар мен құралдар. Соқалар түрлері, құрылысы және жұмысы»


Жусипбекова Айжан Байдилдаевна

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі арнайы пән оқытушысы

Алғы сөз.

Топырақ өңдеудің негізгі мақсаты – мәдени өсімдіктерден мол өнім алу, ол үшін өсімдіктерге ең қолайлы жағдай туғызу болып табылады. Топырақты өңдеу кезінде арамшөптер мен зиянды жәндіктер жойылады, өсімдік қалдықтары топырақтың терең қабатына көміледі, органикалық тыңайтқыштар мен минералдық тыңайтқыштар топырақпен араласады және топырақта  ылғал жинауға жағдай жасалады. Механикалық өңдеудің осындай артықшылығы болғандықтан, мәдени өсімдіктер өсірілетін топырақ міндетті түрде өңделеді.

Топырақты механикалық өңдеудің мынадай түрлері бар: негізгі өңдеу,топырақтың беткі қабатын өңдеу, арнайы өңдеу және эрозияға қарсы өңдеу. Топырақты негізгі өңдеу 20-35 см. тереңдікте жерді жырту соқаларымен атқарылады.

Соқалар жер қыртысын аударып жыртуға арналған.Мұндай өңдеу кезінде арамшөптер мен өсімдік қалдықтары тереңге көміледі және себілген тұқымның өніп шығуына қолайлы жағдай жасалады.

 

Сабақтың мақсаты :

а) Сабақтың білімділігі:Топырақ өңдейтін машиналардың түрлерін және соқалардың жіктелуін, жұмысын, құрылысын түсіндіру, оқытып-үйрету,студенттердің  білімін,дағдысын қалыптастыру.
ә)Сабақтың дамытушылығы:Топырақ өңдеу машиналары,соқалар төңірегіндегі студенттердің ой-өрісін дамыта отырып, заманауи талапқа сай іскерлікке баулу.
б)Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Студенттерді  еңбектенуге, тазалыққа,ұқыптылыққа, мамандық сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас

Сабақтың түрі: Теориялық сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,баяндау,ойындар,сұрақ-жауап,кері байланыс.

Сабақтың көрнекілігі және техникалық жабдықталуы: Интерактивті тақта, презентация, «Ауыл шаруашылық машиналары» мультимедиалық интербелсенді компьютерлік оқыту бағдарламасы,түрлі –түсті иллюстрациялық суреттер, соқа макеті, плакаттар.

Пән аралық байланыс : Өсімдік өнімдері өндірісінің технологиясы, Өсімдік қорғау, Топырақтану.

Уақыты: 90 минут.

 

Сабақтың өткізілу барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқытушының студенттермен сәлемдесуі.

ә) Студенттердің сабаққа қатысуын тексеру.

б) Дәрісхананың тазалығына, сабаққа дайындығына назар аудару.

в) Студенттерді журналдағы реттік нөмірі арқылы  тақ және жұп сан бойынша екі  топқа бөлдім.

  1. Үй тапсырмасын тексеру. 

Сабақ барысында ойын түрлерін қолдандым. Соның бірі үй тапсырмасын сұрауда «Алтын балық» ойынын қолдандым. Бұл ойында судағы балықтарды қармақ құру арқылы аулайды. Қағаз бетіне көлдің суретін салып, оған бірнеше балықтардың суретін салып,оны қиып балықтың астыңғы жағына үй тапсырмасы бойынша сұрақтар жасырамыз. Содан соң оны  көлге жібереміз. Балықтың шетіне темір скрепкаларды қыстырамыз. Ағаштан қармақ жасап, оның ұшына магнит байлаймыз. Сол бойынша қармаққа ілінген балықты аулайды. Ол балықтардың астында  сұрақтар жасырулы. Үй тапсырмасы бойынша ауыл шаруашылық машиналарының түрлерінен, топырақ өңдеу әдістерінен сұрақтар берілді.

Сұрақтар:

1.Ауыл шаруашылық машиналарының түрлері?

2.Ауыл шаруашылық жұмыстарының түрлері?

3.Өндірістік процесс деген не?

4.Топырақты механикалық өңдеудің түрлері?

  1. Топырақты негізгі өңдеу деген не?

6.Арнайы өңдеу деген не?

7.Топырақтың беткі қабатын өңдеу деген не?

8.Эрозияға қарсы өңдеу деген не?

9.Топырақты негізгі өңдеу қандай тереңдікте жүргізіледі?

  1. Топырақтың беткі қабатын өңдеу қандай тереңдікте жүргізіледі?

3.Студенттер жауабын бағалау.

Топ студенттері белсене араласып, үй тапсырмасы бойынша жауаптарына сәйкес  жақсы жауап берген студенттерге  көңілді, толық емес жауаптарға  көңілсіздеу смайликтерді беріп  отырдым. Сабақ барысындағы басқа тапсырмалар бойынша да осы смайликтер  берілді.  Ескерту: Ойынның атына байланысты балықтардың арасында бір «Алтын балық»  бар. Оны аулаған студентке «Тосын сый» бар. Бырақ ол сыйды алу үшін студент балықта жасырылған сұраққа толық жауап беруі міндетті. Ол тосын сыйға топтың белсенді студенті Жүнісов Нұрсұлтан барлық сұраққа толық жауап беріп ие болды.

