Парасаттылық – өмір талабы


            ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) Ақтау қаласындағы Нұртас Оңдасынов атындағы №5 орта мектебі алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп шеңберінде Қазақстан теңіз университеті студенттерінің топтарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дәріс өткізді.

         Шараға Департамент басшысының бірінші орынбасары  Қаныбеков Серік Маханбетәліұлы, «Азамат дауысы» үкіметтік емес ұйымының директоры Жалғасбай Ғалия Тұрарқызы, Маңғыстау облыстық «Азаматтық альянс» ЗТБ жоба үйлестірушісі Қарабалаева Ляззат Таңатарқызы және аталған мектептің оқытушы құрамы қатысты.

         Іс-шара Департамент басқармасының бас маманы Мұқатай Нұргүл Тұрлыбайқызының “Парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет” тақырыбындағы баяндамасымен ашылды. Ол тыңдаушыларға Агенттіктің бастамасымен қолға алынған “Маңғыстау адалдық алаңы”, “Protecting business and investments”, “Саналы ұрпақ”, “Адал жол”, Арнайы мониторингтік топтың мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ 1424                    Колл-орталықтың мүмкіндіктері туралы мәлімет берді.

Тыңдаушылар Г. Т. Жалғасбайдың адамның мінез-құлық мәдениеті және оның күнделікті өмірдегі жағымды сәттері туралы сөздерін қызығушылықпен тыңдады.

           Л. Т. Қарабалаева “Қоғамдық мониторинг – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құралдарының бірі” тақырыбында баяндама жасады.

            Іс-шара барысында қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге өз үлестерін қосуға дайын екендігін атап өтті. Шара соңында студенттерге сертификаттар берілді.

                                                        ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

                                                        іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі