«Музыка сабағында технологияларды дұрыс қолдану»


Абдильманова Дина Салимовна

Көкшетау қаласы  МКҚК № 10 «Алтын бала» балабақшасы ән-күй жетекшісі

Музыка сабағында  технологияларды дұрыс қолдану.

Ойын технологиясы; Музыкасыз, ойынсыз,ертегісіз баланың толық мәніндегі ақыл-ой мен қиялын дамыту мүмкін емес. Балабақшадағы музыка сабағында ойын технологиясын қолдана отырып, материалды тез меңгеруге,музыкалық шығармаларды қабылдауға,әуенді ести білуге болады. Музыка сабағында ойынның маңызы зор. Ойынды әдетте мұғалім сабақ алдында не сабақты қорытындылар сәтте пайдаланады. Сондай ойындардың бірі –«Ойлан тап»жұмбақ ойыны. Жұмбақ ойынды қолдану арқылы балалар  аспаптар түрлерін, құрылысын ажырата отырып, тапқырлыққа, шапшаңдыққа үйрене алады. Ойынның міндеті:балалардың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру. Балаларға ән сабағынан тиянақты және сапалы білім беру үшін сабақтарда әр түрлі ойын элементтерін қолдану өте тиімді,ойын арқылы өткізілген сабақтар балалардың белсенділігін,қызығушылығын  арттырады.

Демек,баланың ән айтуға деген ынта-ықласы күшейсе, әнді табиғи ашық дауыспен, жеңіл, ширақ, шарықтата айтуға дағдыланады. Мысалы: «Жәй және жылдам» ойыны бойынша ең алдымен балалардың музыканы тыңдау,қабылдау,қабілетін жетілдіру,қимылды айыру үшін көңіл бөлдім. «Әнші бала» ойыны бойынша топтағы бір баланың жеке ән салуына назар аудардым. Сабақтар мазмұнына,өзіне тән ерекшеліктеріне қарай әуенді ырғақтар,сергітулер,жаттығулар болып бөлінеді. Қимыл-қозғалыс белсенділігін дамыту, жетілдіру мақсатында сергітулерді өз сабағымда тақырыпқа сай алып, үнемі қолданып отырамын.

Музыкалық-дидактикалық ойындар оқу процесін ширатады, баланың оқуға деген ынтасын арттырады, сабақ қызықты өтеді. Ойын белгілі бір қабілеттердің қосындысы, оны былай көрсетуге болады: зейін + қабылдау + ес + ойлау + пайымдау. Ойынды халқымыз балаларын тәрбиелеуде ертеден пайдаланған. А.Байтұрсынов «…баланы ойынға үйрету, ойынға қатыстыру арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп үйретуі керек» деген қағидасын басшылыққа алған жөн. Ойын – үйрету әдісінің ерекше түрі. Ол үйренуді мәжбүр етпейді, баланың өз еркімен, ынтасымен орындалады.

Біріншіден, ойын баланың жас шамасына байланысты ерекшеліктерін жақсы білуге көмектеседі. Бұл арқылы баланың психологиясына жете үңіліп, мінез-құлқын білуге болады. Екіншіден, ойын баланың жауапкершілігін арттырады, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Кез келген бала ешуақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды. Топқа бөліп жүргізілетін музыкалық-дидактикалық ойындарда бала өз тобының жеңіп шығуына өзінің тікелей қатысы барын ұғынады.

Басқалардың алдындағы жауапкершілігін сезінеді де, берілген тапсырманы ынтамен, зейін сала ықыласпен орындауға тырысады. Сонымен бірге олардың бойында бауырмалдық, жанашырлық, ізеттілік, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық сияқты жақсы қасиеттер қалыптаса бастайды. Үшіншіден, ойын арқылы бала оқу материалын жеңіл түсініп, терең меңгереді және оны ұзақ уақыт бойы есте сақтайтын болады, сабаққа қызығушылығы арта түседі.

