Математика сабағында жаңа технологияны пайдалану


 Кенжегарина Жансулу Айтеновна

Қостанай ауданы Заречный ауылы Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі математика пәнінің мұғалімі

Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту, саналы деңгейге көтеру — бүгінгі күнгі күрделі мәселе. Білімді жеке тұлғаға бағыттау арқылы өзін-өзі таныған, ақыл-ойын жан-жақты дамытқан өзіндік “Мендік” пікірі қалыптасқан оқушы тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың міндеттер жүктейді.  Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді. Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру біздердің міндетіміз.

          Қазіргі заман мұғалімі заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгергенде ғана білігі мен білімі жоғары, жетекші тұлға ретінде болатыны сөзсіз. Бүгінгі  күн талабына  сай жан-жақты дамыған, белсенді, өмірге талпынысы бар  адамды  мектеп табалдырығынан дайындап  шығарудың  ең бір тиімді тәсілі  ол – оқытудағы математикалық сауаттылық.

          Математика сабағында оқушылардың білімдік құзыреттілігін қалыптастыру шығармашылық, теориялық және практикалық компоненттерден тұрады. Оқушының білімдік құзыреттілігінің қалыптасқандығы оның өздігінен білім алуға дайындық көрсеткіші деп түсінемін. Білім сатылары бойынша  әр пәннен  күтілетін  нәтижелер  үш түрлі құзыреттілік бойынша сараланады.Сондықтан оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын арттыру үшін сабақтың әр тарауы, әр тақырыбы бойынша “білу – түсіну – қолдану – тұжырымдау”  деңгейлік тапсырмаларымен  жүйелі жұмыс жасауды күшейту,  практикалық мазмұнды есептерді, әртүрлі форматтағы тест тапсырмаларын, стандартты емес жағдайларда білімді қолдануға арналған  қызықты есептер шығартуды назарда ұстағанымыз жөн. Математика пәні сабақтарында алған білімдерін өмірмен ұштастыруға, оны практикада қолдануға, логикалық есептер шығаруға үйретудің мүмкіндігі зор. Қазіргі таңда математика пәнінен сабақ беремін. Осы орайда сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан – жаңаны табатын өнер деген ой түйіп жүрмін. Сондықтан  қазіргі таңда   оқушыларға  саналы тәрбие мен  сапалы білім беру ісін  жаңа талап тұрғысынан өзгертіп, оқыту тәсілдерін  үнемі жетілдіріп  отыру басты парызым деп санаймын. Иә, қазіргі   ақпараттандырылған заманда сабақта интерактивті тақтаны тиімді пайдалана отырып,  оқушылардың  шығармашылығын  арттыру – өмір талабы. Олай болса, жаңа әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың өздігінен формулаларды есептеп қолдана білу білік дағдыларын қалыптастыра алсақ,  шығармашылық белсенділігі артады деген ойдамын. Жаңа білім мазмұнында математика сабағында 7 модуль бойынша сабақтарды қызғылықты етіп өткізу үшін үнемі оқушылардың сабақтан жақсы әсер алуына байланысты инновациялық технологияны қолдану қажет. Сондықтан өзімнің тәжірибемде  7-модулді сабағымда әр түрлі стратегияларға ықпалдастыра қолдану  арқылы оқушылардың    жеке, жұппен, топпен жұмыс жасауға деген белсенділігін, сабаққа көңілді қатысуын, қызығушылықтарын  ояттым. Өйткені бірін-бірі оқыту арқылы ойлау қабілеттері дамиды. Әр оқушының жауабы тындалуы қажет, әр топ мәселе бойынша өз ойларын ортаға  салуы маңызды. Шәкірттерім сабақта  берілген  тақырыпты алдымен жеке, содан кейін жұпта, ұжымда талқылатып жұмыс жасайды. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезініп, оқуға деген жауапкершілігі артады.

         Әр топқа берілген тақырыпты жеке оқып, содан кейін өзге топқа реттік нөмірлер бойынша топталып, өз тақырыптарын түсіндіреді. Бұл есте сақтау, негізге алу, түсіндіруді арттырады, яғни жаңа ақпараттарымен бөліседі. Рефлексия кезеңінде оқушылар алған жаңа ақпараттарды, жаңа білімді реттейді өз пікірлерін дәлелдеп айтады. Күнделікті сабағымда 7 модулді қолдана отырып, өзімнің де көптеген қызықты идеяларымды жүзеге асыру жөнінде белсенділігім арта түсті.

         Бағдарлама оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік ой-пікірін жеткізе білетін ынталы сенімді болуды қалыптастырды. Күнделікті сабақтарда сыныпта ынтымақтастық ахуал қалыпастыру білімге құштарлықтарын, көңіл күйлерін жақсартуына оң әсерін берді. Қорытындылай келе, әрбір сабағымызда жеті модульді сапалы қолдана алсақ, оқушыларымыз сыни ойлай алатын, білімге құштар, алған білімдерін талдап, жинақтап, практикада қолдана алатын нағыз көшбасшы тәрбиелейтіндігіміз сөзсіз