Ресейдің Қазақстанда жүргізген ХІХғ.60–80жж. әкімшілік реформалары


Темирова Бакытгуль Акимадиновна
Ақтөбе қаласындағы М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназиясы тарих мұғалімі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстанда жүргізілген бұл реформалардың сипаты мен маңызын, оның мақсаты Қазақстанды басқарудың саяси жүйесін өзгерту екендігін түсіндіру, бұл реформалардың ерекшеліктерін айту және 1822, 1824 жж. «Ережелермен» салыстыра отырып, оның отарлық сипатын ашу;

Дамытушылық: АКТ өолдану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, олардың тарихи үрдістерге қысқаша мінездеме беріп, қорытынды жасай білуге үйрету, оқушыларды ізденіс жұмыстарына ынталандыру, олардың мәселелерді шешудегі жеке көзқарастарына орынды баға беру.

Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: ізденіс, сұрақ-жауап

Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсініктер: әкімшілік-аумақтық бөлініс, генерал-губернаторлық басқарудың ерекшеліктері, сайлау жүйесі, міндеткерлік түрлері, контрибуция, қазақ ауылдары өміріндегі капиталистік қатынастардың дамуы мен әсері.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:  1-2мин.

Ø  Қызығушылықтарын ояту:  (бейне суреттер арқылы оқушылардың сабаққа дайындықтарын анықтау)

Ø  1822,1824,1867-1868,1886-1891 жылдар арқылы топқа бөлу және осы жылдар арқылы тақырыпты болжау

Ø  Топ жетекшілерін сайлау, бағалау әдістерімен таныстыру.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

«Квизис»  бойынша  20 сұрақтан тұратын тест орындату

 

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту:

Ø  Бейнеролик арқылы тақырыпты менгерту. «1867-1868 жылдардағы әкімшілік реформа», 1880-1890 жылдардағы әкімшілік реформа

 

Қазақстандағы саяси және әлеуметтік –экономикалық жағдайға сипаттама беріледі.  Мұнда Қазақстанда  бұл кезеңде реформа жасауға қандай жағдайлар түрткі болғанына тоқталу керек.

Алғышарттар:

Қазсқстандағы басқару жүйесін реформалау  уақыт жағынан Ресейдегі крепостнойлық правоның жойылу кезеңімен сәйкес келеді.

Ресейдегі ХІХ ғ. ортасында жүргізілген буржуазиялық реформалар осы кезеңде Қазқстанда болған процестерге тікелей әсерн тигізді.

Капиталистік қатынастардың даму жағдайындағы Қазақстанда 1822 және 1824 жылдары жүргізілген  реформалар империяның шаруашылық даму мақсатымен сәйкес келмеді.

 

ІҮ. Бекіту:

№1 тапсырма           «Топтық  талқы»

І-топ    ХІХғ. 60ж. Әкімшілік реформаларға  презентация жасау

ІІ-топ  1867-1868 жж. Әкімшілік реформаларды  Xmind ZEN бойынша талдау

ІІІ-топ  ХІХғ. 80-90жж. Әкімшілік реформаларға  презентация жасау

ІҮ-топ    «Тілсіз карта» ХІХғ. 60-80жж. Генерал-губернаторлықтар,обылыстар, уезддерді орналастыру.

 

№2 тапсырма          «Тарихи шеңбер»

І-топ    Талқы себепшісі  (мәтін бойынша 3 талқылау сұрақтарын дайындайды)

ІІ-топ   Белгілеуші  (мәтіннің ең маңызды бөлімін анықтап дәлелдейді)

ІІІ-топ  Байланыстырушы (мәтінде көтерілген мәселе бойынша өз көзқарастарын білдіріп өмірмен байланыстырады)

ІҮ-топ    Сарапшы  (топтаға өз ойларын айтады)

№3 тапсырма             «SWOT  талдау»

І-топ
Реформалардың басым тұстарын яғни,жақсы жақтарын атайды
ІІ-топ
Реформалардың әлсіз тұстарын яғни, теріс жақтарын атайды
ІІІ-топ
Реформалардың даму мүмкіндіктерін атайды
ІҮ-топ
Реформалардың  қауіп-қатерлерін атайды

Ү. Қорытындылау:

ҮІ. Үйге тапсырма:

1.             Қазақстанда 1822,1824 ж. және 1867-68 ж. патша үкіметі жүргізген әкімшілік реформалардың ерекшеліктеріне тоқталып, жалпы сипатын анықтаңдар.

ҮІІ. Бағалау:   1. Топты бағалау  қиындылар арқылы

2. Жекелеген оқушыларды топ жетекшісі бағалайды.