Дидактикалық ойындардың маңызы: 
1. Дидактикалық ойын балалардың қоршаған дүние туралы түсінігін нақтылайды. 
2. Әрбір қолданған дидактикалық ойын балаларды ойнай білуге баулып,сөздік қорын молайтады,ақыл-ой қызметін қалыптастырады. 
3. Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеуде үнемі қызмет атқарады. 
Мен музыка сабағында балалардың қызығушылығын,белсенділігін арттыру мақсатында мынандай бірнеше музыкалық ойын түрлерін пайдаланамын. 
«Ырғақты сүйемелдеу» ойыны;   Ойынның шарты: Балалар екі топқа бөлініп, бір тобы әнді орындайды, екінші тобы ақырын шапалақпен белгілі ырғақты соғады. Мұндай «сүйемелдеу» әннің ырғағын тез үйренуге көмектеседі және әуенге жаңа өң береді. 
«Музыкалық аспаптармен ойнау»; Ойынның шарты: Балаларға алдын-ала музыкалық аспаптар таратылады.Сылдырмақ,ағаш қасықтар, тұяқ, мүйіз,барабан,т.б. Үнтаспадан музыка тыңдалады,балалар ырғақты соға бастайды және қимылмен келтіру арқылы музыканы тыңдайды. Бұл ойын тыңдаған музыканың көңіл-күйін ажыратуға және әуенді тез жадында сақтауға көмектеседі. 
«Музыкалық сергітулер». Балалар музыкалық әуендерді естеріне сақтау үшін,үнемі қайталау керек. Ол үшін музыкалық сергітулер ұйымдастырамын. Үйренген әндерден үзінді тыңдатып, оны бірден ажыратуға дағдыландырамын. 

Қорыта келе, дидактика саласындағы негізгі мәселелердің бірі-музыкалық тәрбие беруде ойындар технологиясы болып отыр. Музыкалық ойындар балалардың музыкаға деген құлшынысын, қызығушылығын ғана арттырып қоймай, есте сақтау, ойлай білуге, ажыратуға, салыстыра алуға баулиды.

«Сиқырлы ноталар»  ойыны

Мақсаты: Балалардың тыңдау, орындау қабілетін дамыту. 
Міндеті: Аспаптардың  тембрлік  үнін сезіну.Музыканың динамикалық өзгерістерін сезініп,соған сәйкес қимылдар жасау. Әнді қуанышты,екпінді орындауға,әнге сәйкес би қимылдарын үйлестіріп,қозғалуға талпындыру. 

Ұйымдастыру кезеңі: Балалар залға марш ырғағымен кіреді,шеңберге тұрады.Балалар амандасып,орындарына барып отырады. Сол кезде жылаған дауыс естіледі. 
-Балалар, сендер жылаған дауыс естіп тұрсыңдар ма? Дауыс есіктің артынан естіліп тұр ма? (Есікті барып ашады да,жылап тұрған балапанды ішке алып кіреді).

Жетекші:-Балалар,бізге балапан қонаққа келіпті,бірақ ол көңілсіз.Ол: «Әнші балапан болғым келеді,бірақ ән айтуды білмеймін»-деп жылап тұр екен. (Оның қолында қоржыны бар,оның ішінде сиқырлы ноталар болады).Әрқайсысының артында тапсырмалары бар екен. Осы сиқырлы ноталар арқылы балапанға ән айтуды үйретеміз бе? 

 «Аспаптардың дыбыстарын ажырату» ойыны: 
Бірінші нота «ДО» оның артында аспаптардың суреті бар екен. Балалар біз сендермен қазақтың ұлттық аспаптарымен таныстық.Қандай аспаптарды білесіңдер?

Балалар: – домбыра, қобыз, сазсырнай, жетіген, тұяқ, мүйіз  т.б.

Жетекші: -Ендеше осы аспаптардың дыбыстарын қазір ажыратамыз. (Балалар үш топқа бөлініп тұрады,үнтаспада музыка қойылады,балалар ажыратады). 
«Дауыс жатықтыру» ойыны: 
Келесі нота «РЕ»,оның артында дауысыңды жаттықтыр деп жазылып тұр.