  1. Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлап, мақсаты мен міндетін түсіндірдім, тақырыбын және сұрақтарын тақтаға жаздым.

Тақырыбы: «Топырақ өңдейтін машиналар мен құралдар. Соқалар түрлері,

құрылысы және жұмысы»

Мақсаты: Топырақ өңдейтін машиналардың түрлерін,соқалардың жіктелуін олардың атқаратын қызметін,құрылысын оқытып-уйрету.

Жоспары:

1.Топырақ өңдейтін машиналар түрлері.

2.Соқалар туралы жалпы түсінік,олардың жіктелуі.

3.Соқалардың құрылысы. Агротехникалық талаптар.

Жаңа тақырып бойынша  топырақ өңдейтін машиналар,соқалар туралы дәріс оқып, жалпы мағлұмат берілді. Сонан соң «Ауыл шаруашылық машиналары» мультимедиалық интербелсенді компьютерлік оқыту бағдарламасы қолданылды, онда студенттер соқалардың жұмыс процесін, жұмыс бөліктерін, олардың негізгі реттеулерін видео арқылы көздерімен көрді.

Бұл жерде менің тақырып мазмұнын тақтаға жазып түсіндіргенімнен немесе плакат арқылы көрсеткенімнен гөрі әлдеқайда әсерлі және білімді қабылдау жағынан нәтижелі болды деуге болады. Кейбір есте қалуға қиын тұстарын, видео арқылы ұғындырып, студенттің тақырыпқа деген құштарлығын оятты десе де болады. Және студент тапсырмаларды орындау арқылы,өз бетінше жұмыс жасауға дағдыланады және компьютерлік бағдарламаны еркін меңгеруді үйренді. Бырақ электронды оқулықты бүкіл сабақ барысында қолдануға болмайтынын ескерген жөн.    

Ал жаңа  тақырыпты бекіту үшін сұрақтар  келесі ойын «Асық ату» ойыны  арқылы берілді. Нөмірленген асықтарды студенттер сақа асықпен атып алып, нөмір бойынша сұрақтарға жауап береді. Бұл жерде студенттердің асық атуға деген қызығушылықтары артып, белсенділіктері арқылы  жаңа тақырыпты қандай дәрежеде меңгергенін байқауға болады. Асықта жасырылған сұрақтар:

1.Атқарылатын жұмысына қарай соқалар қалай жіктелінеді?
2.Корпус санына қарай соқалар қалай бөлінеді?
3.Тракторға тіркелуіне қарай соқалар қалай жіктеледі?

4.Жалпы жұмысқа арналған соқалар топырақты қанша сантиметр тереңдікке

дейін жыртады?
5.Түреннің қандай түрлері бар және не қызмет атқарады?

  1. Қайырма қандай қызмет атқарады?
  2. Атыз тақтайшасының қызметі?
  3. Жер жыртуға қандай агротехникалық талаптар қойылады?

Студенттер болашақ ауыл шаруашылығы саласының мамандары болғандықтан,  сабақтың сергіту сәтінде еңбек, жер жайлы мақал-мәтелдерден жарысты,жұмбақтар жасырылды. «Кім жылдам?» ойыны арқылы түрлі тақырыптағы сұрақтарға жылдам жауап берді.

Мақал-мәтелдер:    1.Көктемгі әрекет, күзгі берекет.   2.Жері байдың, елі бай.

3.Жер тойынбай, ел тойынбайды.  4.Жердің сәні егін, ердің сәні білім.

 

Жұмбақтар:         1.Қара жерді қопарған,                    2. Тегіс жер кесілді,

Трактордан от алған.                         Арқандай есілді.

Темірлерден түйілген,                               (Жыртылған жер)

Болаттардан иілген. (Соқа)

 

Сабақ соңында «Сабақтан алған әсерім»  кері байланысы жасалды.

1.Не қиын болды? 2.Не жақсы өтті? 3.Не жақсы өтпеді? 4.Не ұнады?

5.Не ұнамады?  6.Сабақтан қандай пайдалы нәрсе ала алдың? Сұрақтарына жауап берді.

Студенттердің  білімін сабақ барысында жинаған  барлық смайликтері бойынша бағалап,журналға қойдым.

 

Үй тапсырмасы ретінде соқалардың түрлерін анықтап, әр соқаға жеке сипаттама жазып келуді тапсырдым .

 

1-кесте

Соқалар Сипаттамасы және агрететталатын трактор түрлері
ПН-4-35  
ПЛН-3-35  
ПЛН-5-35  
ПТК-9-35  т.б.  
 

 

Сабақтың аяқталғанын хабарлау! Сау болыңыздар!

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Алшынбай М.Р. Ауыл шаруашылығы машиналары. Алматы, 1989.

  1. Момынбаев Б.К, Әлиев.Б.Ә. Ауыл шаруашылықтехникалары.Алматы,2009.
  2. Әлібеков Н, Дүйсебаев Қ, Байниязов Ә. Ауыл шаруашылығы

машиналары. Астана, 2009.

4.Жетпейсов М.Т.,Ниязбаев Ә.Қ. Ауылшаруашылық машиналар.

Мультимедиалық  интербелсенді компьютерлік оқыту бағдарламасы.

Ұлттық ақпараттандыру орталығы. Алматы 2017.