«OQU-ZAMAN» редакцияның жеңілдік сертификатын алу шарттары және пайдалану тәртібі

1.         Жеңілдік сертификат — «OQU-ZAMAN» редакцияныңқашықтық өткізілетін іс-шараларына қатысу кезінде жеңілдік алуға мүмкіндік береді.

2.         Жеңілдік сертификат — «OQU-ZAMAN» редакцияныңсериялық нөмірі мен логотипі бар атаулы онлайн сертификат болып табылады.

3.         Сертификат: үшінші тұлғаларға берілмейді. Сертификат бойынша жеңілдіктер жинақталмайды және арнайы ұсыныстарға қолданылмайды.

4.         Жеңілдік сертификаттың иелері тек жеке тұлғалар бола алады. Ол үшін сайт пайдаланушысы қоса берілген сауалнаманы толтыруға және жеңілдіктер алуға құқық беретін сертификатты пайдалану ережелерімен келісуге міндетті. Сауалнама толық немесе ішінара толтырылмаған жағдайда Редакция Клиентке сертификатты беруден бас тартуға құқылы.

5.         Сертификатты алған сәттен бастап оның иесі жеңілдік бағдарламаның қатысушысы болады және оған осы ережелердің қолданылуы оларға енгізілетін өзгерістермен және толықтырулармен бірге қолданылатын болады. Жеңілдік сертификат берілген сәттен бастап әрекет ете бастайды.

6.         Сертификатты алған кезде сауалнаманы толтыру қажет. (Сауалнама)

7.         Бір тұлға тек бір сертификатты ала алады.

8.         Жеңілдік сертификат сайттың пайдаланушысына 100 теңге көлемінде бірінші қызметке жеңілдік алу құқығын береді.  5-тен астам қызметті алған кезде пайдаланушы 200 теңге көлемінде жеңілдік алады.

9.         Жеңілдік сертификаттың әрекет ету мерзімі 1 жыл.

10.       Сертификат жоғалған жағдайда, сауалнаманы дұрыс толтырған жағдайда, онда жеңілдіктер сақталған жағдайда қалпына келтіріледі.

11.       Жеңілдік сертификат ұсынушының бір жағынан жеңілдік талап ету құқығын және ««OQU-ZAMAN» редакцияныңсертификаттың әрекет ету мерзімі ішінде иесіне осы сертификаттың номиналына тең жеңілдік беру міндетін растау болып табылады.

Қосымша ақпаратты 8-777-450-85-70 телефоны арқылы білуге болады. немесе біздің сайтта http://oqu-zaman.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published.