«Нота үйренеміз» әнін айтып,дауысымызды жаттықтырайық. 
Балапанның келесі нотасы «МИ». Оның артында ән айтып тұрған бала. Жетекші:-Кәне,бәріміз тұрып балапанға ән салып берейікші. (Әннің бастамасы басталады,қай ән екенін сұрау). 
«Үнтаспа» ойыны: 
Мына нота «ФА»,оның артында үнтаспаның суреті бар екен.-Сендермен қазір үнтаспа ойынын ойнаймыз.Мына дөңгелекті айналдырып,тетікке қай сурет барып тоқтайды,сол жайлы біз ән білеміз бе екен? 
«Құстарды орналастыр» ойыны: 
Келесі нота «СОЛЬ» ,оның артында құстардың суреті бар.Ендеше біз қазір төмен,орташа,жоғары музыканы ажыратамыз. Ол үшін біз мына қарлығаштарды музыканы тыңдай отыра,бағандағы сымдарға қондырамыз. Егер жоғары, жіңішке дыбыс болса,онда үшінші сымға құсты отырғызамыз ал егер орташа дыбыс болса,екінші сымға орналастырамыз, егер төменгі жуан дыбыс болса,онда бірінші сымға орналастырамыз. 
«ЛЯ» нотасының артында ән айтып тұрған баланың суреті бар. –Балапанға сендердің ән айтқандарың ұнады ғой деймін,ендеше балалар, балапанға «Бақытты балалық» әнін айтып берейікші. Әннен кейін балалар шеңберге тұрып, қорытындылайды. 
Жетекші; -Балалар,біз балапанға мына сиқырлы ноталар арқылы көп нәрсені үйреттік.Біз бүгін ән айттық,аспаптардың дыбысын ажыраттық,жоғары,төмен ,орташа дыбыстарын ажыраттық,үнтаспа арқылы әндерді қайталадық. Балалар,балапан сендерге қарап,көп нәрсе үйренді. 
«Өз орныңды тап» ойыны: 
«СИ» нотасы,балапан өзінің ризашылығын осы ойын арқылы білдіргісі келеді. Ойын шарты: бәріміз үш топқа бөлінеміз,бірінші топ қазақ,екінші топ орыс, үшінші топ өзбек ұлты. –Қазір үнтаспамен әртүрлі музыка қоямын,әр ұлт өзінің музыкасын таныса ,қимылдар жасап билейді. Ал егер қазіргі заман музыкасы ойналса,бәрің шашырап билейсіңдер де, музыка тоқтаған кезде әркім өз орындарына тұра қалады. Балапан сендерге рахметін айтып жатыр, кәне, балапанмен қоштасайық.

Жетекші: -Сау болыңыздар,балалар! 
Сабақтың қорытындысында балалар «Сиқырлы ноталар»ойыны арқылы музыкалық тыңдау, ажырату, орындау дағдыларын игерді. 

Ұлттық педагогика негіздерімен балаларды оқыту арқылы олардың өз халқын сыйлауға, туған тілін құрметтеуге үйренеді. Бұл балалар бойына бір-бірімен қарым-қатынас кезінде өзара кішіпейілдікпен қарауды, әдеп сақтауды, сыпайы сөйлесуді қалыптастырады және соның нәтижесінде балалардың тіл мәдениеті жетіледі.

Музыкалық–дидактикалық ойындар балалардың музыкалық даму міндеттерін шешуге көмектеседі. Ритм сезімін қалыптастыруға, музыкалық қабілетін дамытуға, қандай да болмасын дағдыны түзетуге тәрбиелейді.

