Экологиялық тәрбие. Сахналау: «Саңырауқұлақтың астында» ертегісі


Даутбаева Омиргул Кашызыховна

КМҚК №4 «Березка» бөбектер бақшасы тәрбиешісі

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

№4 «Березка» бөбектер бақшасы

Сахналау« Саңырауқұлақтың астында» ертегісі

Тәрбиеші:

Сахналау« Саңырауқұлақтың астында» ертегісі

Ұйымдастыру кезеңі:

Тәрбиеші:

– Балалар, «Жануарды таны» деп аталатын ойын ойнауға шақырамын. Біреуіңе жануардың суреті бар картаны көрсетемін, ал бұл бала осы жануардың қозғалысын көрсетеді, ал басқа балалар болжайды. Жануарларды көрсететін адам оны шақырмайды. Пайдаланылған карталар (аю, түлкі, қоян, бұғы)

– Балалар керемет ойнадық, , орындықтарға отырыңдар.

Әуен ойнайды.

Тәрбиеші:   

Қызық толы ертегі,

Көрейікші кәне біз.

Тыныштықты сақтайық,

Әртістерді күтейік!

Сценарий « Саңырауқұлақтың астында» (В.Сутеева)

Кейіпкерлер:

  • құмырсқа
  • көбелек
  • кішкентайтышқан
  • аю
  • түлкі
  • кішкентайбақа
  • автор

Топтың іші тақырыпқа сай әсемделген :орман алқабы, саңырауқұлақ

Барысы:

Автор:  Бұлт шалғынның үстінде тоқтады. Кенеттен жаңбыр жауады: тамшылатып-тамшылатып-тамшы. Көк шалғында саңырауқұлақ өсті. Тек саңырауқұлақтар өте кішкентай болды. Жаңбырға ол қуанды. Бір мезетте құмырсқа келе жатты.  Ол жаңбырға қуанбады , себебі үсті-басы су  болды.

Құмырсқа:

 Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жаттым жұмысқа.

Жаңбыр кенет жауды кеп,

Үстімді менің су қылып.

Саңырауқұлақты айналып, тығылады.

Автор:  құмырсқа саңырауқұлақтың астында жасырынған. Жаңбыр нөсерлеп тұр. Көбелек ұшып келеді. ұшты. Ол да көңілсіз.

Көбелек: 

Көңілім құлазып,

Ұшып жүрдім қуанып

Кенет қатты жел соқты

Мен де тығылайын бұл жерге,

Қатты тондым қарашы!

Саңырауқұлақты айналып ұшады да, астына тығылғысы келеді.

Құмырсқа: 

Орын мұнда тым аз ғой,

Бар басқа жерге көбелек!

Көбелек:

 Көп орын мен алмаймын,

Жаңбыр бітсе кетемін!

Екеуі ән салады:

Көңілді, көңілді ән саламыз,

Жаңбырды тосып біз тұрамыз!

Автор: Шалғынға тышқан келеді. Үсті суланып қалыпты. Әбден тонып, дірілдеп тұрып айтады.

Тышқан:   

Қашып келем жаңбырдан,

Тондым әбден қараңдар.

Мен де мұнда тығылып,

Отырайын достарым!

Құмырсқа: 

Орын мұнда тым аз ғой,

Бар басқа жерге сен тышқан!

Тышқан:

 Көп орын мен алмаймын,

Жаңбыр бітсе кетемін!

Үшеуі ән салады:

Көңілді, көңілді ән саламыз,

Жаңбырды тосып біз тұрамыз!

Автор:

Қоян ентіге жүгіріп келеді.  Біреу оны қуып келе жатқан сияқты.

Қоян:

Түлкі, түлкі, түлкішек

Мені қуып келеді.

Құтқарыңдар, достар мені тез

Ұстап алса құрыдым!

Саңырауқұлақты айнала жүгіріп жүр.

Құмырсқа: 

Орын мұнда тым аз ғой,

Бар басқа жерге сен қоян!

Қоян:

 Көп орын мен алмаймын,

Жаңбыр бітсе кетемін!

Бәрі бірге ән салады:

Көңілді, көңілді ән саламыз,

Жаңбырды тосып біз тұрамыз!

Автор:  Шалғынға түлкі келеді. Қоянды іздейді. Саңырауқұлаққа қарайды.

Түлкі:

Мұнда көжек жоқпекен?

Тым кішкентай саңырауқұлақ.

Ары қарай жүгіріп кетеді.

Бәрі бірге ән салады:

Көңілді, көңілді ән саламыз,

Жаңбырды тосып біз тұрамыз!

Автор: Бір мезетте шалшықтан бақа шықты секіріп.

Бақа: 

Жаңбыр, жаңбыр жауады

Саңырауқұлақ өседі.

Бәрі( хормен)

Иә, иә,иә!

Жаңбырдан біз тығылдық,

Енді бірге онаймыз,

Күліп-ойнап жүреміз

Доспыз енді бәріміз!

Қорытынды:

  Тәрбиеші:

– Сендерге ертегіұнады ма?

– Бұл ертегі қалай аталады?

– Қандай кейіпкерлер ертегіде болды?

– Қандай кейіпкер сізге ұнады?

– Неліктен саңырауқұлақтың астына барлығы сйып кетті?

Балалар: Саңырауқұлақтар өскендіктен.

Әртістерге ду қол шапалақ)

Метки: , ,