Денсаулық сақтау технологиясы; денсаулық сақтау технологияларын қолдану сюжетіне, музыкалық қызметіне, міндеттеріне байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Музыкалық және сауықтыру жұмыстарының жүйесі ән сабағында мынадай денсаулық сақтау технологияларын пайдалануды көздейді:  воколотерапия, тыныс алу гимнастикасы, артикуляциялық гимнастика, сауықтыру және фонопедиялық жаттығулар, ритмопластика, саусақ жаттығулары, логоритмикалық жаттығулар, логопедиялық жаттығулар, сөйлеу қозғалысы т.б.

Логоритмиканың негізі – музыкамен тығыз байланысты. Музыка ауқымды эмоционалды әсері арқылы жаттығудың ерекшелігі мен қимылдау тәсілдерін шексіз құбылтуға мүмкіндік береді. Логоритмикалық сабақтардың әсерінен ағзада түрлі жүйелердің құрылымы өзгереді, мысалы, жүрек қан тамырлары, тыныс алу, сөйлеу-қимылдау, таным жүйелерінің.

Сөйлеу қозғалысы; сөйлеудің дамуын ынталандырады, кеңістік ойлауды дамытады, назарын, қиялын дамытады, сезімталдық және эмоционалды көріністі ынталандырады.

Аюдың үйі үлкен, –  балалар аяқ ұшымен созылады, қолдарын көтереді

Қоянның үйі үлкен- балалар отырады да қолдарын жерге түсіреді

Аю үйіне қайтты – аю секілді жүреді

Оның артынан қояндар –қоян секілді екі аяқпен секіреді

Тыныс алу гимнастикасы: сөйлеу барысында тыныс алудың бұзылуын түзетеді, күштің және деммен жұтудың таралуын дамытуға көмектеседі.

Суретте тыныс алуға арналған дәстүрлі емес құралдар

Артикуляциялық жаттығулар: ерін, тіл және мимикалық бұлшықеттер  қосылатын баламен жүргізілетін әрекеттерді айтамыз. Артикуляциялық жаттығуды жүргізудің басты мақсаты баланы артикуляциялық аппаратағзаларын дұрыс қимылдатуға үйрету болып табылады. Ұзақ әрекеттің қорытындысы дыбыстардың анық айту болып табылады. 

Бақа Квака күн сәулесімен тұрды,     – қолдарын жан – жаққа созады

Тәтті-тәтті оянды.              – балалар зевает

Шөп шырынды шайнады – шайнаған түрлерін көрсетеді.

Суды да жұтты.                   – жұтады

Құмыраға отырады да әндетеді,

“Ква-а-а-а!                   – дыбыстарды шығарады Квэ-э-э-!                       – қатты айғайлайды

 Кваканың өмірі тамаша!

Ритмопластика: тірек – қимыл аппараттарын, тыныс – жүрек-қан тамырлар жүйесін жақсартып, дұрыс сымбаттың қалыптасуына, музыкалық сезімін дамытуға жағдай жасайды.

image

Саусақ жаттығуы арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыраотырып, балалардың сөйлеу тілін дамыту. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда саусақ жаттығуларының мәні зор. Қазақ халық педагогикасында саусақ ойыны ұрпақтан ұрпаққа қалған мәдени шығармашылық болып табылады. Қазақ халқы саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысын, қабілетін дамытып, ынтасын арттырарын білген. А.С.Сухомлинский «Баланың сөйлеу тілі оның саусақ ұшында» деген екен. Саусақ ойынын ойната отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды, ағаштарды бейнелей алады.

Балақан

Бала, бала, балақан,    – саусақтарды ашып-жұму

Кәне қайсы алақан?  – алақанды көрсету

Саусақтарың әйбат,  – бас бармақпен әр саусақ ұшын алма-кезек түйістіру.

Былай-былай ойнат.  –  саусақтарды айналдыру.

Қарлығаш

Қарлығашқа ұқсаймыз  – білекті білекке ұштастырып,

Кәне, қанат жаямыз. –   саусақтарды қанат секілді баяу қалыпта

Қарлығаш болып ұшамыз –  қозғалту.

Көлге келіп қонамыз.  – тоқтап қалу.